ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы арасындағы 2009 - 2016 жылдарға арналған ұзақ мерзімді экономикалық ынтымақтастық туралы шарттың (бұдан әрі - Шарт) жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Қажымқанұлы Мәсімов Шарттың мәтініне қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізу құқығымен Қазақстан Республикасының атынан Шартқа қол қойсын.
3. "Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасының арасындағы 1999 - 2008 жылдарға арналған ұзақ мерзімді экономикалық ынтымақтастық туралы шартты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 19 сәуірдегі N 375 Жарлығының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., N 20, 217-құжат) күші жойылды деп танылсын.
4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаев
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2009 жылғы 10 маусымдағы
N 821 Жарлығымен
МАҚҰЛДАНҒАН
Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы арасындағы
2009 - 2016 жылдарға арналған ұзақ мерзімді экономикалық
ынтымақтастық туралы
ШАРТТЫҢ ЖОБАСЫ
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы,
1996 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасының арасындағы достық және ынтымақтастық туралы шартты , 1992 жылғы 16 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Беларусь Республикасының Үкіметі арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың принциптері туралы келісімді, сондай-ақ халықаралық құқықтың жалпыға бірдей нормалары мен принциптерін басшылыққа ала отырып,
тең құқылы және өзара тиімді сауда-экономикалық және өндірістік қатынастарды одан әрі нығайту және дамыту қажеттілігін ұғына отырып,
ұзақ мерзімді және өзара тиімді экономикалық ынтымақтастық, Тараптардың экономикалық және ғылыми-техникалық әлеуетін тиімді пайдалану олардың халқының әл-ауқатын арттыруға қызмет етеді деп есептей отырып,
экономиканың серпінді дамуына және экономикалық реформалар жүргізуге зор маңыз бере отырып,
төмендегілер туралы уағдаласты:
1-бап
Тараптар осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы арасындағы 2009 - 2016 жылдарға арналған экономикалық ынтымақтастық бағдарламасын (бұдан әрі - бағдарлама) іске асыруды жүзеге асырады.
2-бап
Тараптар халықаралық құқықтың жалпыға бірдей танылған принциптерін бұлжытпай сақтау негізінде, оның ішінде Тараптардың ұлттық заңнамасын сақтай отырып, мемлекеттік басқару органдарының арасында, меншік нысанына және ұйымдық бағыныстылығына қарамастан, тікелей шаруашылық жүргізуші субъектілер арасында шарттар жасасу жолымен экономикалық ынтымақтастықты жүзеге асырады.
Қабылданған міндеттемелердің орындалуына Тараптардың ұлттық заңнамасына сәйкес шарттар жасасқан шаруашылық жүргізуші субъектілер жауапты болады.
Тараптар басқа Тарап экономикасының мүдделеріне нұқсан келтіретін іс-қимылдан бас тартуға міндеттенеді.
3-бап
Тараптар бағдарламаның орындалуын үйлестіруді және оның іске асырылу барысын бақылауды жүзеге асыруды және кажет болған жағдайда оған өзгерістер енгізу жөнінде ұсыныстар тұжырымдауды Қазақстан-беларусь үкіметаралық сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі комиссиясына (бұдан әрі - Комиссия) жүктеуге келісті.
Бағдарламаның орындалу барысы бір жылда кемінде бір рет Комиссияның отырыстарында қаралады.
4-бап
Осы Шарттың ережелерін түсіндіру және қолдану көзінде даулар туындаған жағдайда Тараптар оларды өзара консультациялар мен келіссөздер жолымен шешетін болады.
5-бап
Тараптардың өзара келісімі бойынша осы Шартқа оның ажырамас бөлігі болып табылатын, осы Шарттың 7-бабында көзделген тәртіппен күшіне енетін жекелеген хаттамалармен ресімделетін өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.
6-бап
Осы Шарт Тараптардың өздері қатысушылары болып табылатын басқа халықаралық шарттардан туындайтын құқықтары мен міндеттемелерін қозғамайды.
7-бап
Осы Шарт Тараптардың ұлттық заңнамасына қайшы келмейтін бөлікте қол қойылған күнінен бастап уақытша қолданылады және Шарттың күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны алған күнінен бастап күшіне енеді.
Егер Тараптар өзгеше уағдаласпаса, осы Шарттың қолданылуын тоқтату іске асырылуы осы Шарттың қолданылуы тоқтатылғанға дейін басталған жобаларды жүзеге асыруды қозғамайды.
8-бап
Тараптардың әрқайсысы басқа Тарапты жазбаша хабардар ету жолымен осы Шарттың қолданысын тоқтата алады. Бұл жағдайда Шарт мұндай хабарламаны алған күннен бастап 6 (алты) ай өткеннен кейін өзінің қолданылуын тоқтатады.
200__ жылғы "_____" ____________ ______________ қаласында қазақ және орыс тілдерінде екі түпнұсқа данада жасалды, әрі барлық мәтіннің күші бірдей.
Осы Шарттың ережелерін түсіндіру көзінде келіспеушіліктер туындаған жағдайда Тараптар орыс тіліндегі мәтінге жүгінетін болады.
Қазақстан Республикасы үшін Беларусь Республикасы үшін
Қазақстан Республикасы мен
Беларусь Республикасы арасындағы
2009 - 2016 жылдарға арналған
ұзақ мерзімді экономикалық
ынтымақтастық туралы шартқа
ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы арасындағы 2009 - 2016 жылдарға арналған экономикалық ынтымақтастық бағдарламасы
Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы (бұдан әрі Тараптар деп аталатын) көптеген өзекті бірлескен проблемалар бойынша бірыңғай ұстанымды ұстана отырып, БҰҰ, ЕҚЫҰ, ЕурАзЭҚ, ҰҚШҰ, ТМД сияқты халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасай отырып, басым экономикалық әріптестер болып табылады және екі жақты экономикалық қатынастарды одан әрі дамыту қажеттігін мойындайды.
Тараптардың ынтымақтастығы үшін 1996 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасының арасындағы достық және ынтымақтастық туралы шарт , 1992 жылғы 16 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Беларусь Республикасының Үкіметі арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық принциптері туралы келісім негіз болып табылады. Көрсетілген құжаттардың ережелері негізге алына отырып, осы бағдарлама әзірленді.
1. Бағдарламаның негізгі мақсаттары мен міндеттері
Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы арасындағы 2009 - 2016 жылдарға арналған экономикалық ынтымақтастық бағдарламасы (бұдан әрі - бағдарлама) Тараптардың өзара тиімді экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени байланыстарды дамыту, екі ел экономикасының жетекші салалары кәсіпорындарының өндірістік ынтымақтастығында айтарлықтай өрлеуге, осы негізде өзара тауар айналымының өсіміне қол жеткізу жөніндегі келісілген шаралар кешенін жүзеге асыруын қамтамасыз ету мақсатында әзірленді.
Осы мақсаттарға қол жеткізу үшін Тараптар мынадай міндеттерді шешетін болады:
екі мемлекеттің экономикасының өрлеуіне бағытталған экономикалық ынтымақтастықты тұрақты дамытуды қамтамасыз ету;
тең құқықты және өзара тиімді жағдайларда сауда-экономикалық қатынастарды одан әрі дамыту;
өзара саудада кедергілерді жою;
институционалдық қайта құруларды жүзеге асыруда, барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер үшін тең мүмкіндіктер мен кепілдіктерді қамтамасыз етуде, адал бәсекелестік үшін жағдай туғызуға өзара іс-қимыл жасау;
өндірістің өсуі, оның дамуына инвестициялар салу, ғылым мен озық технологиялардың ең жаңа жетістіктерін енгізу үшін ынталандыру шараларын жасау;
шығарылатын өнімдердің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
мемлекетаралық және өңіраралық ынтымақтастықты дамытудың басым бағыттарын мемлекеттік қолдау жүйесін құру;
экономикалық ынтымақтастықтың мақсатты мемлекетаралық жобаларын және бағдарламаларын қалыптастыру;
еңбек және зияткерлік әлеуетті сақтау және дамыту.
2. Экономикалық ынтымақтастықты дамыту
Тараптар ұзақ мерзімді экономикалық ынтымақтастықты мынадай бағыттар бойынша дамытатын болады:
Тараптардың экспорттық әлеуетін дамыту;
бірлескен ғылыми-зерттеу және тәжірибе-конструкторлық жұмыстар бағдарламасы мен инновациялық жобаларды әзірлеу және іске асыру;
өндірістік кооперацияны іске асыру үшін бірыңғай құқықтық негіздер құру;
теріс пиғылды шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметін және екі мемлекеттің аумағына сапасыз тауарлардың түсуін болдырмау жөнінде шаралар қабылдау;
агроөнеркәсіптік кешен және ауыл шаруашылығы машиналарын жасау саласындағы ынтымақтастық;
кәсіпкерлікті дамыту саласындағы ынтымақтастық;
екі жақты ынтымақтастықтың шарттық-құқықтық базасын кеңейту;
ақпарат алмасу және іскерлік байланыстарды орнату жөнінде ұлттық және халықаралық көрмелер, жәрмеңкелер, семинарлар, конференциялар және іс-шаралар өткізу.
3. Сауда қатынастарын дамыту
Тараптар арасындағы сауда ынтымақтастығын дамыту және тереңдету мемлекеттер арасында қолданыстағы еркін сауда режимінің шеңберінде және 2010 жылы Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының қатысуымен Кеден одағын құрудың болжанып отырғанын ескере отырып жүзеге асырылады.
Кеден саясатын жүргізу, көлік құралдарының, тауарлар мен жолаушылардың қозғалысы үшін қолайлы жағдай жасау, кедендік бақылауды оңтайландыру саласында мынадай бағыттар бойынша кеден және басқа да органдардың іс-қимылын біртіндеп және дәйекті түрде дамыту алда тұр:
тауарлар транзиті үшін қолайлы жағдайды қамтамасыз ету, транзиттік тасымалдау көзінде кедендік рәсімдерді оңайлату;
Тараптардың кедендік заңнамасының бұзылуына қарсы күрес бойынша, әсіресе есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, прекурсорларды, атыс қаруын, оқ-дәрілерді, жарылғыш және улы заттарды, сондай-ақ халық денсаулығы мен қоршаған орта үшін қауіпті радиоактивті материалдарды заңсыз тасымалдаудың жолын кесу саласында келісілген шаралар қабылдау;
кеден ісін бағдарламалық қамтамасыз етуді жетілдіру.
Мемлекеттер арасындағы сауда қатынастарын ұйымдастыру және жүзеге асыру қажетті статистикалық ақпаратпен, статистикалық басылымдармен және жарияланымдармен, әдіснамалық материалдар мен әзірлемелермен, бағдарламалармен, сондай-ақ статистикалық қадағалау, хат алмасу, зерттеулер жүргізу тәжірибесімен алмасуды, сыртқы сауда статистикасын қалыптастыру принциптерін келісуді болжайды.
4. бағдарламаны іске асыру тетігі
Бағдарлама Тараптардың мемлекеттік басқару органдарының және шаруашылық жүргізуші субъектілерінің Қазақстан-беларусь сауда-экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі үкіметаралық комиссиясының отырыстарында қабылданатын бағдарламаны іске асырудың екі жылдық жоспарларында айқындалатын нақты іс-қимылдарды орындауы арқылы жүзеге асырылатын болады.
Қазақстан-беларусь сауда-экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі үкіметаралық комиссиясы шеңберінде осы бағдарламаны іске асыруды үйлестіру мақсатында бағдарламаның негізгі бөлімдерін іске асыру жөніндегі кіші комиссиялар мен жұмыс топтары құрылуы мүмкін.