"Инновациялық технологиялар паркi" арнайы экономикалық аймағын құру туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 18 тамыздағы N 1166 Жарлығы.

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2011.12.12 N 193 Жарлығымен.

      Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және елде бәсекеге қабілетті жаңа салалар құру мен Қазақстан Республикасының ғылыми-техникалық және инновациялық әлеуетін неғұрлым толық пайдалану мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2011.12.12 N 193 Жарлығымен.

      1. 2028 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңге "Инновациялық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі - АЭА) құрылсын.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2011.12.12 N 193 Жарлығымен.

      2. Қоса беріліп отырған:

      1) АЭА туралы ереже;

      2) АЭА жұмыс істеуінің нысаналы индикаторлары және нысаналы индикаторларға қол жеткізбеудің дағдарысты деңгейі бекітілсін.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2012.12.29 № 457 Жарлығымен.

      3. Қазақстан Республикасының Үкiметi АЭА қызметiн қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қабылдасын.

      4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне жүктелсiн.

      5. Осы Жарлық 2003 жылғы 1 қазаннан бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының
Президенті



  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2003 жылғы 18 тамыздағы
N 1166 Жарлығымен
Бекітілген

"Инновациялық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймағы туралы
ЕРЕЖЕ

      Ескерту. Ереже жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2011.12.12 N 193 Жарлығымен.

1. Жалпы ережелер

      1. "Инновациялық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі - АЭА) қоса беріліп отырған жоспарға сәйкес Алматы қаласының Медеу ауданы Алатау кентінің және Алматы облысының іргелес жатқан жерлерінің аумағында орналасқан.

      АЭА аумағы 163,02 гектарды құрайды және Қазақстан Республикасы аумағының ажырамас бөлігі болып табылады.

      2. АЭА мынадай мақсаттарда құрылады:

      1) мынадай салаларды технологиялық дамыту:

      ақпараттық-коммуникациялық технологиялар;

      телекоммуникация және байланыс саласындағы технологиялар;

      электроника және аспап жасау;

      энергияның жаңартылған көздері, ресурсты үнемдеу және табиғатты тиімді пайдалану;

      әр түрлі қолданыстағы материалдарды жасау және қолдану саласындағы технологиялар;

      мұнай мен газды өндіру, тасымалдау және қайта өңдеу салаларындағы технологиялар;

      2) Қазақстан Республикасы экономикасының әлемдік шаруашылық байланыстар жүйесіне кіруін жандандыру;

      3) тиімділігі жоғары, оның ішінде жоғары технологиялық және бәсекеге қабілетті өндірістер құру, өнімнің жаңа түрлерін шығаруды игеру, инвестициялар тарту.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 25.11.2016 N 377 Жарлығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      3. АЭА аумағындағы қызмет түрлері:

      1) мыналарды:

      тамақ өнімдерін өндіруді;

      сусындар шығаруды;

      темекі бұйымдарын өндіруді;

      тоқыма бұйымдарын өндіруді;

      киім шығаруды;

      жиһаздан басқа, ағаш және тығын бұйымдарын өндіруді;

      сабаннан және тоқуға арналған материалдардан жасалған бұйымдарды өндіруді;

      химия өнеркәсібі өнімдерін өндіруді;

      металлургия өнеркәсібін;

      жиһаз шығаруды;

      автокөлік құралдарын шығаруды;

      машиналар мен жабдықтарды жөндеуді және орнатуды қоспағанда, өңдеуші өнеркәсіп;

      2) ақпарат және байланыс;

      3) кәсіптік, ғылыми және техникалық қызмет;

      4) жобалау-сметалық құжаттама шегінде осы тармақтың 1), 2), 3) тармақшаларында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін тікелей арналған объектілерді салу және пайдалануға беру болып табылады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 25.11.2016 N 377 Жарлығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      4. АЭА шеңберінде жоғары білім беру орындарының, соның ішінде Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің, кәсіби-техникалық білім беру мекемелерінің, ғылыми-зерттеу институттарының инновациялар саласындағы шығармашылық және өнімді жұмыстары үшін қолайлы жағдайлар жасалуда. АЭА шеңберіндегі олардың қызметін бағыттау осы Ереженің 3-тармағына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттеледі.

      5. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және инновациялық технологиялар саласындағы АЭА қатысушылары үшін АЭА-ның аумағында қызметті жүзеге асыру талабы қызметтің мына түрлері:

      1) бағдарламалық қамтылымды, дерекқорларды және ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың аппараттық құралдарын жобалау, әзірлеу, өндіру, тәжірибелік шығару және шығару, сондай-ақ дата-орталықтардың көрсетілетін қызметтері, электрондық көрсетілетін қызметтер;

      2) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында жобаларды жасау мен енгізу жөніндегі ғылыми-зерттеу жұмыстары мен тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізу үшін 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін міндетті талап болып табылмайды.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 25.11.2016 N 377 Жарлығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      6. АЭА қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясымен, "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңымен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерімен реттеледі.

      АЭА аумағында акцизделетін өнім өндіруге байланысты қызметке тыйым салынады.

      Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарда арнайы экономикалық аймақтар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасындағыдан өзге қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.

2. АЭА-ны басқару

      7. АЭА-ны басқару "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

      8. АЭА-ның басқару органы арнайы экономикалық аймақтың жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құрылатын басқарушы компания - заңды тұлға болып табылады.

      9. АЭА басқару органының функцияларына:

      1) АЭА-ның жұмыс істеуі мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасасу;

      2) қызметтің қосалқы түрлерін жүзеге асыратын тұлғаларға жер учаскелерін қосалқы жер пайдалануға (қосалқы жалға) беру және инфрақұрылым объектілерін жалға (қосалқы жалға) беру;

      3) қызметті жүзеге асыру туралы шарттарды жасасу және бұзу;

      4) АЭА-қа қатысушылардың жыл сайынғы есептерінің негізінде уәкілетті орган белгілеген тәртіппен АЭА қызметінің нәтижелері туралы есептілікті уәкілетті органға ұсыну;

      5) АЭА-тың қатысушыларын тарту;

      6) АЭА-ның инфрақұрылым объектілерін салу және өзге де қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін инвестициялар тарту;

      7) АЭА қатысушыларына берілмеген жер учаскелерінде бекітілген техникалық-экономикалық негіздемеге сәйкес инфрақұрылым объектілерін салуды жүзеге асыру;

      8) "бір терезе" қағидаты бойынша халыққа қызмет көрсету орталығының жұмыс істеуі үшін қабылдау орнын ұйымдастыру;

      9) АЭА құру мақсаттарына сай келетін қызметті жүзеге асыру кезінде әкелінген тауарлардың іс жүзінде тұтынылуын растау;

      10) қызметті жүзеге асыру туралы шарттар талаптарының орындалуына мониторинг жүргізу жатады.

3. АЭА-ның аумағында салық салу

      10. АЭА-ның аумағында салық салу Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен реттеледі.

4. Кедендік реттеу

      11. АЭА-ның аумағы Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес еркін кеден аймағының кедендік режимі қолданылатын Қазақстан Республикасының кеден аумағының бөлігі болып табылады. АЭА-ның шекарасы оның периметрі бойынша арнайы қоршаумен жабдықталады.

      12. АЭА-ның аумағында кедендік ресімдеу және бақылау Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

      13. АЭА-ны құру мақсатына қол жеткізу үшін қажетті тауарлардың тізбесі:

      1) АЭА-ның аумағында жобалық-сметалық құжаттамасына сәйкес құрылыс салу және объектілерді пайдалануға беру үшін қажетті машиналар, жабдықтар, тауарлар мен материалдар;

      2) тауарларды жеткілікті өңдеу өлшемдеріне сәйкес қайта өңдеуге арналған (акцизделуге жататын тауарларды қоспағанда) тауарлар;

      3) осы Ереженің 3-тармағында көрсетілген қызметтің негізгі түрлеріне сәйкес өндірісті қамтамасыз етуге қажетті машиналар мен механизмдер, жабдықтар, арнайы мақсаттағы автокөліктер, материалдар, тауарлар мен жартылай дайын өнімдер;

      4) осы Ереженің 2-тармағында айқындалған салаларда ғылыми-зерттеу мен тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізуге және өндіріске қажетті тауарлар мен материалдар.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тауарлардың номенклатурасын Сыртқы экономикалық қызметтің тауарлар номенклатурасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

      АЭА аумағында еркін кеден аймағының кедендік режиміне орналастырылған тауарлармен:

      1) тауарлардың сақталуын қамтамасыз ету;

      2) тауарларды қайта өңдеу;

      3) осы Ережеге сәйкес негізгі қызмет түрлеріне сай АЭА құру мақсатына қол жеткізу үшін қажетті тауарлар мен жабдықтарды пайдалану және қолдану;

      4) тауарларды сатуға және тасымалдауға дайындау;

      5) құрылыс және өнеркәсіп өндірісі технологиясының талаптарын орындау жөнінде операцияларды жасауға рұқсат етіледі.

5. Шетел азаматтарының АЭА аумағында болу тәртібі

      14. АЭА аумағында Қазақстан Республикасының заңнамасымен және Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық шарттармен белгіленген шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың, сондай-ақ олардың көлік құралдарының кіру, шығу, транзиті және болу тәртібі қолданылады.

6. Қорытынды ережелер

      15. Осы Ережеде белгіленген шарттар Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен өзгертілуі мүмкін.

      16. АЭА-ны тарату "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүргізіледі.

      17. АЭА-ның осы Ережемен реттелмеген қызметі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2003 жылғы 18 тамыздағы
№ 1166 Жарлығымен бекітілген
  "Ақпараттық технологиялар паркі"
арнайы экономикалық аймағы
туралы ережеге қосымша

"Инновациялық технологиялар паркі"
арнайы экономикалық аймағы аумағының жоспары
(Жалпы S = 163,02 гектар)


      Масштаб 1:25 000

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2003 жылғы 18 тамыздағы
№ 1166 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

"Инновациялық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймағы
жұмыс істеуінің нысаналы индикаторлары және нысаналы
индикаторларға қол жеткізбеудің дағдарысты деңгейі

      Ескерту. Ереже қосымшамен толықтырылды - ҚР Президентінің 2012.12.29 № 457 Жарлығымен.

р/с

Мақсаттары, міндеттері және көрсеткіштері (атауы)

Өлшем бірлігі

Базалық кезең

(2012 жыл)

2015 жылға қарай қол жеткізу

2020 жылға қарай қол жеткізу

2028 жылға қарай қол жеткізу

нысаналы индикатор

дағдарысты деңгейі

нысаналы индикатор

дағдарысты деңгейі

нысаналы индикатор

дағдарысты деңгейі

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

1.

Жалпы инвестиция көлемі, оның ішінде:

млрд. теңге

5

7

4

12

7

25

15

1)

шетелдік инвестиция көлемі

млрд. теңге

-

-

-

-

-

-

-

2)

отандық инвестиция көлемі

млрд. теңге

5

7

4

12

7

25

15

2.

Арнайы экономикалық аймағының аумағында тауарларды және қызметтерді (жұмыстарды) өндіру көлемі

млрд. теңге

1,89

16

8

26

13

53

33

3.

Қатысушылар саны

компаниялар

46

65

60

95

90

120

100

4.

Арнайы экономикалық аймағының аумағында құрылатын жұмыс орындарының саны

адам

1 268

1 688

1 511

2 718

2 119

5 826

3 640

5.

Арнайы экономикалық аймағының аумағындағы өндірістің жалпы көлеміндегі қазақстандық қамту үлесі

%

50%

50%

40%

50%

40%

50%

40%

6.

Ақпараттық-байланыс технологиялар (АКТ) саласында ғылыми-зерттеу лабараторияларды және оқу кафедраларды ашу жолымен АКТ-ны дамыту

кафедралар

2

4

2

5

3

7

4


О создании специальной экономической зоны "Парк инновационных технологий"

Указ Президента Республики Казахстан от 18 августа 2003 года N 1166.

      Сноска. Заголовок в редакции Указа Президента РК от 08.12.2011 № 193.

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 21 июля 2011 года "О специальных экономических зонах в Республики Казахстан" и в целях создания в стране новых конкурентоспособных отраслей и наиболее полного использования научно-технического и инновационного потенциала Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЮ:

      Сноска. Преамбула в редакции Указа Президента РК от 08.12.2011 № 193.

      1. Создать специальную экономическую зону "Парк инновационных технологий" (далее - СЭЗ) на период до 1 января 2028 года.

      Сноска. Пункт 1 в редакции Указа Президента РК от 08.12.2011 № 193.

      2. Утвердить прилагаемые:

      1) Положение о СЭЗ;

      2) целевые индикаторы функционирования и критический уровень

      недостижения целевых индикаторов СЭЗ.

      Сноска. Пункт 2 в редакции Указа Президента РК от 29.12.2012 № 457.

      3. Правительству Республики Казахстан принять меры по обеспечению деятельности СЭЗ.

      4. Контроль за исполнением настоящего Указа возложить на Администрацию Президента Республики Казахстан.

      5. Настоящий Указ вступает в силу с 1 октября 2003 года.

Президент
Республики Казахстан



  Утверждено
Указом Президента
Республики Казахстан
от 18 августа 2003 года № 1166

Положение
о специальной экономической зоне
"Парк инновационных технологий"

      Сноска. Положение в редакции Указа Президента РК от 08.12.2011 № 193.

1. Общие положения

      1. Специальная экономическая зона "Парк инновационных технологий" (далее - СЭЗ) расположена на территории поселка Алатау Медеуского района города Алматы и прилегающих земель Алматинской области согласно прилагаемому плану.

      Территория СЭЗ составляет 163,02 гектара и является неотъемлемой частью территории Республики Казахстан.

      2. СЭЗ создается в целях:

      1) технологического развития следующих областей:

      информационно-коммуникационные технологии;

      технологии в сфере телекоммуникаций и связи;

      электроника и приборостроение;

      возобновляемые источники энергии, ресурсосбережение и эффективное природопользование;

      технологии в сфере создания и применения материалов различного назначения;

      технологии в сфере добычи, транспортировки и переработки нефти и газа;

      2) активизации вхождения экономики Республики Казахстан в систему мировых хозяйственных связей;

      3) создания высокоэффективных, в том числе высокотехнологичных и конкурентоспособных производств, освоения выпуска новых видов продукции, привлечения инвестиций.

      Сноска. Пункт 2 с изменением, внесенным Указом Президента РК от 25.11.2016 № 377 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).

      3. Видами деятельности на территории СЭЗ являются:

      1) обрабатывающая промышленность, за исключением:

      производства продуктов питания;

      производства напитков;

      производства табачных изделий;

      производства текстильных изделий;

      производства одежды;

      производства деревянных и пробковых изделий, кроме мебели;

      производства изделий из соломки и материалов для плетения;

      производства продуктов химической промышленности;

      металлургической промышленности;

      производства мебели;

      производства автотранспортных средств;

      ремонта и установки машин и оборудования;

      2) информация и связь;

      3) профессиональная, научная и техническая деятельность;

      4) строительство и ввод в эксплуатацию объектов, предназначенных непосредственно для осуществления видов деятельности, предусмотренных подпунктами 1), 2), 3) настоящего пункта, в пределах проектно-сметной документации.

      Сноска. Пункт 3 в редакции Указа Президента РК от 25.11.2016 № 377 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).

      4. В рамках СЭЗ создаются благоприятные условия для творческой и продуктивной работы в сфере инноваций высших учебных заведений, в том числе Международного университета информационных технологий, профессионально-технических образовательных учреждений, научно-исследовательских институтов. Направления их деятельности в рамках СЭЗ регулируются в соответствии с пунктом 3 настоящего Положения, а также действующим законодательством Республики Казахстан.

      5. Для участников СЭЗ в сфере информационно-коммуникационных технологий и инновационных технологий требование осуществления деятельности на территории СЭЗ не будет являться обязательным условием до 1 января 2018 года для следующих видов деятельности:

      1) проектирование, разработка, внедрение, опытное производство и производство программного обеспечения, баз данных и аппаратных средств информационно-коммуникационных технологий, а также услуги дата-центров, электронные услуги;

      2) проведение научно-исследовательских и опытно-конструкторских работ по созданию и внедрению проектов в отрасли информационно-коммуникационных технологий.

      Сноска. Пункт 5 в редакции Указа Президента РК от 25.11.2016 № 377 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).

      6. Деятельность СЭЗ регулируется Конституцией Республики Казахстан, Законом Республики Казахстан от 21 июля 2011 года "О специальных экономических зонах в Республике Казахстан" и иными нормативными правовыми актами Республики Казахстан.

      На территории СЭЗ запрещена деятельность, связанная с производством подакцизной продукции.

      Если международным договором, ратифицированным Республикой Казахстан, установлены иные правила, чем те, которые содержатся в законодательстве Республики Казахстан о специальных экономических зонах, то применяются правила международного договора.

2. Управление СЭЗ

      7. Управление СЭЗ осуществляется в соответствии с Законом Республики Казахстан "О специальных экономических зонах в Республике Казахстан".

      8. Органом управления СЭЗ является управляющая компания - юридическое лицо, создаваемое в соответствии с Законом Республики Казахстан "О специальных экономических зонах в Республике Казахстан" в организационно-правовой форме акционерного общества для обеспечения функционирования специальной экономической зоны.

      9. К функциям органа управления СЭЗ относятся:

      1) взаимодействие с государственными органами по вопросам функционирования СЭЗ;

      2) предоставление во вторичное землепользование (субаренду) земельных участков и предоставление в аренду (субаренду) объектов инфраструктуры лицам, осуществляющим вспомогательные виды деятельности;

      3) заключение и расторжение договоров об осуществлении деятельности;

      4) представление уполномоченному органу отчетности о результатах деятельности СЭЗ в порядке, установленном уполномоченным органом, на основании ежегодных отчетов участников СЭЗ;

      5) привлечение участников специальной экономической зоны;

      6) привлечение инвестиций для строительства объектов инфраструктуры и для осуществления иных видов деятельности специальных экономических зон;

      7) осуществление строительства объектов инфраструктуры согласно утвержденному технико-экономическому обоснованию на земельных участках, не переданных участникам специальной экономической зоны;

      8) организация места приема для функционирования центра обслуживания населения по принципу "одного окна";

      9) подтверждение фактического потребления ввезенных товаров при осуществлении деятельности, отвечающей целям создания СЭЗ;

      10) мониторинг выполнения условий договоров об осуществлении деятельности.

3. Налогообложение на территории СЭЗ

      10. Налогообложение на территории СЭЗ регулируется налоговым законодательством Республики Казахстан.

4. Таможенное регулирование

      11. Территория СЭЗ является частью таможенной территории Республики Казахстан, на которой действует таможенный режим свободной таможенной зоны в соответствии с таможенным законодательством Республики Казахстан. Границы СЭЗ по ее периметру оборудуются специальным ограждением.

      12. Таможенное оформление и контроль на территории СЭЗ осуществляются в порядке, определенном таможенным законодательством Республики Казахстан.

      13. Перечень товаров, необходимых для достижения цели создания СЭЗ:

      1) машины, оборудование, товары и материалы, необходимые для строительства и ввода объектов в эксплуатацию на территории СЭЗ, в соответствии с проектно-сметной документацией;

      2) товары, предназначенные для переработки (за исключением подакцизных товаров), в соответствии с критериями достаточной переработки товаров;

      3) машины и механизмы, оборудование, автомобили специального назначения, материалы, товары и полуфабрикаты, необходимые для обеспечения производства, в соответствии с основными видами деятельности, указанными в пункте 3 настоящего Положения;

      4) товары и материалы, необходимые для проведения научно-исследовательских и опытно-конструкторских работ и производства в областях, определенных пунктом 2 настоящего Положения.

      Номенклатура товаров, указанных в части первой данного пункта, утверждается Правительством Республики Казахстан в соответствии с Товарной номенклатурой внешнеэкономической деятельности.

      На территории СЭЗ с товарами, помещенными под таможенный режим свободной таможенной зоны, допускается совершение операций по:

      1) обеспечению сохранности товаров;

      2) переработке товаров;

      3) эксплуатации и использованию товаров и оборудования, необходимых для достижения целей создания СЭЗ, в соответствии с основными видами деятельности согласно настоящему Положению;

      4) подготовке товаров к продаже и транспортировке;

      5) выполнению требований технологии строительного и промышленного производства.

5. Порядок пребывания иностранных граждан на территории СЭЗ

      14. На территории СЭЗ действует порядок въезда, выезда, транзита и пребывания иностранных граждан и лиц без гражданства, а также их транспортных средств, установленный законодательством Республики Казахстан и международными соглашениями, участником которых является Республика Казахстан.

6. Заключительные положения

      15. Условия, установленные в настоящем Положении, могут изменяться Указом Президента Республики Казахстан.

      16. Упразднение СЭЗ осуществляется в соответствии с Законом Республики Казахстан "О специальных экономических зонах в Республике Казахстан".

      17. Деятельность СЭЗ, не урегулированная настоящим Положением, осуществляется в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.

  ПРИЛОЖЕНИЕ
к Положению о специальной
экономической зоне
"Парк инновационных технологий",
утвержденному Указом Президента
Республики Казахстан
от 18 августа 2003 года № 1166

План территории специальной экономической зоны
"Парк инновационных технологий"
(S общая = 163,02 гектара)


      Масштаб 1:25 000

  УТВЕРЖДЕНО
Указом Президента
Республики Казахстан
от 18 августа 2003 года № 1116

ЦЕЛЕВЫЕ ИНДИКАТОРЫ
функционирования и критический уровень
недостижения целевых индикаторов специальной экономической
зоны "Парк инновационных технологий"

      Сноска. Указ дополнен целевыми индикаторами в соответствии с Указом Президента РК от 29.12.2012 № 457.

№ п/п

Цели, задачи и показатели (наименования)

Единица измерения

Базовый период

(2012 год)

Достижение к 2015 году

Достижение к 2020 году

Достижение к 2028 году

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

1.

Общий объем инвестиций, в том числе:

млрд. тенге

5

7

4

12

7

25

15

1)

объем иностранных инвестиций

млрд. тенге

-

-

-

-

-

-

-

2)

объем отечественных инвестиций

млрд. тенге

5

7

4

12

7

25

15

2.

Объем производства товаров и услуг (работ) на территории специальной экономической зоны

млрд. тенге

1,89

16

8

26

13

53

33

3.

Количество участников

компании

46

65

60

95

90

120

100

4.

Количество рабочих мест, создаваемых на территории специальной экономической зоны

человек

1268

1688

1 511

2 718

2 119

5 826

3 640

5.

Доля казахстанского содержания в общем объеме производства на территории специальной экономической зоны

%

50 %

50 %

40 %

50 %

40 %

50 %

40 %

6.

Развитие информационно-коммуникационных технологий (ИКТ) путем открытия научно-исследовательских лабораторий и учебных кафедр в области ИКТ

кафедры

2

4

2

5

3

7

4