Конституциялық мерзімдерді есептеу мәселесі бойынша Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларын ресми түсіндіру туралы

Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2012 жылғы 13 сәуірдегі № 2 Нормативтік қаулысы.

      Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі, Төрағасы И.И.Рогов, Кеңесі мүшелері І.Ж.Бақтыбаев, Н.В.Белоруков, А.Н.Жайылғанова, В.А Малиновский, А.М.Нұрмағанбетов, Ү.М.Стамқұлов қатысқан құрамда, мыналардың:

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілі - Қазақстан Республикасы Әділет вице-министрі Д.Р.Құсдәулетовтің,

      Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының өкілі - Қазақстан Республикасы Парламеті Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы С.Б.Ақылбайдың,

      Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің өкілі - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Р.Қ.Сәрпековтің,

      Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының өкілі - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы Ғ.Б.Аққуованың,

      Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының өкілі - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының бірінші орынбасары И.Д.Меркельдің,

      Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілі - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасының орынбасары Ө.Е.Мизанбаевтың,

      Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің өкілі - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Е.Ә.Кененбаевтың,

      Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясының) өкілі - Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясының) Төрағасының орынбасары М.М.Ахметжановтың,

      Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі - Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы В.А.Калюжныйдың,

      сарапшы - Қазақ гуманитарлық-заң университетінің ректоры, заң ғылымдарының докторы, профессор М.Ш.Қоғамовтың қатысуымен,

      өзінің ашық отырсында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Қ.Мәсімовтің конституциялық мерзімдерді есептеу мәселесі бойынша Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларын ресми түсіндіру туралы өтініштерін қарады.

      Баяндамашы - Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мүшесі А.Н.Жайылғанованың хабарлауын, отырысқа қатысушылардың сөйлеген сөздерін тыңдап, сарапшылар: заң ғылымдарының докторы, профессор М.Ш.Қоғамовтың, заң ғылымдарының докторы Л.С.Жақаеваның, Гумбольт атындағы Университеттің профессоры А. Бланкнегельдің (Германия Федеративтік Республикасы) қорытындыларын зерделеп, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымының Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының (ЕҚЫҰ/ДИАҚБ), Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Герман қоғамының, "Халықаралық түрме реформасы" Халықаралық қоғамдық ұйымның Орталық Азиядағы өкілдігінің, "Адам құқықтары үшін хартия" Қоғамдық қорының, "Құқықтық саясатты зерттеу орталығы" Қоғамдық қорының, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің, Б.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Б. Бейсенов атындағы Академиясының, Қазақ гуманитарлық-заң университетінің, Д.А.Қонаев атындағы университеттің қорытындыларымен, конституциялық іс жүргізудің өзге де материалдарымен танысып, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі

      анықтады:

      Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесіне 2012 жылғы 1 наурызда Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі (бұдан әрі - Премьер-Министр) конституциялық мерзімдерді есептеу мәселесі бойынша Қазақстан Республикасы Конституциясының бірқатар баптарының нормаларын ресми түсіндіру туралы өтініші келіп түсті.

      Өзінің өтінішінде Премьер-Министр былай деп атап көрсеткен: "Қазақстан Республикасының Конституциясында көрсетілген мерзімдерді есептеу қашан басталатыны және ол мерзімдердің қашан аяқталатыны барлық жағдайларда белгілене бермейді және мерзімдерді есептеудің басталуы мен аяқталуы қай күнге немесе қай оқиғаның болуына қарай айқындалатыны нақтыланбайды. Негізгі Заңды белгіленген мерзімдерді есептеу ережелері Республиканың қолданыстағы құқығында да бекітілмеген. Бұл Конституцияның нормаларын қолдану кезінде мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың қызметінде қиындықтар туғызуы мүмкін".

      Осыған орай Премьер-Министр Конституцияның 16-бабының 2-тармағын, 44-бабының 2) тармақшасын (Қазақстан Республикасы Президенті Парламент Сенаты ұсынған заңға бір ай ішінде қол қояды, заңды халыққа жария етеді не заңды немесе оның жекелеген баптарын қайтадан талқылап, дауысқа салу үшін қайтарды деген бөлігінде), 51-бабының 3-тармағын, 54-бабы 2-тармағының 2) тармақшасын, 73-бабының 3-тармағын және конституциялық маңызы бар әрекеттер жасаудың мерзімдері белгіленген басқа да нормаларын ресми түсіндіру туралы өтінішпен жүгінді, Конституция нормаларына ресми түсіндірме беру кезінде өтініш субъектісі Қазақстан Республикасының Конституциясында көзделген мерзімдердің басталуы мен аяқталуын есептеу тәртібін айқындауды сұрайды.

      2012 жылғы 29 наурызда Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесіне Премьер-Министрдің екінші өтініші келіп түсті, бұл өтініште ол Конституцияның 16-бабы 2-тармағының, 51-бабы 2-тармағының, 53-бабы 3) тармақшасының, 54-бабының 2-тармағы 2) тармақшасының, 59-бабы 3-тармағының, 61-бабы 7-тармағының, 63-бабы 2-тармағының, 71-бабы 3-тармағының, 91-бабы 1, 2 және 4-тармақтарының, 94-бабы 1-тармағының, 94-1-бабының нормаларын түсіндіруді және мынадай сұрақтарға жауап беруді сұрайды:

      "1. Конституцияның 16-бабы 2-тармағында қолданылған "ұстау" ұғымының мазымұны нені білдіреді, және осы конституциялық нормадағы мерзімнің басталуы мен аяқталуын есептеу тәртібі қандай?

      2. Парламенттің жоғары өкілді орган ретінде сессиялы түрде жұмыс істейтінін ескере отырып, егер Мемлекет басшысының қарсылықтарын қарау үшін бөлінген бір айлық мерзім парламенттік демалыспен тұспа-тұс келетін болса, бұл керсетілген мерзім үзіле ме?

      3. Конституцияда жылдармен белгіленген мерзімдердің басталуы мен аяқталуын қалай анықтаған жөн?".

      Келіп түскен өтініштер өзара байланысты болып, ал бірінші өтініш бойынша қорытынды шешім әлі қабылданбағандықтан, "Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі туралы" 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 2737 Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 26-бабының 2-тармағына сәйкес, Конституциялық Кеңестің 2012 жылы 29 наурыздағы № 3/1 қаулысымен аталған өтініштер бір конституциялық іс жүргізуге біріктірілді.

      Конституциялық Кеңестің отырысы барысында өтініш субъектісінің өкілі "Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі туралы" Конституциялық заңның 21-бабы 3-тармағының 1) тармақшасының тәртібімен "келіп түсу уақыты қатар келмеуі мүмкін екенін ескере отырып, түскен өтініштер бір іс жүргізуге біріктірілген кезде Конституциялық Кеңестің оларды қарауының бір айлық мерзімін есептеу ережесін нақтылауды" өтініп, Конституциялық Кеңестің бұл өтінішті қанағаттандырды.

      Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларын өтініштің мән-жайына қатысты талдап шығып, Конституциялық Кеңес мынаны негізге алды.

      1. Қазақстан Республикасы Конституциясында ұзақтығы сағатпен (16-баптың 2-тармағы, 61-баптың 7-тармағы); күндермен (59-баптың 2-тармағы, 61-баптың 4 және 5-1-тармақтары, 65-баптың 2-тармағы, 70-баптың 4-тармағы); жұмыс күндерімен (59-баптың 3-тармағы); айлармен (42-баптың 2-тармағы, 44-баптың 2) тармақшасы, 47-баптың 2-тармағы, 51-баптың 1, 2 және 3-тармақтары, 54-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы, 61-баптың 2-тармағы, 63-баптың 2-тармағы, 94-баптың 1-тармағы); жылдармен (51-баптың 2-тармағы, 59-баптың 3-тармағы, 61-баптың 7-тармағы, 63-баптың 2-тармағы, 92-баптың 1, 2 және 4-тармақтары, 94-баптың 1-тармағы, 94-1-баптың) есептелетін мерзімдер белгіленген. Бұл ретте онда көрсетілген мерзімдерді есептеудің ережелерін Конституция барлық жағдайларда айқындай бермейді.

      Қоғамдық қатынастарды тәртіпке келтіру және Конституцияның ережелері мен нормаларын жүзеге асырудың тетіктерін жасау мерзімдердің конституциялық-құқықтық маңызын құрайды. Негізгі Заңда бекітілген нақты мерзімдер арқылы уәкілетті органдардың және лауазымды тұлғалардың адам және азамат құқықтарын шектеу мүмкіншілігіне шек қойылады, жеке бас бостандығын кепілдік берілуіне алғышарт жасалады. Олар сондай-ақ жекелеген мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың қызмет атқару кезеңдерін, өз өкілеттіктерін іске асыруының басталуы мен аяқталуын, сондай-ақ мемлекеттік билік тармақтарының тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесі қолданылатын жағдайда өзара әрекеттесуін айқындайды. Бұл мерзімдерді сақтау конституциялық заңдылық режимін қамтамасыз ету шарттарының бірі болып табылады.

      Конституциялық Кеңес, Негізгі Заңда белгіленген мерзімдер туралы мәмілені қарау кезінде, Конституцияның ең жоғары заңдық күшке ие екені және Қазақстанның бүкіл аумағында ол тікелей қолданылатыны туралы принцип (Конституцияның 4-бабының 2-тармағы) негізге алынуы қажет деп пайымдайды.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Конституциялық Кеңесінің 17.04.2017 № 2; 16.11.2022 № 1 нормативтік қаулыларымен.

      2. Конституцияның 1-бабының 1-тармағына сәйкес адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары мемлекеттің ең қымбат қазынасы болып табылады. Оларды ең қымбат қазына деп тану мемлекеттің адамға қамқорлық жасаудан маңыздырақ міндеті жоқ екенін және адамның лайықты өмір сүруі үшін қолдан келген жағдайлардың бәрін жасауға міндетті екенін білдіреді (Конституциялық Кеңестің 2001 жылғы 21 желтоқсандағы № 18/2, 2005 жылғы 29 сәуірдегі № 3 және 2005 жылғы 1 шілдедегі № 4 қаулылары).

      Әркімнің жеке басының бостандығына құқығы (Конституцияның 16-бабының 1-тармағы) адамның негізгі құқықтарының бірі болып табылады. Ол әркімге тумысынан жазылған, абсолютті деп танылады және одан ешкім айыра алмайды, Конституцияның өзінің нормаларымен белгіленген жағдайларды қоспағанда, Негізгі Заңның 39-бабының 3-тармағына сәйкес ешбір жағдайларда да шектелмеуге тиіс құқықтар мен бостандықтар қатарына жатады.

      Конституцияның 16-бабының 2 және 3-тармақтарына сәйкес заңда көзделген реттерде ғана және тек қана соттың санкциясымен тұтқындауға және қамауда ұстауға болады, тұтқындалған адамға шағымдану құқығы беріледі. Соттың санкциясынсыз адамды жетпіс екі сағаттан аспайтын мерзімге ұстауға болады. Ұсталған, тұтқындалған, қылмыс жасады деп айып тағылған әрбір адам сол ұсталған, тұтқындалған немесе айып тағылған кезден бастап адвокаттың (қорғаушының) көмегін пайдалануға құқылы.

      Конституциялық-құқықтық мағынада "ұстау" деп, құқық бұзушылықтың жолын кесу немесе қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша іс жүргізуді қамтамасыз ету, сондай-ақ мәжбүрлеу сипатындағы өзге де шараларды қолдану мақсатында адамның жеке бас бостандығын жетпіс екі сағаттан аспайтын қысқа уақытқа шектеуден тұратын жеке уәкілетті мемлекеттік органдар, лауазымды және өзге де тұлғалар заңда көзделген негізде және тәртіппен іске асыратын мәжбүрлеу шарасын түсінген жөн.

      "Соттың санкциясынсыз адамды жетпіс екі сағаттан аспайтын мерзімге ұстауға болады" деген конституциялық ереже, осы көрсетілген уақыттан кешіктірмей соттың ұсталған адамға қатысты тұтқындау және қамауда ұстау, сондай-ақ заңмен көзделген өзге де шараларды қолдану туралы шешім қабылдануы қажет немесе ұсталған адам босатылуға тиіс дегенді білдіреді. Бұл орайда Конституциялық Кеңес, тиісті шешім қабылдауы үшін заң шығарушы одан да азырақ, жетпіс екі сағат шегіндегі мерзімді белгілеуі мүмкін деп атап өтеді.

      Ұсталған адамның емін-еркін жүріп-тұру бостандығын шектеуді - белгілі бір жерлерде мәжбүрлеп ұстауды, анықтау және тергеу органдарына мәжбүрлеп әкелуді (адамды қолға түсіруді, үй-жайға қамауды, бір жерге баруға, немесе орнында тұруға мәжбүрлеуді және т.б.), сондай-ақ адамның жеке бас бостандығын айтарлықтай шектейтін басқа да әрекеттерді де қоса отырып, бас бостандығы оған қандай да бір процессуалдық мәртебе берілуіне немесе формальды басқа бір рәсімдер орындалуына қатыссыз шын мәнінде шектелген кезде, минутына дейінгі дәлдікпен сол сағат ұстау мерзімінің басталуы болып табылады. Нақты ұстау уақытынан бастап үздіксіз есептелетін жетпіс екі сағаттан өтуі осы мерзімнің аяқталу сәті болып табылады.

      "Қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңнамасының адамның жеке бас бостандығын сақтау және қадір-қасиетіне қол сұқпау, қинауға, зорлық-зомбылыққа, басқа да қатыгез немесе адамның ар-намысын қорлайтын әрекеттер мен жазалау түрлеріне қарсы мәселелер жөніндегі нормаларын қолдану туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2009 жылғы 28 желтоқсандағы № 7 нормативтік қаулысында дәл осындай құқықтық ұстаным көзделген.

      Адам құқықтары туралы халықаралық актілерде де мұндай көзқарас жалпыға тән болып табылады.

      Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің (Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 1966 жылғы 16 желтоқсандағы 2200А (ХХI) Резалюциясымен қабылданған және 2005 жылғы 28 қарашада № 91-III Қазақстан Республикасы Заңымен ратификацияланған) 9-тармағында "әрбір адамның бас бостандығына және жеке басына қол сұғылмауына құқығы бар. Ешкім де еріксіз тұтқындауға немесе қамауда ұсталуға тиіс емес" деп атап өтілген.

      Қандай да болсын нысанда ұсталатын немесе қамалатын адамдарды қорғау принциптерінің жиынтығында (Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 1988 жылғы 9 желтоқсандағы 43/173 Резалюциясымен бекітілген) "ұсталған адам" деп, құқық бұзушылық жасағаны үшін жеке бас бостандығынан сотталусыз айырылған кез келген адамды түсіндіреді.

      3. Конституцияның 44-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Президенті Парламент ұсынған заңға бір ай ішінде қол қояды, заңды халыққа жария етеді де заңды немесе оның жекелеген баптарын қайтадан талқылап, дауысқа салу үшін қайтарады.

      "Қазақстан Республикасы Президентінің заңдарға қол қою үшін берілген бір ай мерзімі бөлігінде Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабы 2) тармақшасын ресми түсіндіру туралы" Қазақстан Республикасы Кеңесінің 2010 жылғы 18 қазандағы № 3 нормативтік қаулысында "бір ай мерзім Мемлекет басшысының Парламент ұсынған заң қол қою кезеңі үшін ғана көзделген" деп атап көрсетілген.

      Конституциялық Кеңестің пікірінше, бір ай мерзім Мемлекет басшысының заңға қол қоюы үшін бөлінген уақыт болып табылады, оны Республика Президенті заңды алған күннен бастап есептеу қажет, ал бұл мерзім келесі айдың тиісті күнінде (күн санында) аяқталады. Егер мерзімнің аяқталуы тиісті күні жоқ айға тура келетін болса, онда мерзім осы айдың соңғы күнінде аяқталады.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Конституциялық Кеңесінің 16.11.2022 № 1 нормативтік қаулысымен.

      4. Конституцияның 54-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында Парламент Палаталардың бөлек отырысында мәселелерді әуелі - Мәжілісте, ал содан кейін Сенатта өз кезегімен қарау арқылы, Республика Президентінің қарсылығын туғызған заңдар немесе заңның баптары бойынша қарсылықтар жіберілген күннен бастап бір ай мерзімі ішінде қайталап талқылау мен дауысқа салу өткізіледі. Бұл мерзімнің сақталуы Президент қарсылықтарының қабылданғанын білдіреді, деп белгіленген.

      Сонымен бірге, Қазақстан Республикасы Конституциясының 59-бабының 3-тармағында Парламенттің кезекті сессиялары жылына бір рет қыркүйектің бірінші жұмыс күнінен маусымның соңғы жұмыс күніне дейін өткізіледі деп белгіленген.

      Бұл конституциялық норманың түпмәтініндегі жұмыс күндері деп, демалыс немесе мереке (ұлттық және мемлекеттік мерекелер) күндерінен басқа күндері түсінген жөн.

      Осыған орай Конституциялық Кеңестің пайымдауынша, Республика Президентінің қарсылығын туғызған заңдар немесе заңның баптары бойынша Парламент Палаталарының қайталап талқылау мен дауысқа салуды өткізу үшін бөлінген бір ай мерзім, Конституцияның 59-бабының 4-тармағында және 61-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, егер ол уақыты бойынша Конституцияның 59-бабының 3-тармағында көзделген Парламент жұмысының сессиялы кезеңімен тұспа-тұс келмейтін болса, үзіледі.

      "Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" 1995 жылғы 16 қазанда № 2529 Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 19-бабының 4-тармағында бұл мәселе ішінара былай деп шешілген: "егер Парламент сессиясы заңды Президенттің қайтаруы ықтимал мерзімі біткенше жабылған болса, Президент заңды Парламенттің кезекті сессиясының алғашқы күні қайтарылады".

      Конституциялық ережедегі (Конституцияның 54-бабы 2-тармағының 2) тармақшасы) "жіберілген күннен бастап" деген сөз тіркесі, Республика Президентінің қарсылығын туғызған заңдар немесе заңның баптары бойынша Парламент Палаталарының қайталап талқылау мен дауысқа салуды өткізу үшін бөлінген бір ай мерзім Мемлекет басшысы өз қарсылықтарын жіберген күннен басталатынын білдіреді. Бұл мерзім келесі айдан тиісті күнінде (күн санында) аяқталады. Егер мерзімінің аяқталуы мұндай күні жоқ айға тура келетін болса, онда мерзім осы айдың соңғы күнінде аяқталады.

      5. Конституцияның 51-бабының 3-тармағында "Парламент немесе Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы тиісінше Парламент немесе Парламент Мәжілісінің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған күннен бастап екі ай ішінде өткізіледі" деп белгіленген.

      Конституциялық Кеңестің пікірінше, Республика Президентінің Парламентті немесе Парламент Мәжілісін тарату туралы актісі қолданысқа енгізілген күннен бастап, Парламент немесе Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлау өткізілуге тиіс мерзім басталады. Бұл мерзім екі ай өткен соң аяқталады. Егер мерзімнің аяқталуы мұндай күні жоқ айға тура келетін болса, онда мерзім осы айдың соңғы күнінде аяқталады.

      6. Алып тасталды – ҚР Конституциялық Кеңесінің 16.11.2022 № 1 нормативтік қаулысымен.

      7. Қазақстан Республикасы Конституциясының 51-бабының 2-тармағында, 59-бабының 3-тармағында, 61-бабының 7-тармағында, 63-бабының 2-тармағында, 92-бабының 1, 2 және 4-тармақтарында, 94-бабының 1-тармағында, 94-1-бабында жылдармен есептелетін мерзімдер белгіленген.

      Мәселен, Конституциясының 63-бабының 2-тармағына сәйкес Парламент немесе Парламент Мәжілісін төтенше немесе соғыс жағдайы кезеңінде, Президент өкілеттігінің соңғы алты айында, сондай-ақ осының алдындағы таратудан кейінгі бір жыл ішінде таратуға болмайды Конституциялық Кеңестің пікірінше, бұл жағдайда аталған бір жыл мерзім осы оқиға болған күннен, яғни Республика Президентінің Парламент немесе Парламент Мәжілісін тарату туралы актісі қолданысқа енгізілген күннен басталады.

      Жылдармен есептелетін мерзім оның соңғы жылының тиісті айы мен күнінде аяқталады. Егер мерзімнің аяқталуы мұндай күні жоқ айға тура келетін болса, онда мерзім осы айдың соңғы күнінде аяқталады.

      Сонымен бірге, Конституцияның 61-бабының 7-тармағына сай Үкімет енгізген заң жобасының қабылданбауына байланысты Премьер-Министр Парламент Палаталарының бірлескен отырысында Үкіметке сенім туралы мәселе қоюға хақылы. Алайда, Үкімет бұл құқықты жылына екі реттен артық пайдалана алмайды. Көрсетілген норманың мағынасынан туындайтын, бұл жағдайда "жыл" деген уақыт кезеңін ағымдағы жыл деп (1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейін) түсінген жөн екенін назарда ұстау қажет.

      Конституциялық Кеңес, Конституцияда белгіленген мерзімдердің басталуы мен аяқталуын есептеу мәселелері Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің құқықтық ұсынымдары ескеріле отырып, қажет кезде заңдармен реттелуі мүмкін деп атап көрсетеді.

      Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Конституциялық Кеңесінің 17.04.2017 № 2; 16.11.2022 № 1 нормативтік қаулыларымен.

      Жазылғанның негізінде, Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабы 1-тармағының 4) тармақшасын, "Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі туралы" 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 2737 Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 17-бабы 3-тармағының 1) тармақшасын, 31-33, 37-баптарын және 41-бабы 1-тармағының 2) тармақшасын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі

      қаулы етеді:

      1. "Ұстау" деп, Конституциясының 16-бабы 2-тармағына қатысты қолдануда, құқық бұзушылықтың жолын кесу немесе қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша іс жүргізуді қамтамасыз ету, сондай-ақ мәжбүрлеу сипатындағы өзге де шараларды қолдану мақсатында адамның жеке бас бостандығын жетпіс екі сағаттан аспайтын қысқа уақытқа шектеуден тұратын және уәкілетті мемлекеттік органдар, лауазымды және өзге де тұлғалар заңда көзделген негізгі және тәртіппен іске асыратын мәжбүрлеу шарасын түсінген жөн.

      Ұсталған адамның емін-еркін жүріп-тұру бостандығын шектеуді - белгілі бір жерлерде мәжбүрлеп ұстауды, анықтау және тергеу органдарына мәжбүрлеп әкелуді (адамды қолға түсіруді, үй-жайға қамауды, бір жерге баруға, немесе орнында тұруға мәжбүрлеуді және т.б.), сондай-ақ адамның жеке бас бостандығын айтарлықтай шектейтін басқа да әрекеттерді де қоса отырып, бас бостандығы оған қандай да бір процессуалдық мәртебе берілуіне немесе басқа бір формальды рәсімдер орындалуына қатыссыз шын мәнінде шектелген кезде, минутына дейінгі дәлдікпен сол сағат ұстау мерзімінің бастауы болып табылады. Нақты ұстау уақытынан бастап үздіксіз есептелетін жетпіс екі сағаттан өтуі осы мерзімнің аяқталу сәті болып табылады.

      2. Айлармен есептелетін конституциялық мерзім Конституцияда көрсетілген оқиға болған күнінен басталып, мерзімнің соңғы айының тиісті күнінде (күн санында) аяқталады. Егер мерзімнің аяқталуы тиісті күні жоқ айға тура келетін болса, онда мерзім осы айдың соңғы күнінде аяқталады.

      3. Мемлекет басшысының заңға немесе заңның баптарына қарсылықтарын Парламент қарауы үшін бөлінген бір ай мерзім, Конституцияның 59-бабының 4-тармағында және 61-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, егер ол өзінің уақыты бойынша Конституцияның 59-бабының 3-тармағымен көзделген Парламент жұмысының сессиялы кезеңімен тұспа-тұс келмейтін болса, үзіледі.

      4. Жылдармен белгіленген конституциялық мерзім Конституцияда көрсетілген оқиға болған күннен бастап есептеліп, өзінің соңғы жылының тиісті айы мен күнінде аяқталады. Егер мерзімнің аяқталуы тиісті күні жоқ айға тура келетін болса, онда мерзім осы айдың соңғы күнінде аяқталады.

      "Жыл" деген уақытын кезеңін Конституцияның 61-бабының 7-тармағына қатысты қолдануда ағымдағы жыл деп (1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейін) түсінген жөн.

      5. Күндермен есептелетін конституциялық мерзім Конституцияда көрсетілген оқиға болған күннен басталып, белгіленген кезеңнен соңғы күнінде аяқталады.

      6. Алып тасталды – ҚР Конституциялық Кеңесінің 16.11.2022 № 1 нормативтік қаулысымен.

      7. Конституцияда белгіленген мерзімдердің басталуы мен аяқталуын есептеу мәселелері, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің құқықтық ұстанымды ескере отырып, қажет кезде заңдармен реттелуі мүмкін.

      8. Қазақстан Республикасы Конституциясының 74-бабының 3-тармағына сәйкес қаулы оны қабылданған күнінен бастап күшіне енеді, шағымдануға жатпайды, Республиканың бүкіл аумағында жалпыға бірдей міндетті және Қазақстан Республикасы Конституциясының 73-бабының 4-тармағында көзделген ретті ескере отырып, түпкілікті болып табылады.

      9. Осы қаулы республикалық ресми басылымдарда қазақ және орыс тілдерінде жариялансын.

      Қазақстан Республикасы
Конституциялық Кеңесінің
Төрағасы
И. РОГОВ

Об официальном толковании норм Конституции Республики Казахстан по вопросу исчисления конституционных сроков

Нормативное постановление Конституционного совета Республики Казахстан от 13 апреля 2012 года № 2.

      Конституционный Совет Республики Казахстан в составе председателя Рогова И. И., членов Совета Бахтыбаева И. Ж., Белорукова Н. В., Жаилгановой А. Н., Малиновского В. А., Нурмагамбетова А. М., Стамкулова У. М. с участием:

      представителя Правительства Республики Казахстан – вице-министра юстиции Республики Казахстан Куставлетова Д. Р.,

      представителя Сената Парламента Республики Казахстан – председателя Комитета по конституционному законодательству, судебной системе и правоохранительным органам Сената Парламента Республики Казахстан Акылбая С. Б.,

      представителя Мажилиса Парламента Республики Казахстан – депутата Мажилиса Парламента Республики Казахстан Сарпекова Р. К.,

      представителя Верховного суда Республики Казахстан – судьи Верховного суда Республики Казахстан Аккуовой Г. Б.,

      представителя Генеральной прокуратуры Республики Казахстан – первого заместителя Генерального прокурора Республики Казахстан Меркеля И. Д.,

      представителя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан – заместителя председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан Мизанбаева У. Е.,

      представителя Министерства внутренних дел Республики Казахстан – заместителя министра внутренних дел Республики Казахстан Кененбаева Е. А.,

      представителя Агентства Республики Казахстан по борьбе с экономической и коррупционной преступностью (финансовой полиции) – заместителя председателя Агентства Республики Казахстан по борьбе с экономической и коррупционной преступностью (финансовой полиции) Ахметжанова М. М.,

      представителя Уполномоченного по правам человека в Республике Казахстан – руководителя Национального центра по правам человека Калюжного В. А.,

      эксперта – ректора Казахского гуманитарно-юридического университета, доктора юридических наук, профессора Когамова М. Ч.

      рассмотрел в открытом заседании обращения Премьер-Министра Республики Казахстан Масимова К. К. об официальном толковании норм Конституции Республики Казахстан по вопросу исчисления конституционных сроков.

      Заслушав сообщение докладчика – члена Конституционного Совета Республики Казахстан Жаилгановой А. Н., выступления участников заседания, изучив заключения экспертов: доктора юридических наук, профессора Когамова М. Ч., доктора юридических наук Жакаевой Л. С., профессора Университета имени Гумбольта А. Бланкенагеля (Федеративная Республика Германия), ознакомившись с заключениями Бюро по демократическим институтам и правам человека Организации по безопасности и сотрудничеству в Европе, Германского общества по международному сотрудничеству, Представительства международной общественной организации "Международная тюремная реформа" в Центральной Азии, Общественного фонда "Хартия за права человека", Общественного фонда "Центр исследования правовой политики", Казахского национального университета имени Аль-Фараби, Евразийского национального университета имени Л. Н. Гумилева, Карагандинского государственного университета имени Е. А. Букетова, Академии Министерства внутренних дел Республики Казахстан имени Б. Бейсенова, Казахского гуманитарно-юридического университета, Университета имени Д. А. Кунаева, другими материалами конституционного производства, Конституционный Совет Республики Казахстан

      установил:

      В Конституционный Совет Республики Казахстан 1 марта 2012 года поступило обращение Премьер-Министра Республики Казахстан (далее – Премьер-Министр) об официальном толковании норм ряда статей Конституции Республики Казахстан по вопросу исчисления конституционных сроков.

      В своем обращении Премьер-Министр отмечает, что "Конституция Республики Казахстан не во всех случаях устанавливает начало исчисления и окончание указанных в ней сроков и не конкретизирует, с какой даты или наступления события определяется начало исчисления и окончание сроков.

      В действующем праве республики также не закреплены правила исчисления сроков, установленных в Основном законе. Это может вызвать затруднения при применении норм Конституции в деятельности государственных органов и должностных лиц".

      В этой связи Премьер-Министром поставлен вопрос об официальном толковании пункта 2 статьи 16, подпункта 2) статьи 44 (в части, согласно которой Президент республики подписывает представленный Сенатом Парламента закон в течение одного месяца, обнародует закон либо возвращает закон или отдельные его статьи для повторного обсуждения и голосования), пункта 3 статьи 51, подпункта 2) пункта 2 статьи 54, пункта 3 статьи 73 и иных норм Конституции, в которых установлены сроки совершения конституционно значимых действий. При даче официального толкования норм Конституции субъект обращения просит определить порядок исчисления начала и окончания сроков, предусмотренных в Конституции Республики Казахстан.

      29 марта 2012 года в Конституционный Совет Республики Казахстан поступило второе обращение Премьер-Министра, в котором он просит разъяснить нормы пункта 2 статьи 16, пункта 2 статьи 51, подпункта 3) статьи 53, подпункта 2) пункта 2 статьи 54, пункта 3 статьи 59, пункта 7 статьи 61, пункта 2 статьи 63, пункта 3 статьи 71, пунктов 1, 2 и 4 статьи 91, пункта 1 статьи 94, статьи 94-1 Конституции и ответить на следующие вопросы:

      "1. Каково содержание понятия "задержание", использованного в пункте 2 статьи 16 Конституции, и каков порядок исчисления начала и окончания содержащегося в данной конституционной норме срока?

      2. Учитывая, что Парламент, как высший представительный орган, работает сессионно, может ли указанный месячный срок для рассмотрения возражений Главы государства прерываться, если он совпадает с парламентскими каникулами?

      3. Как следует определять начало и окончание сроков, установленных в Конституции в годах?".

      В связи с тем, что поступившие обращения связаны между собой, а по первому обращению итоговое решение еще не принято, в соответствии с пунктом 2 статьи 26 Конституционного закона Республики Казахстан от 29 декабря 1995 года № 2737 "О Конституционном Совете Республики Казахстан", постановлением Конституционного Совета от 29 марта 2012 года № 3/1 указанные обращения объединены в одно конституционное производство.

      В ходе заседания Конституционного Совета представителем субъекта обращения в порядке подпункта 1) пункта 3 статьи 21 Конституционного закона "О Конституционном Совете Республики Казахстан" заявлено, а Конституционным Советом удовлетворено ходатайство: "уточнить правила исчисления месячного срока рассмотрения Конституционным Советом поступивших обращений при их объединении в одно производство с учетом того, что время их поступления может не совпадать".

      Проанализировав нормы Конституции Республики Казахстан применительно к предмету обращения, Конституционный Совет исходит из следующего.

      1. В Конституции Республики Казахстан установлены сроки, продолжительность которых исчисляется в часах (пункт 2 статьи 16, пункт 7 статьи 61); днях (пункт 2 статьи 59, пункты 4 и 5-1 статьи 61, пункт 2 статьи 65, пункт 4 статьи 70); рабочих днях (пункт 3 статьи 59); месяцах (пункт 2 статьи 42, подпункт 2) статьи 44, пункт 2 статьи 47, пункты 1, 2 и 3 статьи 51, подпункт 2) пункта 2 статьи 54, пункт 2 статьи 61, пункт 2 статьи 63, пункт 1 статьи 94); годах (пункт 2 статьи 51, пункт 3 статьи 59, пункт 7 статьи 61, пункт 2 статьи 63, пункты 1, 2 и 4 статьи 92, пункт 1 статьи 94, статья 94-1). При этом Конституция не во всех случаях предусматривает правила исчисления указанных в ней сроков.

      Конституционно-правовая значимость сроков заключается в упорядочении общественных отношений и создании механизма реализации положений и норм Конституции. Конкретными сроками, закрепленными в Основном законе, лимитируется возможность ограничения уполномоченными органами и должностными лицами прав человека и гражданина, создаются предпосылки для гарантирования свободы личности. Ими также определяются периоды деятельности отдельных государственных органов и должностных лиц, начало и окончание осуществления ими своих полномочий, а также взаимодействие ветвей государственной власти в условиях действия системы сдержек и противовесов. Соблюдение этих сроков является одним из условий обеспечения режима конституционной законности.

      Конституционный Совет полагает, что при рассмотрении вопроса о сроках, установленных в Основном законе, необходимо исходить из принципа высшей юридической силы и прямого действия Конституции на всей территории Казахстана (пункт 2 статьи 4 Конституции).

      Сноска. Пункт 1 с изменениями, внесенными нормативными постановлениями Конституционного Совета РК от 17.04.2017 № 2; от 16.11.2022 № 1.

      2. В соответствии с пунктом 1 статьи 1 Конституции высшими ценностями являются человек, его жизнь, права и свободы. Это означает, что государство не имеет более важной задачи, чем забота о человеке, и оно обязано создать все зависящие от него условия для достойного существования человека (постановления Конституционного Совета от 21 декабря 2001 года № 18/2, от 29 апреля 2005 года № 3 и от 1 июля 2005 года № 4).

      Одним из основных прав человека является право каждого на личную свободу (пункт 1 статьи 16 Конституции). Оно принадлежит каждому от рождения, признается абсолютным и неотчуждаемым и в соответствии с пунктом 3 статьи 39 Основного закона относится к числу прав и свобод, не подлежащих ограничению ни в каких случаях, за исключением установленных нормами самой Конституции.

      В соответствии с пунктами 2 и 3 статьи 16 Конституции арест и содержание под стражей допускаются только в предусмотренных законом случаях и лишь с санкции суда с предоставлением арестованному права обжалования. Без санкции суда лицо может быть подвергнуто задержанию на срок не более семидесяти двух часов. Каждый задержанный, арестованный, обвиняемый в совершении преступления имеет право пользоваться помощью адвоката (защитника) с момента, соответственно, задержания, ареста или предъявления обвинения.

      Под "задержанием" в конституционно-правовом значении следует понимать меру принуждения, выражающуюся в кратковременном, не более семидесяти двух часов, ограничении личной свободы человека в целях пресечения правонарушения или обеспечения производства по уголовным, гражданским и административным делам, а также применения иных мер принудительного характера, и осуществляемую уполномоченными государственными органами, должностными и иными лицами на основании и в порядке, предусмотренных законом.

      Конституционное положение "без санкции суда лицо может быть подвергнуто задержанию на срок не более семидесяти двух часов" означает, что не позднее указанного времени в отношении задержанного должно быть принято решение суда о применении ареста и содержания под стражей, а также иных мер, предусмотренных законом, либо задержанный подлежит освобождению. При этом Конституционный Совет отмечает, что законодателем могут быть установлены и меньшие, в пределах семидесяти двух часов, сроки для принятия соответствующего решения.

      Началом срока задержания является тот час с точностью до минуты, когда ограничение свободы задержанного лица, включая свободу передвижения – принудительное удержание в определенном месте, принудительное доставление в органы дознания и следствия (захват, закрытие в помещении, принуждение пройти куда-либо или остаться на месте и т. д.), а также какие-либо иные действия, существенно ограничивающие личную свободу человека, стало реальным, независимо от придания задержанному какого-либо процессуального статуса или выполнения иных формальных процедур. Моментом окончания этого срока является истечение семидесяти двух часов, исчисляемых непрерывно со времени фактического задержания.

      Аналогичная правовая позиция предусмотрена нормативным постановлением Верховного Суда Республики Казахстан от 28 декабря 2009 года № 7 "О применении норм уголовного и уголовно-процессуального законодательства по вопросам соблюдения личной свободы и неприкосновенности достоинства человека, противодействия пыткам, насилию, другим жестоким или унижающим человеческое достоинство видам обращения и наказания".

      Подобный подход является общепринятым и в международных актах о правах человека.

      В статье 9 Международного пакта о гражданских и политических правах (принят Резолюцией 2200А (XXI) Генеральной Ассамблеи Организации Объединенных Наций от 16 декабря 1966 года и ратифицирован Законом Республики Казахстан от 28 ноября 2005 года № 91-III) констатируется, что "каждый человек имеет право на свободу и личную неприкосновенность. Никто не может быть подвергнут произвольному аресту или содержанию под стражей".

      В Своде принципов защиты всех лиц, подвергаемых задержанию или заключению в какой бы то ни было форме (утвержден Резолюцией 43/173 Генеральной Ассамблеи Организации Объединенных Наций от 9 декабря 1988 года) "под "задержанным лицом" понимается любое лицо, лишенное личной свободы не в результате осуждения за совершение правонарушения".

      3. В соответствии с подпунктом 2) статьи 44 Конституции Президент Республики Казахстан подписывает представленный закон в течение одного месяца, обнародует закон либо возвращает закон или отдельные его статьи для повторного обсуждения и голосования.

      В нормативном постановлении Конституционного Совета Республики Казахстан от 18 октября 2010 года № 3 "Об официальном толковании подпункта 2) статьи 44 Конституции Республики Казахстан в части установленного месячного срока для подписания законов Президентом Республики Казахстан" указано, что "месячный срок предусмотрен исключительно для стадии подписания Главой государства закона".

      По мнению Конституционного Совета, месячный срок является временем, отведенным для подписания закона Главой государства, который необходимо исчислять со дня получения Президентом Республики закона, а заканчивается этот срок в соответствующий день (число) следующего месяца. Если окончание срока приходится на месяц, в котором нет соответствующего числа, то срок истекает в последний день этого месяца.

      Сноска. Пункт 3 с изменениями, внесенными нормативным постановлением Конституционного Совета РК от 16.11.2022 № 1.

      4. Подпунктом 2) пункта 2 статьи 54 Конституции предусмотрено, что Парламент в раздельном заседании Палат путем последовательного рассмотрения вопросов вначале в Мажилисе, а затем в Сенате проводит повторное обсуждение и голосование по законам или статьям закона, вызвавшим возражения Президента Республики, в месячный срок со дня направления возражений. Несоблюдение этого срока означает принятие возражений Президента.

      Между тем пункт 3 статьи 59 Основного закона устанавливает проведение очередных сессий Парламента один раз в год, начиная с первого рабочего дня сентября и по последний рабочий день июня. Под рабочими днями в контексте этой конституционной нормы следует понимать дни, которые не являются выходными или праздничными (национальный и государственные праздники).

      Конституционный Совет полагает, что месячный срок, отведенный для повторного проведения Палатами Парламента обсуждения и голосования по законам или статьям закона, вызвавшим возражения Президента Республики, прерывается, если он по времени не совпадает с сессионным периодом работы Парламента, установленным пунктом 3 статьи 59 Конституции, за исключением случаев, предусмотренных в пункте 4 статьи 59 и пункте 2 статьи 61 Конституции.

      В пункте 4 статьи 19 Конституционного закона Республики Казахстан от 16 октября 1995 года № 2529 "О Парламенте Республики Казахстан и статусе его депутатов" этот вопрос отчасти решен следующим образом: "если сессия Парламента закрывается до истечения срока, в течение которого закон может быть возвращен Президентом, закон возвращается Президентом в первый день очередной сессии Парламента".

      Содержащееся в конституционном положении (подпункт 2) пункта 2 статьи 54 Конституции) словосочетание "со дня направления" означает, что началом месячного срока, отведенного для повторного проведения Палатами Парламента обсуждения и голосования по законам или статьям закона, вызвавшим возражения Президента Республики, является день направления Главой государства своих возражений. Этот срок заканчивается в соответствующий день (число) следующего месяца. Если окончание срока приходится на месяц, в котором нет соответствующего числа, то срок истекает в последний день этого месяца.

      5. В пункте 3 статьи 51 Конституции установлено, что "внеочередные выборы депутатов Парламента или Мажилиса Парламента проводятся в течение двух месяцев со дня досрочного прекращения полномочий соответственно Парламента или Мажилиса Парламента".

      Конституционный Совет считает, что моментом начала срока, в течение которого должны быть проведены внеочередные выборы депутатов Парламента или Мажилиса Парламента, является день введения в действие акта Президента Республики о роспуске Парламента или Мажилиса Парламента. Этот срок заканчивается с истечением двух месяцев. Если окончание срока приходится на месяц, в котором нет соответствующего числа, то срок истекает в последний день этого месяца.

      6. Исключен нормативным постановлением Конституционного Совета РК от 16.11.2022 № 1.

      7. В пункте 2 статьи 51, пункте 3 статьи 59, пункте 7 статьи 61, пункте 2 статьи 63, пунктах 1, 2 и 4 статьи 92, пункте 1 статьи 94, статье 94-1 Конституции Республики Казахстан установлены сроки, исчисляемые в годах.

      Так, в соответствии с пунктом 2 статьи 63 Конституции Парламент и Мажилис Парламента не могут быть распущены в период чрезвычайного или военного положения, в последние шесть месяцев полномочий Президента, а также в течение одного года после предыдущего роспуска. По мнению Конституционного Совета, в этом случае началом указанного годичного срока является день наступления события, то есть день введения в действие акта Президента Республики о роспуске Парламента или Мажилиса Парламента.

      Срок, исчисляемый в годах, истекает в соответствующие месяц и число последнего года срока. Если окончание срока приходится на месяц, в котором нет соответствующего числа, то срок истекает в последний день этого месяца.

      В то же время следует иметь в виду, что согласно пункту 7 статьи 61 Конституции в связи с непринятием внесенного Правительством проекта закона Премьер-Министр вправе поставить на совместном заседании Палат Парламента вопрос о доверии Правительству. Однако Правительство не может пользоваться этим правом более двух раз в год. Из смысла указанной нормы вытекает, что в данном случае под периодом времени "год" следует понимать текущий год (с 1 января по 31 декабря).

      Конституционный Совет отмечает, что при необходимости вопросы исчисления начала и окончания установленных в Конституции сроков могут быть урегулированы законами с учетом правовых позиций Конституционного Совета Республики Казахстан.

      Сноска. Пункт 7 с изменениями, внесенными нормативными постановлениями Конституционного Совета РК от 17.04.2017 № 2; от 16.11.2022 № 1.

      На основании изложенного, руководствуясь подпунктом 4) пункта 1 статьи 72 Конституции Республики Казахстан, подпунктом 1) пункта 3 статьи 17, статьями 3133, 37 и подпунктом 2) пункта 1 статьи 41 Конституционного закона Республики Казахстан от 29 декабря 1995 года № 2737 "О Конституционном Совете Республики Казахстан", Конституционный Совет Республики Казахстан

      постановляет:

      1. Под "задержанием", применительно к пункту 2 статьи 16 Конституции, следует понимать меру принуждения, выражающуюся в кратковременном, не более семидесяти двух часов, ограничении личной свободы человека в целях пресечения правонарушения или обеспечения производства по уголовным, гражданским и административным делам, а также применения иных мер принудительного характера и осуществляемую уполномоченными государственными органами, должностными и иными лицами на основании и в порядке, предусмотренных законом.

      Началом срока задержания является тот час с точностью до минуты, когда ограничение свободы задержанного лица, включая свободу передвижения – принудительное удержание в определенном месте, принудительное доставление в органы дознания и следствия (захват, закрытие в помещении, принуждение пройти куда-либо или остаться на месте и т. д.), а также какие-либо иные действия, существенно ограничивающие личную свободу человека, стало реальным, независимо от придания задержанному какого-либо процессуального статуса или выполнения иных формальных процедур. Моментом окончания этого срока является истечение семидесяти двух часов, исчисляемых непрерывно со времени фактического задержания.

      2. Конституционный срок, исчисляемый в месяцах, начинается со дня наступления события, указанного в Конституции, а истекает в соответствующий день (число) последнего месяца срока. Если окончание срока приходится на месяц, в котором нет соответствующего числа, то срок истекает в последний день этого месяца.

      3. Месячный срок для рассмотрения Парламентом возражений Главы государства на закон или статьи закона прерывается, если он по времени не совпадает с сессионным периодом работы Парламента, установленным пунктом 3 статьи 59 Конституции, за исключением случаев, предусмотренных пунктом 4 статьи 59 и пунктом 2 статьи 61 Конституции.

      4. Конституционный срок, установленный в годах, исчисляется со дня наступления события, указанного в Конституции, а истекает в соответствующие месяц и число последнего года срока. Если окончание срока приходится на месяц, в котором нет соответствующего числа, то срок истекает в последний день этого месяца.

      Под периодом времени "год" применительно к пункту 7 статьи 61 Конституции следует понимать текущий год (с 1 января по 31 декабря).

      5. Конституционный срок, исчисляемый в днях, начинается со дня наступления события, указанного в Конституции, и истекает в последний день установленного периода.

      6. Исключен нормативным постановлением Конституционного Совета РК от 16.11.2022 № 1.

      7. Вопросы исчисления начала и окончания установленных в Конституции сроков при необходимости могут быть урегулированы законами с учетом правовых позиций Конституционного Совета Республики Казахстан.

      8. Согласно пункту 3 статьи 74 Конституции Республики Казахстан постановление вступает в силу со дня его принятия, обжалованию не подлежит, является общеобязательным на всей территории Республики и окончательным с учетом случая, предусмотренного пунктом 4 статьи 73 Конституции Республики Казахстан.

      9. Опубликовать настоящее постановление на казахском и русском языках в официальных республиканских печатных изданиях.

Председатель


Конституционного совета


Республики Казахстан

И. РОГОВ