2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 428-бабы үшінші бөлігінің және 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің 130-бабы екінші бөлігі 2) тармақшасының Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігін қарау туралы

Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының 2023 жылғы 6 желтоқсандағы № 37-НҚ нормативтік қаулысы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АТЫНАН

      Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты Төраға Э.Ә. Азимова, судьялар А.Қ. Ескендіров, Қ.Т. Жақыпбаев, А.Е. Жатқанбаева, Қ.С. Мусин, Б.М. Нұрмұханов, Е.Ж. Сәрсембаев және С.Ф. Ударцев қатысқан құрамда,

      өтініш субъектісі Н.С. Моордың және оның өкілі – адвокат А-К.Ж. Айдаркуловтың,

      Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының өкілі – Норма шығару қызметін үйлестіру департаментінің бастығы А.О. Мухаметжановтың,

      Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің өкілі – вице-министр А.Қ. Мұқанованың,

      Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің өкілі – Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары М.А. Аюбаевтың,

      Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың өкілі – басшының орынбасары А.Б. Касенованың,

      Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Аппаратының өкілі – Заңнама бөлімінің сектор меңгерушісі А.К. Батталовтың,

      Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Аппаратының өкілі – Заңнама бөлімінің бас консультанты Г.А. Аукашеваның,

      Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының өкілі – Ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері Е.В. Киселеваның қатысуымен,

      өзінің ашық отырысында Н.С. Моордың 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі – ҚК, Қылмыстық кодекс) 428-бабы үшінші бөлігінің және 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің (бұдан әрі – ҚАК) 130-бабы екінші бөлігі 2) тармақшасының Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігін тексеру туралы өтінішін қарады.

      Баяндамашы – Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы А.Қ. Ескендіровті және отырысқа қатысушыларды тыңдап, конституциялық іс жүргізу материалдарын зерделеп, Қазақстан Республикасының қолданыстағы құқық нормаларына талдау жасай отырып, Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты

анықтады:

      Қазақстан Республикасының Конституциялық Сотына (бұдан әрі – Конституциялық Сот) ҚК-нің 428-бабы үшінші бөлігінің және ҚАК-тің 130-бабы екінші бөлігі 2) тармақшасының Қазақстан Республикасының Конституциясына (бұдан әрі – Конституция) сәйкестігін қарау туралы өтініш келіп түсті.

      Өтініштен Ұлытау облысы Жезқазған қалалық сотының 2022 жылғы 13 қыркүйектегі үкімімен өтініш беруші өзіне қандай да бір қасақана зақым келтірумен ұштасатын, қоғамнан оқшаулауды қамтамасыз ететін мекеме әкімшілігінің заңды талаптарына топтасып бағынбауға қатысқаны үшін ҚК-нің 428-бабының үшінші бөлігі бойынша кінәлі деп танылғанын түсінуге болады.

      Өтініш субъектісінің пікірінше, сотталған адамның өзіне қандай да бір қасақана зақым келтіруі, яғни дене мүшесiн зақымдау актісі Конституцияда кепілдік берілген өзінің сөз еркіндігі мен өз пікірін білдіру құқықтарын қорғау тәсілдерінің бірі, сондай-ақ қылмыстық-атқару мекемесі әкімшілігінің заңсыз әрекеттеріне қарсылық білдіру нысаны болып табылады.

      Өтініш беруші өз дәлелдерін негіздеу үшін Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2008 жылғы 27 ақпандағы № 2 нормативтік қаулысында жазылған құқықтық ұстанымдарға сілтеме жасайды, олар бойынша 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 361-бабының ("Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық-атқару жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 26 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының редакциясында) бірінші және төртінші бөліктері (бірінші бөліктің саралау белгілерін анықтауға қатысты) конституциялық емес деп танылды.

      Өтініш беруші дау айтып отырған ҚК және ҚАК нормаларының конституциялылығын тексеру кезінде Конституциялық Сот мыналарды негізге алады.

      1. Конституцияға сәйкес адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары мемлекеттің ең қымбат қазынасы болып табылады (1-баптың 1-тармағы), Қазақстан Республикасында адамның құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепілдік беріледі. "Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады" (12-баптың 1 және 2-тармақтары). Әркімнің "құқық субъектісі ретінде танылуына құқығы бар және өзінің құқықтары мен бостандықтарын заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдермен қорғауға құқылы", сондай-ақ өмір сүру, жеке басының бостандығы, сөз еркіндігі, қадір-қасиетін қорғау құқықтары бар – "ешкімді азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, басқадай қатыгездік немесе адамдық қадір-қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге не жазалауға болмайды" (13-баптың 1-тармағы, 15-баптың 1-тармағы, 16-баптың 1-тармағы, 17-бап, 20-баптың 1-тармағы).

      Негізгі Заңның 39-бабының 1 және 3-тармақтарына сәйкес адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары конституциялық құрылысты қорғау, қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен имандылығын сақтау мақсатына қажетті шамада ғана және тек заңмен шектелуі мүмкін. Конституцияның 11, 1315-баптарында, 16-бабының 1-тармағында, 17, 19, 22-баптарында, 26-бабының 2-тармағында көзделген құқықтар мен бостандықтар ешбір жағдайда да шектелмеуге тиіс.

      2. Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі (бұдан әрі – Конституциялық Кеңес) 2008 жылғы 27 ақпандағы № 2 нормативтік қаулысында өзінің бірқатар құқықтық ұстанымдарын тұжырымдады, оларға сәйкес өзіне тумысынан тиесілі құқықтар мен бостандықтарға ие адам және азамат оларға өз қалауынша иелік ете алады. Бұл, егер ол конституциялық міндеттерді және заңда белгіленген өзге де міндеттерді орындаудан жалтарумен байланысты болмаса, басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын бұзбаса және конституциялық құрылыс пен қоғамдық имандылыққа нұқсан келтірмесе, әркімнің өз өмірі мен денсаулығына (оның ішінде өзіне өзі зиян келтіру сияқты нысанда да) еркін иелік етуге құқығы бар екенін білдіреді (Конституцияның 12-бабының 5-тармағы, 34-бабының 1-тармағы, 36-бабы).

      Бұған дейін Конституциялық Кеңес дене мүшесiн зақымдау актілерін жасау бас бостандығынан айырылған адамдардың өзінің қадір-қасиетін қорғауының тәсілі ретінде қарастырылуы мүмкін екенін, сондай-ақ Конституцияның 20-бабында кепілдік берілген сөз еркіндігінің құрамдас бөлігі болып табылатын өз пікірін (наразылығын) білдіру құқығын іске асырудың соңғы нысаны болып табылатынын атап өткен болатын. Осыған байланысты, дене мүшесiн зақымдау актілеріне қылмыстық сипат беру арқылы, бас бостандығынан айырылған адамдардың өз құқықтары мен бостандықтарын қорғау мүмкіншілігін тіпті заңмен шектеуге Негізгі Заңның 39-бабы 1-тармағының талаптары мүлтіксіз сақталған кезде ғана жол беріледі. Бас бостандығынан айырылған адамдардың қоғамнан оқшаулануына байланысты құқықтары мен бостандықтары алып қойылған басқа адамдардікі сияқты құқықтары мен бостандықтары бар. Конституциялық Кеңестің осы құқықтық ұстанымдары қазіргі уақытта өз маңызын сақтап отыр.

      3. Сенім бостандығы және оларды еркін білдіру құқығы негізгі халықаралық құқықтық құжаттарда бекітілген (Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 1948 жылғы 10 желтоқсанда қабылдаған Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының 19-бабы; 2005 жылғы 28 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған 1966 жылғы 16 желтоқсандағы Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің (бұдан әрі – АСҚХП) 19-бабы).

      АСҚХП ережелеріне сәйкес 19-баптың 2-тармағында көзделген құқықтарды қолдану адамға ерекше мiндеттер мен ерекше жауапкершiлiктi жүктейдi. Олар кейбір шектеулермен ұштасуы мүмкiн, бұлар заңмен белгiленiп және: а) басқа тұлғалардың құқықтары мен абырой-беделiн құрметтеу; b) мемлекеттік қауiпсіздiктi қорғау, қоғамдық тәртiптi, жұртшылықтың денсаулығын немесе имандылығын сақтау қажеттілігiнен туындауға тиiс.

      4. Қылмыстық кодекстің 428-бабына жүргізілген құқықтық талдау оның мазмұнын түсінудің және қолданудың екіұшты болуына жағдай жасайтын жекелеген кемшіліктердің бар екенін айғақтайды.

      ҚК-нің 428-бабында айтылатын қылмыстар сот төрелігіне және жазалардың орындалу тәртібіне, конституциялық іс жүргізуге қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтарға жатқызылған (ҚК-нің 17-тарауы), бұл біртектес қоғамдық қатынастардың сипатын көрсетеді, оларға осы қылмыстық жазаланатын іс-әрекеттер нұқсан келтіреді. Нұқсан келтірудің бірдей объектісін негізге ала отырып, қарастырылып отырған баптың тақырыбы онда көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтың мәнін әртүрлі көріністерде білдіреді – "Қылмыстық-атқару мекемесі әкімшілігінің заңды талаптарына бағынбау".

      Қылмыстық-атқару мекемесінің заң талаптарына сәйкес келетін қызметі тікелей қылмыс объектісі деп танылады.

      Қазақстан Республикасының заңнамасында қылмыстық-атқару мекемесі анықтамасының жоқ екенін атап өту керек. ҚАК-тің 3-бабының 5) тармақшасында мазмұны жағынан жақын "қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемесі – бас бостандығынан айыру түріндегі жазаларды орындауға арналған мемлекеттік мекеме" ұғымы қамтылады. Мұндай мекеме түрлері ҚАК-тің 89-бабында санамаланған.

      ҚК-нің 428-бабының бірінші бөлігінде қылмыстың объективті жағы қылмыстық-атқару мекемесі әкімшілігінің заңды талаптарына қаскөйлікпен бағынбау (ауырлығы орташа қылмыс) түрінде көрінетіні, ал аталған мекемелерде бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын өтеп жүрген сотталған адам осы қылмыстық жазаланатын іс-әрекеттің субъектісі болып табылатыны атап өтіледі.

