2013 жылғы 25 қазанда Минск қаласында жасалған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы шеңберіндегі құпия ақпаратты қорғау туралы келісімнің (бұдан әрі - Келісім) 3-бабының 2-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Келісімге сәйкес Қазақстан Республикасынан құзыретті орган болып айқындалсын.
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетін қабылданған шешім туралы хабардар етсін.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Назарбаев