Қазақстан Республикасы мен Чех Республикасы арасындағы Табыс пен капиталға салынатын салыққа қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Хаттамаға қол қою туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 24 қарашадағы N 1106 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 27 наурыздағы № 773 Жарлығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентінің 27.03.2014 № 773 Жарлығымен.

      Қазақстан Республикасы мен Чех Республикасы арасындағы екі жақты байланыстарды тереңдету және экономикалық қатынастарды одан әрі дамыту үшін құқықтық негіз жасау мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы мен Чех Республикасы арасындағы Табыс пен капиталға салынатын салыққа қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Хаттаманың жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Чех Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Анарбек Бақтығазыұлы Қарашевқа Қазақстан Республикасының атынан Қазақстан Республикасы мен Чехия Республикасы арасындағы Табыс пен капиталға салынатын салыққа қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Хаттамаға қол қоюға өкілеттік берілсін.
      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                  Н. Назарбаев

Қазақстан Республикасы
Президентінің     
2010 жылғы 24 қарашадағы
№ 1106 Жарлығымен   
МАҚҰЛДАНҒАН     

Жоба

Қазақстан Республикасы мен Чех Республикасы арасындағы
Табыс пен капиталға салынатын салыққа қатысты қосарланған салық
салуды болдырмау және салық төлеуден жалтаруға жол бермеу
туралы конвенцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ХАТТАМА

      Қазақстан Республикасы мен Чех Республикасы (бұдан әрі - Уағдаласушы мемлекеттер),
      Алматы қаласында 1998 жылғы 9 сәуірде қол қойылған Қазақстан Республикасы мен Чех Республикасы арасындағы Табыс пен капиталға салынатын салыққа қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Хаттама жасау ниетімен,
      төмендегілер туралы уағдаласты:

1-бап

      2-баптың 3-тармағының а) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «а) Қазақстан Республикасында:
      (і) корпоративтік табыс салығы;
      (іі) жеке табыс салығы;
      (ііі) заңды және жеке тұлғалардың мүліктеріне салынатын салық;
      (бұдан әрі - «қазақстандық салықтар»);».

2-бап

      3-баптың 1-тармағында:
      а) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «а) термин:
      (і) «Қазақстан» Қазақстан Республикасын білдіреді және географиялық мағынасында қолданған кезде оның заңнамасына және ол қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік аумағын және ол өзінің егемендік құқықтары мен заңды құзыры жүзеге асыра алатын аймақтарды қамтиды;
      (іі) «Чех Республикасы» чех заңнамасына және халықаралық құқыққа сәйкес Чех Республикасы өзінің егемендік құқықтарын жүзеге асыратын Чех Республикасының аумағын білдіреді;».
      g) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «g) «халықаралық тасымал» теңіз немесе әуе кемесі тек екінші Уағдаласушы мемлекеттегі пункттер арасында ғана пайдаланылатын жағдайлардан басқа, Уағдаласушы мемлекеттің резиденті пайдаланатын теңіз немесе әуе кемесімен кез келген тасымалды білдіреді;»;
      і) тармақшадағы «(бірақ олармен шектелмейді).» деген сөздер «(бірақ олармен шектелмейді);» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы j) тармақшамен толықтырылсын:
      «j) «саяси бөлімше» деген термин кез келген аумақтық-әкімшілік бірлікті білдіреді.».

3-бап

      4-баптың 1-тармағында «басқару орнының» деген сөздер «тиімді басқару орнының» деген сөздермен ауыстырылсын.

4-бап

      5-бапта:
      2-тармақтың f) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «f) табиғи ресурстарды барлайтын немесе өндіретін кез келген орынды қамтиды.»;
      3-тармақтың а) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «а) бірақ егер мұндай алаң, объект немесе қызмет 12 айдан астам бар болса, құрылыс алаңын, конструкцияны, монтаждау немесе құрастыру объектісін немесе осы жұмыстардың орындалуын бақылауға байланысты көрсетілетін қызметтерді;».

5-бап

      7-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Осындай түрде тұрақты мекеменің пайдасы тұрақты мекеме кәсіпорынның бас кеңсесінен немесе оның кез келген басқа бөлімшесіне қаламақыларын және басқа ұқсас төлемдерін патенттерді немесе басқа құқықтарды пайдаланғаны үшін роялти түрінде; көрсеткен айрықша қызметтері үшін немесе басқарғаны үшін комиссиялық төлем түрінде; немесе, банктік кәсіпорындарды қоспағанда, кәсіпорынның бас кеңсесіне немесе оның басқа бөлімшелерінің кез келгеніне берілген ақшалай қарызға қатысты борыштық талаптардан түскен табыс түрінде алған сомаларын (келтірілген шығыстардың өтемақысынан өзге) қамтуға тиісті емес.».

6-бап

      10-бапта:
      2-тармақта:
      а) бірінші бөліктегі «10» деген цифрлар «5» деген цифрмен ауыстырылсын;
      b) екінші бөлік алып тасталсын;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Осы бапта пайдаланылатын «дивидендтер» термині акциялардан немесе борыш талаптары болып табылмайтын басқа да құқықтардан, пайдаға қатысудан, сондай-ақ төлемдерді жүзеге асыратын компания резиденті болып табылатын Уағдаласушы мемлекеттің заңнамасы бойынша акциялардан алынатын табыс ретінде соған ұқсас салық салудың мәні болып табылатын басқа да табыстардан алынатын табысты білдіреді.».

7-бап

      11-баптың:
      3-тармағының екінші бөлігі алып тасталсын;
      4-тармақтағы «болсын» және «атап айтқанда,» деген сөздерден кейін тиісінше «үкіметтік» деген сөзбен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:
      «Уақтылы төленбеген төлемдер үшін айыппұлдар осы баптың мақсаттары үшін проценттер ретінде қаралмайды. «Проценттер» термині осы Конвенцияның 10-бабы 3-тармағының ережелеріне сәйкес дивидендтер ретінде негізделген табыстың кез келген бөлігін қамтымайды.».

8-бап

      12-баптың 2-тармағының екінші бөлігі алып тасталсын.

9-бап

      13-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Бір Уағдаласушы мемлекет резидентінің басқа Уағдаласушы мемлекеттің резиденті болып табылатын компаниядағы акцияларды немесе басқа да сыйақыларды иеліктен айырудан алған табыстарына осы басқа мемлекетте салық салынуы мүмкін.».

10-бап

      24-баптың 1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Уағдаласушы мемлекеттің ұлттық тұлғалары осы басқа мемлекеттің ұлттық тұлғалары осындай жағдайларда ұшырайтын немесе ұшырауы мүмкін, атап айтқанда, резиденттікке қатысты жағдайларда да басқа Уағдаласушы мемлекетте салық салуға және соған байланысты міндеттемеге қарағанда өзгеше немесе неғұрлым ауыр болып келетін кез келген салық салуға немесе соған байланысты міндеттемеге ұшырамайтын болады. Осы ереже, осы Конвенцияның 1-бабының ережесіне қарамастан, сондай-ақ Уағдаласушы мемлекеттердің бірінің немесе екеуінің де резиденттері болып табылмайтын тұлғаларға да қолданылады.
      2. Уағдаласушы мемлекеттің кәсіпорнының басқа Уағдаласушы мемлекеттегі тұрақты мекемесіне немесе Уағдаласушы мемлекеттің резидентіне тиесілі басқа Уағдаласушы мемлекеттегі тұрақты базасына салынатын салық осындай қызметті жүзеге асыратын Уағдаласушы мемлекеттің кәсіпорындарына немесе резидентіне салынатын салыққа қарағанда, осы басқа Уағдаласушы мемлекетте қолайсыздау болмауға тиіс. Осы ереже азаматтық мәртебесі мен отбасы жағдайы негізінде салық салу мақсаттары үшін өзінің резиденттеріне беретін жеке салықтық жеңілдіктерді, жеңілдіктерді және шегерімдерді басқа Уағдаласушы мемлекеттің резиденттеріне беруде Уағдаласушы мемлекетті міндеттеу ретінде түсіндірілмеуі тиіс.».

11-бап

      26-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «26-бап. Ақпарат алмасу

      1. Уағдаласушы мемлекеттердің құзыретті органдары салық салу осы Конвенцияға қайшы келмейтін дәрежеде, осы Конвенцияның ережелерін немесе Уағдаласушы мемлекеттердің немесе олардың саяси бөлімшелерінің немесе жергілікті билік органдарының атынан өндіріп алынатын кез келген түрдегі немесе сипаттағы салықтарға қатысты өз заңнамасын орындау үшін қажетті ақпаратпен алмасады. Ақпарат алмасу осы Конвенцияның 1 және 2-баптарымен шектелмейді.
      2. Уағдаласушы мемлекет осы баптың 1-тармағына сәйкес алған кез келген ақпарат осы Уағдаласушы мемлекеттің заңнамасының шеңберінде алынған ақпарат сияқты құпия болып есептеледі және (соттар мен әкімшілік кәсіпорындарды қоса алғанда) бағалауға немесе мәжбүрлеп өндіріп алуға, сот арқылы қудалауға немесе осы баптың 1-тармағына немесе осы тармақтың жоғарыдағы аталған ережелерінде көрсетілген салықтарға қатысты шағымдарды қарауға байланысты тұлғаларға немесе органдарға ғана хабарланады. Мұндай тұлғалар немесе органдар ақпаратты осындай мақсаттар үшін ғана пайдаланады. Олар ақпаратты ашық сот отырысының барысында немесе сот шешімдерін қабылдаған кезде аша алады.
      3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарының ережелері Уағдаласушы мемлекетке:
      а) осы немесе басқа Уағдаласушы мемлекеттің заңнамасы мен әкімшілік практикасына қайшы келетін әкімшілік шаралар қабылдауға;
      b) осы немесе басқа Уағдаласушы мемлекеттің заңнамасы немесе кәдімгі әкімшілік практикасы бойынша алуға болмайтын ақпарат беруге;
      с) қандай да бір сауда, кәсіпкерлік, өнеркәсіп, коммерциялық немесе кәсіби құпияны немесе сауда процесін ашуы мүмкін ақпаратты немесе ашылуы мемлекеттік саясатқа (қоғамдық тәжірибеге) қайшы келетін ақпараттарды беруге міндеттеуші ретінде түсіндірілмеуі тиіс.
      4. Егер ақпаратты осы бапқа сәйкес бір Уағдаласушы мемлекет сұратқан болса, егер тіпті мұндай ақпарат басқа Уағдаласушы мемлекетке өздерінің салықтық мақсаттары үшін талап етілмесе де, басқа Уағдаласушы мемлекет сұратылған ақпаратты алу үшін ақпарат жинау бойынша өз іс-шараларын пайдалануы тиіс. Алдыңғы сөйлемде қамтылған міндеттеме осы баптың 3-тармағының ережелерімен шектелген, бірақ мұндай шектеулер Уағдаласушы мемлекетке тек онда ішкі мүдделілігі болмауы себебінен ғана ақпаратты беруден бас тартуға рұқсат ретінде түсіндірілуі мүмкін емес.
      5. Осы баптың 3-тармағының ережесі Уағдаласушы мемлекетке тек ақпараттың иесі банк, басқа қаржы мекемесі, атаулы ұстаушы немесе агенті немесе сенім білдірілген тұлғасы болып табылу себебінен немесе тұлғаның меншік құқығына жататын болу себебі бойынша ғана ақпаратты беруден бас тартуға рұқсат ретінде түсіндірілмейді.».

12-бап

      Уағдаласушы мемлекеттер Конвенцияның 11-бабына қатысты қолданылатын ерекше ережелерді көздеу қажет екендігін таниды:
      «Егер осы Хаттамаға қол қойылғаннан кейін Қазақстан Республикасы Экономикалық Ынтымақтастық және Даму Ұйымының мүшесі болып табылатын үшінші мемлекетпен Қазақстан Республикасында Конвенцияның 11-бабының 2-тармағында көрсетілген ставкаға қарағанда төмендетілген ставка бойынша туындайтын проценттерге салық салуды ұсынатын халықаралық шартқа қол қойса, бұл төмендетілген ставка немесе босату Қазақстан Республикасы мен үшінші мемлекет арасындағы аталған халықаралық шарт күшіне енген күннен бастап Конвенцияның мақсаттары үшін автоматты түрде қолданылатын болады.».

13-бап

      Уағдаласушы мемлекеттер Конвенцияның 12-бабына қатысты қолданылатын ерекше ережелерді көздеу қажет екендігін таниды:
      «Егер осы Хаттамаға қол қойылғаннан кейін Қазақстан Экономикалық Ынтымақтастық және Даму Ұйымының мүшесі болып табылатын үшінші мемлекетпен Қазақстанда Конвенцияның 12-бабының 2-тармағында көрсетілген ставкаға қарағанда төмендетілген ставка бойынша туындайтын роялтиге салынатын салуды беретін халықаралық шартқа қол қойса, бұл төмендетілген ставка немесе босату Қазақстан Республикасы мен үшінші мемлекет арасындағы аталған халықаралық шарт күшіне енген күннен бастап Конвенцияның мақсаттары үшін автоматты түрде қолданылатын болады.».

14-бап

      Осы Хаттама Конвенцияның ажырамас бөлігі болып табылады және Уағдаласушы мемлекеттердің осы Хаттаманың күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламасы дипломатиялық арналар арқылы алынған күннен бастап күшіне енеді және екі Уағдаласушы мемлекетте де Хаттама күшіне енген жылдан кейінгі күнтізбелік жылдың 1 қаңтарынан бастап немесе одан кейін басталатын салық салу кезеңдеріне қатысты қолданысқа енгізіледі.

     201__ жылғы «__»__________ ___________ қаласында қазақ, чех, ағылшын және орыс тілдерінде екі данада жасалды, әрі барлық мәтіндердің күші бірдей. Осы Хаттаманың ережелерін түсіндіру жөнінде Уағдаласушы мемлекеттердің арасында келіспеушіліктер туындаған жағдайда олар ағылшын тіліндегі мәтінге жүгінетін болады.

      Қазақстан Республикасы үшін          Чех Республикасы үшін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады