Терроризм актісі қатерінің туындауы туралы ақпарат мониторингінің және халықты хабардар етудің мемлекеттік жүйесінің ұйымдастырылуы мен жұмыс істеуі қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 9 тамыздағы № 611 Жарлығы.

      "Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес халықты терроризм актісі қатерінің туындауы туралы уақтылы хабардар ету және оның жасалуына қарсы іс-қимыл жөніндегі қызметті ұйымдастыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 02.10.2023 № 364 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Терроризм актісі қатерінің туындауы туралы ақпарат мониторингінің және халықты хабардар етудің мемлекеттік жүйесінің ұйымдастырылуы мен жұмыс істеуі қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен жергілікті атқарушы органдары өз актілерін осы Жарлыққа сәйкес келтірсін.

      3. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Президенті

Н.НАЗАРБАЕВ


  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2013 жылғы 9 тамыздағы
№ 611 Жарлығымен
бекітілген

Терроризм актісі қатерінің туындауы туралы ақпарат
мониторингінің және халықты хабардар етудің мемлекеттік
жүйесінің ұйымдастырылуы мен жұмыс істеу қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағидалар терроризм актісі қатерінің туындауы туралы ақпарат мониторингінің және халықты хабардар етудің мемлекеттік жүйесінің ұйымдастырылуы мен жұмыс істеуінің тәртібін белгілейді.

      2. Терроризм актісі қатерінің туындауы туралы ақпарат мониторингінің және халықты хабардар етудің мемлекеттік жүйесі – бұл жеке адамның, қоғамның және мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды ұйымдастыру мен атқару мақсатында қызметі терроризм актісінің (актілерінің) қатері салдарынан немесе жасалуынан туындайтын дағдарысты ахуалдар мониторингін және оларға болжам жасауды жүзеге асыруға, Қазақстан Республикасының аумағында террористік қауіптіліктің деңгейін белгілеуге, терроризм актісінің (актілерінің) қатері немесе жасалуы кезінде мемлекеттік органдарға, меншік нысанына қарамастан ұйымдарға және халыққа ақпаратты және хабардар ету сигналдарын уақтылы жеткізуді қамтамасыз етуге бағытталған басқару органдарының, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар күштері мен құралдарының жиынтығы.

      3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) терроризм актісі қатерінің туындауы туралы ақпарат мониторингі – республиканың түрлі өңірлерінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасының жекелеген учаскелерінде терроризм актісінің (актілерінің) жасалу салдарынан немесе жасалу қаупі салдарынан туындайтын дағдарысты ахуалдар белгілерін анықтау мақсатында орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардан, бұқаралық ақпарат құралдары мен ашық және жабық сипаттағы басқа да дереккөздерден уәкілетті мемлекеттік органдардың ахуалдық орталықтарына, басқару пункттеріне, кезекші және диспетчерлік қызметтеріне тұрақты негізде келіп түсетін, елде және шетелде болып жатқан оқиғаларға қатысты ақпаратты жүйелі түрде жинау және өңдеу;

      2) дайындалып жатқан немесе жасалған терроризм актісі (актілері) туралы анық ақпарат (нақты деректер) – дайындалып жатқан немесе жасалған терроризм актісі (актілері) туралы объективті шындыққа (фактілерге) сәйкес келетін деректер.

2. Терроризм актісі қатерінің туындауы туралы ақпарат
мониторингінің және халықты хабардар етудің мемлекеттік
жүйесінің құрамы

      4. Терроризм актісі қатерінің туындауы туралы ақпарат мониторингінің және халықты хабардар етудің мемлекеттік жүйесінің құрамына:

      Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы;

      Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті;

      Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі;

      Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі;

      Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі;

      Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі;

      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі;

      Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі;

      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі;

      Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі;

      жергілікті атқарушы органдар;

      Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті;

      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті;

      Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі кіреді.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Президентінің 04.05.2014 N 814; 29.08.2014 N 900; 17.09.2014 № 911; 18.09.2019 № 163; 02.10.2023 № 364 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Жарлықтарымен.

3. Мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарына терроризм
актісінің (актілерінің) қатері туындауы немесе жасалуы туралы
ақпаратты жеткізу тәртібі

      5. Терроризм актісі қатерінің туындауы туралы ақпаратты Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген мемлекеттік органдардың ахуалдық орталықтары, басқару пункттері, кезекші және диспетчерлік қызметтері өз құзыретіне сәйкес тұрақты түрде қабылдайды, өңдейді және байланыс арналары арқылы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ахуалдық орталықтарына дереу жібереді.

      Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі күзететін адамдарға немесе объектілерге қатысты терроризм актісі жасалу қатерінің туындауы туралы осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген мемлекеттік органдар алған ақпарат та Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің кезекші қызметіне дереу жіберіледі.

      Қазақстан Республикасының өңірлерінде терроризм актісінің (актілерінің) жасалуы немесе жасалу қаупі салдарынан дағдарысты ахуалдар туындаған кезде жағдай туралы ақпаратты облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдерінің аппараттары және орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері өз құзыретіне сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аумақтық органдарына жібереді.

      Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 04.05.2014 N 814 Жарлығымен.

      6. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ахуалдық орталықтары террористік қауіптілік деңгейін анықтау мақсатында терроризм актісі қатерінің туындауы туралы келіп түскен ақпаратқа мониторингті, ұлттық мүдделерді қозғауы мүмкін халықаралық дағдарыстар мен шиеленістерді болжамдауды тұрақты негізде жүзеге асырады, террористік қатердің өрістеуі (таралуы, республиканың, басқа мемлекеттердің дағдарысты өңірлері, ақпараттық саладағы осал тұстарды табу) туралы тұрақты бағалаулар жүргізеді.

      7. Дайындалып жатқан немесе жасалған терроризм актісі (актілері) туралы анық ақпараттың негізінде қоғамдық қауіптіліктің ауқымын және дәрежесін, терроризм актісінің мемлекет аумағына немесе оның жекелеген өңірлеріне тигізетін күтілетін теріс салдарлары мен сипатын ескере отырып, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті ахуалдық орталықтарының басшылары террористік қауіптілік деңгейі туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасын дереу хабардар етеді.

4. Қазақстан Республикасының аумағындағы террористік қауіптілік
деңгейін анықтау және терроризм актісі қатерінің туындауы
туралы халықты хабардар ету тәртібі

      8. Қазақстан Республикасының барлық аумақтарында немесе өңірлері мен елді мекендерінің аумақтарында террористік қауіптіліктің мынадай деңгейлері:

      бірқалыпты ("сары") – терроризм актісі (актілері) жасалуының нақты мүмкіндігі туралы растауды талап ететін ақпарат болған кезде;

      жоғары ("қызғылт сары") – терроризм актісі (актілері) жасалуының нақты мүмкіндігі туралы расталған ақпарат болған кезде;

      шекті ("қызыл") – жасалған терроризм актісі туралы ақпарат, сондай-ақ терроризм актісін (актілерін) қайталап жасау немесе террористік тұрғыдан осал объектілерге бір мезгілде террористік шабуылдар жасау мүмкіндігі туралы расталған ақпарат болған кезде белгіленуі мүмкін.

      9. Егер қабылданған шаралардың нәтижесінде террористік қауіптіліктің қатері жойылса, онда террористік қауіптілік деңгейі алып тастауға жатады.

      10. Қазақстан Республикасының жекелеген өңірлерінің және елді мекендерінің аумағында террористік қауіптіліктің бірқалыпты ("сары") және жоғары ("қызғылт сары") деңгейлерін белгілеу, өзгерту немесе алып тастау туралы шешімді Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті аумақтық органының бастығы облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімімен келісе отырып дереу қабылдайды, қабылданған шешім туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасын (немесе оны алмастыратын адамды) және облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтарының мүшелерін міндетті түрде хабардар етеді.

      11. Терроризмге қарсы күрес жөніндегі республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жедел штабтарын уақтылы өрістету мақсатында террористік қауіптіліктің белгіленген деңгейіне қарай Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, сондай-ақ өз құзыреті шегінде терроризмге қарсы іс-қимылға қатысатын басқа да мемлекеттік органдардың бірлескен нормативтік құқықтық актілерімен айқындалатын бірыңғай хабардар ету сигналы және олардың құрамына енетін мемлекеттік органдардың күштері мен құралдарын жауынгерлік пайдалануға келтірудің тиісті алгоритмдері қолданылады.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 04.05.2014 N 814 Жарлығымен.

      12. Қазақстан Республикасының жекелеген өңірлерінің және елді мекендерінің аумағында террористік қауіптіліктің бірқалыпты ("сары") және жоғары ("қызғылт сары") деңгейлері белгіленетін мерзімді, террористік қауіптілік деңгейі белгіленетін аумақтың шекарасын және осы Қағидалардың 15-тармағында көзделген шаралар тізбесін, егер Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы (немесе оны алмастыратын адам) өзге шешім қабылдамаса, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті аумақтық органының бастығы облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімімен келісе отырып айқындайды.

      13. Қазақстан Республикасының барлық аумағында террористік қауіптіліктің бірқалыпты ("сары"), жоғары ("қызғылт сары") деңгейлерін, Қазақстан Республикасының жекелеген өңірлерінің және елді мекендерінің аумағында, сол сияқты оның барлық аумағында террористік қауіптіліктің шекті ("қызыл") деңгейін белгілеу, өзгерту немесе алып тастау туралы шешімді Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы (немесе оны алмастыратын адам) қабылдайды. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы (немесе оны алмастыратын адам) террористік қауіптіліктің көрсетілген деңгейлері белгіленетін мерзімді, шегінде олар белгіленетін аумақтың шекараларын және осы Қағидалардың 15-тармағында көзделген шаралар тізбесін айқындайды.

      14. Террористік қауіптіліктің деңгейін белгілеу, өзгерту немесе алып тастау және ол белгіленетін мерзім, сондай-ақ шегінде ол белгіленетін аумақтың шекаралары, террористік тұрғыдан осал объектілер, террористік қауіптілік қатері төнген көлік объектілері, оны жою бойынша құзыретті мемлекеттік органдар қабылдайтын шаралар, дағдарысты жағдайлардағы азаматтық тұрғындардың іс-қимылдары туралы халықты хабардар етуді Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті және оның аумақтық органдары Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігімен, Қазақстан Республикасының Көлік министрлігімен, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігімен, жергілікті атқарушы органдармен, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметімен бірлесіп, бұқаралық ақпарат құралдары және телекоммуникация желілері, атап айтқанда:

      "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде адамдардың өміріне, денсаулығына төнген қатер және қалыптасқан жағдайдағы іс-қимылдар тәртібі туралы халықты хабардар ету, сондай-ақ қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік және құқықтық тәртіпті қорғау мүдделерінде телерадио хабарларын тарату желілерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 16 шілдедегі № 763 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11982 болып тіркелген) сәйкес телерадио хабарларын тарату желілері;

      Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің және мемлекеттік органдардың интернет-ресурстары;

      "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 3-тармағына сәйкес ұялы байланыс;

      мерзімді баспа басылымдары арқылы жүзеге асырады.

      Террористік қауіптілік деңгейі туралы ақпарат сондай-ақ сыртқы (көзге көрінетін) болуы және адамдар көп жиналатын объектілерде плакаттар, стендтер, жарық таблолары, билбордтар, транспаранттар түрінде орналастырылуы мүмкін.

      Террористік қауіптілік деңгейі туралы сыртқы (көзге көрінетін) ақпаратты орналастыру жөніндегі іс-шараларды жергілікті атқарушы органдар жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүргізеді.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 02.10.2023 № 364 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      15. Белгіленген террористік қауіптілік деңгейіне сәйкес терроризмге қарсы күрес бойынша республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) жедел штабтарының қызметін ұйымдастыруға тартылған мемлекеттік органдар, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар өз құзыретіне сәйкес жеке тұлғаның, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша мынадай шаралар қабылдайды:

      1) террористік қауіптіліктің "сары" деңгейінде:

      терроризм актісінің болуы мүмкін екендігі туралы ақпаратты тексеру бойынша іс-шаралар;

      аумақтық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың терроризм актілерінің салдарын жоюға арналған күштері мен құралдарының, сондай-ақ құтқару жұмыстарын жүргізу үшін пайдаланатын техникалық құралдардың және арнайы жабдықтардың есебін нақтылау;

      мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының жедел немесе шұғыл түрде медициналық көмек көрсету бойынша, сондай-ақ терроризм актісі салдарынан физикалық зиян келтірілуі мүмкін адамдарды медициналық эвакуациялауды ұйымдастыру бойынша мүмкіндігін бағалау;

      полиция нарядтарын және әскери қызметшілердің жекелеген санаттарын, сондай-ақ террористік тұрғыдан осал объектілердің дағдарысты ахуалдарды оқшаулау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын персоналы мен бөлімшелерін, алынған ақпаратқа байланысты тиісті салада мамандарды тарта отырып, нұсқамадан өткізу;

      көшелерге, алаңдарға, стадиондарға, скверлерге, саябақтарға, теміржол магистральдары желілеріне, теміржол вокзалдарына, әуежайларға, теңіз және өзен порттарына, метрополитен объектілеріне, бұқаралық және көпшілік іс-шаралар өткізетін орындарға, басқа да қоғамдық жерлерге, оның ішінде кинология қызметінің мамандарын тарта отырып, күшейтілген патрульдер шығару;

      әуежайларда, теңіз және өзен порттарында, метрополитен объектілерінде, теміржол вокзалдарында және сапаржайларда арнайы техникалық құралдарды қолдана отырып тексеріп қарау іс-шараларын өткізу барысында режимдік шараларды күшейту;

      жарылғыш құрылғылар қою орындарын анықтау мақсатында инфрақұрылым объектілерін, жылу, газ құбырларын, газ тарату станцияларын, энергетика жүйелерін тексеруді және қарап шығуды жүзеге асыру;

      көпшілік қатысатын және бұқаралық іс-шараларға қатысушылардың негізгі маршруттарына инженерлік-техникалық барлау жүргізу, жарылғыш құрылғыларды анықтау және залалсыздандыру мақсатында террористік тұрғыдан осал объектілерді және адамдар көп жиналатын орындарды зерттеп қарау;

      болуы мүмкін терроризм актісінің қатері және қажетті іс-қимылдар туралы халықты хабардар ету;

      2) террористік қауіптіліктің "қызғылт сары" деңгейінде (террористік қауіптіліктің "сары" деңгейі белгіленгенде қабылданатын шаралармен қатар):

      әуе, су, автомобиль, теміржол көліктерінде, сондай-ақ террористік тұрғыдан осал объектілерде терроризм актілерін дайындауға және жасауға қатысы бар адамдарды іздеуді ұйымдастыру жөніндегі шараларды жандандыру;

      террористік қауіптілік деңгейі белгіленген аумақтың шегінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1427 қаулысымен бекітілген Ішкі мигранттарды тіркеу қағидаларын Қазақстан Республикасы азаматтарының, оның ішінде лауазымды адамдардың сақтауына, сондай-ақ шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасында уақытша болу немесе тұрақты тұру, Қазақстан Республикасына кіру, Қазақстан Республикасынан шығу және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен өту тәртібін сақтауына бақылауды күшейту;

      терроризм актісінің қатерін жоюға тартылған күштер мен құралдарды практикада қолдану бойынша дайындық іс-шараларын өткізу;

      террористік тұрғыдан осал объектілердің дағдарысты ахуалдарды оқшаулау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын персоналы мен бөлімшелерінің дайындығын тексеру және олардың терроризм актісінің жолын кесу мен адамдарды құтқару жөніндегі мүмкін болатын іс-қимылдарын пысықтау;

      терроризмге қарсы операцияның құқықтық режимі енгізілген жағдайда жекелеген жергілікті жер учаскелерінен және объектілерден көшірілген адамдарды уақытша орналастыруға жарамды орындарды, сондай-ақ оларды азық-түлікпен және киіммен қамтамасыз ету көздерін анықтау;

      көлік құралдарын – адамдарды эвакуациялауға, мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарын – терроризм актісі салдарынан физикалық және моральдық зиян келтірілуі мүмкін адамдарды қабылдауға жоғары дайындық режиміне келтіру;

      терроризмге қарсы операцияны өткізу үшін жедел штабтарға берілген күштер мен құралдарды дайындық жағдайына келтіру;

      террористік тұрғыдан осал объектілерді күзетуді күшейту;

      террористік қауіптілік деңгейі белгіленген аумақта көлік құралдарының қозғалысын бақылауды күшейту, қару мен жарылғыш заттарды анықтайтын техникалық құралдарды қолдана отырып, көлік құралдарын тексеріп қараудан өткізу;

      3) террористік қауіптіліктің "қызыл" деңгейі белгіленген кезде (террористік қауіптіліктің "сары" және "қызғылт сары" деңгейі енгізілген кезде қабылданатын шаралармен қатар):

      тиісті мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарын төтенше режимге көшіру;

      терроризмге қарсы операцияның құқықтық режимі енгізілген жағдайда жекелеген жергілікті жер учаскелерінен және объектілерден көшірілген адамдарды уақытша орналастыру пункттерін құру, терроризм актісінен (актілерінен) зардап шеккен адамдарды уақытша орналастыру пункттерін қауіпсіз аймақтарда құру, адамдардың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін мүлікті (азық-түлік, киім және басқа да мүлік) жеткізуді ұйымдастыру;

      адамдарды құтқару, қараусыз қалған мүлікті күзету бойынша жедел шаралар қолдану, құтқару қызметтерінің және құралымдарының үздіксіз жұмыс істеуіне жәрдемдесу.

      Террористік қауіптіліктің "қызғылт сары" және "қызыл" деңгейлерінде республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызды қаланың) терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабы басшысының шешімі бойынша "Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-1-бабында көзделген шаралар қолданылуы мүмкін.

      Ескерту. 15-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Президентінің 02.10.2023 № 364 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      16. Террористік қауіптіліктің деңгейлерін белгілеу, өзгерту немесе алып тастау туралы шешім, сондай-ақ террористік қауіптілік деңгейі белгіленген мерзімдер туралы және шегінде ол белгіленетін аумақтың шекаралары туралы ақпарат бұқаралық ақпарат құралдары арқылы дереу жариялануға тиіс.

Об утверждении Правил организации и функционирования государственной системы мониторинга информации и оповещения населения о возникновении угрозы акта терроризма

Указ Президента Республики Казахстан от 9 августа 2013 года № 611.

      В соответствии с подпунктом 2) пункта 2 статьи 4 Закона Республики Казахстан "О противодействии терроризму" в целях своевременного информирования населения о возникновении угрозы акта терроризма и организации деятельности по противодействию его совершению ПОСТАНОВЛЯЮ:

      Сноска. Преамбула – в редакции Указа Президента РК от 02.10.2023 № 364 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1. Утвердить прилагаемые Правила организации и функционирования государственной системы мониторинга информации и оповещения населения о возникновении угрозы акта терроризма.

      2. Государственным органам и местным исполнительным органам Республики Казахстан привести свои акты в соответствие с настоящим Указом.

      3. Настоящий Указ вводится в действие после первого официального опубликования.

Президент


Республики Казахстан

Н. НАЗАРБАЕВ


  УТВЕРЖДЕНЫ
Указом Президента
Республики Казахстан
от 9 августа 2013 года № 611

ПРАВИЛА
организации и функционирования государственной системы мониторинга информации и оповещения населения о возникновении угрозы акта терроризма

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила определяют порядок организации и функционирования государственной системы мониторинга информации и оповещения населения о возникновении угрозы акта терроризма.

      2. Государственная система мониторинга информации и оповещения населения о возникновении угрозы акта терроризма – это совокупность органов управления, сил и средств центральных государственных и местных исполнительных органов, деятельность которых направлена на осуществление мониторинга и прогнозирования кризисных ситуаций, возникающих вследствие угрозы или совершения акта (актов) терроризма, установление уровней террористической опасности на территории Республики Казахстан, обеспечение своевременного доведения информации и сигналов оповещения об угрозе или совершении акта (актов) терроризма до государственных органов, организаций независимо от формы собственности и населения, в целях организации и исполнения мер по обеспечению безопасности личности, общества и государства.

      3. В настоящих Правилах используются следующие понятия:

      1) мониторинг информации о возникновении угрозы акта терроризма – систематический сбор и обработка информации относительно событий, происходящих в стране и за рубежом, на постоянной основе поступающей из центральных государственных и местных исполнительных органов, средств массовой информации и других источников открытого и закрытого характера в ситуационные центры, пункты управления, дежурные и диспетчерские службы уполномоченных государственных органов, в целях выявления признаков кризисных ситуаций, возникающих в различных регионах республики, а также на отдельных участках Государственной границы Республики Казахстан, вследствие совершения или угрозы совершения акта (актов) терроризма;

      2) достоверная информация (фактические данные) о готовящемся или совершившемся акте (актах) терроризма – данные, соответствующие объективной реальности (фактам) о готовящемся или совершившемся акте (актах) терроризма.

2. Состав государственной системы мониторинга информации
и оповещения населения о возникновении угрозы акта терроризма

      4. В состав государственной системы мониторинга информации и оповещения населения о возникновении угрозы акта терроризма входят:

      Генеральная прокуратура Республики Казахстан;

      Комитет национальной безопасности Республики Казахстан;

      Служба государственной охраны Республики Казахстан

      Министерство иностранных дел Республики Казахстан;

      Министерство обороны Республики Казахстан;

      Министерство внутренних дел Республики Казахстан;

      Министерство сельского хозяйства Республики Казахстан;

      Министерство транспорта Республики Казахстан;

      Министерство финансов Республики Казахстан;

      Министерство культуры и информации Республики Казахстан;

      местные исполнительные органы;

      Комитет атомного и энергетического надзора и контроля Министерства энергетики Республики Казахстан;

      Комитет государственных доходов Министерства финансов Республики Казахстан;

      Служба центральных коммуникаций при Президенте Республики Казахстан.

      Сноска. Пункт 4 с изменениями, внесенными указами Президента РК от 04.05.2014 № 814; от 29.08.2014 № 900; от 17.09.2014 № 911; от 18.09.2019 № 163; от 02.10.2023 № 364 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

3. Порядок доведения информации о возникновении угрозы или совершении акта (актов) терроризма до должностных лиц государственных органов

      5. Информация о возникновении угрозы акта терроризма на постоянной основе принимается, обрабатывается ситуационными центрами, пунктами управления, дежурными и диспетчерскими службами государственных органов, указанных в пункте 4 Правил, в соответствии со своей компетенцией и незамедлительно передается через каналы связи в ситуационные центры Комитета национальной безопасности Республики Казахстан.

      Информация о возникновении угрозы совершения акта терроризма в отношении лиц или объектов, охраняемых Службой государственной охраны Республики Казахстан, полученная государственными органами, указанными в пункте 4 настоящих Правил, также незамедлительно передается в дежурную службу Службы государственной охраны Республики Казахстан.

      При возникновении кризисных ситуаций в регионах Республики Казахстан вследствие совершения или угрозы совершения акта (актов) терроризма информация об обстановке незамедлительно передается аппаратами акимов области, города республиканского значения, столицы, района (города областного значения) и территориальными подразделениями центральных государственных органов в соответствии со своей компетенцией в территориальные органы Комитета национальной безопасности Республики Казахстан.

      Сноска. Пункт 5 с изменением, внесенным Указом Президента РК от 04.05.2014 № 814.

      6. Ситуационные центры Комитета национальной безопасности Республики Казахстан на постоянной основе осуществляют мониторинг поступившей информации о возникновении угрозы акта терроризма, прогнозирование международных кризисов и конфликтов, могущих затронуть национальные интересы, составляют регулярные оценки о развитии террористической угрозы с целью определения уровня террористической опасности (распространение, кризисные регионы республики, других государств, обнаружение уязвимостей в информационной сфере).

      7. На основании достоверной информации о готовящемся или совершившемся акте (актах) терроризма, с учетом масштабов и степени общественной опасности, ожидаемых негативных последствий и характера акта терроризма, затрагивающего территорию государства или его отдельные регионы, руководители ситуационных центров Комитета национальной безопасности Республики Казахстан незамедлительно информируют об уровне террористической опасности Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан.

4. Порядок установления уровней террористической опасности на территории Республики Казахстан и оповещения населения о возникновении угрозы акта терроризма

      8. На всей территории или территории регионов и населенных пунктов Республики Казахстан могут устанавливаться следующие уровни террористической опасности:

      умеренный ("желтый") – при наличии требующей подтверждения информации о реальной возможности совершения акта (актов) терроризма;

      высокий ("оранжевый") – при наличии подтвержденной информации о реальной возможности совершения акта (актов) терроризма;

      критический ("красный") – при наличии информации о совершенном акте терроризма, а также подтвержденной информации о возможном совершении повторного акта (актов) терроризма или одновременных террористических атак на объекты, уязвимые в террористическом отношении.

      9. Уровень террористической опасности подлежит отмене, если в результате принятых мер устранена угроза террористической опасности.

      10. Решение об установлении, изменении или отмене умеренного ("желтого") и высокого ("оранжевого") уровней террористической опасности на территории отдельных регионов и населенных пунктов Республики Казахстан незамедлительно принимает начальник территориального органа Комитета национальной безопасности по согласованию с акимом области, города республиканского значения, столицы с обязательным информированием о принятом решении Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан (или лица, его замещающего) и членов областного, города республиканского значения, столицы оперативных штабов по борьбе с терроризмом.

      11. В целях своевременного развертывания республиканского, областного, города республиканского значения, столицы, района (города областного значения) оперативных штабов по борьбе с терроризмом в зависимости от установленного уровня террористической опасности применяются единый сигнал оповещения и соответствующие алгоритмы приведения сил и средств государственных органов, входящих в их состав, к боевому применению, определяемые совместными нормативными правовыми актами Комитета национальной безопасности Республики Казахстан, Министерства внутренних дел Республики Казахстан, Службы государственной охраны Республики Казахстан, Министерства обороны Республики Казахстан, а также иных государственных органов, участвующих в пределах своей компетенции в противодействии терроризму.

      Сноска. Пункт 11 в редакции Указа Президента РК от 04.05.2014 № 814.

      12. Срок, на который устанавливается умеренный ("желтый") или высокий ("оранжевый") уровень террористической опасности на территории отдельных регионов и населенных пунктов Республики Казахстан, границы территории, в пределах которой устанавливается уровень террористической опасности, и перечень мер, предусмотренных пунктом 15 настоящих Правил, определяются начальником территориального органа Комитета национальной безопасности Республики Казахстан по согласованию с акимом области, города республиканского значения, столицы, если Председателем Комитета национальной безопасности Республики Казахстан (или лицом, его замещающим) не принято иное решение.

      13. Решение об установлении, изменении или отмене умеренного ("желтого"), высокого ("оранжевого") уровней террористической опасности на всей территории Республики Казахстан, критического ("красного") уровня террористической опасности как на территории отдельных регионов и населенных пунктов Республики Казахстан, так и на всей ее территории принимает Председатель Комитета национальной безопасности Республики Казахстан (или лицо, его замещающее). Председатель Комитета национальной безопасности Республики Казахстан (или лицо, его замещающее) определяет срок, на который устанавливаются указанные уровни террористической опасности, границы территории, в пределах которой они устанавливаются, и перечень мер, предусмотренных пунктом 15 настоящих Правил.

      14. Оповещение населения об установлении, изменении или отмене уровня террористической опасности и сроке, на который он устанавливается, а также о границах территории, в пределах которой он устанавливается, объектах, уязвимых в террористическом отношении, объектах транспорта, подвергшихся террористической опасности, мерах, предпринимаемых компетентными государственными органами по ее устранению, действиях гражданского населения в кризисных ситуациях осуществляется Комитетом национальной безопасности Республики Казахстан и его территориальными органами совместно с Министерством культуры и информации Республики Казахстан, Министерством транспорта Республики Казахстан, Министерством внутренних дел Республики Казахстан, местными исполнительными органами, Службой центральных коммуникаций при Президенте Республики Казахстан через средства массовой информации и сеть телекоммуникаций, а именно:

      сети телерадиовещания в соответствии с приказом Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 16 июля 2015 года № 763 "Об утверждении Правил использования сетей телерадиовещания для оповещения населения об угрозе жизни, здоровью людей и порядке действий в сложившейся обстановке при чрезвычайных ситуациях природного и техногенного характера, а также в интересах обороны, национальной безопасности и охраны правопорядка" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 11982);

      интернет-ресурсы Комитета национальной безопасности Республики Казахстан и государственных органов;

      сотовую связь в соответствии с пунктом 3 статьи 14 Закона Республики Казахстан "О связи";

      периодические печатные издания.

      Информация об уровне террористической опасности может быть также наружной (визуальной) и размещаться в виде плакатов, стендов, световых табло, билбордов, транспарантов на объектах массового скопления людей.

      Мероприятия по размещению наружной (визуальной) информации об уровне террористической опасности проводятся местными исполнительными органами за счет средств местного бюджета.

      Сноска. Пункт 14 – в редакции Указа Президента РК от 02.10.2023 № 364 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      15. В соответствии с установленным уровнем террористической опасности государственными органами, задействованными в организации деятельности республиканского, областного, города республиканского значения, столицы, района (города областного значения) оперативных штабов по борьбе с терроризмом, а также местными исполнительными органами принимаются, в соответствии со своей компетенцией, следующие меры по обеспечению безопасности личности, общества и государства:

      1) при "желтом" уровне террористической опасности:

      мероприятия по проверке информации о возможном совершении акта терроризма;

      уточнение расчетов имеющихся у территориальных государственных органов и местных исполнительных органов сил и средств, предназначенных для ликвидации последствий актов терроризма, а также технических средств и специального оборудования для проведения спасательных работ;

      оценка возможностей государственных организаций здравоохранения по оказанию медицинской помощи в неотложной или экстренной форме, а также по организации медицинской эвакуации лиц, которым в результате акта терроризма может быть причинен физический вред;

      инструктаж нарядов полиции и отдельных категорий военнослужащих, а также персонала и подразделений объектов, уязвимых в террористическом отношении, осуществляющих функции по локализации кризисных ситуаций, с привлечением в зависимости от полученной информации специалистов в соответствующей сфере;

      выставление на улицах, площадях, стадионах, в скверах, парках, на магистральных железнодорожных сетях, железнодорожных вокзалах, автовокзалах, в аэропортах, морских и речных портах, на объектах метрополитена, в местах проведения публичных и массовых мероприятий, в других общественных местах усиленных патрулей, в том числе с привлечением специалистов кинологической службы;

      усиление режимных мер в ходе проведения досмотровых мероприятий в аэропортах, морских и речных портах, на объектах метрополитена, железнодорожных вокзалах и автовокзалах с использованием специальных технических средств;

      осуществление проверок и осмотров объектов инфраструктуры, теплопроводов, газопроводов, газораспределительных станций, энергетических систем в целях выявления возможных мест закладки взрывных устройств;

      проведение инженерно-технической разведки основных маршрутов передвижения участников публичных и массовых мероприятий, обследование объектов, уязвимых в террористическом отношении, и мест массового скопления людей в целях обнаружения и обезвреживания взрывных устройств;

      информирование населения о возможной угрозе совершения акта терроризма и необходимых действиях;

      2) при "оранжевом" уровне террористической опасности (наряду с мерами, принимаемыми при установлении "желтого" уровня террористической опасности):

      активизация мер по организации розыска на воздушном, водном, автомобильном, железнодорожном транспорте, а также объектах, уязвимых в террористическом отношении, лиц, причастных к подготовке и совершению актов терроризма;

      усиление контроля за соблюдением гражданами Республики Казахстан, в том числе должностными лицами, Правил регистрации внутренних мигрантов, утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 1 декабря 2011 года № 1427, в пределах территории, на которой установлен уровень террористической опасности, а также за соблюдением иностранцами и лицами без гражданства порядка временного пребывания или постоянного проживания в Республике Казахстан, въезда в Республику Казахстан, выезда из Республики Казахстан и транзитного проезда через территорию Республики Казахстан;

      проведение подготовительных мероприятий по практическому применению сил и средств, привлекаемых для устранения угрозы акта терроризма;

      проверка готовности персонала и подразделений объектов, уязвимых в террористическом отношении, осуществляющих функции по локализации кризисных ситуаций, и отработка их возможных действий по пресечению акта терроризма и спасению людей;

      определение мест, пригодных для временного размещения людей, перемещенных с отдельных участков местности и объектов, в случае введения правового режима антитеррористической операции, а также источников обеспечения их питанием и одеждой;

      приведение в состояние режима повышенной готовности: транспортных средств – к эвакуации людей; государственных организаций здравоохранения – к приему лиц, которым в результате акта терроризма может быть причинен физический и моральный ущерб;

      приведение в состояние готовности приданных оперативным штабам сил и средств для проведения антитеррористической операции;

      усиление охраны объектов, уязвимых в террористическом отношении;

      усиление контроля за передвижением транспортных средств на территории, где установлен уровень террористической опасности, проведение досмотра транспортных средств с применением технических средств обнаружения оружия и взрывчатых веществ;

      3) при установлении "красного" уровня террористической опасности (наряду с мерами, применяемыми при введении "желтого" и "оранжевого" уровней террористической опасности):

      перевод соответствующих государственных организаций здравоохранения в чрезвычайный режим;

      создание пунктов временного размещения людей, перемещенных с отдельных участков местности и объектов, в случае введения правового режима антитеррористической операции, создание в безопасных зонах пунктов временного размещения лиц, пострадавших от акта (актов) терроризма, организация подвоза имущества для жизнеобеспечения людей (питание, одежда и другое имущество);

      принятие неотложных мер по спасению людей, охране имущества, оставшегося без присмотра, содействие бесперебойной работе спасательных служб и формирований.

      По решению руководителя республиканского, областного, города республиканского значения, столицы, районного (города областного значения) оперативного штаба по борьбе с терроризмом при "оранжевом" и "красном" уровнях террористической опасности могут применяться меры, предусмотренные статьей 15-1 Закона Республики Казахстан "О противодействии терроризму".

      Сноска. Пункт 15 с изменением, внесенным Указом Президента РК от 02.10.2023 № 364 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      16. Решение об установлении, изменении или отмене уровня террористической опасности, а также информация о сроках, на которые устанавливается уровень террористической опасности, и границах территории, в пределах которой он устанавливается, подлежат незамедлительному обнародованию через средства массовой информации.