      Ұқсас іс-әрекеттердің қоғамға ең жоғары қауіптілік дәрежесін ескере отырып, Қылмыстық кодекстің 428-бабының үшінші бөлігінде заң шығарушы ауыр қылмыстар санатына жатқызылған, баламалы түрде сараланған құрамдарды топтастырды. Бұл ретте қылмыстар объектісінің аясы мазмұны нақтыланбай, "қоғамнан оқшаулауды қамтамасыз ететін мекеме" терминін қолдану арқылы кеңейтілген.

      Қазақстан Республикасының заңнамасын зерделеу жекелеген заңдарда осындай мекемелердің үлгілік тізбесін айқындауға ғана мүмкіндік беретін ұқсас, бірақ бірдей емес ұғымдар бар екенін көрсетеді.

      Мәселен, "Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы" 1999 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңында арнаулы мекемелер ретінде тергеу изоляторы, уақытша ұстау изоляторы, қабылдау-бөлу орны, арнаулы қабылдау орны танылып, оларға сипаттама берілген (2-баптың 1), 2), 8), 11) және 12) тармақшалары). Осы мекемелерде азаматтарды қоғамнан уақытша оқшаулау бас бостандығынан айыру түріндегі жазаның орындалуымен байланысты болмауы да мүмкін (әкімшілік қамаққа алынған, қамаққа алынған, ұсталған, күзетпен ұстау таңдалған адамдарды, белгілі бір тұрғылықты жері және (немесе) жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ адамдарды ұстау және басқа да жағдайлар).

      Демек, Қылмыстық кодекстің 428-бабының үшінші бөлігі бойынша қылмыс субъектілері деп бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын өтеп жүрген сотталғандар ғана емес, тізбесінің толық заңнамалық анықтамасы жоқ, қоғамнан оқшаулауды қамтамасыз ететін мекемелердегі өзге адамдар да танылуы мүмкін.

      Заң шығарушының қылмыс объектісіне мұндай көзқарасы қоғамнан уақытша оқшаулау жағдайында ұсталатын адамдардың, оның ішінде бас бостандығынан айыруға сотталмаған адамдардың, сондай-ақ қылмыстық-құқықтық сипаты жоқ шаралардың қолданылуына байланысты аталған мекемелерге орналастырылған адамдардың негізсіз ауқымды тобының тиісті іс-әрекеттеріне қылмыстық сипат беруге жағдай жасайды.

      Конституциялық Сот 428-баптың ҚК-нің Ерекше бөлімінің құрылымында орналасуын, осы баптың тақырыбында және бөліктерінде бекітілген ережелердің жүйелі түсіндірілуін, қылмыстық құқық бұзушылықтардың негізгі және сараланған құрамдарын топтастырудың жалпы қағидаларын, ҚАК-тің 3-бабының 5) тармақшасында және 130-бабында қолданылатын ұғымдарды негізге ала отырып, Қылмыстық кодекстің 428-бабының үшінші бөлігі бойынша іс-әрекеттерді саралау кезінде қоғамнан оқшаулауды қамтамасыз ететін мекемелер деп қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерін (бұдан әрі – мекеме, мекемелер) түсіну керек деп есептейді.

      ҚК-нің 428-бабының үшінші бөлігінде көзделген қылмыстың объективті жағы қоғамнан оқшаулауды қамтамасыз ететін мекеме әкімшілігінің заңды талаптарына топтасып бағынбауды ұйымдастырудан, сол сияқты күш қолданумен немесе өзіне қандай да бір қасақана зақым келтірумен ұштасатын не өзге де ауыр зардаптарға алып келетін топтасып бағынбауға қатысудан тұрады. Қылмыстық заңның осы ережелерін ҚК-нің 428-бабы бірінші бөлігінің және ҚАК-тің 130-бабының нормаларымен өзара байланысты етіп қарастыру қажет және мекеме әкімшілігінің заңды талаптарына топтасып бағынбау деп түсіну керек.

      Өзіне қандай да бір зақым келтіру белгісі бойынша сараланатын, қаралып отырған қылмыс құрамының логикалық-мазмұнды талдауы құқықтық нормада құқық қолданушыға кінәлінің (кінәлілердің) пиғылының бағытын нақты анықтауға мүмкіндік беретін объективті өлшемшарттардың жоқ екенін растайды.

      Конституциялық Сот осы қылмыс құрамы бойынша іс-әрекеттерді дұрыс саралау үшін субъективті жақ элементтерін, атап айтқанда өзіне қандай да бір қасақана зақым келтірумен ұштасатын әрекеттерді жасау мақсатын анықтаудың үлкен маңызы бар деп пайымдайды. Егер мұндай әрекеттер қылмыстық-атқару жүйесі мекемесі әкімшілігінің заңсыз талаптарына байланысты болса, онда олар қылмыстың объективті жағының белгісі ретінде қарастырылмайды, өйткені бұл азаматтардың өз құқықтары мен бостандықтарын қорғау тәсілі болып табылады. Осы адамдар өздеріне Конституциямен немесе заңмен жүктелген міндеттерді орындаудан жалтару мақсатын көздеген кезде бұл іс-әрекеттер жазаны өтеудің заңда белгіленген тәртібін бұзуға бағытталған деп танылып, тиісті жауаптылыққа алып келуі мүмкін.

      Конституциялық Сот өзінің қорытынды шешімдерінде құқыққа қарсы мінез-құлыққа қылмыстық сипат берумен байланысты мәселелерді шешу кезінде қылмыстық заң нормаларының диспозицияларында құқықтық нұсқамалардың айқындылығы және олардың құқықтық реттеудің жалпы жүйесінде келісілу талаптары нақты сақталуға тиіс екенін атап өтті (2023 жылғы 18 мамырдағы № 14-НҚ және 2023 жылғы 3 қазандағы № 31-НҚ нормативтік қаулылар). ҚК-нің 428-бабының ережелері аталған талаптарға толық сай келмейді және одан әрі жетілдіруді қажет етеді. Бұл (ҚК-де, ҚАК-те және басқа да заңдарда) мекемелерді белгілеу үшін пайдаланылатын терминологияны біріздендіруге, қылмыс белгілерінің аражігін нақты ажыратуға және өзіне қандай да бір зақым келтіруден көрінетін, жазаны өтеудің белгіленген тәртібін қаскөйлікпен бұзуға, күш қолданудың, ауыр зардаптардың және өзге де белгілердің ҚК-нің осы бабының үшінші бөлігінде көзделген қылмыстардың барлық баламалы құрамдарына жататындығын айқындауға қатысты.

      5. Бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны орындау мекемелерде тәртіпті қамтамасыз етуді талап етеді, бұл жаза мақсаттарына қол жеткізу үшін қажет. Мұндай тәртіп сотталғандарды күзету мен оқшаулауды, оларды үнемі қадағалауды; оларға жүктелген міндеттердің орындалуын, олардың құқықтары мен заңды мүдделерінің іске асырылуын; сотталғандардың, персоналдың және медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігін; сотталғандардың белгілі бір санаттарын бөлек ұстауды, мекеме түріне қарай әртүрлі ұстау жағдайларын; жазаны өтеу жағдайларын өзгертуді қамтамасыз ететін жазаны өтеудің белгіленген режимін сақтау арқылы сақталады. Мекемелерде ішкі тәртіптеме қағидалары қолданылады (ҚАК-тің 97-бабының бірінші, екінші және үшінші бөліктері).

      ҚАК-тің 11-бабы бірінші бөлігінің 3) тармақшасына сәйкес сотталғандардың негізгі міндеттерінің қатарына жазаларды орындайтын мекемелер немесе органдар қызметкерлерінің, сондай-ақ сотталғандардың мінез-құлқын бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруға уәкілеттік берілген адамдардың заңды талаптарын орындау жатқызылады.

      Сотталғандардың құқыққа қайшы мінез-құлқы ҚАК-те және мекемелердің ішкі тәртіптеме қағидаларында белгіленген талаптарды орындамауынан көрінуі мүмкін, салдарынан бұзушыларға жазалау шаралары қолданылады (ҚАК-тің 130-бабының бірінші, үшінші және төртінші бөліктері, 131-бабы).

      ҚАК-тің 130-бабының екінші бөлігінде жазаны өтеудің белгіленген тәртібін қаскөйлікпен бұзушылықтарға жататын іс-әрекеттер, оның ішінде өтініш беруші дау айтып отырған 2) тармақша – мекеме әкiмшiлiгiнiң өкiлдерiне қатер төндіру, оларды қорлау, оларға бағынбаушылық, оның iшiнде жазаны өтеу режимін бұзу мақсатында, өзiне қандай да бiр қасақана зақым келтірумен ұштасатын бағынбаушылық іс-әрекеттері санамаланған.

      ҚАК-те сотталғандардың жазаны өтеуден немесе белгіленген міндеттерді орындаудан жалтару мақсатында өзіне, оның ішінде басқа адамның көмегімен дене зақымын келтіруге, өз денсаулығына зиян келтіруге құқығы жоқ екендігі де көрсетілген (104-баптың үшінші бөлігінің 3) тармақшасы).

      Конституциялық Сот қарау нысанасы болып табылатын ҚАК нормаларын Конституцияға сәйкес келмейді деп қарастырмайды, өйткені онда мекеме әкімшілігінің өкілдеріне бағынбаудан көрінетін, оның ішінде өзіне қандай да бір қасақана зақым келтірумен ұштасатын, жазаны өтеудің белгіленген тәртібін қаскөйлікпен бұзу нақты мақсатпен – жазаны өтеу режимін бұзумен байланысты, бұл кінәлінің заңда және мекеменің ішкі тәртіптеме қағидаларында белгіленген міндеттерден жалтару пиғылының бағытын анық көрсетеді.

      Осы жазылғандардың негізінде, Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабының 3-тармағын және 74-бабының 3-тармағын, "Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы" 2022 жылғы 5 қарашадағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 23-бабы 4-тармағының 3) тармақшасын, 5558, 62, 63-баптарын, 64-бабының 4-тармағын және 65-бабы 1-тармағының 2) тармақшасын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты

қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 428-бабының үшінші бөлігі Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты берген төмендегідей түсіндірмеде Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келеді деп танылсын:

      "Өзіне қандай да бір қасақана зақым келтірумен ұштасатын, топтасып бағынбауға қатысқаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартуға, егер өзіне осындай зақым келтірудің мақсаты қылмыстық-атқару жүйесі мекемесі әкімшілігінің заңды талаптарына бағынбау және жазаны өтеудің белгіленген тәртібін (режимін) бұзу болып табылса, жол беріледі.".

      2. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің 130-бабы екінші бөлігінің 2) тармақшасы Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келеді деп танылсын.

      3. Соттар мен өзге де құқық қолдану органдарының Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 428-бабы үшінші бөлігінің ережелерін өзгеше түсіндіруге негізделген шешімдері орындалуға жатпайды және белгіленген тәртіппен қайта қаралуға тиіс.

      4. Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының осы нормативтік қаулыда жазылған құқықтық ұстанымдарына сәйкес:

      Қазақстан Республикасының Үкіметі осы нормативтік қаулы жарияланғаннан кейін алты айдан кешіктірмей Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеу тәртібін (режимін) бұзған кездегі қылмыстық жауаптылық мәселелерін құқықтық реттеуді жетілдіруге бағытталған заң жобасын енгізсін;

      Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотына қылмыстық істердің осы санаты бойынша сот практикасын жинақтап қорыту және тиісті нормативтік қаулы қабылдау ұсынылсын.

      5. Осы нормативтік қаулы қабылданған күнінен бастап күшіне енеді, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында жалпыға бірдей міндетті, түпкілікті болып табылады және шағым жасалуға жатпайды.

      6. Осы нормативтік қаулы заңнамалық актілерді ресми жариялау құқығын алған мерзімді баспасөз басылымдарында, құқықтық ақпараттың бірыңғай жүйесінде және Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде жариялансын.

      Қазақстан Республикасының
Конституциялық Соты

О рассмотрении на соответствие Конституции Республики Казахстан части третьей статьи 428 Уголовного кодекса Республики Казахстан от 3 июля 2014 года и подпункта 2) части второй статьи 130 Уголовно-исполнительного кодекса Республики Казахстан от 5 июля 2014 года

Нормативное постановление Конституционного Суда Республики Казахстан от 6 декабря 2023 года № 37-НП

      ИМЕНЕМ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

      Конституционный Суд Республики Казахстан в составе Председателя Азимовой Э.А., судей Ескендирова А.К., Жакипбаева К.Т., Жатканбаевой А.Е., Мусина К.С., Нурмуханова Б.М., Сарсембаева Е.Ж. и Ударцева С.Ф., с участием:

      субъекта обращения Моора Н.С. и его представителя – адвоката Айдаркулова А.-К.Ж.,

      представителей:

      Генеральной прокуратуры Республики Казахстан – начальника Департамента координации нормотворческой деятельности Мухаметжанова А.О.,

      Министерства юстиции Республики Казахстан – вице-министра Мукановой А.К.,

      Министерства внутренних дел Республики Казахстан – заместителя председателя Комитета уголовно-исполнительной системы Аюбаева М.А.,

      Национального центра по правам человека – заместителя руководителя Касеновой А.Б.,

      Аппарата Мажилиса Парламента Республики Казахстан – заведующего сектором Отдела законодательства Батталова А.К.,

      Аппарата Сената Парламента Республики Казахстан – главного консультанта Отдела законодательства Аукашевой Г.А.,

      Карагандинской Академии Министерства внутренних дел Республики Казахстан имени Б. Бейсенова – научного сотрудника Научно-исследовательского института Киселевой Е.В.,

      рассмотрел в открытом заседании обращение Моора Н.С. о проверке на соответствие Конституции Республики Казахстан части третьей статьи 428 Уголовного кодекса Республики Казахстан от 3 июля 2014 года (далее – УК, Уголовный кодекс) и подпункта 2) части второй статьи 130 Уголовно-исполнительного кодекса Республики Казахстан от 5 июля 2014 года (далее – УИК).

      Заслушав докладчика – судью Конституционного Суда Республики Казахстан Ескендирова А.К. и участников заседания, изучив материалы конституционного производства, проанализировав нормы действующего права Республики Казахстан, Конституционный Суд Республики Казахстан

      установил:

      В Конституционный Суд Республики Казахстан (далее – Конституционный Суд) поступило обращение о рассмотрении на соответствие Конституции Республики Казахстан (далее – Конституция) части третьей статьи 428 УК и подпункта 2) части второй статьи 130 УИК.

      Из обращения следует, что приговором Жезказганского городского суда области Улытау от 13 сентября 2022 года заявитель был признан виновным по части третьей статьи 428 УК за участие в групповом неповиновении законным требованиям администрации учреждения, обеспечивающего изоляцию от общества, сопряженное с умышленным причинением себе какого-либо повреждения.

      По мнению субъекта обращения, умышленное причинение осужденным какого-либо повреждения себе, то есть акт членовредительства, является одним из способов защиты своих прав на свободу слова и выражение своего мнения, гарантированных Конституцией, а также формой выражения протеста против незаконных действий администрации уголовно-исполнительного учреждения.

      В обоснование своих доводов заявитель ссылается на правовые позиции, изложенные в нормативном постановлении Конституционного Совета Республики Казахстан от 27 февраля 2008 года № 2, которым были признаны неконституционными части первая и четвертая (относительно установления квалифицирующих признаков части первой) статьи 361 Уголовного кодекса Республики Казахстан от 16 июля 1997 года (в редакции Закона Республики Казахстан от 26 марта 2007 года "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам уголовно-исполнительной системы").

      При проверке конституционности оспариваемых заявителем норм УК и УИК Конституционный Суд исходит из следующего.

      1. В соответствии с Конституцией человек, его жизнь, права и свободы являются высшими ценностями государства (пункт 1 статьи 1), в Республике Казахстан признаются и гарантируются права и свободы человека. "Права и свободы человека принадлежат каждому от рождения, признаются абсолютными и неотчуждаемыми, определяют содержание и применение законов и иных нормативных правовых актов" (пункты 1 и 2 статьи 12). Каждый имеет "право на признание его правосубъектности и вправе защищать свои права и свободы всеми не противоречащими закону способами", а также права на жизнь, личную свободу, свободу слова, защиту достоинства – "никто не должен подвергаться пыткам, насилию, другому жестокому или унижающему человеческое достоинство обращению или наказанию" (пункт 1 статьи 13, пункт 1 статьи 15, пункт 1 статьи 16, статья 17, пункт 1 статьи 20).

      В соответствии с пунктами 1 и 3 статьи 39 Основного Закона права и свободы человека и гражданина могут быть ограничены только законами и лишь в той мере, в какой это необходимо в целях защиты конституционного строя, охраны общественного порядка, прав и свобод человека, здоровья и нравственности населения. Ни в каких случаях не подлежат ограничению права и свободы, предусмотренные статьями 11, 1315, пунктом 1 статьи 16, статьями 17, 19, 22, пунктом 2 статьи 26 Конституции.

      2. Конституционный Совет Республики Казахстан (далее – Конституционный Совет) в нормативном постановлении от 27 февраля 2008 года № 2 сформулировал ряд правовых позиций, в соответствии с которыми человек и гражданин, обладающий правами и свободами от рождения, может распоряжаться ими по своему собственному усмотрению. Это означает, что каждый вправе свободно распоряжаться собственными жизнью и здоровьем (в том числе и в такой форме, как причинение вреда самому себе), если это не связано с уклонением от исполнения конституционных и иных установленных законом обязанностей, не нарушает прав и свобод других лиц и не посягает на конституционный строй и общественную нравственность (пункт 5 статьи 12, пункт 1 статьи 34, статья 36 Конституции).

      Конституционный Совет ранее отмечал, что совершение актов членовредительства может рассматриваться как способ защиты собственного достоинства лицами, лишенными свободы, а также являться крайней формой реализации права на выражение своего мнения (протеста), которое выступает составляющей свободы слова, гарантированной статьей 20 Конституции. В связи с этим ограничение даже законом возможности защиты своих прав и свобод лицами, лишенными свободы, путем криминализации актов членовредительства допустимо лишь при неукоснительном соблюдении требований пункта 1 статьи 39 Основного Закона. Лишенные свободы лица обладают теми же правами и свободами, что и другие лица, с изъятиями, обусловленными изоляцией от общества. Данные правовые позиции Конституционного Совета сохраняют свое значение в настоящее время.

      3. Право на свободу убеждений и на свободное их выражение закреплено в основополагающих международных правовых документах (статья 19 Всеобщей декларации прав человека, принятой Генеральной Ассамблеей Организации Объединенных Наций 10 декабря 1948 года; статья 19 Международного пакта о гражданских и политических правах от 16 декабря 1966 года (далее – МПГПП), ратифицированного Законом Республики Казахстан от 28 ноября 2005 года).

      Согласно положениям МПГПП пользование правами, предусмотренными пунктом 2 статьи 19, налагает на человека особые обязанности и особую ответственность. Они могут быть сопряжены с некоторыми ограничениями, которые должны быть установлены законом и являться необходимыми: a) для уважения прав и репутации других лиц; b) для охраны государственной безопасности, общественного порядка, здоровья или нравственности населения.

      4. Правовой анализ статьи 428 Уголовного кодекса свидетельствует об отдельных недостатках ее изложения, создающих условия для неоднозначного понимания и применения.

      Преступления, о которых говорится в статье 428 УК, отнесены к уголовным правонарушениям против правосудия и порядка исполнения наказаний, конституционного производства (глава 17 УК), что указывает на характер однородных общественных отношений, на которые посягают эти уголовно наказуемые деяния. Исходя из родового объекта посягательства заголовок рассматриваемой статьи обозначает суть предусмотренного в ней уголовного правонарушения в различных его проявлениях – "Неповиновение законным требованиям администрации уголовно-исполнительного учреждения".

      Непосредственным объектом преступления признается соответствующая требованиям закона деятельность уголовно-исполнительного учреждения.

      Следует отметить, что в законодательстве Республики Казахстан отсутствует определение уголовно-исполнительного учреждения. В подпункте 5) статьи 3 УИК содержится близкое по содержанию понятие "учреждение уголовно-исполнительной (пенитенциарной) системы – государственное учреждение, предназначенное для исполнения наказаний в виде лишения свободы". Виды такого учреждения перечислены в статье 89 УИК.

      В части первой статьи 428 УК отмечено, что объективная сторона преступления выражается в злостном неповиновении законным требованиям администрации уголовно-исполнительного учреждения (преступление средней тяжести), а субъектом данного уголовно наказуемого деяния является осужденный, отбывающий наказание в виде лишения свободы в указанных учреждениях.

      С учетом более высокой степени общественной опасности подобных деяний в части третьей статьи 428 Уголовного кодекса законодателем сконструированы альтернативные квалифицированные составы, которые отнесены к категории тяжких преступлений. При этом рамки объекта преступлений расширены путем использования термина "учреждение, обеспечивающее изоляцию от общества" без уточнения его содержания.

      Изучение законодательства Республики Казахстан показывает, что в отдельных законах содержатся схожие, но не тождественные понятия, которые позволяют лишь определить примерный перечень таких учреждений.

      Так, в Законе Республики Казахстан от 30 марта 1999 года "О порядке и условиях содержания лиц в специальных учреждениях, специальных помещениях, обеспечивающих временную изоляцию от общества" в качестве специальных учреждений признаны следственный изолятор, изолятор временного содержания, приемник-распределитель, специальный приемник и даны их характеристики (подпункты 1), 2), 8), 11) и 12) статьи 2). Временная изоляция граждан от общества в этих учреждениях может быть и не связана с исполнением наказания в виде лишения свободы (содержание лиц, подвергнутых административному аресту, аресту, задержанию, содержанию под стражей, лиц, не имеющих определенного места жительства и (или) документов, удостоверяющих личность, и другие случаи).

      Следовательно, субъектами преступления по части третьей статьи 428 Уголовного кодекса могут признаваться не только осужденные, отбывающие наказание в виде лишения свободы, но и иные лица, находящиеся в учреждениях, обеспечивающих изоляцию от общества, перечень которых не имеет исчерпывающего законодательного определения.

      Такой подход законодателя к объекту преступления создает условия для криминализации соответствующих деяний неоправданно широкого круга лиц, содержащихся в условиях временной изоляции от общества, в том числе и не осужденных к лишению свободы, а также лиц, помещенных в указанные учреждения в связи с применением мер, не имеющих уголовно-правового характера.

      Конституционный Суд считает, что, исходя из расположения статьи 428 в структуре Особенной части УК, системного толкования положений, закрепленных в заголовке и частях данной статьи, общих правил конструирования основных и квалифицированных составов уголовных правонарушений, понятий, применяемых в подпункте 5) статьи 3 и статье 130 УИК, при квалификации деяний по части третьей статьи 428 Уголовного кодекса под учреждениями, обеспечивающими изоляцию от общества, следует понимать учреждения уголовно-исполнительной системы (далее – учреждение, учреждения).

      Объективная сторона преступления, предусмотренного частью третьей статьи 428 УК, состоит в организации группового неповиновения законным требованиям администрации учреждения, обеспечивающего изоляцию от общества, а равно участии в групповом неповиновении, сопряженном с применением насилия или умышленным причинением себе какого-либо повреждения либо повлекшем иные тяжкие последствия. Данные положения уголовного закона необходимо рассматривать во взаимосвязи с нормами части первой статьи 428 УК и статьи 130 УИК и следует понимать как групповое неповиновение законным требованиям администрации учреждения.

      Логико-содержательный анализ состава рассматриваемого преступления, квалифицируемого по признаку причинения себе какого-либо повреждения, свидетельствует об отсутствии в правовой норме объективных критериев, позволяющих правоприменителю однозначно определить направленность умысла виновного (виновных).

      Конституционный Суд полагает, что для правильной квалификации деяний по данному составу преступления важное значение имеет установление элементов субъективной стороны, в частности цели совершения действий, сопряженных с умышленным причинением себе какого-либо повреждения. Если такие действия обусловлены незаконными требованиями администрации учреждения уголовно-исполнительной системы, то они не могут рассматриваться в качестве признака объективной стороны преступления, поскольку являются способом защиты гражданами своих прав и свобод. При преследовании данными лицами цели уклонения от исполнения возложенных на них Конституцией или законом обязанностей эти деяния могут признаваться как направленные на нарушение установленного законом порядка отбывания наказания и повлечь за собой соответствующую ответственность.

      Конституционный Суд в своих итоговых решениях отмечал, что при разрешении вопросов, связанных с криминализацией противоправного поведения, в диспозициях норм уголовного закона должны четко соблюдаться требования определенности правовых предписаний и их согласованности в общей системе правового регулирования (нормативные постановления от 18 мая 2023 года № 14-НП и от 3 октября 2023 года № 31-НП). Положения статьи 428 УК не полностью отвечают названным требованиям и нуждаются в дальнейшем совершенствовании. Это касается унификации терминологии, используемой для обозначения учреждений (в УК, УИК и других законах), четкого разграничения признаков преступления и злостного нарушения установленного порядка отбывания наказания, выражающихся в причинении себе какого-либо повреждения, определения относимости насилия, тяжких последствий и иных признаков ко всем альтернативным составам преступлений, предусмотренным частью третьей данной статьи УК.

      5. Исполнение наказания в виде лишения свободы требует обеспечения порядка в учреждениях, что необходимо для достижения целей наказания. Такой порядок поддерживается через соблюдение установленного режима отбывания наказания, который обеспечивает охрану и изоляцию осужденных, постоянный надзор за ними; исполнение возложенных на них обязанностей, реализацию их прав и законных интересов; безопасность осужденных, персонала и медицинских работников; раздельное содержание определенных категорий осужденных, различные условия содержания в зависимости от вида учреждения; изменение условий отбывания наказания. В учреждениях действуют правила внутреннего распорядка (части первая, вторая и третья статьи 97 УИК).

      Согласно подпункту 3) части первой статьи 11 УИК к числу основных обязанностей осужденных отнесено выполнение законных требований сотрудников учреждений или органов, исполняющих наказания, а также лиц, уполномоченных на осуществление контроля и надзора за поведением осужденных.

      Противоправное поведение осужденных может выражаться в невыполнении требований, установленных УИК и правилами внутреннего распорядка учреждений, в результате чего к нарушителям применяются меры взыскания (части первая, третья и четвертая статьи 130, статья 131 УИК).

      В части второй статьи 130 УИК перечислены деяния, относящиеся к злостным нарушениям установленного порядка отбывания наказания, в числе которых оспариваемый заявителем подпункт 2) – об угрозе представителям администрации учреждения, их оскорблении, неповиновении им, в том числе сопряженном с умышленным причинением себе какого-либо повреждения, с целью нарушения режима отбывания наказания.

      В УИК также указано, что осужденные не вправе наносить себе телесные повреждения, в том числе с помощью другого лица, причинять вред своему здоровью с целью уклонения от отбывания наказания или исполнения установленных обязанностей (подпункт 3) части третьей статьи 104).

      Конституционный Суд не усматривает несоответствия Конституции нормы УИК, являющейся предметом рассмотрения, так как в ней злостное нарушение установленного порядка отбывания наказания, выражающееся в неповиновении представителям администрации учреждения, в том числе сопряженном с умышленным причинением себе какого-либо повреждения, увязано с конкретной целью – нарушение режима отбывания наказания, что четко указывает на направленность умысла виновного уклониться от обязанностей, установленных законом и правилами внутреннего распорядка учреждения.

      На основании изложенного, руководствуясь пунктом 3 статьи 72 и пунктом 3 статьи 74 Конституции Республики Казахстан, подпунктом 3) пункта 4 статьи 23, статьями 5558, 62, 63, пунктом 4 статьи 64 и подпунктом 2) пункта 1 статьи 65 Конституционного закона Республики Казахстан от 5 ноября 2022 года "О Конституционном Суде Республики Казахстан", Конституционный Суд Республики Казахстан

      постановляет:

      1. Признать часть третью статьи 428 Уголовного кодекса Республики Казахстан соответствующей Конституции Республики Казахстан в данном Конституционным Судом Республики Казахстан истолковании:

      "Привлечение к уголовной ответственности за участие в групповом неповиновении, сопряженное с умышленным причинением себе какого-либо повреждения, допустимо, если целью причинения себе такого повреждения являлось неповиновение законным требованиям администрации учреждения уголовно-исполнительной системы и нарушение установленного порядка (режима) отбывания наказания.".

      2. Признать соответствующим Конституции Республики Казахстан подпункт 2) части второй статьи 130 Уголовно-исполнительного кодекса Республики Казахстан.

      3. Решения судов и иных правоприменительных органов, основанные на ином истолковании положений части третьей статьи 428 Уголовного кодекса Республики Казахстан, исполнению не подлежат и должны быть пересмотрены в установленном порядке.

      4. В соответствии с правовыми позициями Конституционного Суда Республики Казахстан, изложенными в настоящем нормативном постановлении:

      Правительству Республики Казахстан не позднее шести месяцев после опубликования настоящего нормативного постановления внести в Мажилис Парламента Республики Казахстан проект закона, направленный на совершенствование правового регулирования вопросов уголовной ответственности при нарушении порядка (режима) отбывания наказания в виде лишения свободы;

      рекомендовать Верховному Суду Республики Казахстан обобщить судебную практику по данной категории уголовных дел и принять соответствующее нормативное постановление.

      5. Настоящее нормативное постановление вступает в силу со дня его принятия, является общеобязательным на всей территории Республики Казахстан, окончательным и обжалованию не подлежит.

      6. Опубликовать настоящее нормативное постановление на казахском и русском языках в периодических печатных изданиях, получивших право на официальное опубликование законодательных актов, единой системе правовой информации и на интернет-ресурсе Конституционного Суда Республики Казахстан.

      Конституционный Суд Республики Казахстан