«Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» 2005 жылғы 30 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы мен Чех Республикасы арасындағы Табыс пен капиталға салынатын салыққа қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманың жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтановқа Қазақстан Республикасы мен Чех Республикасы арасындағы Табыс пен капиталға салынатын салыққа қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттамаға қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2014.11.20 № 963 Жарлығымен.
3. «Қазақстан Республикасы мен Чех Республикасы арасындағы Табыс пен капиталға салынатын салыққа қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Хаттамаға қол қою туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 24 қарашадағы № 1106 Жарлығының күші жойылды деп танылсын.
4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаев
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2014 жылғы 27 наурыздағы
№ 773 Жарлығымен
МАҚҰЛДАНҒАН
Жоба
Қазақстан Республикасы мен Чех Республикасы арасындағы Табыс
пен капиталға салынатын салыққа қатысты қосарланған салық
салуды болдырмау және салық төлеуден жалтаруға жол бермеу
туралы конвенцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ХАТТАМА
Қазақстан Республикасы мен Чех Республикасы,
1998 жылғы 9 сәуірдегі Қазақстан Республикасы мен Чех Республикасы арасындағы Табыс пен капиталға салынатын салыққа қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияға (бұдан әрі - Конвенция) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттама жасасуға ниет білдіре отырып,
төмендегілер туралы келісті:
1-бап
Конвенцияның 2-бабы 3-тармағының а) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«а) Қазақстан Республикасында:
(і) корпоративтік табыс салығы;
(іі) жеке табыс салығы;
(ііі) заңды және жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық;
(бұдан әрі «Қазақстан салығы» деп аталатындар);».
2-бап
1. Конвенцияның 3-бабы 1-тармағының а) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«а) мыналар:
(і) «Қазақстан» термині Қазақстан Республикасын білдіреді және географиялық мағынада пайдаланған кезде «Қазақстан» термині Қазақстан Республикасының мемлекеттік аумағын және Қазақстан өзінің заңнамасына және өзі қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес өзінің егемендік құқықтары мен юрисдикциясын жүзеге асыратын аймақтарды қамтиды;
(іі) «Чех Республикасы» термині өзіне қатысты чех заңнамасына және халықаралық құқыққа сәйкес Чех Республикасының егемендік құқықтары жүзеге асырылатын Чех Республикасының аумағын білдіреді;».
2. Конвенцияның 3-бабы 1-тармағының g) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«g) «халықаралық тасымал» термині теңіз немесе әуе кемесі тек екінші Уағдаласушы Мемлекеттегі пункттер арасында ғана пайдаланылатын жағдайлардан басқа, Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті пайдаланатын теңіз немесе әуе кемесімен жасалатын кез келген тасымалды білдіреді;».
3-бап
Конвенцияның 4-бабының 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Конвенцияның мақсаттары үшін «Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті» термині осы Уағдаласушы Мемлекеттің заңнамасы бойынша өзінің тұрғылықты жері, резиденттігі, тіркелген немесе инкорпорация жері, тиімді басқару орны немесе осыған ұқсас сипаттағы кез келген басқа критерий негізінде онда салық салынуға жататын кез келген тұлғаны білдіреді, сондай-ақ Уағдаласушы Мемлекетті және кез келген әкімшілік-аумақтық бөлімшені немесе жергілікті билік органын қамтиды. Алайда, бұл термин осы Уағдаласушы Мемлекеттегі көздерден алынатын табысқа немесе онда орналасқан капиталға қатысты ғана осы Уағдаласушы Мемлекетте салық салынуға жататын кез келген тұлғаны қамтымайды.».
4-бап
1. Конвенцияның 5-бабы 2-тармағының f) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«і) табиғи ресурстарды өндіретін немесе барлайтын кез келген орынды қамтиды.».
2. Конвенцияның 5-бабы 3-тармағының а) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«а) құрылыс алаңын немесе құрылыс, монтаждау немесе құрастыру объектісін немесе осыған байланысты байқау қызметін, бірақ егер мұндай алаң, объект немесе қызмет он екі айдан асатын кезең ішінде бар болса;».
3. Конвенцияның 5-бабының 3-тармағы мынадай редакциядағы сөйлеммен толықтырылсын:
«Осы тармақта көрсетілген уақытша шектеулерді айқындау мақсаттары үшін Конвенцияның 9-бабына сәйкес екінші кәсіпорынмен қауымдасқан кәсіпорын жүзеге асыратын қызмет, егер қызмет мынадай шарттарға сәйкес келсе:
а) мәні жағынан соңғы аталған кәсіпорын жүзеге асыратын қызметке ұқсас болса, және
b) бірлесіп жүзеге асырылатын қызметті қоспағанда, бір немесе байланысты жобалар шеңберінде жүзеге асырылатын болса, ол қауымдасатын кәсіпорын жүзеге асыратын қызмет ретінде қаралады.».
4. Конвенцияның 5-бабы 4-тармағының е) тармақшасы мынадай
редакцияда жазылсын:
«е) тұрақты қызмет орнын тек кәсіпорын үшін дайындық немесе қосалқы сипаттағы кез келген басқа қызметті жүзеге асыру мақсатында ғана пайдалануды;».
5. Конвенцияның 5-бабының 6-тармағы мынадай редакциядағы сөйлеммен толықтырылсын:
«Алайда, мұндай агенттің қызметі осындай кәсіпорынның атынан толық немесе толық дерлік орындалса және осындай кәсіпорын мен агенттің арасында олардың коммерциялық және қаржылық өзара қатынастарында тәуелсіз кәсіпорындар арасында орнатылуы мүмкін жағдайлардан өзгеше жағдайлар жасалса, онда ол осы тармақтың ұғымында тәуелсіз мәртебесі бар агент деп есептелмейді.».
5-бап
Конвенцияның 7-бабының 3-тармағы мынадай редакциядағы сөйлеммен толықтырылсын:
«Осыған ұқсас, тұрақты мекеме кәсіпорынның бас офисінен немесе оның кез келген басқа бөлімшелерінен патенттерді немесе басқа да құқықтарды пайдаланғаны үшін роялти, гонорарлар және осыған ұқсас төлемдер түрінде, ерекше қызмет көрсеткені немесе басқарғаны үшін комиссиялық төлемдер түрінде немесе банк кәсіпорындарын қоспағанда, кәсіпорынның бас офисіне немесе оның кез келген басқа бөлімшесіне берілген ақшалай қарызға қатысты борыштық талаптардан кіріс түрінде алған сомалар (жұмсалған шығыстар өтемақысынан өзге) тұрақты мекеменің пайдасына қосылмауға тиіс».
6-бап
Конвенцияның 10-бабының 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. «Дивидендтер» термині осы бапта пайдаланылған кезде акциялардан немесе борыштық талаптар болып табылмайтын басқа да құқықтардан, пайдаға қатысудан алынатын табысты, сондай-ақ төлемдерді жүргізетін компания резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасына сәйкес акциялардан түсетін табыс сияқты осындай салық салуға жататын басқа да табыстарды білдіреді.».
7-бап
1. Конвенцияның 11-бабының 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы баптың 2-тармағының ережелеріне қарамастан, Уағдаласушы Мемлекетте пайда болатын және оның іс жүзіндегі иесі болып табылатын екінші Уағдаласушы Мемлекеттің резидентіне төленетін пайыз, егер ол:
а) екінші Уағдаласушы Мемлекеттің Үкіметіне, әкімшілік-аумақтық бөлімшеге немесе жергілікті билік органына, екінші Уағдаласушы Мемлекеттің Орталық (Ұлттық) банкіне немесе, егер қаржы ұйымын құрудың мақсаты экспортты қолдау болып табылса, екінші Уағдаласушы Мемлекеттің Үкіметіне толығымен тиесілі қаржы ұйымына төленсе; немесе
b) екінші Уағдаласушы Мемлекеттің Үкіметі, әкімшілік-аумақтық бөлімше немесе жергілікті билік органы, екінші Уағдаласушы Мемлекеттің Орталық (Ұлттық) банкі немесе егер қаржы ұйымын құрудың мақсаты экспортты қолдау болып табылса, екінші Уағдаласушы Мемлекеттің Үкіметіне толығымен тиесілі қаржы ұйымы кепілдік берген қарызбен немесе кредитпен байланысты болса, пайыз пайда болатын Уағдаласушы Мемлекетте салықтан босатылады.».
