Қазақстан Республикасы Президентінің жанында Құқықтық саясат жөніндегі кеңес құру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 19 ақпандағы N 303 Өкімі.


      Республикалық баспасөзде

      мазмұны жариялануға тиіс

      Қазақстан Республикасы Құқықтық саясатының тұжырымдамасын әзірлеу жөніндегі және қылмысқа қарсы күрес саласындағы мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру мақсатында Қазақстан Республикасының Конституциясы 44-бабының 20) тармақшасына сәйкес:

      1. Қазақстан Республикасы Президентінің жанында Құқықтық саясат жөніндегі кеңес (бұдан әрі - Кеңес) құрылсын және 1-қосымшаға сәйкес құрамы бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 21.02.2018 № 642 Жарлығымен.

      2. 2-қосымшаға сәйкес Кеңес туралы ереже бекітілсін.

      3. Қазақстан Республикасының Үкіметі:

      1) Үкіметтің бұрын шығарылған актілерін осы өкімге сәйкес келтірсін;

      2) осы өкімнен туындайтын қажетті ұйымдастырушылық және өзге де шараларды қабылдасын.

      3) алынып тасталды - ҚР Президентінің 2004.12.03. N 513 өкімімен .

      4. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қылмысқа қарсы күрестің жекелеген мәселелері бойынша" 2001 жылғы 29 мамырдағы N 214 өкімі 1-тармағының күші жойылды деп танылсын.

      5. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2002 жылғы 19 ақпандағы
N 303 өкімімен
бекітілген
1-қосымша

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы
Құқықтық саясат жөніндегі кеңестің
ҚҰРАМЫ

      Ескерту. Құрам жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 29.06.2021.№ 608; өзгеріс енгізілді – ҚР Президентінің 20.10.2023 № 384 Жарлықтарымен.

      Қазақстан Республикасы Президентінің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі, Кеңес төрағасы

      Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры, Кеңес төрағасының орынбасары

      Кеңес мүшелері:

      Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы

      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы

      Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы

      Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі

      Қазақстан Республикасының Әділет министрі

      Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы (келісім бойынша)

      Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының бірінші орынбасары

      Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясының ректоры (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының ректоры (келісім бойынша)

      Ақылбай Серік Байсейітұлы – "Республикалық заң консультанттары алқасының төрағасы (келісім бойынша)

      Жалаири Өмірәлі Шақарапұлы - Д.А. Қонаев атындағы университеттің ректоры (келісім бойынша)

      Тұрмағамбетова Жеміс Өтегенқызы – "Адам құқықтары үшін хартиясы" қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры (келісім бойынша)

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2002 жылғы 19 ақпандағы
N 303 өкімімен
бекітілген
2-қосымша

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы
Құқықтық саясат жөніндегі кеңес туралы ереже

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2003.04.11 N 374 өкімімен.

1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Құқықтық саясат жөніндегі кеңес (бұдан әрі - Кеңес) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

      2. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

2. Кеңестің негізгі міндеттері

      Кеңестің негізгі міндеттері:

      1) мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасының Құқықтық саясат тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі жұмысын үйлестіру;

      2) құқықтық жүйені дамытудың негізгі бағыттарын әзірлеу, жүргізіліп отырған құқықтық саясаттың әлеуметтік-экономикалық сала мен мемлекеттік құрылыстағы реформалармен үйлесімділігін қамтамасыз ету;

      3) стратегиялық міндеттерді айқындау, қылмысқа қарсы күрес саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөнінде ұсынымдар мен ұсыныстарды талдап жасау;

      4) заңнаманы жетілдіру, мемлекеттік органдардың заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерді орындауын бақылау жөнінде ұсыныстар әзірлеу және енгізу, неғұрлым маңызды заң жобаларының тұжырымдамасын айқындау;

      5) Қазақстан Республикасының Президентін елдегі заңдылық пен құқық тәртібінің жай-күйі туралы хабардар ету.

3. Кеңестің құқықтары

      Кеңестің өзіне жүктелген міндеттерді іске асыру және өзінің функцияларын орындау үшін белгіленген тәртіппен:

      1) Қазақстан Республикасының Құқықтық саясаты тұжырымдамасының іске асырылуын бақылауды жүзеге асыру, мемлекеттік органдардың осы саладағы норма түзушілік және құқық қолданушылық қызметі мәселелері жөніндегі жұмысын үйлестіруге;

      2) мыналар:

      заңнаманы жетілдіру;

      мемлекеттік органдардың заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерді орындауына бақылауды күшейту;

      Қазақстан Республикасы заңдарының және өзге де нормативтік құқықтық актілерінің орындалуын қамтамасыз етпеген құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдар басшылары мен өзге де лауазымды адамдарының жауаптылығы жөнінде ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлеуге;

      3) мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдар мен ғылыми ұжымдар дайындаған нормативтік құқықтық актілер жобаларын әзірлеуге;

      4) халықаралық құқықтық ынтымақтастық мәселелерін қарауға қатысуға;

      5) норма түзушілік және құқық қолданушылық проблемаларын талдау мен зерделеуге қажет болған жағдайда мемлекеттік органдар мен ұйымдардың мамандарын тартуға, неғұрлым маңызды нормативтік құқықтық актілер жобаларын әзірлеу үшін жұмыс топтарын құруға;

      6) мемлекеттік органдар мен ұйымдардан ақпарат сұратуға;

      7) қылмыстық қолсұғушылық пен құқық бұзушылықтан азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауға байланысты құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдар қызметінің, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалған құқық тәртібінің өзекті мәселелерін қарауға;

      8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыруға құқығы бар.

4. Кеңестің жұмысын ұйымдастыру

      Ескерту. 4-бөлімге өзгерістер енгізілді - ҚР Президентінің 2005.11.11 N 575, 2006.02.20 N 26, 2007.02.05 N 94 Өкімдерімен, 2004.12.15 N 1504, 2008.04.24 N 576, 2012.03.13 N 284; 21.02.2018 № 642 Жарлықтарымен.

      Кеңеске басшылықты оның төрағасы жүзеге асырады. Кеңестің құрамын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді. Кеңес мүшелері отырыстарға ауысу құқығынсыз қатысады.

      Кеңестің жұмыс жоспарын Кеңес төрағасы Кеңес мүшелерінің пікірін, сондай-ақ мемлекеттік органдардың ұсыныстарын ескере отырып бекітеді.

      Отырыс күн тәртібінің әрбір мәселесі бойынша шешімдер, егер отырысқа қатысушы Кеңес мүшелерінің немесе шақырылған адамдардың, олар бойынша қарсылықтары болмаса, оларды талдаудан кейін қабылданады. Кеңес мүшесі қабылданған шешіммен келіспеген жағдайда өзінің ерекше пікірін білдіруге құқылы.

      Кеңес шешімдері хаттамалармен ресімделіп, оларға төраға қол қояды және мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдарға жіберіледі.

      Қажет болған жағдайда Кеңес шешімдері Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, Премьер-Министрінің, орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының актілерін шығаруға бастамашылық ету жолымен іске асырылуы мүмкін.

      Кеңестің жұмыс органы Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгінің Мемлекеттік құқық бөлімі болып табылады, ол Кеңес отырыстарына хаттамалар мен басқа да қажетті материалдар дайындайды және белгіленген тәртіппен Кеңес қабылдаған шешімдердің орындалуына бақылау жасауды қамтамасыз етеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады