"Қазақстан Республикасында тексерулерге және профилактикалық бақылау мен қадағалауды барып жүргізуге мораторий енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 229 Жарлығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 7 желтоқсандағы № 44 Жарлығы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы Жарлық 01.01.2023 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Қазақстан Республикасында тексерулерге және профилактикалық бақылау мен қадағалауды барып жүргізуге мораторий енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 229 Жарлығына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасында тексерулерге және профилактикалық бақылауды барып жүргізуге мораторий енгізу туралы";

      1-тармақта:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін шағын кәсіпкерлік субъектілерін, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілерін тексерулерді және профилактикалық бақылауды барып жүргізуді тоқтатсын, оған мыналар қосылмайды:";

      мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "2-1) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүргізілетін жоспардан тыс тексерулер;".

      2. Осы Жарлық 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. Тоқаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады