Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына арнайы экономикалық аймақтар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 457 Жарлығы.


      Қазақстан Республикасының

      Президенті мен Үкіметі актілерінің

      жинағында жариялануға тиіс

      "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Президенті

Н. Назарбаев


  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2012 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 457 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына
енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. Алып тасталды - ҚР Президентінің 05.05.2018 № 681 Жарлығымен.

      2. "Инновациялық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймағын құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 18 тамыздағы № 1166 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 33, 322-құжат; 2005 ж., № 30, 383-құжат; 2008 ж., № 38, 404-құжат; 2009 ж., № 40, 388-құжат; 2012 ж., № 6, 114-құжат):

      1) 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қоса беріліп отырған:

      1) АЭА туралы ереже;

      2) АЭА жұмыс істеуінің нысаналы индикаторлары және нысаналы индикаторларға қол жеткізбеудің дағдарысты деңгейі бекітілсін.";

      2) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген арнайы экономикалық аймақ туралы ережеде:

      3-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "АЭА аумағындағы қызметтің басым түрлері:";

      3) осы Жарлыққа 3-қосымшаға сәйкес арнайы экономикалық аймағы жұмыс істеуінің нысаналы индикаторлары және нысаналы индикаторларға қол жеткізбеудің дағдарысты деңгейімен толықтырылсын.

      3. Алып тасталды - ҚР Президентінің 05.05.2018 № 681 Жарлығымен.

      4. "Бурабай" арнайы экономикалық аймағын құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2008 жылғы 15 қаңтардағы № 512 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 2, 21-құжат):

      1) 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қоса беріліп отырған:

      1) АЭА туралы ереже;

      2) АЭА жұмыс істеуінің нысаналы индикаторлары және нысаналы индикаторларға қол жеткізбеудің дағдарысты деңгейі бекітілсін.";

      2) Арнайы экономикалық аймағы туралы ереже осы Жарлыққа 6-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      3) осы Жарлыққа 7-қосымшаға сәйкес арнайы экономикалық аймағы жұмыс істеуінің нысаналы индикаторлары және нысаналы индикаторларға қол жеткізбеудің дағдарысты деңгейімен толықтырылсын.

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2012 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 457 Жарлығына
1-ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
2002 жылғы 26 сәуiрдегi
№ 853 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

"Ақтау теңiз порты" арнайы экономикалық аймағы туралы
ЕРЕЖЕ

      Ескерту. Алып тасталды - ҚР Президентінің 05.05.2018 № 681 Жарлығымен.


  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2012 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 457 Жарлығына
2-ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2002 жылғы 26 сәуірдегі
№ 853 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

"Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймағы жұмыс істеуінің
нысаналы индикаторлары және нысаналы индикаторларға қол
жеткізбеудің дағдарысты деңгейі

      Ескерту. Алып тасталды - ҚР Президентінің 05.05.2018 № 681 Жарлығымен.

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2012 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 457 Жарлығына
3-ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2003 жылғы 18 тамыздағы
№ 1166 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

"Инновациялық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймағы
жұмыс істеуінің нысаналы индикаторлары және нысаналы
индикаторларға қол жеткізбеудің дағдарысты деңгейі

р/с

Мақсаттары, міндеттері және көрсеткіштері (атауы)

Өлшем бірлігі

Базалық кезең

(2012 жыл)

2015 жылға қарай қол жеткізу

2020 жылға қарай қол жеткізу

2028 жылға қарай қол жеткізу

нысаналы индикатор

дағдарысты деңгейі

нысаналы индикатор

дағдарысты деңгейі

нысаналы индикатор

дағдарысты деңгейі

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

1.

Жалпы инвестиция көлемі, оның ішінде:

млрд. теңге

5

7

4

12

7

25

15

1)

шетелдік инвестиция көлемі

млрд. теңге

-

-

-

-

-

-

-

2)

отандық инвестиция көлемі

млрд. теңге

5

7

4

12

7

25

15

2.

Арнайы экономикалық аймағының аумағында тауарларды және қызметтерді (жұмыстарды) өндіру көлемі

млрд. теңге

1,89

16

8

26

13

53

33

3.

Қатысушылар саны

компаниялар

46

65

60

95

90

120

100

4.

Арнайы экономикалық аймағының аумағында құрылатын жұмыс орындарының саны

адам

1 268

1 688

1 511

2 718

2 119

5 826

3 640

5.

Арнайы экономикалық аймағының аумағындағы өндірістің жалпы көлеміндегі қазақстандық қамту үлесі

%

50%

50%

40%

50%

40%

50%

40%

6.

Ақпараттық-байланыс технологиялар (АКТ) саласында ғылыми-зерттеу лабараторияларды және оқу кафедраларды ашу жолымен АКТ-ны дамыту

кафедралар

2

4

2

5

3

7

4

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2012 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 457 Жарлығына
4-ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2005 жылғы 6 шілдедегі
№ 1605 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

"Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағы туралы
ЕРЕЖЕ

      Ескерту. Алып тасталды - ҚР Президентінің 05.05.2018 № 681 Жарлығымен.

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2012 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 457 Жарлығына
5-ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2005 жылғы 6 шілдедегі
№ 1605 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

"Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағы жұмыс істеуінің нысаналы
индикаторлары және нысаналы индикаторларға қол жеткізбеудің
дағдарысты деңгейі

      Ескерту. Алып тасталды - ҚР Президентінің 05.05.2018 № 681 Жарлығымен.

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2012 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 457 Жарлығына
6-ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2008 жылғы 15 қаңтардағы
№ 512 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

"Бурабай" арнайы экономикалық аймағы туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер

      1. "Бурабай" арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі – АЭА) қоса беріліп отырған жоспарға сәйкес Ақмола облысы Бурабай ауданының аумағында орналасқан.

      АЭА-ның аумағы 370 гектарды құрайды және Қазақстан Республикасы аумағының ажырамас бөлігі болып табылады.

      2. АЭА:

      1) келетін қазақстандық және шетелдік туристердің қажеттілігін қамтамасыз етуге және қанағаттандыруға тиімділігі жоғары, бәсекеге қабілетті туристік инфрақұрылымды дамыту; экологиялық таза көлікті, оның ішінде демалудың барлық объектілеріне қол жетімділікті қамтамасыз ету мақсатында шағын авиацияны пайдалану үшін базаны құру; туристерге қызмет көрсету үшін бірыңғай ақпараттық база құру;

      2) қолайлы инвестициялық ахуал құру, инвестициялық жобаларды іске асыру үшін отандық және шетелдік инвестицияларды тарту, сондай-ақ әлеуметтік проблемаларды шешу мақсатында құрылады.

      3. АЭА-ның қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясымен, "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңымен, осы Ережемен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерімен реттеледі.

      4. АЭА аумағындағы қызметтің басым түрлері:

      1) туристiк қызмет көрсету;

      2) туристерді орналастыру орындары, санаторий және сауықтыру объектілерін мынадай шарттарды сақтай отырып салу және пайдалануға беру: салынып жатқан және пайдалануға берілетін объектілердің ойын бизнесімен байланысты болмауы; салу және пайдалануға беру жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес жүзеге асырылады.

2. АЭА-ны басқару

      5. АЭА-ны басқару "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" 2011 жылғы 21 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

3. АЭА-ның аумағында салық салу

      6. АЭА-ның аумағында салық салу Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен реттеледi.

4. Кедендiк реттеу

      7. АЭА аумағындағы кедендiк реттеу Кеден одағы мен Қазақстан Республикасының кеден заңнамасының ережелерiне сәйкес жүзеге асырылады.

      8. Еркiн кедендік аймақтың кедендiк рәсiмi қызметтің басым түрлері жүзеге асырылатын АЭА аумағының бір бөлігінде қолданылады.

      9. Еркiн кедендік аймақтың кедендiк рәсiмiмен АЭА-ға қатысушы ретiнде қызметтi жүзеге асыру туралы шартқа сәйкес АЭА аумағында қызметтiң басым түрлерiн жүзеге асыратын тұлғалар АЭА аумағына орналастыруға және (немесе) пайдалануға арналған тауарларды орналастырады.

      10. Еркiн кедендік аймақтың кедендiк рәсiмi қолданылатын АЭА аумағы кедендiк бақылау аймағы болып табылады. Кедендiк бақылау жүргiзу мақсатында АЭА шекаралары оның периметрi бойынша Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес жайластырылады және жабдықталады.

      11. АЭА аумағында Кеден одағы мен Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында айқындалған тәртiппен тауарларды уақытша сақтау орындары құрылуы мүмкiн.

      12. АЭА аумағында еркiн кедендік аймақтың кедендiк рәсiмiмен орналастырылған тауарлар, сондай-ақ еркiн кедендік аймақтың кедендiк рәсiмiмен орналастырылмаған Кеден одағының тауарлары және өзге де кедендiк рәсiмдермен орналастырылған шетелдiк тауарлар орналастырылуы және пайдаланылуы мүмкiн.

      13. АЭА аумағына әкелiнген және еркiн кедендік аймақтың кедендiк рәсiмiмен орналастырылған тауарлар кедендiк баждарды, салықтарды, сондай-ақ тарифтiк емес реттеу шараларын қолдану мақсаттары үшiн Кеден одағының кедендiк аумағынан тыс жерде орналасқан тауарлар ретiнде қаралады.

      14. Тауарларды уақытша сақтауға, кедендiк декларациялауға, кедендiк тазартуға және шығаруға, сондай-ақ АЭА аумағында кедендiк бақылау жүргiзуге байланысты кедендiк операциялар Кеден одағы мен Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.

5. Қоршаған ортаны қорғау

      15. Экологиялық реттеу бөлiгiндегі АЭА қызметі Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады және өмiр сүру сапасын арттырудың экономикалық, әлеуметтiк және экологиялық аспектiлерiнiң теңгерiмi негiзiнде тұрақты даму және қоршаған ортаны қорғауға көшу үшiн жағдай жасау арқылы табиғи ресурстарды ұтымды және тиiмдi пайдалануға негiзделедi.

6. Қорытынды ережелер

      16. Осы Ережеде белгiленген шарттар Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығымен өзгертiлуi мүмкiн.

      17. АЭА-ны мерзiмiнен бұрын тарату "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" 2011 жылғы 21 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

      18. АЭА-ның осы Ережемен реттелмеген қызметi Қазақстан Республикасы мен Кеден одағының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

  Қазақстан Республикасы Президентінің
2008 жылғы 15 қаңтардағы
№ 512 Жарлығымен бекітілген
"Бурабай" арнайы экономикалық
аймағы туралы ережеге
ҚОСЫМША

"Бурабай" арнайы экономикалық аймағы аумағының
ЖОСПАРЫ



      "Бурабай" арнайы экономикалық аймағының жалпы аумағы = 370 га

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2012 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 457 Жарлығына
7-ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2008 жылғы 15 қаңтардағы
№ 512 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

"Бурабай" арнайы экономикалық аймағы жұмыс істеуінің нысаналы
индикаторлары және нысаналы индикаторларға қол жеткізбеудің
дағдарысты деңгейі

№ р/с

Мақсаттары, міндеттері және көрсеткіштері (атауы)

Өлшем бірлігі

Базалық кезең (2012 жыл)

2015 жылға қарай қол жеткізу

2017 жылға қарай қол жеткізу

нысаналы индикатор

дағдарысты деңгейі

нысаналы индикатор

дағдарысты деңгейі

1

2

3

4

5

6

7

8

1.

Жалпы инвестиция көлемі, оның ішінде:

млрд. теңге

4

5

3

8

5

1)

шетелдік инвестиция көлемі

млрд. теңге

2

2,5

1,5

4

2,5

2)

отандық инвестиция көлемі

млрд. теңге

2

2,5

1,5

4

2,5

2.

Арнайы экономикалық аймағының аумағында тауарларды және қызметтерді (жұмыстарды) өндіру көлемі

млрд. теңге

1,78

6,512

5,18

16,132

11,248

3.

Қатысушылар саны

компаниялар

1

1

1

1

1

4.

Арнайы экономикалық аймағының аумағында құрылатын жұмыс орындарының саны

адам

540

1970

1680

3940

3480

5.

Арнайы экономикалық аймағының аумағындағы өндірістің жалпы көлеміндегі қазақстандық қамту үлесі

%

100

100

-

100

-


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады