Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамасы құқығын қамтамасыз ету және Республика Президентінің кейбір актілерін Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келтіру жөніндегі шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 21 қыркүйектегі N 413 Жарлығы

 Қазақстан Республикасы Президенті 
мен Үкіметі актілерінің жинағында 
жариялануға тиіс        

      Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамасы құқығын іске асыруды қамтамасыз ету, Республика Президентінің актілерін Республика  Конституциясына  сәйкес келтіру мақсатында және "Қазақстан Республикасының Президенті туралы" 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Конституциялық заңның  21-бабы  2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес  ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамасы құқығын іске асыру ережелері бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Президентінің мына жарлықтарына
өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1)»"Қазақстан Республикасының заңдарын Қазақстан Республикасы Президентінің қол қоюына және қарауына ұсыну, оларды тіркеу, жария ету және сақтау тәртібі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 2 шілдедегі N 3051  Жарлығына  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 30, 267-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының заңдарын Қазақстан Республикасы Президентінің қол қоюына және қарауына ұсыну, оларды тіркеу, жария ету және сақтау тәртібі туралы ережеде:
      мәтін бойынша "Заң және құқықтық сараптама мәселелері жөніндегі" деген сөздер "Заңнама және құқықтық сараптау" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақтың екінші сөйлемінде:
      "Мемлекет басшысының құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісіне міндетті түрде, сондай-ақ" деген сөздер алып тасталсын;

      "Заңның көшірмелерін" деген сөздерден кейін "де" деген сөзбен толықтырылсын;

      3-тармақта:
      "Президенттің Парламент Палаталарындағы өкілдерінің" деген сөздер "Президенттің Парламенттегі өкілдігі басшысының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші және үшінші сөйлемдер алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
      "4-1. Республика Президенті Парламент Сенаты ұсынған заңға бір ай ішінде қол қояды, заңды халыққа жария етеді не заңды немесе оның жекелеген баптарын қайтадан талқылап, дауысқа салу үшін қайтарады.";

      8-тармақта "Мемлекет басшысының құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісімен бірлесе отырып," деген сөздер алып тасталсын;

      9-тармақта:
      "оның құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі," деген сөздер алып тасталсын;

      "Мемлекет басшысының Парламенттің Палаталарындағы өкілдері" деген сөздер "Президенттің Парламенттегі өкілдігінің басшысы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2)  Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2008.03.11.  N 552  Жарлығымен.

      3) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалары жұмыстарының жоспарларын Қазақстан Республикасының Президентімен және Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне Үкімет енгізетін заң жобаларын Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 17 мамырдағы N 873  Жарлығына  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 15, 157-құжат; 2004 ж., N 33, 438-құжат; 2006 ж., N 8, 63-құжат):
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалары жұмыстарының жоспарларын Қазақстан Республикасының Президентімен және Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне Үкімет енгізетін заң жобаларын Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу ережелерін бекіту туралы ережеде:

      10-тармақта:
      5) тармақшада "ұлттық қауіпсіздік саласындағы" деген сөздерден кейін ", құқық қорғау қызметі және сот төрелігін жүзеге асыру саласындағы" деген сөздермен толықтырылсын, "заң жобалары." деген сөздер "заң жобалары;" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
      "6) алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы, сондай-ақ тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейтін заң жобалары.".

      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті

Қазақстан Республикасы   
Президентінің       
2007 жылғы 21 қыркүйектегі 
N 413 Жарлығымен     
БЕКІТІЛГЕН        

  Қазақстан Республикасы Президентінің
заң шығару бастамасы құқығын іске асыру
ЕРЕЖЕЛЕРІ

      Осы Ережелер Мемлекет басшысының Қазақстан Республикасы Парламентіндегі заң шығару бастамасы конституциялық құқығын іске асыру тәртібін айқындайды.

      1. Қазақстан Республикасы Президентінің өзінің арнайы
жолдауымен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қарауына
Қазақстан Республикасы заңнамалық актісінің жобасын ресми енгізуі
Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамасы болып
табылады.
      Осы Ережелерде заңнамалық актілер деп Қазақстан Республикасының конституциялық заңдары, кодекстері, заңдары, Парламентінің нормативтік қаулылары түсініледі.

      2. Заң шығару бастамасы құқығы мынадай нысандарда жүзеге
асырылады:
      Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінің жобаларын енгізу;
      заңнамалық актілерді өзгерту, толықтыру және күші жойылды деп тану туралы жобаларды енгізу.

      3. Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамасы тәртібімен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізу көзделіп отырған заңнамалық актілердің жобаларын әзірлеуді Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі және (немесе) Үкіметі немесе өзге де мемлекеттік органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасымен немесе Мемлекет басшысының тапсырмасы негізінде Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының тапсырмасы бойынша мемлекеттік емес ұйымдар мен азаматтар жүзеге асырады.

      4. Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамасы тәртібімен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізу көзделген заң жобаларын әзірлеу туралы ұсыныстарды Мемлекет басшысының қарауына оның Әкімшілігі, Қазақстан Республикасының Үкіметі, орталық және жергілікті мемлекеттік органдары, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, сондай-ақ мемлекеттік емес ұйымдар мен азаматтар енгізуі мүмкін.

      5. Осы Ережелердің 4-тармағында көрсетілген ұсыныстарды Президент Әкімшілігінің Мемлекеттік құқық бөлімі, қажет болған жағдайда Президент Әкімшілігінің өзге де бөлімдерін тарта отырып, қарайды. Президент Әкімшілігінің Мемлекеттік құқық бөлімі қарау нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысына одан кейін Мемлекет басшысына баяндау үшін тиісті ұсыныстар енгізеді.
       Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің
2008.04.24  N 576  Жарлығымен.

      6. Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының Президентінің заң шығару бастамасы ретінде Парламент Мәжілісіне тиісті заңнамалық актінің жобасын енгізудің тиімділігі туралы шешім қабылдаған жағдайда Президент Әкімшілігінің Мемлекеттік құқық бөлімі, егер Қазақстан Республикасының Президенті немесе оның Әкімшілігінің Басшысы өзгедей мерзім белгілемесе, заңнамалық актінің жобасы мен Мемлекет басшысының Республика Парламентіне арнайы жолдауының мәтінін бір ай мерзімде әзірлеуді қамтамасыз етеді.
       Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің
2008.04.24  N 576  Жарлығымен.

      7. Арнайы жолдау Қазақстан Республикасы Президентінің ресми хаты болып табылады, онымен заңнамалық актінің жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісіне енгізіледі. Арнайы жолдауда заңнамалық акті жобасының атауы және оны қабылдаудың негіздемесі болуға тиіс.

      8. Әзірленген жоба Президент Әкімшілігінің мүдделі бөлімдерімен, ал қажет болған жағдайда мүдделі мемлекеттік органдармен келісіледі, сондай-ақ ғылыми сараптамаға жіберілуі мүмкін.
      Заңнамалық актінің жобасын өзге мемлекеттік органдармен келісудің немесе ғылыми сараптамаға жіберудің қажеттігін Қазақстан Республикасының Президенті немесе оның Әкімшілігі айқындайды.
      Қаржы қаражаттарын талап ететін немесе мемлекеттік кірістерді қысқартуды көздейтін заң жобаларын Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі және Республикалық бюджет комиссиясы қарайды.
      Қазақстан Республикасының Президенті өзінің заң шығару бастамасы тәртібімен бастамашылық жасаған заңнамалық актінің жобасына Қазақстан Республикасы Үкіметінің қорытындысы қажет емес.
       Ескерту. 8-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Президентінің 2007.11.28.  N 450  Жарлығымен.

      9. Президент Әкімшілігінің келісуші бөлімдері мен мемлекеттік органдар заңнамалық актінің жобасын қарап, ол бойынша ұсыныстарды, егер жоба келісуге жіберілгенде өзге мерзім белгіленбесе, он жұмыс күнінен кешіктірмей енгізеді.

      10. Заңнамалық актінің жобасын әзірлеу өзге мемлекеттік органдарға тапсырылған жағдайда жауапты мемлекеттік орган заңнамалық актінің жобасын әзірлеуді, егер Қазақстан Республикасы Президенті немесе Президент Әкімшілігінің Басшысы өзгедей мерзім белгілемесе, бір ай мерзімде жүзеге асырады және әзірленген жобаны Президент Әкімшілігіне енгізеді.

      11. Әзірленген заңнамалық актінің жобасын сараптауды Президент Әкімшілігінің Мемлекеттік құқық бөлімі, егер Қазақстан Республикасы Президенті немесе Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы өзгедей мерзім белгілемесе, Президент Әкімшілігінің мүдделі бөлімдерінің ұсыныстары мен ескертулерін ескере отырып, он жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
       Ескерту. 11-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің
2008.04.24  N 576  Жарлығымен.

      12. Заңнамалық актінің жобасы бойынша ескертулер болған жағдайда жоба әзірлеушіге жеті жұмыс күнінен кешіктірмей ескертулерді жою және пысықтау үшін қайтарылады.

      13. Дайындалған және келісілген заңнамалық актінің жобасы мен арнайы жолдаудың жобасы Мемлекет басшысының қарауына енгізіледі.

      14. Мемлекет басшысының заң шығару бастамасы тәртібімен енгізілген заңнамалық актінің жобасын Қазақстан Республикасының Парламентінде ұсынуды Республика Президентінің тапсырмасы бойынша Президент Әкімшілігінің тиісті лауазымды тұлғасы немесе өзге де мемлекеттің лауазымды тұлғасы жүзеге асырады.

      15. Қазақстан Республикасының Президенті өзі бастама жасаған заңнамалық актінің жобасын Парламенттен заң жобасын қараудың кез келген кезеңінде қайтарып алуға құқылы.

      16. Осы Ережелер Мемлекет басшысының бастамасымен Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейтін заң жобаларын әзірлеу, келісу және Парламентке енгізу жағдайларын қамтымайды.

      

О мерах по обеспечению права законодательной инициативы Президента Республики Казахстан и приведению некоторых актов Президента Республики в соответствие с Конституцией Республики Казахстан

Указ Президента Республики Казахстан от 21 сентября 2007 года N 413

Подлежит опубликованию в Собрании
актов Президента и Правительства
Республики Казахстан     

      В целях обеспечения реализации права законодательной инициативы Президента Республики Казахстан, приведения актов Президента Республики в соответствие с  Конституцией  Республики и в соответствии с подпунктом 3) пункта 2  статьи 21  Конституционного закона от 26 декабря 1995 года "О Президенте Республики Казахстан"  ПОСТАНОВЛЯЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила реализации права законодательной инициативы Президента Республики Казахстан.

      2. Внести изменения и дополнения в следующие указы Президента Республики Казахстан:
      1) в  Указ  Президента Республики Казахстан от 2 июля 1996 года N 3051 "Об утверждении Положения о порядке представления на подпись и рассмотрения Президентом Республики Казахстан законов Республики Казахстан, их регистрации, обнародования и хранения" (САПП Республики Казахстан, 1996 г., N 30, ст. 267):
      в  Положении  о порядке представления на подпись и рассмотрения Президентом Республики Казахстан законов Республики Казахстан, их регистрации, обнародования и хранения, утвержденном вышеназванным Указом:
      в тексте слова "по вопросам" исключить;
      во втором предложении пункта 2:
      слова "в обязательном порядке помощнику по правовым вопросам, а также" исключить;
      после слов "Копии закона" дополнить словом "также";
      в пункте 3:
      слова "представителей Президента в Палатах Парламента" заменить, словами "руководителя Представительства Президента в Парламенте";
      второе и третье предложения исключить;
      дополнить пунктом 4-1 следующего содержания:
      "4-1. Президент Республики подписывает представленный Сенатом Парламента закон в течение одного месяца, обнародует закон либо возвращает закон или отдельные его статьи для повторного обсуждения и голосования.";
      в пункте 8 слова "совместно с помощником Главы государства по правовым вопросам" исключить;
      в пункте 9:
      слова "его помощник по правовым вопросам," исключить;
      слова "представители Главы государства в Палатах Парламента" заменить словами "руководитель Представительства Президента в Парламенте";
      2)  (Утратил силу - Указом Президента Республики Казахстан от 11 марта 2008 года  N 552 );
      3) в  Указ  Президента Республики Казахстан от 17 мая 2002 года N 873 "Об утверждении Правил согласования с Президентом Республики Казахстан планов законопроектных работ Правительства Республики Казахстан и с Администрацией Президента Республики Казахстан проектов законов, вносимых Правительством в Мажилис Парламента Республики Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 2002 г., N 15, ст. 157; 2004 г., N 33, ст. 438; 2006 г.. N 8, ст. 63):
      в  Правилах  согласования с Президентом Республики Казахстан планов законопроектных работ Правительства Республики Казахстан и с Администрацией Президента Республики Казахстан проектов законов, вносимых Правительством в Мажилис Парламента Республики Казахстан, утвержденных вышеназванным Указом:
      в пункте 10:
      в подпункте 5) после слов "национальной безопасности" дополнить словами ", в сфере правоохранительной деятельности и отправления правосудия";
      дополнить подпунктом 6) следующего содержания:
      "6) проекты законов о республиканском бюджете на предстоящий финансовый год, а также предусматривающих внесение изменений и дополнений в закон о республиканском бюджете на соответствующий год.".

      3. Настоящий Указ вводится в действие со дня подписания.

       Президент
       Республики Казахстан

УТВЕРЖДЕНЫ         
Указом Президента     
Республики Казахстан    
от 21 сентября 2007 года N 413

  ПРАВИЛА
реализации права законодательной инициативы
Президента Республики Казахстан

      Настоящие Правила определяют порядок реализации конституционного права Главы государства на законодательную инициативу в Парламенте Республики Казахстан.

      1. Законодательной инициативой Президента Республики Казахстан является официальное внесение Президентом Республики Казахстан своим специальным посланием на рассмотрение Мажилиса Парламента Республики Казахстан проекта законодательного акта Республики Казахстан.
      Под законодательными актами в настоящих Правилах понимаются конституционные законы, кодексы, законы, нормативные постановления Парламента Республики Казахстан.

      2. Право законодательной инициативы осуществляется в формах:
      внесения проектов законодательных актов Республики Казахстан;
      внесения проектов об изменениях, дополнениях и признании утратившими силу законодательных актов.

      3. Разработка проектов законодательных актов, которые предполагается внести на рассмотрение Мажилиса Парламента Республики Казахстан в порядке законодательной инициативы Президента Республики Казахстан, осуществляется Администрацией Президента Республики Казахстан и (или) Правительством или иными государственными органами, а также негосударственными организациями и гражданами по поручению Президента Республики Казахстан или Руководителя Администрации Президента Республики Казахстан, основанному на поручении Главы государства.

      4. Предложения о разработке законопроектов, которые предполагается внести на рассмотрение Мажилиса Парламента Республики Казахстан в порядке законодательной инициативы Президента Республики Казахстан, могут вноситься на рассмотрение Главе государства его Администрацией, Правительством, центральными и местными государственными органами Республики Казахстан, органами местного самоуправления, а также негосударственными организациями и гражданами.

      5. Указанные в пункте 4 настоящих Правил предложения рассматриваются Государственно-правовым отделом Администрации Президента, а при необходимости с привлечением иных подразделений Администрации Президента. Государственно-правовой отдел Администрации Президента по итогам рассмотрения вносит соответствующие предложения Руководителю Администрации Президента Республики Казахстан для последующего доклада Главе государства.
       Сноска. Пункт 5 с изменениями, внесенными Указом Президента РК от 24.04.2008  N 576 .

      6. В случае принятия Главой государства решения о целесообразности внесения в Мажилис Парламента в качестве законодательной инициативы Президента Республики Казахстан проекта соответствующего законодательного акта Государственно-правовым отделом Администрации Президента в месячный срок, если иной срок не установлен Президентом Республики Казахстан или Руководителем его Администрации, обеспечивается разработка проекта законодательного акта и текста специального послания Главы государства Парламенту Республики.
       Сноска. Пункт 6 с изменениями, внесенными Указом Президента РК от 24.04.2008  N 576 .

      7. Специальное послание является официальным письмом Президента Республики Казахстан, которым проект законодательного акта вносится в Мажилис Парламента Республики Казахстан. Специальное послание должно содержать наименование проекта законодательного акта и обоснование его принятия.

      8. Подготовленный проект согласовывается с заинтересованными подразделениями Администрации Президента, а в случае необходимости с заинтересованными государственными органами, а также может быть направлен на научную экспертизу.
      Необходимость согласования проекта законодательного акта с иными государственными органами или направления на научную экспертизу определяется Президентом Республики Казахстан или его Администрацией.
      Законопроекты, требующие финансовых затрат или предусматривающие сокращение государственных доходов, рассматриваются Министерством экономики и бюджетного планирования и Республиканской бюджетной комиссией.
      Заключение Правительства Республики Казахстан на проект законодательного акта, инициируемого Президентом Республики Казахстан в порядке его законодательной инициативы, не требуется.
       Сноска. Пункт 8 с изменениями, внесенными Указом Президента РК от 28 ноября 2007 г. N  450 .

      9. Согласующие подразделения Администрации Президента и государственные органы рассматривают проект законодательного акта и вносят но нему предложения в срок не более десяти рабочих дней, если иной срок не установлен при направлении проекта на согласование.

      10. В случае, если разработка проекта законодательного акта была поручена иным государственным органам, ответственный государственный орган осуществляет разработку проекта законодательного акта в месячный срок, если иной срок не установлен Главой государства или Руководителем Администрации Президента, и вносит подготовленный проект в Администрацию Президента.

      11. Экспертиза подготовленного проекта законодательного акта осуществляется Государственно-правовым отделом Администрации Президента с учетом предложений и замечаний заинтересованных Подразделений Администрации Президента в течение десяти рабочих дней, если иной срок не установлен Президентом Республики Казахстан или Руководителем Администрации Президента Республики Казахстан.
       Сноска. Пункт 6 с изменениями, внесенными Указом Президента РК от 24.04.2008  N 576

      12. В случае наличия замечаний по проекту законодательного акта проект возвращается разработчику для устранения замечаний и его доработки в срок не более семи рабочих дней.

      13. Подготовленный и согласованный проект законодательного акта и проект специального послания вносятся на рассмотрение Главе государства.

      14. Представление в Парламенте Республики Казахстан проекта законодательного акта, внесенного в порядке законодательной инициативы Главы государства, осуществляется по поручению Президента Республики соответствующим должностным лицом Администрации Президента или иным должностным лицом государства.

      15. Президент Республики Казахстан вправе отозвать из Парламента инициированный им проект законодательного акта на любой стадии рассмотрения законопроекта.

      16. Настоящие Правила не распространяются на случаи разработки, согласования и внесения в Парламент проектов законов, предусматривающих внесение по инициативе Главы государства изменений и дополнений в Конституцию Республики Казахстан.