"Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы ереже туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 7 қыркүйектегі № 149 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 21 шілдедегі № 626 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 27 желтоқсандағы № 747 Жарлығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Президентінің 27.12.2024 № 747 Жарлығымен.

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы ереже туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 7 қыркүйектегі № 149 Жарлығына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы ережеде:

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Ассамблеяны өмір бойы басқаруға құқылы.

      Қазақстан Республикасының Президенті:

      1) Ассамблеяны құрады және қайта ұйымдастырады;

      2) Ассамблея қызметінің бағыттарын айқындайды;

      3) Ассамблеяның басшы қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      4) Ассамблея сессиясын шақырады;

      5) Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына сәйкес өзге де қызметті жүзеге асырады.".

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ.Тоқаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады