Ескерту. Күші жойылды – ҚР Президентінің 27.12.2024 № 747 Жарлығымен.
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. "Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы ереже туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 7 қыркүйектегі № 149 Жарлығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы ережеде:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Ассамблеяны өмір бойы басқаруға құқылы.
Қазақстан Республикасының Президенті:
1) Ассамблеяны құрады және қайта ұйымдастырады;
2) Ассамблея қызметінің бағыттарын айқындайды;
3) Ассамблеяның басшы қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
4) Ассамблея сессиясын шақырады;
5) Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына сәйкес өзге де қызметті жүзеге асырады.".
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ.Тоқаев |