Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы шеңберіндегі құпия ақпаратты қорғау туралы келісім бойынша Қазақстан Республикасынан құзыретті органды айқындау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 18 наурыздағы № 1026 Жарлығы

      2013 жылғы 25 қазанда Минск қаласында жасалған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы шеңберіндегі құпия ақпаратты қорғау туралы келісімнің (бұдан әрі - Келісім) 3-бабының 2-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Келісімге сәйкес Қазақстан Республикасынан құзыретті орган болып айқындалсын.
      2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетін қабылданған шешім туралы хабардар етсін.
      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                            Н.Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады