Қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Президентiнің жанындағы Кәсіпкерлер кеңесi таратылсын.
2. Қазақстан Республикасы Президентiнің мынадай актiлерiнің күшi жойылды деп танылсын:
1) "Қазақстан Республикасы Президентiнің жанынан Кәсiпкерлер кеңесiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2001 жылғы 29 қыркүйектегi N 692 Жарлығы ;
2) "Қазақстан Республикасы Президентiнің 2001 жылғы 29 қыркүйектегi N 692 Жарлығына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002 жылғы 5 тамыздағы N 915 Жарлығы ;
3) "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2001 жылғы 29 қыркүйектегi N 692 Жарлығына өзгерiс енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002 жылғы 18 қазандағы N 967 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 2002 ж., N 35, 374-құжат);
4) "Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 29 қыркүйектегi N 692 Жарлығына өзгерiс енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2003 жылғы 3 наурыздағы N 1036 Жарлығы .
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі өз шешімдерiн осы Жарлыққа сәйкес келтiрсiн.
4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Pecпубликасының
Президенті