ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ. Тоқаев |
Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 17 қарашадағы № 450 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН |
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР
1. "Шетелде кадрлар даярлау жөнiндегi республикалық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 қазандағы № 470 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 43, 503-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Шетелде кадрлар даярлау жөнiндегi республикалық комиссияның құрамында:
"Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы",
"Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы",
"Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы",
"Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы".
2. "Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығының мәселелері" Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 28 қыркүйектегі № 691 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 32, 421-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығын беру жөніндегі комиссияның құрамына енгізілсін:
Отарбаев Мәлік Нұржанұлы | – | Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің "Қоғамдық келісім" республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры (келісім бойынша); |
аталған Комиссияның құрамынан С.Ф. Мәжитов шығарылсын.
3. "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссияның құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы № 829 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 41, 426-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссияның құрамына енгізілсін:
Бақтиярұлы Мұрат | – | Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты (келісім бойынша); |
көрсетілген Комиссияның құрамынан Т.Т. Мұқашев шығарылсын.
4. "Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Кешiрiм жасау мәселелерi жөнiндегi комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 5 шілдедегі № 140 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 25, 254-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Кешiрiм жасау мәселелерi жөнiндегi комиссия туралы ереженің 11-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Комиссияның отырыстарына Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы, Жоғарғы Сотының сот алқаларының төрағалары, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағалары, Ішкі істер, Әділет министрлері немесе олардың орынбасарлары, Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитетінің төрағасы қатысып, талқыланатын мәселелер бойынша сөз сөйлей алады.";
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Кешiрiм жасау мәселелерi жөнiндегi комиссияның құрамында:
"Мусин Қанат Сергейұлы | – | Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша)", |
"Бұсырманов Жұмабек Дүйсешұлы | – | Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Сот төрелігі академиясының Сот құқықтық және инновациялық жобалар ғылыми-зерттеу институтының директоры (келісім бойынша)", |
"Қаудыров Төлеш Ерденұлы | – | Қазақстан Республикасынның Жоғарғы Соты жанындағы Сот төрелігі академиясының ректоры (келісім бойынша)" |
деген жолдар тиісінше мынадай редакцияда жазылсын:
"Мусин Қанат Сергейұлы | – | Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы (келісім бойынша)", |
"Бұсырманов Жұмабек Дүйсешұлы | – | заң ғылымдарының докторы (келісім бойынша)", |
"Қаудыров Төлеш Ерденұлы | – | заң ғылымдарының докторы, профессор (келісім бойынша)". |
5. ҚБП.
6. "Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы және Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықтары туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 993 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 2, 6-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның құрамынан К.Ә. Сағадиев шығарылсын.
7. "Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Қазақстан Республикасында цифрландыруды енгізу мәселелері жөніндегі комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 10 қаңтардағы № 621 Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасында цифрландыруды енгізу мәселелері жөніндегі комиссияның лауазымдық құрамында:
"Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгiнiң төрағасы",
"Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы",
"Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы",
"Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі".
8. "Құқық арқылы демократия үшін Еуропалық Комиссиядағы Қазақстан Республикасының мүшелігі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 289 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2020 ж., № 10-11, 71-құжат):
Жарлықтың 2-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. "Құқық арқылы демократия үшін Еуропалық Комиссиядағы Қазақстан Республикасының мүшелігі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 28 наурыздағы № 221 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 20, 107-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:".
9. Күші жойылды – ҚР Президентінің 03.01.2024 № 429 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.10. "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің дербес құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 16 қыркүйектегі № 4071 өкімінде:
жоғарыда аталған өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің дербес құрамына енгізілсін:
Скляр Роман Васильевич | – | Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары; |
Тоғжанов Ералы Лұқпанұлы | – | Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары; |
Жамаубаев Ерұлан Кенжебекұлы | – | Қазақстан Республикасының Қаржы министрі; |
мына:
"Смайылов Əлихан Асханұлы | – | Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қаржы министрі", |
"сэр Сума Чакрабарти | – | Еуропалық Қайта құру және Даму Банкінің президенті (келісім бойынша)" |
деген жолдар тиісінше мынадай редакцияда жазылсын:
"Смайылов Əлихан Асханұлы | – | Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары", |
"сэр Сума Чакрабарти | – | Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық даму мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі (келісім бойынша)"; |
көрсетілген Кеңестің құрамынан: Б.М. Сапарбаев, Ж.М. Қасымбек шығарылсын.
11. "Қазақстан Республикасы Президентінің жанында Құқықтық саясат жөніндегі кеңес құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 19 ақпандағы № 303 өкімінде (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 6, 44-құжат):
жоғарыда аталған өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанында Құқықтық саясат жөніндегі кеңестің құрамына енгізілсін:
Мусин Қанат Сергейұлы | – | Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы (келісім бойынша), |
Жүрсінов Рустам Манарбекұлы | – | Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл (келісім бойынша), |
Баймұханова Қадыржан Рысмұханқызы | – | Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы (келісім бойынша); |
аталған Кеңестің құрамынан: Н.М. Әбдіров, Ж.Б. Архарова, Б.А. Палымбетов, Б.А. Раисова шығарылсын.
12. Күші жойылды – ҚР Президентінің 03.01.2024 № 429 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.