"А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын арнайы біліктілік талаптарының кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 7 наурыздағы № 519 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 10 желтоқсандағы № 708 Жарлығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентінің 10.12.2013 № 708 Жарлығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы Жарлықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз.

Қазақстан Республикасы Президенті
мен Үкіметі актілерінің жинағында
жариялануға тиіс      

      «Мемлекеттік қызмет туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңын іске асыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) осы Жарлыққа 1-қосымшаға сәйкес «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын арнайы біліктілік талаптарын әзірлеудің шарттары;
      2) осы Жарлыққа 2-қосымшаға сәйкес «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын арнайы біліктілік талаптарын бекітудің тәртібі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссия құрылғанға дейін «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын арнайы біліктілік талаптарын Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келіскеннен кейін бекітсін.
      3. Осы Жарлықтың 2013 жылғы 26 наурыздан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармағын қоспағанда, осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Президентінің                          Н. Назарбаев

Қазақстан Республикасы
Президентінің   
2013 жылғы 7 наурыздағы
№ 519 Жарлығына 
1-ҚОСЫМША    

«А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын арнайы біліктілік талаптарын әзірлеудің шарттары

      1. «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын арнайы біліктілік талаптары:
      1) білімі бойынша талаптарды;
      2) жұмыс тәжірибесі бойынша талаптарды;
      3) кәсіби білім-білігі, Қазақстан Республикасының заңнамасын,
стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды білуі бойынша талаптарды;
      4) лауазымдық міндеттерінің сипатына байланысты өзге де талаптарды қамтуы тиіс.
      2. Жұмыс тәжірибесі Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызмет өтілін және (немесе) мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардағы жұмыс өтілін сараланған негізде қамтуы тиіс.
      3. «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын арнайы біліктілік талаптарында мемлекеттік тапсырыс негізінде мемлекеттік қызметшілерді даярлау және қайта даярлаудың мемлекеттік бағдарламалары бойынша немесе Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша шетелдің жоғары оқу орындарында оқуды аяқтаған жағдайда тұлғаларға жұмыс тәжірибесі бойынша сараланған талаптар белгіленеді.
      4. Қойылатын біртекті талаптар ескеріле отырып, «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдары жекелеген лауазымдар топтарына біріктірілуі тиіс.

Қазақстан Республикасы
Президентінің   
2013 жылғы 7 наурыздағы
№ 519 Жарлығына 
2-ҚОСЫМША     

Арнайы біліктілік талаптарын бекітудің тәртібі

      1. «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын арнайы біліктілік талаптарын мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган мүдделі мемлекеттік органдардың ұсыныстарын ескере отырып әзірлейді.
      2. Мүдделі мемлекеттік органдар «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын арнайы біліктілік талаптарының жобасына ұсыныстарды мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган тиісті сұрату жіберген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде ұсынады.
      3. Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын арнайы біліктілік талаптарының жобасын он бес жұмыс күні ішінде әзірлейді және оны келісу үшін Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссияның жұмыс органына (бұдан әрі - жұмыс органы) жолдайды.
      4. Жұмыс органы «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын арнайы біліктілік талаптарының ұсынылған жобасын он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мүдделі құрылымдық бөлімшелерімен келіседі.
      5. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мүдделі құрылымдық бөлімшелерімен келісілгеннен кейін жұмыс органы «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын арнайы біліктілік талаптарының жобасын Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссияның қарауына енгізеді.
      6. Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссиямен келісілгеннен кейін «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын арнайы біліктілік талаптарын бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган бекітеді.
      7. Жұмыс органының ұсынуы бойынша шығарылатын Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссияның ұсынымы арнайы біліктілік талаптарына өзгерістер мен толықтыруларды енгізу үшін негіз болып табылады.

О некоторых вопросах специальных квалификационных требований к административным государственным должностям корпуса "А"

Указ Президента Республики Казахстан от 7 марта 2013 года № 519. Утратил силу Указом Президента Республики Казахстан от 10 декабря 2013 года № 708

      Сноска. Утратил силу Указом Президента РК от 10.12.2013 № 708 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).

      Примечание РЦПИ!
      Введение в действие настоящего Указа см. п.3

Подлежит опубликованию в Собрании
актов Президента и Правительства
Республики Казахстан     

      В целях реализации Закона Республики Казахстан от 23 июля 1999 года «О государственной службе» ПОСТАНОВЛЯЮ:
      1. Утвердить прилагаемые:
      1) условия разработки специальных квалификационных требований к административным государственным должностям корпуса «А» согласно приложению 1 к настоящему Указу;
      2) порядок утверждения специальных квалификационных требований к административным государственным должностям корпуса «А» согласно приложению 2 к настоящему Указу.
      2. Агентству Республики Казахстан по делам государственной службы до формирования Национальной комиссии по кадровой политике при Президенте Республики Казахстан утвердить специальные квалификационные требования к административным государственным должностям корпуса «А» после согласования с Администрацией Президента Республики Казахстан.
      3. Настоящий Указ вводится в действие со дня подписания, за исключением пункта 1 настоящего Указа, который вводится в действие с 26 марта 2013 года.

      Президент
      Республики Казахстан                       Н.Назарбаев

ПРИЛОЖЕНИЕ 1    
к Указу Президента 
Республики Казахстан 
от 7 марта 2013 года № 519

Условия разработки
специальных квалификационных требований к административным
государственным должностям корпуса «А»

      1. Специальные квалификационные требования к административным государственным должностям корпуса «А» должны содержать:
      1) требования по образованию;
      2) требования по опыту работы;
      3) требования по профессиональным знаниям, знанию законодательства Республики Казахстан, стратегических и программных документов;
      4) иные требования, обусловленные характером должностных обязанностей.
      2. Опыт работы должен включать стаж государственной службы в соответствии с законодательством Республики Казахстан о государственной службе и (или) на дифференцированной основе стаж работы в государственных и негосударственных организациях.
      3. В специальных квалификационных требованиях к административным государственным должностям корпуса «А» устанавливаются дифференцированные требования по опыту работы в случаях завершения лицами обучения по государственным программам подготовки и переподготовки государственных служащих на основании государственного заказа или в зарубежных высших учебных заведениях по приоритетным специальностям, утверждаемым Республиканской комиссией по подготовке кадров за рубежом.
      4. С учетом предъявляемых однородных требований административные государственные должности корпуса «А» должны объединяться в отдельные группы должностей.

ПРИЛОЖЕНИЕ 2     
к Указу Президента  
Республики Казахстан  
от 7 марта 2013 года № 519

Порядок утверждения специальных квалификационных требований

      1. Специальные квалификационные требования к административным государственным должностям корпуса «А» разрабатываются уполномоченным органом по делам государственной службы с учетом предложений заинтересованных государственных органов.
      2. Предложения заинтересованных государственных органов к проекту специальных квалификационных требований к административным государственным должностям корпуса «А» представляются в течение пяти рабочих дней со дня соответствующего запроса уполномоченного органа по делам государственной службы.
      3. В течение пятнадцати рабочих дней уполномоченный орган по делам государственной службы разрабатывает проект специальных квалификационных требований к административным государственным должностям корпуса «А» и направляет его на согласование в рабочий орган Национальной комиссии по кадровой политике при Президенте Республики Казахстан (далее - рабочий орган).
      4. Рабочий орган в течение десяти рабочих дней согласовывает представленный проект специальных квалификационных требований к административным государственным должностям корпуса «А» с заинтересованными структурными подразделениями Администрации Президента Республики Казахстан.
      5. После согласования с заинтересованными структурными подразделениями Администрации Президента Республики Казахстан рабочий орган вносит проект специальных квалификационных требований к административным государственным должностям корпуса «А» на рассмотрение Национальной комиссии по кадровой политике при Президенте Республики Казахстан.
      6. После согласования с Национальной комиссией по кадровой политике при Президенте Республики Казахстан специальные квалификационные требования к административным государственным должностям корпуса «А» в течение пяти рабочих дней утверждаются уполномоченным органом по делам государственной службы.
      7. Основанием для внесения изменений и дополнений в специальные квалификационные требования является рекомендация Национальной комиссии по кадровой политике при Президенте Республики Казахстан, выносимая по представлению рабочего органа.