2. Конвенцияның 11-бабының 4-тармағы мынадай редакциядағы
сөйлеммен толықтырылсын:
«Пайыздар» термині осы Конвенцияның 10-бабы 3-тармағының ережелеріне сәйкес дивидендтер ретінде қаралатын кез келген табысты қамтымайды.».
8-бап
Конвенцияның 13-бабының 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «2. Уағдаласушы Мемлекет резидентінің өз құнының 50 пайызынан астамын екінші Уағдаласушы Мемлекетте орналасқан жылжымайтын мүліктен алатын компаниядағы акцияларын, оған қатысу үлестерін иелігінен айырудан немесе басқа да құқықтарынан айырудан алған құн өсіміне осы екінші Уағдаласушы Мемлекетте салық салынуы мүмкін.».
9-бап
Конвенцияның 20-бабының қолданыстағы ережесі осы баптың 1-тармағымен нөмірленсін және Конвенцияның 20-бабы мынадай редакциядағы 2-тармақпен толықтырылсын:
«2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілмеген гранттарға, стипендияларға және осыған ұқсас сыйақылар мен жалданба жұмыстан алынатын сыйақыларға қатысты осы баптың 1-тармағында аталған тұлғаның осындай білім алу, тағылымдамадан өту кезінде өзі болатын Уағдаласушы Мемлекеттің резиденттеріне берілетін салықтарға қатысты дәл сондай жеңілдіктерге, жеңілдетулерге немесе шегерімдерге құқығы бар.».
10-бап
Конвенцияның 21-бабының 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «2. Осы Баптың 1-тармағының ережелеріне қарамастан, егер мұндай табысты Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті екінші Уағдаласушы Мемлекеттегі көздерден алатын болса, мұндай табысқа осы екінші Уағдаласушы Мемлекетте салық салынуы мүмкін.».
11-бап
Конвенцияның 23-бабы мынадай редакцияда жазылсын:
«23-бап
ҚОСАРЛАНҒАН САЛЫҚ САЛУДЫ ЖОЮ
1. Қазақстанның резиденті болған жағдайда қосарланған салық салу былайша жойылады:
Егер Қазақстанның резиденті осы Конвенцияның ережелеріне сәйкес Чех Республикасында салық салынуы мүмкін табыс алса немесе капиталға иелік етсе, Қазақстан:
а) осындай резиденттің табысына салынатын салықтан Чех Республикасында төленген табыс салығына тең соманы шегеруге,
b) осындай резиденттің капиталына салынатын салықтан Чех Республикасында төленген капиталға салынатын салыққа тең соманы шегеруге рұқсат береді.
Мұндай шегерім мән-жайларға қарай, кез келген жағдайда Чех Республикасында салық салынуы мүмкін табыстан немесе капиталдан шегерім жасалғанға дейін есептелген табысқа немесе капиталға салынатын салық сомасынан аспауға тиіс.
2. Чех Республикасының қосарланған салық салуды болдырмау туралы заңнамасының ережелеріне сәйкес, Чех Республикасының резиденті болған жағдайда қосарланған салық салу былайша жойылады:
Чех Республикасы өзінің резиденттеріне салық есептелген кезде, осы Конвенцияның ережелеріне сәйкес Қазақстан Республикасында салық салынуы мүмкін табысты немесе капиталды осындай салықтар алынатын салық салынатын базаға енгізе алады, бірақ осындай салық салынатын базадан есептелген салық сомасынан Қазақстанда төленген салық сомасын шегеруге мүмкіндік береді. Алайда, мұндай шегерім осы Конвенцияның ережелеріне сәйкес Қазақстанда салық салынуы мүмкін табыстан немесе капиталдан шегерім жасалғанға дейін есептелген чех салығының сомасынан аспайды.
3. Егер Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті алған табыс немесе капитал осы Конвенцияның кез келген ережелеріне сәйкес осы Уағдаласушы Мемлекетте салық салудан босатылса, осындай Уағдаласушы Мемлекет, дегенмен, осындай резиденттің табысы мен капиталының қалған бөлігіне салынатын салық сомасын есептеу кезінде салық салудан босатылған табысы мен капиталының сомасын ескеруі мүмкін.».
12-бап
Конвенцияның 24-бабының 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «1. Уағдаласушы Мемлекеттің ұлттық тұлғалары екінші Уағдаласушы Мемлекетте нақ осындай, атап айтқанда, резиденттікке қатысты мән-жайларда екінші Уағдаласушы Мемлекеттің ұлттық тұлғалары ұшырайтын немесе ұшырауы мүмкін салық салуға және оған байланысты міндеттемеге қарағанда өзгеше немесе анағұрлым ауыртпалықты кез келген салық салуға немесе онымен байланысты кез келген міндеттемеге ұшырамайтын болады. Осы ереже Конвенцияның 1-бабының ережелеріне қарамастан, Уағдаласушы Мемлекеттердің бірінің немесе екеуінің де резиденттері болып табылмайтын тұлғаларға да қолданылады.».
2. Конвенцияның 24-бабының 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Уағдаласушы Мемлекет кәсіпорнының екінші Уағдаласушы Мемлекеттегі тұрақты мекемесіне немесе Уағдаласушы Мемлекет резидентінің екінші Уағдаласушы Мемлекеттегі тұрақты базасына салық салудың осы екінші Уағдаласушы Мемлекеттің осындай қызметті жүзеге асыратын кәсіпорындарына немесе резиденттеріне салық салуға қарағанда, осы екінші Уағдаласушы Мемлекетте қолайлылығы кем болмайды. Осы ереже Уағдаласушы Мемлекетті екінші Уағдаласушы Мемлекеттің резиденттеріне олардың азаматтық мәртебесі немесе отбасы жағдайы негізінде салық салу мақсаттары үшін ол өзінің резиденттеріне беретін осындай жеке салықтық жеңілдіктер, жеңілдетулер мен шегерімдер беруге міндеттейтіндей болып түсіндірілмеуге тиіс».
13-бап
Конвенцияның 26-бабы мынадай редакцияда жазылсын:
«26-бап
АҚПАРАТ АЛМАСУ
1. Уағдаласушы Мемлекеттердің құзыретті органдары салық салу осы Конвенцияға қайшы келмейтіндей шамада осы Конвенцияның ережелерін орындау немесе әкімшілендіру немесе Уағдаласушы Мемлекеттердің немесе олардың әкімшілік-аумақтық бөлімшелерінің немесе жергілікті билік органдарының атынан алынатын кез келген түрдегі салықтарға қатысты ұлттық заңнаманы қолдану үшін қажетті ақпарат алмасады. Ақпарат алмасу осы Конвенцияның 1 және 2-баптарымен шектелмейді.
2. Уағдаласушы Мемлекет осы баптың 1-тармағына сәйкес алған кез келген ақпарат осы Уағдаласушы Мемлекеттің ұлттық заңнамасына сәйкес алынған ақпарат сияқты құпия болып есептеледі және бағалаумен немесе жинаумен, мәжбүрлеп өндіріп алумен немесе осы баптың 1-тармағында аталған салықтарға қатысты сот қудалауымен немесе апелляцияларды қараумен де, жоғарыда көрсетілгендердің барлығын қадағалаумен де айналысатын тұлғаларға немесе органдарға (соттарды және әкімшілік органдарды қоса алғанда) ғана жария етілуі мүмкін. Мұндай тұлғалар немесе органдар ақпаратты осы мақсаттар үшін ғана пайдалана алады. Олар ақпаратты ашық сот отырысы барысында немесе сот шешімдерін қабылдау кезінде жария етуі мүмкін. Жоғарыда жазылғанға қарамастан, Уағдаласушы Мемлекет алған ақпарат екі Уағдаласушы Мемлекеттің заңнамасына сәйкес басқа мақсаттар үшін пайдаланылуы мүмкін және сұрау салынатын Уағдаласушы Мемлекеттің құзыретті органы мұндай пайдалануға келісім береді.
3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарының ережелері Уағдаласушы
Мемлекетке:
а) осы немесе екінші Уағдаласушы Мемлекеттің заңнамасына және әкімшілік практикасына қайшы келетін әкімшілік шараларды қолдану;
b) осы немесе екінші Уағдаласушы Мемлекеттің заңнамасы бойынша немесе әдеттегі әкімшілендіру барысында алуға болмайтын ақпаратты ұсыну;
с) қандай да бір сауда, кәсіпкерлік, өнеркәсіптік, коммерциялық немесе кәсіптік құпияны немесе сауда процесін жария етуі мүмкін ақпаратты немесе жария етуі мемлекеттік саясатқа (ordre public) қайшы келуі мүмкін ақпаратты ұсыну міндеттемесін жүктейтіндей мағынада түсіндірілмейді.
4. Егер ақпаратты бір Уағдаласушы Мемлекет осы бапқа сәйкес сұратса, екінші Уағдаласушы Мемлекет, тіпті егер мұндай ақпарат осы екінші Уағдаласушы Мемлекетке өзінің жеке салықтық мақсаттары үшін талап етілмесе де сұратқан ақпаратты жинау бойынша шаралар қабылдайды. Алдыңғы сөйлемде қамтылған міндеттеме осы баптың 3-тармағының шектеулерінің аясында болады, бірақ мұндай шектеулер Уағдаласушы Мемлекетке осындай ақпаратқа ішкі мүдделілігінің болмауы себебінен ғана ақпаратты беруден бас тартуға рұқсат беру ретінде түсіндірілмейді.
5. Осы баптың 3-тармағының ережелері банк, басқа қаржы мекемесі, номиналды ұстаушы немесе агент немесе сенімді өкіл ақпарат иесі болып табылатындығы себебінен немесе ақпараттың меншік құқығы берілген тұлғаға қатысты болуы себебінен ғана Уағдаласушы Мемлекетке ақпарат беруден бас тартуға рұқсат беру ретінде түсіндірілмейді.».
14-бап
Конвенцияның ережелері оның мақсаттары үшін Уағдаласушы Мемлекетке салық төлеуден жалтаруға немесе солай деп сипатталған жалтаруға қарсы өзінің ішкі заңнамасының ережелері мен шараларын қолдануға ешқандай жағдайда да тыйым салмайды деп түсініледі.
15-бап
Әрбір Уағдаласушы Мемлекет осы Хаттаманың күшіне енуі жөніндегі мемлекетішілік рәсімдердің аяқталғаны туралы дипломатиялық арналар арқылы екіншісін хабардар етеді. Конвенцияның ажырамас бөлігі болып табылатын бұл Хаттама осы хабарламалардың соңғысы алынған күннен бастап күшіне енеді және оның ережелері:
а) төлем көзінен ұсталатын салықтарға қатысты, осы Хаттама күшіне енген жылдан кейінгі күнтізбелік жылдың бірінші қаңтарынан бастап немесе одан кейін төленген немесе есепке алынған табыстан алынатын салықтарға;
b) басқа салықтарға қатысты, осы Хаттама күшіне енген жылдан кейінгі күнтізбелік жылдың бірінші қаңтарынан немесе одан кейін басталатын салық салынатын кезең үшін алынатын салықтарға;
с) Хаттаманың 13-бабына қатысты, Хаттама күшіне енген күннен бастап немесе одан кейін жіберілетін сұрау салуларға қолданылады.
Осыны куәландыру үшін, осыған тиісті түрде уәкілеттік берілген төменде қол қоюшылар осы Хаттамаға қол қойды.
201 __ жылғы «__» _________ қаласында қазақ, чех, ағылшын және орыс тілдерінде екі данада жасалды әрі барлық мәтіндердің күші бірдей. Алшақтықтар туындаған жағдайда ағылшын тіліндегі мәтін айқындаушы болып табылады.
Қазақстан Республикасы үшін Чех Республикасы үшін