Қазақстан Республикасы Президенті
мен Үкіметі актілерінің жинағында
жариялануға тиіс
Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамасы құқығын іске асыруды қамтамасыз ету, Республика Президентінің актілерін Республика Конституциясына сәйкес келтіру мақсатында және "Қазақстан Республикасының Президенті туралы" 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Конституциялық заңның 21-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамасы құқығын іске асыру ережелері бекітілсін.
1)»"Қазақстан Республикасының заңдарын Қазақстан Республикасы Президентінің қол қоюына және қарауына ұсыну, оларды тіркеу, жария ету және сақтау тәртібі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 2 шілдедегі N 3051 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 30, 267-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының заңдарын Қазақстан Республикасы Президентінің қол қоюына және қарауына ұсыну, оларды тіркеу, жария ету және сақтау тәртібі туралы ережеде:
мәтін бойынша "Заң және құқықтық сараптама мәселелері жөніндегі" деген сөздер "Заңнама және құқықтық сараптау" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың екінші сөйлемінде:
"Мемлекет басшысының құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісіне міндетті түрде, сондай-ақ" деген сөздер алып тасталсын;
"Заңның көшірмелерін" деген сөздерден кейін "де" деген сөзбен толықтырылсын;
3-тармақта:
"Президенттің Парламент Палаталарындағы өкілдерінің" деген сөздер "Президенттің Парламенттегі өкілдігі басшысының" деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші және үшінші сөйлемдер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
"4-1. Республика Президенті Парламент Сенаты ұсынған заңға бір ай ішінде қол қояды, заңды халыққа жария етеді не заңды немесе оның жекелеген баптарын қайтадан талқылап, дауысқа салу үшін қайтарады.";
8-тармақта "Мемлекет басшысының құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісімен бірлесе отырып," деген сөздер алып тасталсын;
9-тармақта:
"оның құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі," деген сөздер алып тасталсын;
"Мемлекет басшысының Парламенттің Палаталарындағы өкілдері" деген сөздер "Президенттің Парламенттегі өкілдігінің басшысы" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2008.03.11. N 552 Жарлығымен.
3) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалары жұмыстарының жоспарларын Қазақстан Республикасының Президентімен және Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне Үкімет енгізетін заң жобаларын Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 17 мамырдағы N 873
Жарлығына
(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 15, 157-құжат; 2004 ж., N 33, 438-құжат; 2006 ж., N 8, 63-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалары жұмыстарының жоспарларын Қазақстан Республикасының Президентімен және Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне Үкімет енгізетін заң жобаларын Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу ережелерін бекіту туралы ережеде:
10-тармақта:
5) тармақшада "ұлттық қауіпсіздік саласындағы" деген сөздерден кейін ", құқық қорғау қызметі және сот төрелігін жүзеге асыру саласындағы" деген сөздермен толықтырылсын, "заң жобалары." деген сөздер "заң жобалары;" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
"6) алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы, сондай-ақ тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейтін заң жобалары.".
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2007 жылғы 21 қыркүйектегі
N 413 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Президентінің
заң шығару бастамасы құқығын іске асыру
ЕРЕЖЕЛЕРІ
Осы Ережелер Мемлекет басшысының Қазақстан Республикасы Парламентіндегі заң шығару бастамасы конституциялық құқығын іске асыру тәртібін айқындайды.
1. Қазақстан Республикасы Президентінің өзінің арнайы
жолдауымен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қарауына
Қазақстан Республикасы заңнамалық актісінің жобасын ресми енгізуі
Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамасы болып
табылады.
Осы Ережелерде заңнамалық актілер деп Қазақстан Республикасының конституциялық заңдары, кодекстері, заңдары, Парламентінің нормативтік қаулылары түсініледі.
2. Заң шығару бастамасы құқығы мынадай нысандарда жүзеге
асырылады:
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінің жобаларын енгізу;
заңнамалық актілерді өзгерту, толықтыру және күші жойылды деп тану туралы жобаларды енгізу.
3. Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамасы тәртібімен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізу көзделіп отырған заңнамалық актілердің жобаларын әзірлеуді Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі және (немесе) Үкіметі немесе өзге де мемлекеттік органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасымен немесе Мемлекет басшысының тапсырмасы негізінде Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының тапсырмасы бойынша мемлекеттік емес ұйымдар мен азаматтар жүзеге асырады.
4. Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамасы тәртібімен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізу көзделген заң жобаларын әзірлеу туралы ұсыныстарды Мемлекет басшысының қарауына оның Әкімшілігі, Қазақстан Республикасының Үкіметі, орталық және жергілікті мемлекеттік органдары, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, сондай-ақ мемлекеттік емес ұйымдар мен азаматтар енгізуі мүмкін.
5. Осы Ережелердің 4-тармағында көрсетілген ұсыныстарды Президент Әкімшілігінің Мемлекеттік құқық бөлімі, қажет болған жағдайда Президент Әкімшілігінің өзге де бөлімдерін тарта отырып, қарайды. Президент Әкімшілігінің Мемлекеттік құқық бөлімі қарау нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысына одан кейін Мемлекет басшысына баяндау үшін тиісті ұсыныстар енгізеді.
Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің
2008.04.24
N 576
Жарлығымен.
6. Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының Президентінің заң шығару бастамасы ретінде Парламент Мәжілісіне тиісті заңнамалық актінің жобасын енгізудің тиімділігі туралы шешім қабылдаған жағдайда Президент Әкімшілігінің Мемлекеттік құқық бөлімі, егер Қазақстан Республикасының Президенті немесе оның Әкімшілігінің Басшысы өзгедей мерзім белгілемесе, заңнамалық актінің жобасы мен Мемлекет басшысының Республика Парламентіне арнайы жолдауының мәтінін бір ай мерзімде әзірлеуді қамтамасыз етеді.
Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің
2008.04.24
N 576
Жарлығымен.
7. Арнайы жолдау Қазақстан Республикасы Президентінің ресми хаты болып табылады, онымен заңнамалық актінің жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісіне енгізіледі. Арнайы жолдауда заңнамалық акті жобасының атауы және оны қабылдаудың негіздемесі болуға тиіс.
8. Әзірленген жоба Президент Әкімшілігінің мүдделі бөлімдерімен, ал қажет болған жағдайда мүдделі мемлекеттік органдармен келісіледі, сондай-ақ ғылыми сараптамаға жіберілуі мүмкін.
Заңнамалық актінің жобасын өзге мемлекеттік органдармен келісудің немесе ғылыми сараптамаға жіберудің қажеттігін Қазақстан Республикасының Президенті немесе оның Әкімшілігі айқындайды.
Қаржы қаражаттарын талап ететін немесе мемлекеттік кірістерді қысқартуды көздейтін заң жобаларын Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі және Республикалық бюджет комиссиясы қарайды.
Қазақстан Республикасының Президенті өзінің заң шығару бастамасы тәртібімен бастамашылық жасаған заңнамалық актінің жобасына Қазақстан Республикасы Үкіметінің қорытындысы қажет емес.
Ескерту. 8-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Президентінің 2007.11.28.
N 450
Жарлығымен.
9. Президент Әкімшілігінің келісуші бөлімдері мен мемлекеттік органдар заңнамалық актінің жобасын қарап, ол бойынша ұсыныстарды, егер жоба келісуге жіберілгенде өзге мерзім белгіленбесе, он жұмыс күнінен кешіктірмей енгізеді.
10. Заңнамалық актінің жобасын әзірлеу өзге мемлекеттік органдарға тапсырылған жағдайда жауапты мемлекеттік орган заңнамалық актінің жобасын әзірлеуді, егер Қазақстан Республикасы Президенті немесе Президент Әкімшілігінің Басшысы өзгедей мерзім белгілемесе, бір ай мерзімде жүзеге асырады және әзірленген жобаны Президент Әкімшілігіне енгізеді.
11. Әзірленген заңнамалық актінің жобасын сараптауды Президент Әкімшілігінің Мемлекеттік құқық бөлімі, егер Қазақстан Республикасы Президенті немесе Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы өзгедей мерзім белгілемесе, Президент Әкімшілігінің мүдделі бөлімдерінің ұсыныстары мен ескертулерін ескере отырып, он жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
Ескерту. 11-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің
2008.04.24
N 576
Жарлығымен.
12. Заңнамалық актінің жобасы бойынша ескертулер болған жағдайда жоба әзірлеушіге жеті жұмыс күнінен кешіктірмей ескертулерді жою және пысықтау үшін қайтарылады.
13. Дайындалған және келісілген заңнамалық актінің жобасы мен арнайы жолдаудың жобасы Мемлекет басшысының қарауына енгізіледі.
14. Мемлекет басшысының заң шығару бастамасы тәртібімен енгізілген заңнамалық актінің жобасын Қазақстан Республикасының Парламентінде ұсынуды Республика Президентінің тапсырмасы бойынша Президент Әкімшілігінің тиісті лауазымды тұлғасы немесе өзге де мемлекеттің лауазымды тұлғасы жүзеге асырады.