"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 616-бабы бірінші бөлігі 13) тармақшасының Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігін қарау туралы

Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының 2024 жылғы 26 шiлдедегi № 50-НҚ нормативтік қаулысы

      Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты Төраға Э.Ә. Азимова, судьялар А.Қ. Ескендіров, А.Е. Жатқанбаева, А.Қ. Қыдырбаева, Қ.С. Мусин, Б.М. Нұрмұханов, Е.Ә. Оңғарбаев, Р.А. Подопригора, Е.Ж. Сәрсембаев және С.Ф. Ударцев қатысқан құрамда,

      өтініш субъектісі Д.Д. Даутованың және оның өкілі – адвокат Б.Р. Жайлауовтың,

      өтініш субъектісі М.Е. Жумабаева-Шомированың өкілі – заң консультанты А.Н. Ташенованың,

      Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының өкілі – Бас Прокурордың кеңесшісі Т.Б. Адамовтың,

      Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілі – вице-министр Н.Е. Сагиндыкованың,

      Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің өкілі – Заңнама департаментінің директоры Ш.Ж. Манкешовтің,

      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің өкілі – Мемлекеттік кірістер комитеті Өндірістік емес төлемдерді әкімшілендіру басқармасының басшысы Г.А. Смагулованың,

      Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің өкілі – Салық және кеден саясаты департаментінің директоры Е.Е. Сагнаевтың,

      Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Аппаратының өкілі – Заңнама бөлімінің бас консультанты Г. Жұмағалиқызының,

      Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Аппаратының өкілі – Заңнама бөлімі меңгерушісінің орынбасары Н.А. Сартаеваның қатысуымен,

      өзінің ашық отырысында М.Е. Жумабаева-Шомированың және Д.Д. Даутованың "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) (бұдан әрі – Салық кодексі) 616-бабы бірінші бөлігі 13) тармақшасының Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігін тексеру туралы өтініштерін қарады.

      Баяндамашы – Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы А.Қ. Ескендіровті және отырысқа қатысушыларды тыңдап, конституциялық іс жүргізу материалдарын зерделеп, Қазақстан Республикасының қолданыстағы құқық нормаларына талдау жасай отырып, Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты

      анықтады:

      Қазақстан Республикасының Конституциялық Сотына (бұдан әрі – Конституциялық Сот) азаматтар М.Е. Жумабаева-Шомированың және Д.Д. Даутованың Салық кодексінің 616-бабы бірінші бөлігі 13) тармақшасының Қазақстан Республикасы Конституциясының (бұдан әрі – Конституция, Негізгі Заң) 13-бабының 2-тармағына және 14-бабына сәйкестігін тексеру туралы өтініштері келіп түсті, аталған тармақшаға сәйкес талап қоюшылар – Ұлы Отан соғысының ардагерлері, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер және басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектігі бар адамдар, бала жасынан мүгедектігі бар адамның немесе мүгедектігі бар баланың ата-анасының бірі барлық iстер мен құжаттар бойынша соттарда мемлекеттік баж төлеуден босатылады.

      Өтініш берушілердің (азаматтық істер бойынша жауапкерлердің) өтініштерінен Салық кодексінің аталған нормасы сот актілеріне кассациялық тәртіппен шағым жасалған кезде өздерінің сот төрелігіне қол жеткізу конституциялық құқығына нұқсан келтіретінін, дәл осындай әлеуметтік мәртебесі бар, бірақ соттарда мемлекеттік баж төлеуден заңмен босатылған адамдармен (талап қоюшылармен) салыстырғанда өздерін тең емес процестік жағдайға қоятынын түсінуге болады.

      Салық кодексінің дау айтылып отырған ережелерінің конституциялылығын тексеру кезінде өтініштер нысанасына қатысты Конституциялық Сот мыналарды негізге алады.

      1. Сотқа жүгіну құқығы жеке адамның құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау тәсілдерінің бірі болып табылады. Бұл құқық абсолютті және айыруға болмайтын құқық болып табылады және ешбір жағдайда да шектелмеуге тиіс (Негізгі Заңның 13-бабының 2-тармағы және 39-бабының 3-тармағы).

      Конституцияда заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең дегенге ғана кепілдік беріліп қоймай, сонымен бірге тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге мән-жайлар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге жол берілмейді (14-бап).

      Заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің конституциялық борышы әрі міндеті болып табылады (Конституцияның 35-бабы).

      Адамның негізгі құқықтары мен міндеттері, заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең, кемсітуге жол бермеу туралы конституциялық ережелер тараптардың өз ұстанымдарын қорғау кезінде жарыспалылық пен тең құқықтылыққа, оларға сот актілеріне шағым жасау еркіндігіне кепілдік беруге, процеске қандай да бір қатысушыға негізсіз артықшылықтар беруге жол бермейтін тең процестік құқықтар мен міндеттерді иеленуге негізделген азаматтық сот ісін жүргізу қағидаттарында жаңғыртылған (2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 5-бабы, 13-бабының бірінші және екінші бөліктері, 15-бабының бірінші бөлігі, 22-бабы, 47-бабының бірінші және бесінші бөліктері, 435-бабының бірінші бөлігі).

      2. Бұған дейін конституциялық бақылау органы әркімнің сот арқылы қорғалу конституциялық құқығына, заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең деген қағидатқа және олардың сот сатыларында іске асырылуына қатысты бірқатар құқықтық ұстанымдарын тұжырымдаған болатын (Конституциялық Кеңестің 1999 жылғы 10 наурыздағы № 2/2, 1999 жылғы 29 наурыздағы № 7/2, 2000 жылғы 10 шілдедегі № 14/2, 2003 жылғы 26 маусымдағы № 9 нормативтік қаулылары және Конституциялық Соттың 2023 жылғы 22 ақпандағы № 3, 2023 жылғы 16 мамырдағы № 13-НҚ, 2023 жылғы 14 шілдедегі № 21-НҚ нормативтік қаулылары және басқалар).

      Атап айтқанда, заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең деген адам құқықтарын мемлекеттің тең қорғайтынын және әркімнің заң алдындағы бірдей жауаптылығын, міндеттерді орындауға қойылатын талаптардың біртұтастығын білдіреді деп атап өтілген болатын. Заңдармен адамдардың құқықтарында объективті және ақылға қонымды негіздемесі жоқ айырмашылықтар белгіленбейді. Тең жағдайлар кезінде құқық субъектілері тең құқықтық жағдайда болуға тиіс. Осы конституциялық қағидатты іске асыру қорғау тәсілдерінде және материалдық және процестік нормалардың біртұтастығы негізінде бұзылған құқықтар мен бостандықтарды қалпына келтіруде тең болуды алдын ала айқындайды.

      Сот төрелігіне қол жеткізу – құқықтық мемлекеттің адамға қандай да бір негізсіз кедергілерге ұшырамай, сотқа жүгінудің нақты мүмкіндігіне кепілдік беретін іргелі қағидаты сот арқылы қорғалу құқығының маңызды элементі болып табылады. Сот қызметі аясында белгіленетін міндетті төлемдер азаматтарды мүліктік жағдайына байланысты кемсіту құралы болмауға, конституциялық құқықтарға нұқсан келтірмеуге, оларды іске асыруға кедергі келтірмеуге және сот төрелігіне қол жеткізуді шектемеуге тиіс (Конституциялық Соттың 2023 жылғы 22 ақпандағы № 3 нормативтік қаулысы).

      Конституциялық Сот бірнеше рет түсіндіріп өткендей, әркімнің сот арқылы қорғалу құқығы сот актілеріне шағым жасау құқығын қамтиды және бұл мұндай қорғалудың ең тиімді кепілі болып табылады. Істі жоғары тұрған сот сатыларының қайта қарау мүмкіндігі Қазақстан Республикасының заңдарымен қамтамасыз етілуге тиіс.

      Конституцияда кепілдік берілген әркімнің өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалу құқығы мемлекеттің заңды күшіне енбеген сот актілерін апелляциялық тәртіппен қайта қарау шеңберінде істі мәні бойынша қайта қарау мүмкіндігімен бірінші сатыдағы сотта әділ талқылау үшін жағдайларды қамтамасыз етуін көздейді. Кассациялық сот сатысына жүгіну құқығы сот төрелігін іске асырудың қосымша кепілі болып табылады және ол жол берілу мен шектеу шарттары сақталған кезде беріледі. Сот алдында жұрттың бәрі тең деген конституциялық қағидат сот қызметіне тән. Осы қағидаттың құқықтық мазмұны кез келген мән-жайларға қарамастан әрбір адамға істі құзыретті және тәуелсіз соттың әділ және жария түрде талқылауын; сот дауын шешу процесінде бәрі үшін заңнама нормаларының тең қолданылуын; сот отырысында тараптардың процестік тең болуын қамтамасыз ететін сот жүйесінің біртұтастығына негізделген (Конституциялық Соттың 2023 жылғы 16 мамырдағы № 13-НҚ және 2023 жылғы 14 шілдедегі № 21-НҚ нормативтік қаулылары).

      3. Конституциялық Соттың құқықтық ұстанымдары жалпыға бірдей танылған халықаралық шарттық және Қазақстан Республикасының өзге де міндеттемелерінің сот арқылы қорғалу құқығы мен кемсітуге жол бермеу туралы ережелерімен үйлеседі.

      Біріккен Ұлттар Ұйымы (бұдан әрі – БҰҰ) Бас Ассамблеясының 1948 жылғы 10 желтоқсандағы 217 А (III) резолюциясымен қабылданған Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының 7 және 8-баптарында заң алдында жұрттың бәрінің тең болуы, сондай-ақ әркімнің қандай да болмасын кемсітуден тең қорғалу құқығы және өзіне конституциямен немесе заңмен берілген негізгі құқықтары бұзылған жағдайда, оларды құзыретті ұлттық соттар арқылы тиімді түрде қалпына келтіру құқығы танылады.

      БҰҰ Бас Ассамблеясының 1966 жылғы 16 желтоқсандағы 2200А (ХХІ) резолюциясымен қабылданған және 2005 жылғы 28 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіде қатысушы мемлекеттердің әрбір адамға тиімді құқықтық қорғау құралдарын беру міндеті белгіленеді. Әрбір адамға істі құзыретті, тәуелсіз және бейтарап соттың әділ және жария талқылау құқығына, қандай да бір кемсітуге ұшырамай, заңмен тең қорғалу құқығына және сот пен трибунал алдында жұрттың бәрінің тең болуына кепілдік беріледі (2-баптың 3-тармағы және 26-бап).

      БҰҰ Бас Ассамблеясының 2006 жылғы 13 желтоқсандағы 61/106 резолюциясымен қабылданған және 2015 жылғы 20 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияда келісім қатысушыларына мүгедектердің тең құқықтық қорғалу және басқалармен тең дәрежеде сот төрелігіне тиімді қол жеткізу құқықтарын қамтамасыз ету міндеті жүктеледі. Конвенцияда адамның барлық құқықтарының және негізгі бостандықтардың жалпыға бірдейлігі, бөлінбестігі, өзара тәуелділігі мен өзара байланыстылығы, адамның жеке басына тән қадір-қасиет пен құндылықтарға нұқсан келтіруді білдіретін кемсітуге ұшырамай, мүгедектердің оларды толық пайдалануына кепілдік беру қажеттігі расталады (кіріспенің с) және h) тармақшалары, 2 – 7,12, 13-баптар).

      4. Қазақстан Республикасы Конституцияға сәйкес өзін әлеуметтік мемлекет деп жариялай отырып, әлеуметтік теңсіздікті төмендету және мүмкіндігі шектеулі адамдарға, сондай-ақ белгілі бір өмірлік жағдайларға байланысты мемлекеттің көмегін қажет ететін өзге де адамдарға қолдау көрсету міндеттемелерін алды (1-бабтың 1-тармағы және 28-бабтың 1-тармағы).

      Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясаты мынадай қағидаттарға негізделеді: 1) әлеуметтік қорғау саласында адам мен азаматтың тең құқықтылығы және олардың құқықтарын шектеуге жол бермеу; 2) алдын алушылық; 3) атаулылық, қолжетімділік және сараланған тәсіл; 4) мемлекеттің, жұмыс берушілер мен азаматтардың әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіндегі ынтымақтастығы және ұжымдық жауапкершілігі; 5) экономикалық ресурстарды пайдаланудың ашықтығы мен әділдігі, әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясат міндеттеріне мөлшерлес болу.

      Мемлекет кепілдік берген адам мен азаматтың тең құқықтылығы және олардың құқықтарын шектеуге жол бермеу әркімге әлеуметтік қорғау саласында өз құқықтары мен бостандықтарын іске асыруда тең мүмкіндіктер беруді білдіреді (2023 жылғы 20 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің (бұдан әрі – Әлеуметтік кодекс) 3-бабының 1) тармақшасы және 4-бабы).

      Мүгедектігі бар адамдар, бала жасынан мүгедектігі бар адамдардың немесе мүгедектігі бар балалардың ата-анасы мемлекеттің әлеуметтік қорғауына мұқтаж адамдар санатына жатқызылған.

      Адамның мүгедектігі организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығының нашарлауы салдарынан тыныс-тіршілігінің шектелу дәрежесімен сипатталады. Мүгедектігі бар адам мен мүгедектігі бар бала (он сегіз жасқа дейінгі) – тыныс-тіршілігінің шектелуіне және әлеуметтік жағынан қорғау қажеттігіне алып келетін, ауруларға, мертігулерге (жаралануға, жарақаттарға, контузияларға), олардың зардаптарына, бұзылуына байланысты организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы нашарлаған адамдар (Әлеуметтік кодекстің 1-бабының 105), 106) және 110) тармақшалары).

      5. Азаматтарды әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырудағы заңнамалық тәсілдер салықтық құқықтық қатынастарда іске асырылған.

      Мәселен, салық салудың міндеттілігі, айқындылығы мен әділдігі, салық төлеушінің адалдығы, салық жүйесінің біртұтастығы және салық заңнамасының жариялылығы салық салудың негізгі қағидаттары болып табылады (Салық кодексінің 410-баптары).

      Салық кодексінің бірқатар нормаларында салықтық жеңілдіктер мүгедектігі бар адамдар мен мүгедектігі бар баланың ата-анасының біріне де, мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын салық төлеушілерге де тікелей беріледі (мысалы, 232-баптың 5-тармағының 3) тармақшасы, 243-баптың 6-тармағы, 290-баптың 1-тармағы және 2-тармағының 3) тармақшасы, 346-баптың 2) және 3) тармақшалары).

      Уәкiлетті мемлекеттiк органдардың немесе лауазымды адамдардың заңдық мәнi бар, оның ішінде құжаттарды (олардың көшірмелерін, телнұсқаларын) берумен байланысты әрекеттер жасағаны үшiн алынатын, бюджетке төленетін төлем мемлекеттiк баж болып табылады (Салық кодексінің 607-бабының 1-тармағы). Тиісінше, уәкiлеттi мемлекеттiк органдарға немесе лауазымды адамдарға заңдық мәнi бар әрекеттер жасау жөнiнде өтiнiш жасайтын тұлғалар оны төлеушілер болып табылады (Салық кодексінің 608-бабының 1-тармағы).

      Соттарда мемлекеттік бажды өндіріп алу объектілері ретінде әрекет ететін заңдық мәні бар әрекет түрлерінің тізбесі және оларды жасағаны үшін мөлшерлемелер Салық кодексінің 609-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында және 610-бабында келтірілген. Мемлекеттік баж мөлшерлемелері мынадай өлшемшарттар негізінде сараланады: 1) дау санаттары (мүліктік, мүліктік емес және басқалар), 2) азаматтық және әкімшілік сот ісін жүргізу түрлері мен нысандары (әкімшілік талап қоюлар, талап арыздар, ерекше талап қою ісін жүргізу арыздары, ерекше іс жүргізу істері бойынша арыздар (шағымдар), сот бұйрығын шығару туралы арыздар), 3) төреліктің және шетелдік соттардың шешiмдерiн мәжбүрлеп орындатуға атқару парақтарын беру туралы арыздар, 4) сот актілерінің көшiрмелерiн, атқару парақтарының және басқа да құжаттардың телнұсқаларын қайтадан беру туралы арыздар, 5) сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы өтінішхаттар.

      Заң шығарушы соттарға, уәкілетті мемлекеттік органдарға немесе лауазымды адамдарға жүгінетін мемлекеттік баж төлеушілер тобын айқындай отырып, "заңдық мәнi бар әрекеттер жасау жөнiнде өтiнiш жасайтын тұлғалар" деген әмбебап ұғымды қолданады. Төлеушілерге және төлемнен босатылған адамдарға қатысты осы ұғым оларды процестік мәртебесіне қарай бөлу өлшемшарттары бойынша өзгерді.

      Салық кодексінің 616-бабының бірінші бөлігінде негізінен бірінші сатыдағы сотқа талап қоюлармен (арыздармен және шағымдармен) жүгінген кезде соттарда мемлекеттік баж төлеуден босатылған тұлғалардың санаттары айқындалған. Сонымен қатар, жауапкерлерді және азаматтық немесе сот ісін жүргізудің өзге де нысандарына қатысатын басқа да тұлғаларды мемлекеттік баж төлеуден босату жағдайлары көзделген (мысалы, 7), 15), 20), 26-1) және 29) тармақшалар).

      Салық кодексінің келтірілген нормаларына талдау жауапкерлер және сот ісін жүргізуге қатысатын басқа да тұлғалар сот актілеріне шағым жасау және осы актілердің көшірмелерін, атқару парақтарының және өзге де құжаттардың телнұсқаларын қайта беруге байланысты өтініштер беру кезінде де заңдық мәні бар әрекеттер жасау жөнінде жүгінеді деген қорытынды жасауға мүмкіндік береді.

      Салық кодексінің 616-бабының екінші бөлігінде талапкерлерге сот актілеріне кассациялық тәртіппен шағым жасаған кезде жеңілдіктер берілген. Сот ісін жүргізуде жауапкерлер (үшінші және мүдделі тұлғалар) болып табылатын және мемлекеттің әлеуметтік қорғауына мұқтаждар санатына жататын азаматтардың жеңілдіктерге құқығы жоқ.

      Конституциялық Соттың пікірінше, азаматтарды олардың бірдей әлеуметтік мәртебесі болған кезде соттағы іс жүргізу жағдайы бойынша бөлетін мұндай тәсілдің ақылға қонымды және объективті негіздемесі жоқ, азаматтардың жекелеген санаттарына қатысты құқықтық қорғау құралдарында теңсіздік белгілері қамтылады. Қаралып отырған санаттағы төлеушілерге қатысты заңдық мәні бар басқа да әрекеттер түрлерін жасау үшін заң шығарушы қосымша жіктеу (бөлу) өлшемшарттарын белгілемеген (Салық кодексінің 609-бабы 1-тармағының 2)22) тармақшалары, 617-бабының 4) тармақшасы, 620-бабының 5) тармақшасы, 622-бабының 4) және 5) тармақшалары).

      6. Бұған дейін Конституциялық Сот мемлекеттің салық саясатының фискалдық мақсатына мемлекет пен салық төлеушінің экономикалық мүдделерінің теңгерімін сақтау негізінде қол жеткізілуге тиіс (Салық кодексінің 11-бабы). Заң шығарушы мемлекеттік баж мөлшерлемелерін белгілеген кезде сот төрелігінің қолжетімділігі мен тиімділігі арасында ақылға қонымды теңгерімді табуға тиіс деп атап өткен болатын (2023 жылғы 22 ақпандағы № 3 нормативтік қаулы).

      Кассациялық сатыда мемлекеттік баж төлеуден босату түріндегі салық жеңілдіктерін талапкерлерге ғана беріп, ал бірдей әлеуметтік мәртебесі бар жауапкерлердің және іске қатысатын басқа да тұлғалардың мұндай құқығының болмауы олардың сот арқылы қорғалуға конституциялық құқығын іске асыруына кедергі келтіреді және бұл кемсіту белгілерін қамтиды (Негізгі Заңның 14-бабы).

      Конституциялық Соттың пікірінше, сотта заңдық мәнi бар әрекеттер жасау жөнiнде өтiнiш жасайтын барлық тұлғалардың конституциялық құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету және қорғау мақсатында Салық кодексінің 616-бабы бірінші бөлігінің редакциясында мемлекеттік баж төлеушісі туралы ұғымды пайдалана отырып, бірыңғай заңнамалық тәсілді қолдану қажет (Салық кодексінің 608-бабының 1-тармағы).

      Осы жазылғандардың негізінде, Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабының 3-тармағын, 74-бабының 2 және 3-тармақтарын, "Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы" 2022 жылғы 5 қарашадағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 23-бабы 4-тармағының 3) тармақшасын, 5558, 62-баптарын, 63-бабының 3-тармағын, 64-бабын және 65-бабы 1-тармағының 2) тармақшасын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты

      қаулы етеді:

      1. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 616-бабының екінші бөлігімен өзара байланысты болу үшін осы Кодекстің 616-бабы бірінші бөлігі 13) тармақшасының ережесі "талапкерлер – " деген сөзді қолдану бөлігінде Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келмейді деп танылсын.

      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы нормативтік қаулы жарияланғаннан кейін алты айдан кешіктірмей Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне Қазақстан Республикасы салық заңнамасының жекелеген нормаларын Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының осы нормативтік қаулыда жазылған құқықтық ұстанымдарына сәйкес келтіруге бағытталған заң жобасын енгізсін.

      Қолданылған шаралар туралы көрсетілген мерзімде Қазақстан Республикасының Конституциялық Сотына ақпарат берсін.

      3. Осы нормативтік қаулы қабылданған күнінен бастап күшіне енеді, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында жалпыға бірдей міндетті, түпкілікті болып табылады және шағым жасалуға жатпайды.

      4. Осы нормативтік қаулы заңнамалық актілерді ресми жариялау құқығын алған мерзімді баспасөз басылымдарында, құқықтық ақпараттың бірыңғай жүйесінде және Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде жариялансын.

      Қазақстан Республикасының
Конституциялық Соты

О рассмотрении на соответствие Конституции Республики Казахстан подпункта 13) части первой статьи 616 Кодекса Республики Казахстан от 25 декабря 2017 года "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" (Налоговый кодекс)

Нормативное постановление Конституционного Суда Республики Казахстан от 26 июля 2024 года № 50-НП

      Конституционный Суд Республики Казахстан в составе Председателя Азимовой Э.А., судей Ескендирова А.К., Жатканбаевой А.Е., Кыдырбаевой А.К., Мусина К.С., Нурмуханова Б.М., Онгарбаева Е.А, Подопригоры Р.А., Сарсембаева Е.Ж. и Ударцева С.Ф., с участием:

      субъекта обращения Даутовой Д.Д. и ее представителя – адвоката Жайлауова Б.Р.,

      представителей:

      субъекта обращения Жумабаевой-Шомировой М.Е. – юридического консультанта Ташеновой А.Н.,

      Генеральной прокуратуры Республики Казахстан – советника Генерального Прокурора Адамова Т.Б.,

      Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан – вице-министра Сагиндыковой Н.Е.,

      Министерства юстиции Республики Казахстан – директора Департамента законодательства Манкешова Ш.Ж.,

      Министерства финансов Республики Казахстан – руководителя управления администрирования непроизводственных платежей Комитета государственных доходов Смагуловой Г.А.,

      Министерства национальной экономики Республики Казахстан – директора Департамента налоговой и таможенной политики Сагнаева Е.Е.,

      Аппарата Мажилиса Парламента Республики Казахстан – главного консультанта Отдела законодательства Жұмағалиқызы Г.,

      Аппарата Сената Парламента Республики Казахстан – заместителя заведующего Отделом законодательства Сартаевой Н.А.,

      рассмотрел в открытом заседании обращения Жумабаевой-Шомировой М.Е. и Даутовой Д.Д. о проверке на соответствие Конституции Республики Казахстан подпункта 13) части первой статьи 616 Кодекса Республики Казахстан от 25 декабря 2017 года "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" (Налоговый кодекс) (далее – Налоговый кодекс).

      Заслушав докладчика – судью Конституционного Суда Республики Казахстан Ескендирова А.К. и участников заседания, изучив материалы конституционного производства, проанализировав нормы действующего права Республики Казахстан, Конституционный Суд Республики Казахстан

      установил:

      В Конституционный Суд Республики Казахстан (далее – Конституционный Суд) поступили обращения граждан Жумабаевой-Шомировой М.Е. и Даутовой Д.Д. о проверке на соответствие пункту 2 статьи 13 и статье 14 Конституции Республики Казахстан (далее – Конституция, Основной Закон) подпункта 13) части первой статьи 616 Налогового кодекса, согласно которому от уплаты государственной пошлины в судах освобождены истцы – ветераны Великой Отечественной войны, ветераны, приравненные по льготам к ветеранам Великой Отечественной войны, и ветераны боевых действий на территории других государств, лица, награжденные орденами и медалями бывшего Союза ССР за самоотверженный труд и безупречную воинскую службу в тылу в годы Великой Отечественной войны, лица, проработавшие (прослужившие) не менее шести месяцев с 22 июня 1941 года по 9 мая 1945 года и не награжденные орденами и медалями бывшего Союза ССР за самоотверженный труд и безупречную воинскую службу в тылу в годы Великой Отечественной войны, лица с инвалидностью, один из родителей лица с инвалидностью с детства или ребенка с инвалидностью – по всем делам и документам.

      Из обращений заявителей (ответчиков по гражданским делам) следует, что указанная норма Налогового кодекса ущемляет их конституционное право на доступ к правосудию при обжаловании судебных актов в кассационном порядке, ставит их в неравное процессуальное положение с лицами (истцами), имеющими такой же социальный статус, но освобожденными законом от уплаты государственной пошлины в судах.

      При проверке конституционности оспариваемых положений Налогового кодекса применительно к предмету обращений Конституционный Суд исходит из следующего.

      1. Одним из способов защиты прав и законных интересов личности является право на обращение в суд. Данное право является абсолютным и неотчуждаемым и не подлежит ограничению ни в каких случаях (пункт 2 статьи 13 и пункт 3 статьи 39 Основного Закона).

      Конституцией гарантировано не только равенство всех перед законом и судом, но и исключена какая-либо дискриминация каждого по мотивам происхождения, социального, должностного и имущественного положения, пола, расы, национальности, языка, отношения к религии, убеждений, места жительства или по любым иным обстоятельствам (статья 14).

      Конституционным долгом и обязанностью каждого является уплата законно установленных налогов, сборов и иных обязательных платежей (статья 35 Конституции).

      Конституционные положения об основополагающих правах и обязанностях человека, равенстве всех перед законом и судом, недопустимости дискриминации воспроизведены в принципах гражданского судопроизводства, основанных на состязательности и равноправии сторон при отстаивании своих позиций, гарантировании им свободы обжалования судебных актов, обладании равными процессуальными правами и обязанностями, исключающими предоставление необоснованных предпочтений какому-либо участнику процесса (статья 5, части первая и вторая статьи 13, часть первая статьи 15, статья 22, части первая и пятая статьи 47 и часть первая статьи 435 Гражданского процессуального кодекса Республики Казахстан от 31 октября 2015 года).

      2. Орган конституционного контроля ранее сформулировал ряд правовых позиций касательно конституционного права каждого на судебную защиту, принципа равенства всех перед законом и судом и их реализации в судебных инстанциях (нормативные постановления Конституционного Совета от 10 марта 1999 года № 2/2, от 29 марта 1999 года № 7/2, от 10 июля 2000 года № 14/2, от 26 июня 2003 года № 9 и Конституционного Суда от 22 февраля 2023 года № 3, от 16 мая 2023 года № 13-НП, от 14 июля 2023 года № 21-НП и другие).

      В частности, отмечалось, что равенство всех перед законом и судом означает равную защиту государством прав человека и равную ответственность каждого перед законом, единство требований к исполнению обязанностей. Законами не могут устанавливаться различия в правах лиц, которые не имеют объективного и разумного обоснования. При равных условиях субъекты права должны находиться в равном правовом положении. Реализация данного конституционного принципа предопределяет равенство в способах защиты и в восстановлении нарушенных прав и свобод на основе единства материальных и процессуальных норм.

      Важным элементом права на судебную защиту является доступ к правосудию – фундаментальный принцип правового государства, гарантирующий лицу реальную возможность обращения в суд без каких-либо необоснованных препятствий. Устанавливаемые в сфере деятельности судов обязательные платежи не должны служить средством дискриминации граждан в зависимости от имущественного положения, ущемлять конституционные права, препятствовать их реализации и ограничивать доступ к правосудию (нормативное постановление Конституционного Суда от 22 февраля 2023 года № 3).

      Как неоднократно разъяснялось Конституционным Судом, право каждого на судебную защиту включает право на обжалование судебных актов, которое является наиболее эффективной гарантией такой защиты. Возможность пересмотра дела вышестоящими судебными инстанциями должна быть обеспечена законами Республики Казахстан.

      Гарантированное Конституцией право каждого на судебную защиту своих прав и свобод предполагает обеспечение государством условий для справедливого разбирательства в суде первой инстанции с возможностью повторного рассмотрения дела по существу в рамках пересмотра в апелляционном порядке не вступивших в законную силу судебных актов. Право обращения в кассационную судебную инстанцию является дополнительной гарантией отправления правосудия и предоставляется при соблюдении допустимых и ограничительных условий. Конституционный принцип равенства всех перед судом присущ судебной деятельности. Правовое содержание данного принципа основано на единстве судебной системы, обеспечивающей каждому человеку, вне зависимости от любых обстоятельств, справедливое и гласное разбирательство дела компетентным и независимым судом; равное для всех применение норм законодательства в процессе разрешения судебного спора; процессуальное равенство сторон в судебном заседании (нормативные постановления Конституционного Суда от 16 мая 2023 года № 13-НП и от 14 июля 2023 года № 21-НП).

      3. Правовые позиции Конституционного Суда корреспондируются с положениями общепризнанных международных договорных и иных обязательств Республики Казахстан о праве на судебную защиту и недопустимости дискриминации.

      В статьях 7 и 8 Всеобщей декларации прав человека, принятой резолюцией 217 А (III) Генеральной Ассамблеи Организации Объединенных Наций (далее – ООН) от 10 декабря 1948 года, признаются равенство всех перед законом, право каждого на равную защиту от какой бы то ни было дискриминации и на эффективное восстановление в правах компетентными национальными судами в случаях нарушения его основных прав, предоставленных ему конституцией или законом.

      Международный пакт о гражданских и политических правах, принятый резолюцией 2200А (ХХI) Генеральной Ассамблеи ООН от 16 декабря 1966 года и ратифицированный Законом Республики Казахстан от 28 ноября 2005 года, устанавливает обязанность государств-участников предоставить каждому эффективные средства правовой защиты. Каждому человеку гарантируются права на справедливое и публичное разбирательство дела компетентным, независимым и беспристрастным судом, на равную защиту законом без всякого рода дискриминации и равенство всех перед судами и трибуналами (пункт 3 статьи 2 и статья 26).

      Конвенция о правах инвалидов, принятая резолюцией 61/106 Генеральной Ассамблеи ООН от 13 декабря 2006 года и ратифицированная Законом Республики Казахстан от 20 февраля 2015 года, возлагает на участников соглашения обязанность по обеспечению прав инвалидов на равную правовую защиту и эффективный доступ к правосудию наравне с другими. Конвенция подтверждает всеобщность, неделимость, взаимозависимость и взаимосвязанность всех прав человека и основных свобод, необходимость гарантировать инвалидам полное пользование ими без дискриминации, которая представляет собой ущемление достоинства и ценности, присущих человеческой личности (подпункты c) и h) преамбулы, статьи 2-7,12,13).

      4. Республика Казахстан в соответствии с Конституцией, провозгласив себя социальным государством, взяла обязательства по смягчению социального неравенства и оказанию поддержки людям с ограниченными возможностями, а также иным лицам, которым в силу определенных жизненных обстоятельств требуется помощь государства (пункт 1 статьи 1 и пункт 1 статьи 28).

      Государственная политика Республики Казахстан в сфере социальной защиты основывается на следующих принципах: 1) равноправие и недопустимость ограничения прав человека и гражданина в сфере социальной защиты; 2) превентивность; 3) адресность, доступность и дифференцированный подход; 4) солидарность и коллективная ответственность государства, работодателей и граждан в системе социального обеспечения; 5) прозрачность и справедливость использования экономических ресурсов, соразмерность задачам государственной политики в сфере социальной защиты.

      Гарантированные государством равноправие и недопустимость ограничения прав человека и гражданина означают предоставление равных возможностей каждому в реализации своих прав и свобод в сфере социальной защиты (подпункт 1) статьи 3 и статья 4 Социального кодекса Республики Казахстан от 20 апреля 2023 года (далее – Социальный кодекс).

      К категории лиц, нуждающихся в социальной защите государства, отнесены лица с инвалидностью, родители лиц с инвалидностью с детства или детей с инвалидностью.

      Инвалидность человека характеризуется степенью ограничения его жизнедеятельности вследствие нарушения здоровья со стойким расстройством функций организма. Лица с инвалидностью и ребенок с инвалидностью (в возрасте до восемнадцати лет) имеют нарушения здоровья со стойким расстройством функций организма, обусловленные заболеваниями, увечьями (ранениями, травмами, контузиями), их последствиями, нарушениями, которые приводят к ограничению жизнедеятельности и необходимости их социальной защиты (подпункты 105), 106) и 110) статьи 1 Социального кодекса).

      5. Законодательные подходы в реализации государственной политики в сфере социальной защиты граждан реализованы в налоговых правоотношениях.

      Так, основными принципами налогообложения являются их обязательность, определенность и справедливость, добросовестность налогоплательщика, единство налоговой системы и гласность налогового законодательства (статьи 4-10 Налогового кодекса).

      В ряде норм Налогового кодекса предоставлены налоговые льготы как непосредственно лицам с инвалидностью и одному из родителей ребенка с инвалидностью, так и налогоплательщикам, осуществляющим деятельность в социальной сфере в области социальной защиты и социального обеспечения лиц с инвалидностью (например, подпункт 3) пункта 5 статьи 232, пункт 6 статьи 243, пункт 1 и подпункт 3) пункта 2 статьи 290, подпункты 2) и 3) статьи 346).

      Государственной пошлиной является платеж в бюджет, взимаемый за совершение юридически значимых действий, в том числе связанных с выдачей документов (копий, дубликатов) уполномоченными государственными органами или должностными лицами (пункт 1 статьи 607 Налогового кодекса). Соответственно, ее плательщиками являются лица, обращающиеся по поводу совершения юридически значимых действий в уполномоченные государственные органы или к должностным лицам (пункт 1 статьи 608 Налогового кодекса).

      Перечень видов юридически значимых действий, выступающих в качестве объектов взимания государственной пошлины в судах, и ставки за их совершение приведены в подпункте 1) пункта 1 статьи 609 и статье 610 Налогового кодекса. Ставки государственной пошлины дифференцированы на основе следующих критериев: 1) категорий споров (имущественные, неимущественные и другие), 2) видов и форм гражданского и административного судопроизводства (административных исков, исков, заявлений особого искового производства, заявлений (жалоб) по делам особого производства, заявлений о вынесении судебного приказа), 3) заявлений о выдаче исполнительных листов на принудительное исполнение решений арбитража и иностранных судов, 4) заявлений о повторной выдаче копий судебных актов, дубликатов исполнительных листов и других документов, 5) ходатайств о пересмотре судебных актов в кассационном порядке.

      Определяя круг плательщиков государственной пошлины, обращающихся в суды, уполномоченные государственные органы или к должностным лицам, законодатель использует универсальное понятие "лица, обращающиеся по поводу совершения юридически значимых действий". Применительно к плательщикам и освобожденным от уплаты лицам данное понятие трансформировалось по критерию разделения их в зависимости от процессуального статуса.

      В части первой статьи 616 Налогового кодекса определены категории лиц, освобожденных от уплаты государственной пошлины в судах, в основном при их обращении с исками (заявлениями и жалобами) в суд первой инстанции. Наряду с этим предусмотрены случаи освобождения от уплаты государственной пошлины ответчиков и других лиц, участвующих в гражданском или иных формах судопроизводства (например, в подпунктах 7), 15), 20), 26-1) и 29)).

      Анализ приведенных норм Налогового кодекса позволяет сделать вывод, что ответчики и другие лица, участвующие в судебном производстве, при обжаловании судебных актов и подаче заявлений, связанных с повторной выдачей копий этих актов, дубликатов исполнительных и иных документов, также обращаются по поводу совершения юридически значимых действий.

      В части второй статьи 616 Налогового кодекса истцам предоставлены льготы при обжаловании судебных актов в кассационном порядке. Граждане, выступающие в судебных производствах ответчиками (третьими и заинтересованными лицами) и относящиеся к категории нуждающихся в социальной защите государства, правом на льготы не обладают.

      По мнению Конституционного Суда, такой подход, разделяющий граждан по процессуальному положению в суде при их одинаковом социальном статусе, не имеет разумного и объективного обоснования, содержит признаки неравенства в средствах правовой защиты по отношению к отдельным категориям граждан. Для совершения других видов юридически значимых действий законодателем не установлены дополнительные квалифицирующие (разделительные) критерии в отношении плательщиков рассматриваемой категории (подпункты 2)-22) пункта 1 статьи 609, подпункт 4) статьи 617, подпункт 5) статьи 620, подпункты 4) и 5) статьи 622 Налогового кодекса).

      6. Конституционный Суд ранее отмечал, что фискальная цель налоговой политики государства должна достигаться на основе соблюдения баланса экономических интересов государства и налогоплательщика (статья 11 Налогового кодекса). Законодатель при установлении ставок государственной пошлины должен найти разумный баланс между доступностью и эффективностью правосудия (нормативное постановление от 22 февраля 2023 года № 3).

      Предоставление налоговых льгот в виде освобождения от уплаты государственной пошлины в кассационной инстанции только истцам при отсутствии такого права у ответчиков и других лиц, участвующих в деле, имеющих одинаковый социальный статус, препятствует реализации их конституционного права на судебную защиту и содержит признаки дискриминации (статья 14 Основного Закона).

      По мнению Конституционного Суда, в целях обеспечения и защиты конституционных прав, свобод и законных интересов всех лиц, обращающихся по поводу совершения юридически значимых действий в суде, в редакции части первой статьи 616 Налогового кодекса необходимо применение единого законодательного подхода с использованием понятия о плательщике государственной пошлины (пункт 1 статьи 608 Налогового кодекса).

      На основании изложенного, руководствуясь пунктом 3 статьи 72, пунктами 2 и 3 статьи 74 Конституции Республики Казахстан, подпунктом 3) пункта 4 статьи 23, статьями 5558, 62, пунктом 3 статьи 63, статьей 64 и подпунктом 2) пункта 1 статьи 65 Конституционного закона Республики Казахстан от 5 ноября 2022 года "О Конституционном Суде Республики Казахстан", Конституционный Суд Республики Казахстан

      постановляет:

      1. Признать положение подпункта 13) части первой статьи 616 во взаимосвязи с частью второй этой же статьи Кодекса Республики Казахстан "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" (Налоговый кодекс) не соответствующим Конституции Республики Казахстан в части использования слова "истцы – ".

      2. Правительству Республики Казахстан не позднее шести месяцев после опубликования настоящего нормативного постановления внести в Мажилис Парламента Республики Казахстан проект закона, направленный на приведение отдельных норм налогового законодательства Республики Казахстан в соответствие с правовыми позициями Конституционного Суда Республики Казахстан, изложенными в данном нормативном постановлении.

      О принятых мерах в указанный срок проинформировать Конституционный Суд Республики Казахстан.

      3. Настоящее нормативное постановление вступает в силу со дня его принятия, является общеобязательным на всей территории Республики Казахстан, окончательным и обжалованию не подлежит.

      4. Опубликовать настоящее нормативное постановление на казахском и русском языках в периодических печатных изданиях, получивших право на официальное опубликование законодательных актов, единой системе правовой информации и на интернет-ресурсе Конституционного Суда Республики Казахстан.

      Конституционный Суд
Республики Казахстан