"А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне ротация жүргізу қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 13 қаңтардағы № 721 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 Жарлығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентінің 29.12.2015 № 152 Жарлығымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

      «Мемлекеттiк қызмет туралы» 1999 жылғы 23 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңының 18-1-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Қоса беріліп отырған «А» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне ротация жүргізу қағидалары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай жарлықтарына толықтырулар енгізілсін:
      1) «Мемлекеттік қызмет өткеру тәртібі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 10 наурыздағы № 357 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 15, 141-құжат):
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік қызмет өткеру тәртібі туралы ереже:
      мынадай мазмұндағы 43-1-тармақпен толықтырылсын:
      «43-1. Тестілеу ресімдерін техникалық қамтамасыз етуді, мемлекеттік қызмет персоналы жөніндегі автоматтандырылған деректер базасын сүйемелдеу мен әкімшілендіруді, мемлекеттік қызметшілердің дербес деректерін жинауды, өңдеу мен қорғауды Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерінің) жүз пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлға жүзеге асырады.»;
      2) «Мемлекеттiк билiк органдары жүйесіндегі кадр саясатының кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы № 828 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 17, 212-құжат):
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік саяси қызметшілерін және өзге де лауазымды тұлғаларын келісу, қызметке тағайындау және қызметтен босату тәртібі туралы ереже:
      мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
      «4-1. «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметіне жататын лауазымдарға тағайындау Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне ротация жүргізу қағидаларында көзделген тәртіпте жоспарлы ротациялау шеңберінде жүзеге асырылады.»;
      мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
      «5-1. «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметіне жататын лауазымға ротациялау шеңберінде тағайындауды келісу ресіміне қажетті құжаттар тізбесі Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне ротация жүргізу қағидаларында айқындалады.».
      3. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                            Н.Назарбаев

       Қазақстан Республикасы
Президентінің    
2014 жылғы 13 қаңтардағы
№ 721 Жарлығымен  
бекітілген      

«А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне ротация жүргізу қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне ротация жүргізудің осы қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік қызмет туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 18-1-бабын іске асыру мақсатында әзірленген.
      2. «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісін (бұдан әрі – «А» корпусының қызметшісі) ротациялауды «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына тағайындау және одан босату құқығы бар адам (орган) (бұдан әрі – уәкілетті адам) жүзеге асырады.
      3. Қазақстан Республикасының Президенті лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босататын «А» корпусының қызметшісін ротациялау Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігі Басшысының ұсынуымен жүзеге асырылады.
      4. Ротация мынадай мақсаттарда жүргізіледі:
      1) мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыру, облыстық маңызы бар қалаларды, облыстардың аудандары мен қалалардағы аудандарды дамыту;
      2) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу;
      3) «А» корпусының қызметшілерінің кәсіби және басқарушылық тәжірибесін тиімді пайдалану;
      4) «А» корпусының қызметшілерін кәсіби дамыту және олардың басқарушылық құзыретін жетілдіру.
      5. «А» корпусының қызметшілерін ротациялау олардың келісімімен және «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына (бұдан әрі – «А» корпусының лауазымдары) қойылатын арнайы біліктілік талаптарына сай болған жағдайда жүргізіледі.
      6. Ротация мынадай схемалардың бірі бойынша жүргізіледі:
      1) деңгейаралық («орталық – өңір», «өңір – орталық»);
      2) өңіраралық («өңір - өңір»);
      3) сектораралық («орталық – орталық»).
      7. Ротация шеңберінде «А» корпусының лауазымдарына тағайындауды және (немесе) көрсетілген лауазымдардан босатуды растайтын құжаттың көшірмесі лауазымдарға тағайындалған және (немесе) лауазымдардан босатылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) беріледі.
      8. Уәкілетті орган ротация жүргізу мониторингін тұрақты негізде жүзеге асырады.

2. Ротация жүргізу тәртібі

      9. «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына тағайындауды және одан босатуды Қазақстан Республикасының Президенті жүзеге асыратын жағдайларды қоспағанда, «А» корпусының қызметшілерін жоспарлы ротациялауды Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссияның (бұдан әрі – Ұлттық комиссия) ұсынымдары негізінде уәкілетті адамдар жүргізеді.
      10. Уәкілетті адам «А» корпусының қызметшісімен еңбек шартының мерзімі өткенге дейінгі төрт ай мерзімнен кешіктірмей уәкілетті органға мынадай ұсыныстардың бірін енгізеді:
      1) «А» корпусының қызметшісімен еңбек шартының мерзімін ұзарту;
      2) «А» корпусының қызметшісімен еңбек шартын бұзу;
      3) «А» корпусының қызметшісін ротациялауға ұсыным беру.
      Уәкілетті адам «А» корпусының қызметшісін ротациялау жөніндегі ұсыныстарын осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысанда енгізеді.
      11. Уәкілетті орган осы Қағидалардың 10-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген ұсыныстар енгізілген «А» корпусының лауазымдарына кандидаттардың тізімін жасайды және оны уәкілетті адамдарға жолдайды.
      12. Уәкілетті адамдар кандидаттар тізімінен осы Қағидалардың 10-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген ұсыныстар енгізілген әрбір лауазымға бір кандидатты таңдайды.
      Уәкілетті адамдар қажет болған жағдайда кандидаттармен әңгімелесу өткізеді, уәкілетті органнан олардың білімі туралы мәліметтерді, олардың еңбек қызметі туралы құжаттарының электрондық нұсқасын сұратады.
      13. Таңдалған кандидаттар бойынша ұсыныстар уәкілетті органнан кандидаттар тізімін алған күннен бастап екі апта ішінде уәкілетті органға жолданады.
      Уәкілетті адам уәкілетті органға ұсыныстар жолдағаны туралы таңдалған кандидаттарға хабарлайды.
      14. Егер уәкілетті адам ұсынылған кандидаттар тізімінен кандидатураны таңдамаған жағдайда, ол уәкілетті органннан кандидаттар тізімін алған күннен бастап екі апта ішінде уәкілетті органға тиісті негіздеме ұсынады.
      15. Уәкілетті орган уәкілетті адамдардың ұсыныстары негізінде «А» корпусының қызметшілерін ротациялау жоспарының жобасын жасайды, сондай-ақ осы Қағидалардың 10-тармағының 1)-2) тармақшаларында көрсетілген уәкілетті адамдардың ұсыныстарын жинақтауды жүзеге асырады.
      16. Уәкілетті орган осы Қағидалардың 14 және 15-тармақтарында көрсетілген материалдарды уәкілетті адамдардан ұсыныстарды алған күннен бастап екі ай ішінде Ұлттық комиссияның жұмыс органына жолдайды.
      17. Ұлттық комиссияның жұмыс органы қажет болған жағдайда «А» корпусының қызметшілерін ротациялау жоспарының жобасына «А» корпусының қызметшілерімен және уәкілетті адаммен келісім бойынша:
      1) «А» корпусының қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалау нәтижелерін;
      2) мемлекеттік органдардың қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау нәтижелерін;
      3) астананың, республикалық маңызы бар қаланың, облыстардың, облыстық маңызы бар қалалардың және аудандардың жыл сайынғы рейтингтерінің нәтижелерін;
      4) Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің тиісті құрылымдық бөлімшелерінің қорытындыларын және өзге де ақпаратты ескере отырып тиісті түзетулер енгізеді.
      Ротациялау жоспарының жобасын келісуді Ұлттық комиссияның қарауына енгізгенге дейін Ұлттық комиссияның жұмыс органы жүзеге асырады.
      18. Егер Ұлттық комиссияның шешімімен өзгеше белгіленбесе, Ұлттық комиссияның жұмыс органы осы Қағидалардың 14 және 17-тармақтарында көрсетілген материалдарды Ұлттық комиссияның қарауына «А» корпусы қызметшілерінің еңбек шартының мерзімі өткенге дейінгі бір айдан кешіктірмей енгізеді.
      19. Ұлттық комиссия материалдарды қарап:
      1) «А» корпусының қызметшісімен еңбек шартын ұзарту туралы;
      2) «А» корпусының қызметшісімен еңбек шартын бұзу туралы;
      3) «А» корпусының қызметшісін ротациялау туралы;
      4) «А» корпусының қызметшісімен еңбек шартын бұзу және оны «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне алу туралы ұсынымдар шығарады.
      20. Ұлттық комиссия қажет болған жағдайда «А» корпусының қызметшісімен әңгімелесу өткізеді.
      21. Ұлттық комиссия мақұлдаған «А» корпусының қызметшісін ротациялау жоспары уәкілетті адамдарға жолданады.
      22. Мақұлданған ротациялау жоспары шеңберінде «А» корпусының қызметшілерін тағайындау «А» корпусының қызметшілерімен еңбек шартының мерзімі өткенге дейін жүзеге асырылады.
      Егер «А» корпусының қызметшісі ротация тәртібімен үміттенетін лауазым ротация жүргізу сәтінде бос болмаса, онда «А» корпусының қызметшісі көрсетілген лауазым босағанға дейін атқаратын лауазымында жұмысын жалғастырады.
      «А» корпусының қызметшілерімен еңбек шартының мерзімі өткенге дейін ротациялау жоспарын мақұлдау туралы Ұлттық комиссияның шешімі болмаған жағдайда, Ұлттық комиссия не Ұлттық комиссия өкілеттік берген жағдайда – уәкілетті адам тиісті шешім қабылдағанға дейін олар атқаратын лауазымында жұмысын жалғастырады.
      «А» корпусының қызметшілерін тағайындау қолданыстағы заңнаманың талаптарын ескере отырып, мақұлданған ротациялау жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.
      23. «А» корпусының қызметшісін ротациялау жоспарында көзделмеген жағдайларда ротациялау, егер соңғы атқаратын «А» корпусының лауазымында болу мерзімі кемінде бір жылды құрайтын болса, жүргізіледі.
      24. «А» корпусының қызметшісіне қатысты ротациялау жоспарында көзделмеген жағдайларда ротациялау, оның соңғы атқаратын «А» корпусының лауазымында болу мерзімі бір жылдан кем болса, Қазақстан Республикасы Президентінің келісімімен жүргізіледі.
      25. «А» корпусының қызметшісінде алынбаған тәртіптік жазасы болғанда, ротациялау жоспарында көзделмеген жағдайларда ротациялау жүзеге асырылмайды.
      26. Ротациялау жоспарында көзделмеген жағдайларда, «А» корпусының қызметшісін мемлекеттік орган ішінде жоғары тұрған, төмен тұрған немесе мәні тең лауазымға не басқа мемлекеттік органға ротациялау жүзеге асырылады.
      Ротациялау жоспарында көзделмеген жағдайларда, «А» корпусының қызметшісін мемлекеттік орган ішіндегі жоғары тұрған «А» корпусының лауазымына және басқа мемлекеттік органдағы «А» корпусының лауазымына ротациялау Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің немесе уәкілетті органның келісімімен жүзеге асырылады.
      27. «А» корпусының қызметшісіне ротациялау жоспарында көзделмеген ротация жүргізу жағдайында, ротация жүргізілгенге дейін жасалған еңбек шартының қалған мерзіміне жаңа еңбек шарты жасалады.
      28. «А» корпусының қызметшісіне ротациялау жоспарында көзделмеген ротация жүргізу жағдайында уәкілетті адам:
      1) «Мемлекеттiк билiк органдары жүйесіндегі кадр саясатының кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы № 828 Жарлығына сәйкес лауазымға тағайындау және лауазымнан босату жүзеге асырылатын лауазымдарға орналасуға үміткер «А» корпусының қызметшілерін, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің сектор меңгерушілері лауазымдарына орналасуға үміткер «А» корпусының қызметшілерін ротациялау туралы – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің қарауына ұсыныс енгізеді. «А» корпусының лауазымына тағайындау Қазақстан Республикасы Үкіметінің келісімі бойынша жүзеге асырылатын жағдайда уәкілетті адаммен алдын ала тиісті келісу жүзеге асырылады;
      2) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген адамдарды қоспағанда, «А» корпусының лауазымына орналасуға үміткер «А» корпусының қызметшілерін ротациялау туралы – уәкілетті органның қарауына ұсыныс енгізеді.
      29. «А» корпусының қызметшісіне ротациялау жоспарында көзделмеген ротация жүргізу жағдайында, уәкілетті адам Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің немесе уәкілетті органның қарауына мынадай материалдарды енгізеді:
      1) осы Қағидалардың қосымшасына сәйкес нысан бойынша «А» корпусының қызметшісіне ұсыным;
      2) ротация шеңберінде тағайындауға «А» корпусының қызметшісінің келісімі;
      3) «А» корпусының қызметшісінің қызметтік тізімі.
      30. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі немесе уәкілетті орган осы Қағидалардың 29-тармағында көрсетілген материалдарды қарау қорытындысы бойынша мынадай ұсынымдардың бірін шығарады:
      1) лауазымға тағайындау;
      2) лауазымға тағайындаудан бас тарту.

Қазақстан Республикасы   
Президентінің       
2014 жылғы 13 қаңтардағы  
№ 721 Жарлығымен     
бекітілген        
«А» корпусының мемлекеттік
әкімшілік қызметшілеріне 
ротация жүргізу қағидаларына
ҚОСЫМША         

«А» корпусының қызметшісін
ҰСЫНУ

      («А» корпусының лауазымына тағайындау және лауазымынан босату құқығы бар тұлға (орган) толтырады)
      «А» корпусының қызметшісінің Т.А.Ә. ______________
      Еңбек шарты мерзімінің аяқталатын күні ___________
      «А» корпусының қызметшісін соңғы үш жыл ішіндегі бағалау нәтижелері ______________________________
      Ротация шеңберінде ұсынылған лауазым (көрсетілетін лауазым, мемлекеттік орган және/немесе өңір саны үштен аспайды):
      1) __________________________________________
      2) __________________________________________
      3) __________________________________________
      Егер ротация шеңберінде лауазым ұсынылмаса, себептерін көрсету
      _______________________________________________________________
      _______________________________________________________________
      Келісемін: ____________________________________________________
      («А» корпусының қызметшісінің қолы, Т.А.Ә.)
      _______________________________________________________________
      «А» корпусының лауазымына тағайындау және лауазымынан босату
           құқығы бар адамның Т.А.Ә. (органның атауы)
      _______________________________________________________________
      «А» корпусының лауазымына тағайындау және лауазымынан босату
            құқығы бар адамның қолы (органның атауы)


Об утверждении Правил проведения ротации административных государственных служащих корпуса "А" и внесении дополнений в некоторые указы Президента Республики Казахстан

Указ Президента Республики Казахстан от 13 января 2014 года № 721. Утратил силу Указом Президента Республики Казахстан от 29 декабря 2015 года № 152

      Сноска. Утратил силу Указом Президента РК от 29.12.2015 № 152 (вводится в действие с 01.01.2016).

      В соответствии со статьей 18-1 Закона Республики Казахстан от 23 июля 1999 года «О государственной службе» ПОСТАНОВЛЯЮ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила проведения ротации административных государственных служащих корпуса «А».
      2. Внести дополнения в следующие указы Президента Республики Казахстан:
      1) в Указ Президента Республики Казахстан от 10 марта 2000 года  № 357 «Об утверждении Положения о порядке прохождения государственной службы» (САПП Республики Казахстан, 2000 г., № 15, ст. 141):
      в Положении о порядке прохождения государственной службы, утвержденное вышеназванным Указом:
      дополнить пунктом 43-1 следующего содержания:
      «43-1. Техническое обеспечение процедур тестирования, сопровождение и администрирование автоматизированной базы данных по персоналу государственной службы, сбор, обработку и защиту персональных данных государственных служащих осуществляет юридическое лицо, определяемое Правительством Республики Казахстан, сто процентов голосующих акций (долей участия в уставном капитале) которого принадлежат государству.»;
      2) в Указ Президента Республики Казахстан от 29 марта 2002 года  № 828 «О некоторых вопросах кадровой политики в системе органов государственной власти» (САПП Республики Казахстан, 2004 г., № 17, ст. 212):
      в Положении о порядке согласования, назначения на должность и освобождения от должности политических государственных служащих и иных должностных лиц Республики Казахстан, утвержденном вышеназванным Указом:
      дополнить пунктом 4-1 следующего содержания:
      «4-1. Назначение на должности, отнесенные к корпусу «А» административной государственной службы, в рамках плановой ротации осуществляется в порядке, предусмотренном Правилами проведения ротации административных государственных служащих корпуса «А», утверждаемыми Президентом Республики Казахстан.»;
      дополнить пунктом 5-1 следующего содержания:
      «5-1. Перечень документов, необходимых для процедуры согласования назначения в рамках ротации на должность, отнесенную к корпусу «А» административной государственной службы, определяется Правилами проведения ротации административных государственных служащих корпуса «А», утверждаемыми Президентом Республики Казахстан.».
      3. Настоящий Указ вводится в действие со дня первого официального опубликования.

      Президент
      Республики Казахстан                       Н.НАЗАРБАЕВ

УТВЕРЖДЕНЫ       
Указом Президента   
Республики Казахстан  
от 13 января 2014 года № 721

Правила проведения ротации
административных государственных служащих корпуса «А»

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила проведения ротации административных государственных служащих корпуса «А» (далее – Правила) разработаны в целях реализации статьи 18-1 Закона Республики Казахстан от 23 июля 1999 года «О государственной службе».
      2. Ротация административного государственного служащего корпуса «А» (далее – служащий корпуса «А») осуществляется лицом (органом), имеющим право назначения на административную государственную должность корпуса «А» и освобождения от нее (далее – уполномоченное лицо).
      3. Ротация служащего корпуса «А», назначаемого на должность и освобождаемого от должности Президентом Республики Казахстан, осуществляется по представлению Руководителя Администрации Президента Республики Казахстан.
      4. Ротация проводится в следующих целях:
      1) повышения эффективности деятельности государственных органов, развития городов областного значения, районов областей и районов в городах;
      2) профилактики коррупционных правонарушений;
      3) эффективного использования профессионального и управленческого опыта служащих корпуса «А»;
      4) профессионального развития и совершенствования управленческих компетенций служащих корпуса «А».
      5. Ротация служащих корпуса «А» проводится по их согласию и при условии их соответствия специальным квалификационным требованиям к административным государственным должностям корпуса «А» (далее – должности корпуса «А»).
      6. Ротация проводится по одной из следующих схем:
      1) межуровневая («центр – регион», «регион – центр»);
      2) межрегиональная («регион – регион»);
      3) межсекторальная («центр – центр»).
      7. Копии документов, подтверждающих назначение на должности корпуса «А» и (или) освобождение с указанных должностей в рамках ротации, представляются в уполномоченный орган по делам государственной службы (далее – уполномоченный орган) в течение трех рабочих дней со дня назначения на должности и (или) освобождения от должностей.
      8. Уполномоченный орган на постоянной основе осуществляет мониторинг проведения ротации.

2. Порядок проведения ротации

      9. Плановая ротация служащих корпуса «А» проводится уполномоченными лицами на основании рекомендаций Национальной комиссии по кадровой политике при Президенте Республики Казахстан (далее – Национальная комиссия), за исключением случаев, когда назначение на должность корпуса «А» и освобождение от нее осуществляется Президентом Республики Казахстан.
      10. Уполномоченное лицо в срок не позднее четырех месяцев до истечения срока трудового договора со служащим корпуса «А» вносит в уполномоченный орган одно из следующих предложений:
      1) продлить срок трудового договора со служащим корпуса «А»;
      2) расторгнуть трудовой договор со служащим корпуса «А»;
      3) рекомендовать служащего корпуса «А» к ротации.
      Предложение по ротации служащего корпуса «А» вносится уполномоченным лицом по форме согласно приложению к настоящим Правилам.
      11. Уполномоченный орган формирует список кандидатов на должности корпуса «А», по которым внесены предложения, указанные в подпунктах 2) и 3) пункта 10 настоящих Правил, и направляет его уполномоченным лицам.
      12. Уполномоченные лица выбирают из списка кандидатов одного кандидата на каждую должность, по которым внесены предложения, указанные в подпунктах 2) и 3) пункта 10 настоящих Правил.
      Уполномоченные лица при необходимости проводят собеседование с кандидатами, запрашивают у уполномоченного органа сведения об их образовании, электронную версию документа об их трудовой деятельности.
      13. Предложения по выбранным кандидатам направляются в уполномоченный орган в течение двух недель со дня получения списка кандидатов от уполномоченного органа.
      Уполномоченное лицо информирует выбранных кандидатов о направлении предложений в уполномоченный орган.
      14. В случае если уполномоченное лицо не выбрало кандидатуру из предложенного списка кандидатов, им представляется соответствующее обоснование в уполномоченный орган в течение двух недель со дня получения списка кандидатов от уполномоченного органа.
      15. На основе предложений уполномоченных лиц уполномоченный орган формирует проект плана ротации служащих корпуса «А», а также осуществляет свод предложений уполномоченных лиц, указанных в подпунктах 1)-2) пункта 10 настоящих Правил.
      16. Уполномоченный орган направляет материалы, указанные в пунктах 14 и 15 настоящих Правил, в рабочий орган Национальной комиссии в течение двух месяцев со дня получения предложений от уполномоченных лиц.
      17. Рабочий орган Национальной комиссии при необходимости вносит в проект плана ротации служащих корпуса «А» корректировки по согласованию со служащим корпуса «А» и уполномоченным лицом с учетом:
      1) результатов ежегодной оценки деятельности служащих корпуса «А»;
      2) результатов ежегодной оценки эффективности деятельности государственных органов;
      3) результатов ежегодных рейтингов столицы, города республиканского значения, областей, городов областного значения и районов;
      4) заключений соответствующих структурных подразделений Администрации Президента Республики Казахстан и иной информации.
      Согласование проекта плана ротации осуществляется рабочим органом Национальной комиссии до внесения его на рассмотрение Национальной комиссии.
      18. Рабочий орган Национальной комиссии вносит материалы, указанные в пунктах 14 и 17 настоящих Правил, на рассмотрение Национальной комиссии не позднее одного месяца до истечения срока трудового договора служащих корпуса «А», если иное не установлено решением Национальной комиссии.
      19. Национальная комиссия рассматривает материалы и выносит рекомендации:
      1) о продлении трудового договора со служащим корпуса «А»;
      2) о расторжении трудового договора со служащим корпуса «А»;
      3) о ротации служащего корпуса «А»;
      4) о расторжении трудового договора со служащим корпуса «А» и зачислении его в кадровый резерв административной государственной службы корпуса «А».
      20. Национальная комиссия при необходимости проводит собеседование со служащим корпуса «А».
      21. План ротации служащих корпуса «А», одобренный Национальной комиссией, направляется уполномоченным лицам.
      22. Назначение служащих корпуса «А» в рамках одобренного плана ротации осуществляется до истечения сроков трудовых договоров со служащими корпуса «А».
      В случае если должность, на которую претендует служащий корпуса «А» в порядке ротации, не освобождена к моменту проведения ротации, то служащий корпуса «А» продолжает работу на занимаемой должности до освобождения указанной должности.
      В случае отсутствия решения Национальной комиссии об одобрении плана ротации до истечения сроков трудовых договоров со служащими корпуса «А» они продолжают работу на занимаемых должностях до принятия соответствующего решения Национальной комиссией либо в случае делегирования Национальной комиссией – уполномоченным лицом.
      Назначение служащих корпуса «А» осуществляется в соответствии с одобренным планом ротации с учетом требований действующего законодательства.
      23. Ротация служащего корпуса «А» в случаях, не предусмотренных планом ротации, проводится, если срок его пребывания на последней занимаемой должности корпуса «А» составляет не менее одного года.
      24. Ротация в случаях, не предусмотренных планом ротации, в отношении служащего корпуса «А», срок пребывания которого на последней занимаемой должности корпуса «А» составляет менее одного года, проводится с согласия Президента Республики Казахстан.
      25. При наличии у служащего корпуса «А» неснятого дисциплинарного взыскания ротация в случаях, не предусмотренных планом ротации, не допускается.
      26. Ротация служащего корпуса «А» в случаях, не предусмотренных планом ротации, осуществляется внутри государственного органа на вышестоящую, нижестоящую или равнозначную должности либо в другой государственный орган.
      Ротация служащего корпуса «А» на вышестоящую должность корпуса «А» внутри государственного органа и на должность корпуса «А» в другом государственном органе в случаях, не предусмотренных планом ротации, осуществляется, соответственно, с согласия Администрации Президента Республики Казахстан или уполномоченного органа.
      27. В случае проведения ротации служащего корпуса «А», не предусмотренной планом ротации, со служащим корпуса «А» заключается новый трудовой договор на оставшийся срок трудового договора, заключенного до проведения его ротации.
      28. В случае проведения ротации служащего корпуса «А», не предусмотренной планом ротации, уполномоченное лицо вносит предложение о ротации:
      1) служащих корпуса «А», претендующих на занятие должностей, назначение на которые и освобождение от которых осуществляется в соответствии с Указом Президента Республики Казахстан от 29 марта 2002 года № 828 «О некоторых вопросах кадровой политики в системе органов государственной власти», служащих корпуса «А», претендующих на занятие должностей заведующих секторами Администрации Президента Республики Казахстан, – на рассмотрение Администрации Президента Республики Казахстан. В случае если назначение на должность корпуса «А» осуществляется по согласованию с Правительством Республики Казахстан, уполномоченным лицом предварительно обеспечивается соответствующее согласование;
      2) служащих корпуса «А», претендующих на занятие должностей корпуса «А», за исключением лиц, указанных в подпункте 1) настоящего пункта, – на рассмотрение уполномоченного органа.
      29. В случае проведения ротации служащего корпуса «А», не предусмотренной планом ротации, уполномоченное лицо вносит на рассмотрение Администрации Президента Республики Казахстан или уполномоченного органа следующие материалы:
      1) представление на служащего корпуса «А» по форме согласно приложению к настоящим Правилам;
      2) согласие служащего корпуса «А» на назначение в рамках ротации;
      3) послужной список служащего корпуса «А».
      30. Администрация Президента Республики Казахстан или уполномоченный орган по итогам рассмотрения материалов, указанных в пункте 29 настоящих Правил, выносит одну из следующих рекомендаций:
      1) назначить на должность;
      2) отказать в назначении на должность.

ПРИЛОЖЕНИЕ              
к Правилам проведения ротации административных
государственных служащих корпуса    
«А», утвержденным Указом Президента  
Республики Казахстан         
от 13 января 2014 года № 721     

ПРЕДСТАВЛЕНИЕ
на служащего корпуса «А»

(заполняется лицом (органом), имеющим право назначения
на должности и освобождения от должностей корпуса «А»)

Ф. И. О. служащего корпуса «А» ______________________________________
Дата истечения трудового договора ___________________________________
Результаты оценки служащего корпуса «А» за последние три года _______
_____________________________________________________________________
Должность, предложенная в рамках ротации (указывается не более трех должностей, государственный орган и/или регион):
1) __________________________________________________________________
2) __________________________________________________________________
3) __________________________________________________________________
Если должность в рамках ротации не предложена, указать причины ______
_____________________________________________________________________
Согласен: ___________________________________________________________
                      подпись, Ф. И. О. служащего корпуса «А»
_____________________________________________________________________
      Ф. И. О. лица (наименование органа), имеющего право назначения
        на должности и освобождения от должностей корпуса «А»
_____________________________________________________________________
подпись лица (печать органа), имеющего право назначения на должности
         и освобождения от должностей корпуса «А»