Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкiметі актiлерiнiң жинағында жариялануға тиiс |
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. "Терроризм актісі қатерінің туындауы туралы ақпарат мониторингінің және халықты хабардар етудің мемлекеттік жүйесінің ұйымдастырылуы мен жұмыс істеуі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 9 тамыздағы № 611 Жарлығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
преамбула мынадай редакцияда жазылсын:
""Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес халықты терроризм актісі қатерінің туындауы туралы уақтылы хабардар ету және оның жасалуына қарсы іс-қимыл жөніндегі қызметті ұйымдастыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:";
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Терроризм актісі қатерінің туындауы туралы ақпарат мониторингінің және халықты хабардар етудің мемлекеттік жүйесінің ұйымдастырылуы мен жұмыс істеуі қағидаларында:
тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі;";
он бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі;";
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Террористік қауіптіліктің деңгейін белгілеу, өзгерту немесе алып тастау және ол белгіленетін мерзім, сондай-ақ шегінде ол белгіленетін аумақтың шекаралары, террористік тұрғыдан осал объектілер, террористік қауіптілік қатері төнген көлік объектілері, оны жою бойынша құзыретті мемлекеттік органдар қабылдайтын шаралар, дағдарысты жағдайлардағы азаматтық тұрғындардың іс-қимылдары туралы халықты хабардар етуді Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті және оның аумақтық органдары Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігімен, Қазақстан Республикасының Көлік министрлігімен, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігімен, жергілікті атқарушы органдармен, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметімен бірлесіп, бұқаралық ақпарат құралдары және телекоммуникация желілері, атап айтқанда:
"Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде адамдардың өміріне, денсаулығына төнген қатер және қалыптасқан жағдайдағы іс-қимылдар тәртібі туралы халықты хабардар ету, сондай-ақ қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік және құқықтық тәртіпті қорғау мүдделерінде телерадио хабарларын тарату желілерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 16 шілдедегі № 763 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11982 болып тіркелген) сәйкес телерадио хабарларын тарату желілері;
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің және мемлекеттік органдардың интернет-ресурстары;
"Байланыс туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 3-тармағына сәйкес ұялы байланыс;
мерзімді баспа басылымдары арқылы жүзеге асырады.
Террористік қауіптілік деңгейі туралы ақпарат сондай-ақ сыртқы (көзге көрінетін) болуы және адамдар көп жиналатын объектілерде плакаттар, стендтер, жарық таблолары, билбордтар, транспаранттар түрінде орналастырылуы мүмкін.
Террористік қауіптілік деңгейі туралы сыртқы (көзге көрінетін) ақпаратты орналастыру жөніндегі іс-шараларды жергілікті атқарушы органдар жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүргізеді.";
15-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Террористік қауіптіліктің "қызғылт сары" және "қызыл" деңгейлерінде республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызды қаланың) терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабы басшысының шешімі бойынша "Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-1-бабында көзделген шаралар қолданылуы мүмкін.".
2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ.Тоқаев |