Қазақстан Республикасында тексерулерге және профилактикалық бақылауды барып жүргізуге мораторий енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 229 Жарлығы.

  Қазақстан Республикасы
Президенті мен Үкiметі
актiлерiнiң жинағында және
республикалық баспасөзде
жариялануға тиiс

      Ескерту. Жарлықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 07.12.2022 № 44 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті, оның ішінде микрокәсіпкерлікті дамыту үшін жағдайды жақсарту мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін шағын кәсіпкерлік субъектілерін, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілерін тексерулерді және профилактикалық бақылауды барып жүргізуді тоқтатсын, оған мыналар қосылмайды:

      1) халықтың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, заңдылық пен қоғамдық тәртіпке ықтимал түрде жаппай қатер, конституциялық құрылысқа және ұлттық қауіпсіздікке тура немесе тікелей қатер төндіретін бұзушылықтарды болдырмауға немесе жоюға бағытталған, сондай-ақ "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңында көзделген негіздер бойынша жүргізілетін тексерулер;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасында, белгіленген талаптарды бұзу фактілерінің туындау себептерін анықтау үшін, бақылау мен қадағалаудың нақты субъектісіне (объектісіне) қатысты нақты факті бойынша бір жоспардан тыс тексеру жеткіліксіз және осы нақты фактіге байланысты өзге де субъектілерге қатысты бақылау мен қадағалау талап етілетін жағдайларда осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес тексерулер;

      2-1) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүргізілетін жоспардан тыс тексерулер;

      3) өз қызметіне қатысты кәсіпкерлік субъектілерінің өтініштері негізінде, оның ішінде "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес рұқсат алуға арналған өтініш бойынша тексерулер және профилактикалық бақылауды барып жүргізу;

      4) 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінде көзделген негіздер бойынша тексерулер;

      5) Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының тапсырмасы бойынша прокуратура органдарының тексерулері;

      6) кедендік тексерулер;

      7) қарсы салықтық тексерулер;

      8) салық төлеуші мен оның дебиторлары арасындағы өзара есеп айырысуды айқындау, салық органдарында тіркеу есебіне қою, касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы салық органы шығарған өкімдерді орындау мәселелері бойынша тақырыптық салықтық тексерулер;

      9) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында өнім қауіпсіздігінің мониторингін жүзеге асыру үшін өнімді іріктеу және оған санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жасау мақсатындағы профилактикалық қадағалауды барып жүргізу;

      10) Қазақстан Республикасының сәйкестiктi бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасының сақталуын тексерулер және профилактикалық бақылауды барып жүргізу;

      11) жер қойнауын пайдаланушылар;

      12) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілері;

      13) әрекеттерінде картель белгілері байқалатын мемлекеттік сатып алуға қатысушыларға қатысты Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуын тексерулер;

      14) Қазақстан Республикасы жер заңнамасының сақталуына тексерулер және профилактикалық бақылауды барып жүргізу.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Президентінің 17.09.2020 № 417 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 31.01.2022 № 798 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 09.08.2022 № 971 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 07.12.2022 № 44 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлықтарымен.

      2. Осы Жарлықтың 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген тексерулер орталық мемлекеттік немесе жергілікті атқарушы органның бірінші басшысының шешімі негізінде жүргізіледі деп белгіленсін.

      3. Осы Жарлық шағын кәсіпкерлік субъектілерін, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілерін 2019 жылы басталған тексерулерге және профилактикалық бақылау мен қадағалауды барып жүргізуге қолданылмайды.

      4. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықты іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.

      5. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

      6. Осы Жарлық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. Тоқаев

О введении моратория на проведение проверок и профилактического контроля с посещением в Республике Казахстан

Указ Президента Республики Казахстан от 26 декабря 2019 года № 229.

  Подлежит опубликованию в
Собрании актов Президента и
Правительства Республики
Казахстан и республиканской
печати

      Сноска. Заголовок - в редакции Указа Президента РК от 07.12.2022 № 44 (вводится в действие с 01.01.2023).

      В целях улучшения условий для развития малого предпринимательства, в том числе микропредпринимательства, в Республике Казахстан ПОСТАНОВЛЯЮ:

      1. Центральным государственным и местным исполнительным органам прекратить с 1 января 2020 года до 1 января 2024 года проверки и профилактический контроль с посещением субъектов малого предпринимательства, в том числе субъектов микропредпринимательства, за исключением:

      1) проверок, направленных на предотвращение или устранение нарушений, которые потенциально несут массовую угрозу жизни и здоровью населения, окружающей среде, законности и общественному порядку; прямую или непосредственную угрозу конституционному строю и национальной безопасности, а также проводимых по основаниям, предусмотренным Законом Республики Казахстан от 4 июля 2003 года "О государственном регулировании, контроле и надзоре финансового рынка и финансовых организаций";

      2) проверок в соответствии с подпунктом 1) настоящего пункта в случаях, когда для выявления причин возникновения фактов нарушения требований, установленных законодательством Республики Казахстан, недостаточно проведения одной внеплановой проверки по конкретному факту в отношении конкретного субъекта (объекта) контроля и надзора и требуются контроль и надзор в отношении иных субъектов, связанных с данным конкретным фактом;

      2-1) внеплановых проверок, проводимых в соответствии с Предпринимательским кодексом Республики Казахстан;

      3) проверок и профилактического контроля с посещением, проводимых на основании обращений субъектов предпринимательства в отношении собственной деятельности, в том числе по заявлению на получение разрешения в соответствии с Законом Республики Казахстан от 16 мая 2014 года "О разрешениях и уведомлениях";

      4) проверок по основаниям, предусмотренным Уголовно-процессуальным кодексом Республики Казахстан от 4 июля 2014 года;

      5) проверок органов прокуратуры по поручению Президента Республики Казахстан и Генерального Прокурора Республики Казахстан;

      6) таможенных проверок;

      7) встречных налоговых проверок;

      8) тематических налоговых проверок по вопросам определения взаиморасчетов между налогоплательщиком и его дебиторами, постановки на регистрационный учет в налоговых органах, исполнения распоряжений о приостановлении расходных операций по кассе, вынесенных налоговым органом;

      9) профилактического надзора с посещением в целях отбора и проведения санитарно-эпидемиологической экспертизы продукции для осуществления мониторинга безопасности продукции в сфере санитарно-эпидемиологического благополучия населения;

      10) проверок и профилактического контроля с посещением за соблюдением законодательства Республики Казахстан об аккредитации в области оценки соответствия;

      11) недропользователей;

      12) объектов государственного аудита и финансового контроля;

      13) проверок соблюдения требований законодательства Республики Казахстан в области защиты конкуренции в отношении участников государственных закупок, в действиях которых усматриваются признаки картеля;

      14) проверок и профилактического контроля с посещением за соблюдением земельного законодательства Республики Казахстан.

      Сноска. Пункт 1 с изменениями, внесенными указами Президента РК от 17.09.2020 № 417 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования); от 31.01.2022 № 798 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования); от 09.08.2022 № 971; от 07.12.2022 № 44 (вводится в действие с 01.01.2023).

      2. Установить, что проверки, предусмотренные в подпунктах 1) и 2) пункта 1 настоящего Указа, проводятся на основании решения первого руководителя центрального государственного или местного исполнительного органа.

      3. Действие настоящего Указа не распространяется на проверки и профилактический контроль и надзор с посещением субъектов малого предпринимательства, в том числе субъектов микропредпринимательства, начатых в 2019 году.

      4. Правительству Республики Казахстан принять меры по реализации настоящего Указа.

      5. Контроль за исполнением настоящего Указа возложить на Администрацию Президента Республики Казахстан.

      6. Настоящий Указ вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Президент
Республики Казахстан
К. Токаев