Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі актілерінің жинағында жариялануға тиіс |
Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 14 құыркүйектегі № 413 Жарлығымен бекітілген Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі "Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпы ұлттық іс-шаралар жоспарының 141-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасы бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ.Тоқаев |
Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 18 тамыздағы № 639 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН |
Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың 2025 жылға дейінгі ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ
1-бөлім. Ағымдағы жағдайды талдау
Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқарудың өзіндік моделі қалыптасты және даму үстінде, ол мыналарға:
1) өңірлік, жергілікті өкілді және атқарушы билік органдарының мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқару функциялары мен өкілеттіктерін қоса атқаруына;
2) азаматтардың жергілікті қоғамдастық мүшелері ретінде жергілікті маңызы бар анағұрлым маңызды мәселелерді шешуге тікелей немесе сайланбалы органдар арқылы қатысуына негізделген.
Мемлекет пен азаматтық коғам институттарының дамуына байланысты көп кезеңді және серпінді процесс ретінде жергілікті өзін-өзі басқарудың қалыптасуы Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 28 қарашадағы № 438 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасында көрініс тапты.
2013 - 2020 жылдары Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың алдыңғы тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде мынадай негізгі нәтижелерге қол жеткізілді:
1) жергілікті өзін-өзі басқару органдары ұйымдастырылды, жергілікті қоғамдастықтарды калыптастыру, олардың жиналыстары мен жиындарын өткізу тәртібі, сондай-ақ олардың өкілеттіктері регламенттелді;
2) тиісті аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар мәслихаттарының аудандық маңызы бар қала, ауылдық округ, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кент және ауыл (бұдан әрі - ауылдық округ) әкімдерін сайлауы енгізілді;
3) астана, республикалық және облыстық маңызы бар қалалар әкімдіктерінің жанынан халықпен өзара іс-қимыл мәселелері жөніндегі консультативтік-кеңесші органдар ретінде жергілікті өзін-өзі басқарудың аумақтық кеңестері құрылды;
4) барлық деңгейдегі әкімдердің өздеріне сеніп тапсырылған әкімшілік-аумақтық бірліктерді одан әрі дамытудың міндеттері мен негізгі бағыттары, проблемалы мәселелер мен оларды шешу жөніндегі жоспарлар туралы хабардар ете отырып, халықпен жыл сайынғы негізде есеп беру кездесулерін өткізу практикасы енгізілді;
5) жергілікті өзін-өзі басқарудың институционалдық және экономикалық негіздерін оңтайландыруға және нығайтуға бағытталған шаралар кешені қабылданды.
2018 - 2020 жылдары барлық ауылдық округтерде бюджет жүйесінің төртінші деңгейі енгізілді. Ауылдық округтер өз бюджетін қалыптастырып, жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігін басқара бастады. Ауылдық округтің бюджеті салықтардан, төлемдерден, айыппұлдардан, ерікті алымдардан, коммуналдық мүліктен түсетін кірістерден, сондай-ақ жоғары тұрған бюджеттен берілетін субвенциялардан қалыптаса бастады.
Тұрғындар төлейтін кейбір салықтар, оның ішінде жер, көлік, мүлік, жеке табыс салығы және басқалары ауылдық округте қала бастады. Тиісінше азаматтар өз салықтарының қайда жұмсалғанын көруге мүмкіндік алды.
Қазіргі уақытта жергілікті өзін-өзі басқарудың кірістері салық түсімдерінің алты түрінен, түрлі төлемдерден, айыппұлдардан, коммуналдық мүліктен түсетін кірістерден және жоғары тұрған бюджеттен берілетін трансферттерден қалыптасады.
2020 жылдың көрсеткіштері бойынша жергілікті өзін-өзі басқару бюджетінің кірістері 252 млрд теңгені құрады, оның шамамен 34 млрд теңгесі немесе 13,4%-ы - меншікті кірістер және 218 млрд теңгесі - жоғары тұрған бюджеттен берілетін трансферттер.
Сонымен бірге, жеке тұлғалардың өз бетінше салық салуға жататын кірістері бойынша жеке табыс салығының төмендеуі байқалды, бүл 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін кірістерден салық төлеуге мораторийдің енгізілуіне байланысты.
Ауылдық округтің орташа бюджеті шамамен 107 млн теңгені құрайды. Сонымен катар, ауылдық округтердің халық саны мен экономикасына байланысты жергілікті өзін-өзі басқару бюджеттерінде қатты сәйкессіздік байқалады. Мәселен, жергілікті өзін-өзі басқарудың ең аз бюджеті - 2,8 млн теңгені, ал ең көп бюджеті 2,5 млрд теңгені құрайды.
Объектілердің бір бөлігі - мәдениет үйлері, мүліктік кешендер түріндегі балабақшалар, ортақ пайдаланылатын объектілер (автомобиль жолдары, елді мекендердің көшелері, саябақтар, скверлер, демалыс орындары, ескерткіштер және өзгелер) аудандық деңгейден жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіне берілді.
Ауылдық округтер деңгейінде өкілді органның болмауына байланысты бюджетті бекітуді аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихаты ол жергілікті қоғамдастық жиналысында келісілгеннен кейін жүзеге асырады, ал атқарылуы ауылдық округ әкімінің аппаратына жүктеледі.
Жергілікті қоғамдастық жиналысына жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігін басқару, бюджетті келісу, бюджет қаражатының пайдаланылуына мониторинг жүргізу, жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасын бекіту, сондай-ақ ауылдық округ әкімінің лауазымына аудан әкімі ұсынған кандидатураларды келісу және оны лауазымынан босату туралы мәселеге бастама жасау жөніндегі өкілеттіктер берілді.
Ауылдық округ әкімдеріне жер учаскелерінің нысаналы пайдаланылуын, абаттандыру, көгалдандыру қағидаларының сақталуын бақылау және ауылдық округтердің тыныс-тіршілігін қамтамасыз етудің басқа да мәселелері бойынша өкілеттіктер берілді. Жалпы, ауылдық округ әкімдеріне әкімшілік айыппұлдардың жиырма түрі берілді.
Заңнамаға сәйкес ауылдық округ әкімі тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тиісті аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігінің лауазымды адамы болып табылады.
Ауылдық округ әкімінің аппараты бюджетті жоспарлауды және атқаруды, жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасын әзірлеуді және т.б. қамтамасыз етеді.
Жалпы, 2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 6,4 мың елді мекенді әкімшілік басқаруды 2 345 жергілікті қоғамдастықта, оның ішінде 48 аудандық маңызы бар қалада, 26 кентте, 85 дербес ауылда, сондай-ақ 6 231 ауыл мен 4 кенттен тұратын 2 186 ауылдық округте әкімдер және олардың аппараттары жүзеге асырады.
2-бөлім. Жергілікті өзін-өзі басқарудың проблемалары
Жергілікті өзін-өзі басқарудың қолданыстағы моделінде жиынтығы оның толыққанды жұмыс істеуіне кедергі келтіретін бірқатар шешілмеген мәселелер бар.
Ең алдымен, басқару жүйесінің тиімділігін арттыру және институционалдық ортаны жетілдіру үшін жергілікті өзін-өзі басқаруды одан әрі дамыту жөніндегі бағыттар мен шараларды айқындау, жергілікті мемлекеттік басқару мен жергілікті өзін-өзі басқарудың жауапкершілік аймақтарының аражігін ажырату, жергілікті мемлекеттік басқару органдарымен қосарлануды болдырмай, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мәртебесін, функциялары мен өкілеттіктерін нақтылау қажет.
Ауылдық округ әкімінің аудандық деңгейге әкімшілік және қаржылық жағынан, оның ішінде ауылдық округте өкілді органның болмауына байланысты тәуелділігі оның жергілікті тұрғындардың өзекті проблемаларын шешуге назар аударуына мүмкіндік бермейді.
Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару деңгейлері арасындағы жауапкершілік аймағының айқын болмауы көп жағдайда ауылдық округтер деңгейінде жоспарлау және орындау жүйесінің теңгерімсіздігіне алып келеді. Өз кезегінде, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімі ауылдық округ әкіміне соңғысының құзыретіне кірмейтін функцияларды жүктейтін жағдайлар да болады.
Бүгінгі күні ауылдық округ әкімінің аппаратын аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігі құрады, таратады және кайта ұйымдастырады.
Өз кезегінде ауылдық округ әкімі аппаратының жұмысына қойылатын талаптар (ұйымдастырушылық, кадрлық, қаржылық және басқалар) орталық мемлекеттік органдар мен олардың қызметкерлерінің жұмысына қойылатын талаптарға ұқсас.
Құжаттамасы жоқ коммуналдық меншік объектілерін (жолдар, құбыржолдар, ғимараттар және басқалар) қаржыландыру мүмкіндігінің болмауына байланысты жүйелі проблемаларды да шешу қажет. Бүгінгі күні ауылдық бюджеттер үшін құжаттарды ресімдеу көрсетілетін қызметтер құнының айтарлықтай жоғары болуына байланысты қиын болуда.
Өңірлердің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерін шешуде жоғары әлеуетке ие бола отырып, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту бүгінгі күні жете бағаланбай отыр. Осыған байланысты Қазақстанда мемлекеттілікті дамытудың негізгі міндеттерінің бірі азаматтарды жергілікті маңызы бар мәселелер бойынша шешімдер қабылдау процесіне тарту болып табылады.
2013 жылы ауылдық округ әкімдерінің жанама сайлауын өткізу халықтың азаматтық белсенділігін арттыруға толықтай ықпал еткен жоқ.
Халықтың мәслихат депутаттарына, олардың қызметіне деген сенім деңгейінің төмен екені байқалуда.
Заңнамалық негіздің болуына қарамастан, азаматтардың жергілікті өзін-өзі басқару мәселелерінде белсенділігінің төмен болуына байланысты жергілікті атқарушы органдардың халықпен өзара іс-қимылының тиімділігі төмен болып табылады.
Жергілікті деңгейде әлеуметтік желілерде кеңінен талқыланатын коғамдық маңызы бар мәселелерге мемлекеттік органдардың проактивті ден қоюы жоқ.
Жүргізіліп жатқан өкілеттіктерді орталықсыздандыруға байланысты мемлекеттік аудит органдарының қызметін күшейту талап етіледі, себебі тексеру комиссияларының тиімді жұмысына кедергі келтіретін бірқатар проблемалы мәселелер бар.
Мәселен, тексеру комиссияларының жергілікті атқарушы органдарға қаржылық тәуелділігі байқалады. Бұдан басқа, тексеру комиссияларының мүшелерін тағайындаудың қолданыстағы тәртібі жүргізілетін аудиторлық іс-шаралардың тиімділігін арттыруға толық көлемде ықпал етпейді.
Әкімшілік-аумақтық құрылысты жетілдіру әдіснамасының жоқтығы өңірлер экономикасының дамуын тежейтін маңызды фактор болып табылады.
Бүгінгі таңда елімізде өңірлер (елді мекендер) арасында экономиканың дамуы мен география бойынша ғана емес, халықтың саны мен аумақ көлемі бойынша да сәйкессіздіктер байқалады.
Мәселен, 6 мыңнан астам ауылдық елді мекеннің 3,5 мыңы ғана (тірек және спутниктік) даму әлеуетіне ие.
Халқының саны 10 мың адамнан асатын ірі ауылдар, сондай-ақ халқының саны 10 мың адамнан аз шағын қалалар бар.
Оның үстіне, кент және ауыл сияқты елді мекен санаттарының арасында экономика құрылымы, сыртқы келбеті, сондай-ақ тұратын азаматтар саны бойынша айырмашылықтар жоқ.
3-бөлім. Халықаралық тәжірибені шолу
Ескерту. 3-бөлімге өзгеріс енгізілді – ҚР Президентінің 03.01.2024 № 428 Жарлығымен.
Жергілікті өзін-өзі басқару бүкіл әлемде қалалық және ауылдық елді мекендер тұрғындарының жергілікті маңызы бар істерді басқаруға және өмірлік маңызы бар мәселелерді тікелей шешуге мүдделі қатысуын қамтамасыз ететін ең пәрменді тетіктердің бірі, сондай-ақ өңірлік дамудың іргетасы болып табылады.
Қазақстанда өңірлердің даму деңгейінің күрт саралану проблемасын шешу үшін "өзін-өзі басқару органдарының мемлекеттік істердің қомақты бөлігін регламенттеу және заң шеңберінде әрекет ете отырып, оны өзінің жауапкершілігі мен жергілікті халықтың мүддесі үшін басқару құқығы мен соған нақты қабілетін" (Еуропалық жергілікті өзін-өзі басқару хартиясы, 3-1-бап) қоса алғанда, барлық тетіктерді іске қосу қажет.
Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, азаматтардың өздерінің белсенділігі, биліктің бақылауда болу және халық алдында есеп беру тетіктерін жасау ғана олардың өмір сүру сапасы мен жағдайларын, қоғамдық көрсетілетін қызметтер ұсынуды жақсарта алады.
Қазақстан үшін бұл тұрғыда мемлекеттік басқаруды және өңірлік дамуды жетілдіру саласындағы барынша тиімді стандарттарды айқындайтын Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына (ЭЫДҮ) мүше болып табылатын елдердің тәжірибесі маңызды және қызықты.
Осыған байланысты, жергілікті өзін-өзі басқару моделі, сондай-ақ географиялық және демографиялық сипаттамалары бойынша Қазақстан Республикасымен салыстыруға болатын елдердің тәжірибесі зерделенді.
Польша
Польшада субұлттық үкіметтің үш деңгейлі жүйесі бар. Бірінші деңгей - гминалар, екінші деңгей - повяттар, үшінші деңгей - воеводстволар.
Гмина басқармасы гминаның атқарушы органы болып табылады. Гминаны бургомистр (ірі елді мекеннің әкімі) немесе войт (ауылдық округтің әкімі) басқарады.
1991 жылдан бастап бургомистрлерді сайлауды гмина кеңесінің депутаттары жүзеге асырды, 2002 жылдан бастап қана бургомистрді тұрғындардың өздері тікелей дауыс беру жолымен сайлай бастады. Польшада тікелей дауыс беру арқылы сайланған гмина мэрі президент деп аталады және төрт жылға сайланады.
Поляк муниципалитеттері функциялардың төрт негізгі тобын орындайды: кеңістікті басқару; бастауыш және ішінара орта білім беру; әлеуметтік қорғау, сондай-ақ коммуналдық көрсетілетін кызметтер мен инфрақұрылым.
Өкілді орган бірнеше муниципалдық қауымдастықтан тұрады, бұлар - гминалар және қалалар кеңесі, повяттар кеңесі, воеводстволар кеңесі және метрополиялар кеңесі.
Гминада шешім қабылдайтын және бақылауды жүзеге асыратын орган гмина кеңесі болып табылады. Кеңесте 15-тен 100-ге дейін депутат болуы мүмкін. Гмина басқармасының қызметін бақылауды жүзеге асыру үшін кеңес гмина бюджетінің атқарылуын бақылайтын тексеру комиссиясын құрады.
Кеңестің айрықша өкілеттіктеріне: гминаның жарғысын қабылдау, гминаның басқармасын сайлау және тарату, оның қызметінің бағыттарын айқындау және оның жұмысы туралы есептерді бекіту, гминаның қазынашысын, сондай-ақ гминаның хатшысын тағайындау және босату жатады.
Гминалардың, повяттар мен воеводстволардың кіріс көздері: меншікті кірістерден, өзін-өзі басқару органдарының өз өкілеттіктерін (білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, жолдар және басқалар) орындауына арналған жалпы мемлекеттік субвенциялардан, мемлекеттік бюджеттің нысаналы дотацияларынан тұрады.
Меншікке салынатын муниципалдық салықтар мүлікке, жер мен ғимаратқа, ауыл шаруашылығы жеріне, орманға, азаматтық-құқықтық операцияларға, көлік құралдарына, мұраға, сыйға тартуға және басқаларға салынатын салықтарды қамтиды. Муниципалитеттер заңмен айқындалатын жоғары салықтық шектерде салық мөлшерлемелерін белгілеуге және белгілі бір ерекшеліктерге жол беруге құқылы.
Франция
Францияда жоғарғы деңгейде - өңірлерді, аралық деңгейде департаменттерді және төменгі деңгейде муниципалитеттерді (округтер мен коммуналар) қамтитын үш деңгейлі субұлттық жүйе басым.
Мэр және оның орынбасарлары коммуналар деңгейінде муниципалитет кеңесінің атқарушы органын құрайды және оларды муниципалдық кеңес өз мүшелерінің қатарынан ғана мажоритарлық жүйе бойынша жасырын дауыс беру арқылы алты жылдық мерзімге сайлайды.
Мэрдің: муниципалдық қызметтерді басқару, басқарушы персоналды тағайындау, құрылысқа рұқсаттар беру, азаматтық хал актілерін тіркеу, азаматтардың жалпы қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету, мемлекеттік заңдар мен қаулыларды жариялау, сайлауды ұйымдастыру, әскери міндеттілердің тізімін жасау, азаматтық қорғанысты ұйымдастыру, бастауыш мектептердің жұмыс істеуін қадағалау өкілеттіктері бар.
Муниципалитеттердің халық тікелей жалпыға бірдей дауыс беру арқылы алты жыл мерзімге сайлайтын өзінің жеке кеңесші жиналысы болады. Коммунаның кез келген салық төлеушісі муниципалдық кеңестің депутаты бола алады.
Жұмысы қанағаттанғысыз болған жағдайда префект мэрді өз өкілеттіктерін орындаудан уақытша шеттетуі мүмкін. Префект орталық үкіметтің шенеунігі болып табылады және өзінің департаментінде орталық үкіметтің көптеген функциялары үшін жауап береді, сондай-ақ әкімшілік биліктің неғұрлым төмен деңгейлері мен Ішкі істер министрлігі арасындағы байланыстырушы буын болып табылады. Префект, сонымен қатар жергілікті өзін-өзі басқару органдарына ұсынымдар бере алады және өз департаментіндегі ішкі тәртіп пен қауіпсіздікке жауап береді. Мэрді префект ғана, ал префектіні өз кезегінде, министр ғана тәртіптік жазаға тартуы мүмкін. Қазақстанда мұндай жоқ.
Францияда аумақтық қоғамдастықтар жария құқықтың заңды тұлғалары болып табылады. Бұл дербес бюджетті қалыптастыру, сотта өз мүдделерін қорғау мүмкіндігін және басқаларды болжайды.
Кеңестің қаржылық өкілеттіктеріне бюджетті қабылдау және коммуналдық салық мөлшерлемелерін айқындау, мүлікті сатып алу, сату, жалға беру және мүлікті "қоғамдық" санатқа жатқызу, аумақтарды жайластырудың коммунааралық жоспарларын әзірлеу және бекіту кіреді.
Меншікті көздерден алынатын салық жүйесі төрт негізгі жергілікті салыққа: тұруға арналған салыққа, жылжымайтын мүлік салығына, құрылыс, жер салығына және "аумақтық экономикалық салымға" негізделген.
Муниципалитеттер осы салық мөлшерлемелерін белгілеу үшін дауыс бере алады, бірақ олар орталық үкімет белгілеген шектеулерді сақтауға тиіс және салық базасын өз бетінше айқындауға құқығы болмайды.
Орталық үкіметтен түсетін трансферттер үш мақсатты көздейді: өтемақы (жергілікті бюджеттерді тұрақтандыру), теңестіру (кірістер теңсіздігін азайту) және бағдарлау (салалық саясатты әзірлеу).
Коммуналдық сайлауға қатысу есебінен көптеген басқа азаматтар қауымдастықтар мен консультативтік органдарға катысады. Жергілікті халықтың консультативтік референдумдарға бастама жасауға құқығы бар. Консультативтік референдум азаматтардың көпшілігінің белгілі бір мәселе бойынша еркі мен пікірін анықтауға мүмкіндік береді. Референдум тиісті билік органдарының халықтың мүдделерін ескеру негізінде шешімдер қабылдауы мақсатында тұрғындардың пікірін анықтау нысаны ретінде қаралады,
Германия
Германияда штаттардан, округтерден және муниципалитеттерден тұратын үш деңгейлі субұлттық басқару жүйесі бар.
Германия федеративті мемлекет болғандықтан, федералды жерлерде жергілікті атқарушы органдардың басшыларын тағайындау тәртібі әртүрлі, оларды, мысалы, Баварияда тікелей муниципалитеттің азаматтары сайлайды.
Барлық жерлерде ауданның атқарушы билігінің басшысы тиісті ауданның мемлекеттік әкімшілігінің басшысы болып табылады. Бургомистр (бүл Германия үшін дәстүрлі атау), мәр немесе коммунаның директоры жергілікті әкімшіліктің басшылығы болып табылады.
Кейбір жерлерде арнаулы бақылау органдары құрылғанымен, жергілікті өзін-өзі басқару органдары қабылдайтын шешімдердің заңдылығын бақылауды жоғары тұрған деңгейдегі мемлекеттік әкімшілік жүзеге асырады.
Гессен жерін қоспағанда, барлық жерлердегі муниципалитеттер "кеңестер жүйесіне" сәйкес басқарылады, онда жергілікті кеңес жерге байланысты жалпыға бірдей тікелей дауыс беру арқылы төрт жылдан алты жылға дейінгі мерзімге сайланады. Жалпыға бірдей тікелей дауыс беру арқылы төрт жылдан тоғыз жылға дейінгі мерзімге сайланатын мәр жергілікті кеңесті және атқарушы органды басқарады.
Муниципалдық әкімшіліктің функцияларына сумен жабдықтауды және су бұруды, жылуды, көше жарығын қамтамасыз ету; өрт сөндіру қызметі; абаттандыру және көгалдандыру; муниципалдық жолдар мен балабақшаларды күтіп ұстау кіреді.
Барлық жердегідей өкілді органды тікелей халық сайлайды.
Кеңес өкілеттіктерінің ұзақтығы 4 (Гессен) жылдан 6 (Бавария) жылға дейін болады.
Жалпыға бірдей дауыс беру жолымен сайланатын кеңес өз құрамынан кеңес төрағасын сайлайды. Сонымен бір мезгілде кеңес дауыс беру арқылы кәсіби басқарушылар қатарынан алқалы атқарушы органды - магистратты тағайындайды.
Кеңестердің өкілеттіктері саласына ауруханалардың, мектептердің қызметі, әлеуметтік көмек көрсету, қоқысты шығару және кайта өңдеу, қоғамдық көлік кіреді.
Қауымдардың халықтан жергілікті салықтарды және ең алдымен, жер салығы мен кәсіпкерлік қызметке салынатын салықты жинау мүмкіндігі бар. Бұдан басқа, жергілікті өзін-өзі басқару органдары федералдық салықтар мен федерация субъектілерінің салықтарынан аударымдар алады.
Маңызды мәселелер азаматтардың жиналысында немесе конференцияларда (Btirgerversammlung) талқыланады. Азаматтардың жиналысын мэр немесе электораттың кемінде 10%-ы жылына бір рет шақыруға тиіс. Бұдан басқа, азаматтардың муниципалдық кеңестен белгілі бір мәселені шешуді сұрауға құқығы бар. Бұл құқық кеңес немесе кеңестің комитеті қабылдап қойған шешімге қарсы бағытталуы да мүмкін. Сұрау салуды электораттың кемінде 30%-ы қолдауға тиіс. Сонымен катар референдум өткізу мүмкіндігі де бар. Референдумға муниципалдық кеңес (үштен екі көпшілік дауыспен) немесе азаматтар (электораттың кемінде 15%-ы) бастама жасауы мүмкін.
Финляндия
Муниципалитетте мүшелерін муниципалдық кеңес торт жылдық мерзімге тағайындайтын атқарушы кеңес болады. Бір адам жергілікті және атқарушы кеңестің төрағасы болып сайлана алады. Басқарма муниципалдық кеңес қабылдаған шешімдерді дайындауға және орындауға жауапты болады.
Финляндияда әкімшілік басшысы сайланбайды. Муниципалдық басқарманы кәсіби муниципалдық менеджер басқарады, оны кеңес тағайындайды және ол кеңестің алдында жауапты болады. Муниципалдық басқармада жұмыс істейтін барлық мамандар сияқты менеджер де сайлаудан кейін өз орнын сақтайды және оның нәтижесіне тәуелді болмайды.
Муниципалитеттегі басты орган муниципалдық кеңес болып табылады. Кеңес мүшелерін әрбір төрт жыл сайын жергілікті сайлауда халық сайлайды. Кеңестің құрамына муниципалитет халқының санына қарай 17-ден 85-ке дейін мүше кіреді. Барлық партиялар саяси шешімдерге қатысады.
Муниципалдық кеңес жергілікті бюджетті қабылдайды, сондай-ақ жергілікті салықтар мен алымдарды белгілейді. Орта есеппен жергілікті бюджет кірістерінің 47%-ы - жергілікті салықтардан түсетін түсімдер, 27%-ы - қосымша кірістер, 19%-ы - мемлекеттік субсидиялар, 4%-ы - қарыздар, 2%-ы - инвестициялық кірістер және 1%-ы - өзге де кірістер.
Жергілікті салықтық кірістердің басты көзі - муниципалитет тұрғындары жалақысының 15%-ынан 21%-ына дейін құрайтын жалақыға салынатын салық Муниципалдық кеңес бұл пайызды жыл сайын белгілейді.
Мемлекеттік субсидиялар коммуналарға міндетті қызметтердің көрсетілуін қамтамасыз ету үшін, бірақ негізінен бай және кедей муниципалитеттердің кірістерін теңестіру үшін беріледі. Анағұрлым дамыған бірнеше муниципалитет субсидия алмайды. Бюджеттің қосымша кірістері белгілі бір көрсетілетін қызметтерге байланған муниципалдық алымдар есебінен қалыптасады.
Атқарушы кеңестен басқа тексеру комиссиясы және кәсіби аудиторлар бар.
Азаматтық бастамаларды ұсыну үшін онлайн-платформа (Kansalaisaloite.fi) құрылған. Бұл - азаматтардың бастамалар жасауына және осы бастамаларды қолдау үшін жазбаша өтініштер жинауына мүмкіндік беретін онлайн-жүйе. Дауыс беруге құқығы бар барлық фин азаматтарының бастама жасауға құқығы бар. Азаматтық бастамалардың үш типі болады: (1) жаңа заңнама ұсыну; (2) қолданыстағы заңнамаға өзгерістер ұсыну немесе (3) қолданыстағы заңнаманың күшін жоюды ұсыну.
Финляндияның барлық электрондық қатысу қызметтеріне жеке веб-платформалар арқылы онлайн қолдау көрсетіледі. Функционалдылық әрбір платформаға жауапты мемлекеттік органдар жүргізетін тұрақты жаңартулардың арқасында сақталады.
Канада
Жалпы алғанда, жергілікті өзін-өзі басқару құрылымы провинциядан провинцияға өзгеріп отырады, алайда муниципалдық кеңестер мен әкімшіліктер негізгі бірліктер болып табылады. Бір деңгейлі муниципалдық түзілімнің өкілеттіктерін сайлаушылар сайлайтын кеңес жүзеге асырады.
Мәрді және бас магистратты әрқашан муниципалитеттің барлық сайлаушылары сайлайды.
Муниципалдық билік органдары кітапханалар, саябақтар, коммуналдық сумен жабдықтау жүйелері, жергілікті полиция, жолдар мен автотұрақтар үшін жауапты болады.
Алқалы өкілді органды (кеңесті) тиісті муниципалдық бірліктердің халқы бөлек сайлайды. Кеңеске сайлау көп мандатты бірыңғай округ бойынша да, бір мандатты округтер бойынша да өткізілуі мүмкін.
Ірі муниципалитетте кеңес бірнеше ондаған депутатты қамтуы мүмкін. Орташа статистикалық муниципалитетте кеңес он - жиырма мүшеден тұрады.
Көптеген провинциялар муниципалдық түзілімдерде аумақтық органдарды - жергілікті өзін-өзі басқару органдары қызметінің кейбір аспектілерін қадағалауды жүзеге асыратын комиссияларды немесе алқаларды құрады.
Көпшілік провинцияларда жергілікті сайлау төрт жылда бір рет өткізіледі.
Муниципалитеттің кіріс көздері негізінен меншік салығынан, халықтың муниципалдық көрсетілетін қызметтерге төлейтін төлемақыларынан, провинциялық үкіметтер тарапынан берілетін қаржылық қолдаудан, әртүрлі лицензиялар мен біржолғы рұқсаттар үшін төлемдерден тұрады.
Меншік салығының мөлшерлемесін жергілікті кеңес белгілейді.
Азаматтарға кеңестің немесе комитеттің отырыстарын көруге, отырыста сөз сөйлеуге, кері байланыс жасауға, петиция беруге, муниципалдық сайлауларда дауыс беруге және басқа да мүмкіндіктер берілген.
Аустралия
Аустралияда кеңес жергілікті өзін-өзі басқарудың басшы органы болып табылады. Ол кеңесшілер мен мэрден тұрады. Кеңес мүшелерінің саны алтыдан он беске дейін болуы мүмкін.
Кеңес мүшелерін сайлау әдістері преференциялық немесе біржолғы дауыс беруді, пропорционалды өкілдік етуді және "ізашар" жүйесін қамтиды.
Мэрлерді тікелей сайлаушылар немесе жанама түрде алқа сайлауы мүмкін, екі жағдайда да мерзімі бір жылдан төрт жылға дейін болады.
Жергілікті кеңестерге сайлау жүйесі штатқа немесе аумаққа байланысты түрленеді.
Кейбір штаттарда ерікті дауыс беру бар, ал басқаларында - кеңестерге сайлау үшін сайлаушылардың келуін арттыру мақсатында міндетті немесе жалпыға бірдей пошта арқылы дауыс беру бар.
Өкілді орган құрамына резиденттер, бейрезидент-меншік иелері және бейрезидент-меншікті жалға алушылар кіретін таңдаушылардан тұрады.
Әрбір кеңес өзінің жергілікті қоғамдастығының қажеттіліктеріне жауап беруге және оларды қамтамасыз етуге тиіс.
Жергілікті өзін-өзі басқару жеке қоғамдастықтар үшін қажетті көрсетілетін қызметтер мен инфрақұрылымның толық спектрінің - саябақтардың, бақтардың, жолдардың, көшелердің, көпірлердің, кітапханалардың және бассейндерге қызмет көрсетудің жұмыс істеуі мен ұсынылуы үшін жауап береді.
Меншік салығы көптеген жергілікті билік органдарының негізгі кіріс көзі болып табылады. Әрбір жергілікті үкімет алынатын төлемнің мөлшері мен типін айқындайды. 1995 жылғы Жергілікті өзін-өзі басқару туралы заң және 1978 жылғы Жерді бағалау туралы заң меншіктің салық салынатын құнын бағалау әдістерін және алынуы мүмкін мөлшерлемелердің типтерін белгілейді.
Штаттың жергілікті үкіметтер туралы заңнамасында кеңестер барлық маңызды мәселелер бойынша, атап айтқанда, көрсетілетін кызметтерді ұсыну, оның ішінде жергілікті қоғамдастықты дамыту, сондай-ақ ұзақ мерзімді стратегиялық жоспарлар бойынша өз қоғамдастықтарымен консультация жасауға тиіс деп көзделген.
Жалпы алғанда, жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің жұмыс істеуінің шетелдік тәжірибесі оның жергілікті қажеттіліктерге бағдарлануының және қала мен ауыл халқының үмітіне сәйкес келуінің маңызды екенін көрсетеді.
Қазақстан үшін жергілікті атқарушы органдар басшыларының тікелей сайланбалығы, өкілді орган құру және олардың өкілеттіктері бөлігінде Аустралияның, Польшаның, Германия мен Канаданың тәжірибесін пайдалану ұсынылады.
Бұл ретте, Аустралия мен Канадада осы лауазымдарға кандидаттар үшін жасы бойынша төменгі шек - 18 жас, Польшада - кемінде 25 жас (елдің дауысқа түсу құқығынан айырылмаған кез келген азаматы бурмистр бола алады) екеніне қарамастан, білім беру жүйесінің ерекшеліктері ескеріле отырып, 25 жас ауыл әкімдері үшін ең қолайлы жас болып табылады.
Аустралияның, Канада мен Польшаның атқарушы органдары жергілікті халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін кызметтер ұсынуды қамтитын өкілеттіктердің кең спектріне ие.
Қарастырылған барлық елдерде жергілікті өзін-өзі басқару деңгейіндегі өкілді органдар бар. Бүл ретте Аустралияда, Германия мен Финляндияда өкілді органдардың құрамын азаматтар сайлайды.
Сонымен қатар қарастырылған барлық елдерде кірістер жоғары тұрған деңгейден берілетін дотациялар есебінен де, салықтар мен төлемдер түріндегі өз кірістері есебінен де қалыптасады. Бүл ретте өкілді органдардың салық мөлшерлемелерін реттеуге және олардың түрлерін белгілеуге құқығы бар. Польша мен Францияда нысаналы дотациялар және гранттарды бөлу бар, олар муниципалитеттердің бюджеттеріндегі нақты мақсаттарға және диспропорцияларды теңестіруге жұмсалады.
Азаматтарды жергілікті өзін-өзі басқаруға тартуда маңызды рөл атқаратын азаматтық бастамалар үшін электрондық портал құру бөлігінде Финляндияның тәжірибесін де назарға алған жөн.
Халықаралық тәжірибені зерделеу нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың 2025 жылға дейінгі осы тұжырымдамасында (бұдан әрі - Тұжырымдама) еліміздің нақты жағдайы ескеріле отырып, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытуға бағытталған мынадай:
атқарушы органның басшысын (әкімді) тікелей азаматтардың сайлауын енгізу;
атқарушы органдарға тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсету мүмкіндігін беру және т.б. құралдар қолданылды.
4-бөлім. Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту үрдістері мен пайымы
Ескерту. 4-бөлімге өзгеріс енгізілді – ҚР Президентінің 10.04.2023 № 190 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 03.01.2024 № 428 Жарлықтарымен.
Жергілікті өзін-өзі басқарудың тиімді жүйесін құру саяси жүйені жетілдіру және демократияны дамыту шеңберінде Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруі жөніндегі тұжырымдамада мәлімделді.
Осы мақсатпен жергілікті өзін-өзі басқаруды одан әрі дамытуға кедергі келтіретін түйінді проблемаларды шешу жөнінде шаралар қабылдау қажет.
Жергілікті мемлекеттік басқару мен жергілікті өзін-өзі басқарудың өкілеттіктері мен жауапкершілік салаларының аражігін ажырату
Ел дамуының қазіргі кезеңінде мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру мақсатында өкілеттіктерді одан әрі орталықсыздандыру және жергілікті өзін-өзі басқарудың пәрменді жүйесін құру қажет болып отыр.
Осыған байланысты мүліктік құқықтарды кеңейту және ауылдық округтер бюджеттерінің кірістерін ұлғайту жолымен жергілікті мемлекеттік басқару және жергілікті өзін-өзі басқару органдары өкілеттіктерінің аражігін кезең-кезеңімен ажырату бойынша шаралар қабылданатын болады.
Бұл үшін тән емес, қайталанатын, жетіспейтін функцияларды анықтай отырып, мемлекеттік басқару деңгейлері бөлінісінде функциялар мен өкілеттіктерге талдау жүргізілетін болады. Осы жұмыстың қорытындысы бойынша мемлекеттік басқару деңгейлері арасында, оның ішінде облыстық, қалалық, аудандық және ауылдық деңгейлердегі жергілікті атқарушы органдар арасында функцияларды беру, сондай-ақ оларды алып тастау, кайта бөлу жөніндегі ұсыныстар тұжырымдалатын болады.
Бұл ретте өкілеттіктерді қайта бөлу мемлекеттік органдардың жаңа функцияларды орындауға кадрлық және материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі тұрғысынан әзірлігі ескеріліп жасалатын болады.
Бұдан басқа, орталық деңгейден облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарына мынадай:
тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған білім алушылар мен тәрбиеленушілердің қажеттіліктеріне талдау жүргізуді, оларға арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер ұсынуды қамтамасыз ету;
әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы (тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында) істерді қарау жөніндегі және басқа да өкілеттіктер беріледі.
Жергілікті өзін-өзі басқару институтының тиімділігін арттыру үшін ауыл әкімдері мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының дербестігін кеңейту талап етіледі.
Өз кезегінде, жергілікті өзін-өзі басқару институтының әлеуетін ескере отырып, мынадай:
қоғамдық орындарды абаттандыру және сыртқы безендіру мәселелерін шешу;
көрме-жәрмеңке қызметін ұйымдастыру;
қабірлерге арналған жер учаскелерін есепке алу және тіркеу;
өз құзыреті шегінде ақпараттық жүйелерді қолдана отырып, электрондық кызметтер көрсету жөніндегі және басқа да функцияларды аудан деңгейінен ауыл деңгейіне беру маңызды қадам болады.
Функцияларды жергілікті өзін-өзі басқару деңгейіне беру ағымдағы проблемаларды уақтылы анықтау және шешу, сондай-ақ ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған нақты міндеттерді айқындау үшін жағдай жасауға тиіс.
Мемлекеттік басқару және жергілікті өзін-өзі басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату әкімдердің жергілікті маңызы бар міндеттерді шешу үшін ресурстарды тиімді пайдалану бөлігінде жауапкершілігін арттыруға мүмкіндік береді.
Азаматтарды жергілікті өзін-өзі басқаруға тарту
Азаматтардың белсенділігі жергілікті өзін-өзі басқару органдарының тиімді қызметінің басты шарты болып табылады. Мемлекеттік органдар, оның ішінде жергілікті өзін-өзі басқару органдары халықпен кері байланыстың қазіргі заманғы құралдарын тиімді пайдалануды үйренуге тиіс. Ауыл әкімінің азаматтар алдындағы ашықтығы мен есептілігі деңгейін арттыру бойынша шаралар қабылдау талап етіледі.
Халықтың шешімдер қабылдауға тартылуы басқару сапасын өзгертуге, азаматтық белсенділікті арттыруға, мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қызметін ашық етуге тиіс.
Инфрақұрылымдық және әлеуметтік бастамаларға бағытталған қоғамдық маңызы бар шығыстар бөлігінде онлайн-сауалнамалар қолдануды қоса алғанда, қоғамдық сараптамадан өту тетіктері арқылы жергілікті бюджеттерді бекіту процесіне бақылауды күшейту жөнінде шаралар қабылданатын болады.
Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту халықтың құқықтық сауаттылығы мен азаматтық құқықтық санасының деңгейін арттыруды талап етеді Бұл үшін бірінші кезекте жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелері үшін, оның ішінде үкіметтік емес ұйымдардың әлеуетін пайдалана отырып, жергілікті өзін-өзі басқару негіздеріне оқыту бойынша ақпараттық-түсіндіру іс-шараларын жүргізу қажет.
Бірнеше жыл бойы елдің әлеуметтік-саяси дамуына Интернеттің эсері күшейгені байқалды, ол коғамдық пікірталастар жүргізуге, азаматтардың хабардар болуына және қоғамдық мәселелерге тартылуына қосымша мүмкіндіктер береді. Цифрлық технологиялардың дамуы көптеген әлеуметтік және экономикалық міндеттерді шешуде қозғаушы күшке айналды.
Мемлекеттік органдар интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында жергілікті қоғамдастықтардың даму бағдарламалары, жергілікті қоғамдастықтардың жиындары мен жиналыстарының хаттамалары, жергілікті өзін-өзі басқару органының бюджетіне түсетін түсімдер туралы мәліметтер, азаматтық бюджет және басқалар міндетті түрде жарияланатын болады.
Бұл портал, сондай-ақ тиісті ауылдық округ әкімі аппаратының ресми сайты жергілікті өзін-өзі басқару органдарының жергілікті қоғамдастықпен өзара іс-қимыл жасасуына, азаматтық бастамаларды қарауға және басқа мәселелерді шешуге арналған алаңға айналады. Ақпарат әрдайым өзекті және барлық азаматтарға қолжетімді болуға тиіс.
Жергілікті қоғамдастықтарда кезең-кезеңімен жобалардың конкурстары өткізілетін болады. Тұрғындардың көпшілігі дауыс беретін, аумақтарды көгалдандыруға, ортақ пайдаланылатын орындарды (саябақтар, скверлер, спорт және ойын алаңдары және өзге де объектілер) жасауға және жөндеуге бағытталған үздік жобалар ауылдық округ бюджетінің мүмкіндіктері ескеріле отырып, одан тиісті бюджеттік бағдарламалар шеңберінде, сондай-ақ ерікті алымдар, демеушілік көмек және инвесторлардың қаражаты есебінен қаржыландырылатын болады.
Сонымен катар, казіргі мәдениет үйлерінің базасында "Community center" (қоғамдық орталық) - ауыл тұрғындарын тарту және ауылдың қоғамдық-мәдени тыныс-тіршілігі орталықтарын ұйымдастыруды көздеу қажет, онда кітапханалар, акт залдары, электрондық мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу үшін жағдайлар, сондай-ақ тұрмыстық қызметтердің басқа да салалары орналасуы мүмкін. Бұл объект жергілікті қоғамдастықтың коллаборациясы (ынтымақтастығы) орнына айналуға тиіс.
Азаматтық білім берудің құрамдас бөліктерінің бірі жастарды жергілікті маңызы бар мәселелерді шешу үшін коғамдық бастама танытудың маңызды екенін түсінуге тәрбиелеу болады.
Бұл үшін білім беру ұйымдарында оқушыларды шешім қабылдау процесіне тарту жөніндегі іс-шараларды, оның ішінде пікірсайыстарды, пікірталастарды, өзін-өзі басқару апталарын, конкурстар мен басқаларды көздеу ұсынылады.
Жергілікті қоғамдастық жиындарын калыптастыру тәртібі және олардың өкілеттіктері, сондай-ақ азаматтарды, оның ішінде қазіргі заманғы тәсілдер мен цифрлық технологияларды пайдалана отырып тарту құралдары заңнамалық тұрғыда белгіленетін болады. Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың және азаматтық белсенділікті арттырудың тиімді құралы ретіндегі интернет-қоғамдастықтардың маңыздылығын да ескеру қажет.
Жоғарыда көрсетілген іс-шараларды іске асыру жергілікті өзін-өзі басқаруды одан әрі дамытуда табысты сабақтастықты қамтамасыз етуге, сондай-ақ жергілікті маңызы бар мәселелерді қарау мен шешуді сапалық жаңа деңгейге шығаруға мүмкіндік береді.
Ауылдық округтердегі жергілікті өзін-өзі басқару органдарын жетілдіру
Заңнамаға өзгерістер мен толыктырулар енгізу шеңберінде жергілікті қоғамдастық жиналысын қалыптастыру тәртібі мен өткізу тетігі жетілдірілетін болады, атап айтқанда, жергілікті қоғамдастық жиналысының құрамына әрбір ауылдық елді мекеннің өкілі енгізілетін болады.
Бұл ретте жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қолданыстағы тәртібін сақтаған жөн.
Жергілікті қоғамдастық жиынының басым міндеттерді, оларды іске асыру мерзімдерін айқындау, жергілікті қоғамдастықтың даму бағдарламасын келісу, әкімшілік-аумақтық құрылысты өзгерту, ауылдық округ әкімінің есептерін тындау, жергілікті қоғамдастық жиналысын тарату туралы шешім қабылдау мәселелері бойынша өкілеттіктері кеңейтіледі.
Жергілікті қоғамдастық жиналысы жергілікті қоғамдастық жиыны жіберген жергілікті қоғамдастық өкілдерінен қалыптастырылады.
Алдағы уақытта жергілікті қоғамдастық жиналысының өкілеттігі артады, атап айтқанда, жергілікті қоғамдастық жиналысы жергілікті қоғамдастықтың мүшелерінен қоғамдық медиаторларды сайлайды, аудандық маңызы бар қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын, елді мекендердегі жануарларды жаю орындарын, сондай-ақ әкім аппараты көрсететін ақылы қызметтердің тізбесін келісетін болады.
Ауылдың округтің әкімі
Ауылдық округтің әкімі азаматтар тікелей сайлайтын атқарушы органның - әкім аппаратының басшысы болып табылады.
Кандидаттар үшін базалық біліктілік талаптары - жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары не орта білімнен кейінгі немесе техникалық, кәсіптік білімі және белгілі бір жұмыс тәжірибесі болған кезде 25-тен кем емес жас шегі белгілене отырып, ауылдық округтің әкімдеріне кандидаттар ұсынуды саяси партиялар жүзеге асырады, сондай-ақ ол өзін-өзі ұсыну тәртібімен жүзеге асырылады.
Ауылдық округ әкімінің лауазымына алғаш рет сайланған адамдар Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында және олардың филиалдарында арнаулы бағдарлама бойынша тиісті оқудан өтуге тиіс.
Бұл ретте қазіргі кезеңде ауылдық округ әкімінің мәртебесін мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге жатқызған жөн. Кейіннен жоғары тұрған әкімдерді тікелей сайлау енгізілген кезде әкімдерді мемлекеттік саяси қызметшілерге не сайланбалы лауазымдардың жаңа санатына жатқызу мәселесін қарау керек.
Алдағы уақытта ауылдық округ әкімдерін тікелей сайлау қорытындылары бойынша егжей-тегжейлі талдау негізінде сайлау процесіне түзетулер енгізілуі мүмкін.
Ауылдық округ әкімінің негізгі функцияларына: жер қатынастарын реттеу, елді мекендерді сумен жабдықтауды қамтамасыз ету, халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарын есепке алу және оларға көмек көрсетуді ұйымдастыру, елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитариялық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру және басқалар кіреді.
Кейіннен функционалдық талдау және орталықсыздандыру нәтижелері бойынша ауылдық округ әкімдерінің өкілеттігі кеңейтіледі.
Ауылдық округ әкіміне жергілікті қоғамдастық жиналысымен бірлесіп, жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіне берілуге жататын мүлік түрлерін айқындау құқығы берілетін болады.
Ауылдық округтің әкіміне тыныс-тіршілікті қамтамасыз етудің инфрақұрылымдық және басқа да әлеуметтік маңызды объектілерін дамытуға бағытталған функцияларды беру осы мәселелерді жедел шешуге оңынан ықпал ететін болады.
Бүгінгі күні ауылдық округ әкімі аппаратының жұмысы жергілікті маңызы бар мәселелерді ұдайы шешумен, тұрғындармен тікелей өзара іс-қимыл жасаумен байланысты. Осыған орай олардың ағымдағы міндеттерді шешуде барынша жедел болуын қамтамасыз ету үшін жекелеген қағидалар мен тәртіптерді әзірлеу талап етіледі.
Әкім аппараты елді мекендерді абаттандыру, санитариялық тазалау, көгалдандыру жөніндегі жұмыстарды өз бетінше орындайды, сондай-ақ жергілікті қоғамдастықтың жиналысымен келісу бойынша жергілікті тұрғындарға өтеулі негізде кызметтер көрсететін болады. Бұл ретте өкілеттіктердің кеңейтілуі ескеріле отырып, әкім аппаратының қызметкерлері штат санының лимитін ұлғайту мәселесі қаралатын болады.
Өз кезегінде, ауылдық округ әкімі бюджет қаражатын үнемдеу есебінен еңбек шарты бойынша қосымша жұмыскерлерді қабылдай алады.
Еңбек шарты бойынша жалданатын қызметкерлердің тізбесі өндірістік қажеттілік ескеріле отырып, жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша қалыптастырылатын болады.
Аудан әкімімен өзара іс-қимыл
Ауылдық округ әкімі заңнамада көзделген ауылдық округ әкімінің құзыреттері шеңберінде аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімімен өзара іс-қимыл жасайтын болады.
Фискалдық орталықсыздандыру
Жергілікті өзін-өзі басқаруды нығайту ауылдық округ бюджетінің қаржылық мүмкіндіктері күшейтіле отырып жалғастырылады.
Жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуде жоғары тұрған деңгейге қаржылық тәуелділікті біртіндеп төмендету керек. Қолданыстағы кіріс көздері ауылдық округ бюджетіне түсімдердің қосымша түрлерін беру есебінен ұлғаяды.
Ауылдық округ әкімі жер учаскелерін меншік иелерінің ұтымды және нысаналы пайдалануына жауапты болғандықтан, жер учаскелерін пайдаланудан түсетін барлық түсімдерді ауылдық округ бюджетіне беру қажет.
Жергілікті өзін-өзі басқарудың кіріс базасын одан әрі кеңейту үшін
2022 жылы бюджеттің төртінші деңгейіне салықтар мен төлемдердің мынадай түрлері:
бірыңғай жер салығы;
жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы;
жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдер;
жер учаскелерін жалдау құқығын сатқаны үшін төлемақы берілетін болады.
2024 жылы мынадай салықтар мен төлемдерді беру жалғасады:
заңды тұлғалардың, дара кәсіпкерлердің мүлкіне салынатын салықтың үлесі;
су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы;
жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым;
жекелеген қызмет түрлерімен айналысуға арналған лицензияларды пайдаланғаны үшін төлемақы.
Шағын және орта бизнестен түсетін корпоративтік табыс салығын облыс, аудан және ауыл арасында бөлу де көзделетін болады.
Азаматтардың жалпыға бірдей декларациялануы енгізілгеннен кейін көлеңкелі экономиканы төмендету мақсатында ауылдық округ бюджетіне төлем көзінен салық салынатын кірістерден жеке табыс салығын және әлеуметтік салықты беру мәселесі қаралатын болады.
Ауылдық округ бюджеті коммуналдық меншіктен және көрсетілетін қызметтерді ұсынудан түсетін түсімдерден де қалыптастырылатын болады.
Қолданыстағы салық салынатын базаны ұлғайту үшін "1+1" салық мәдениетін арттыру бойынша ынталандыру тетігін енгізген жөн, яғни қаржы жылының қорытындысы бойынша салықтарды жинау жөніндегі түсімдер нақты өскен кезде жоғары тұрған деңгей елді мекеннің даму әлеуетін ескере отырып, өсім сомасына нысаналы трансферттер бөлетін болады.Бюджетаралық қатынастар жүйесі өңірлердің өзін-өзі қамтамасыз етуін ынталандыруға және жергілікті бюджеттердің республикалық нысаналы трансферттерге тәуелділігін төмендетуге бағытталады.
Осыны ескере отырып, бюджетаралық қатынастар, тиісінше барлық деңгейдегі (республика - облыс, облыс - аудан, аудан - ауыл) жалпы сипаттағы бюджетаралық трансферттер де жергілікті атқарушы органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарын өңірлік экономиканы дамытуға және жергілікті бюджеттердің кірістерін ұлғайтуға, өңірлердің республикалық бюджетке тәуелділігін азайтуға ынталандыруға бағытталатын болады
"Орталық - өңір" қатынасын ғана емес, өңір ішіндегі қаражатты бөлуді де ескеретін өңірлерді бюджеттік қаржыландыру моделін қайта қараған жөн.
Перспективада барлық деңгейдегі бюджеттер арасындағы қарсы трансферттерді барынша азайта отырып, бюджеттік алып қоюлар біртіндеп жойылады,
Жалпы сипаттағы трансферттерді айқындау кезінде оларды есептеу әдістемесі жетілдірілетін болады.
Жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу кезінде қолданылатын көрсеткіштер мен коэффициенттер олардың өзектілігі мен өңірлік ерекшелігі, халықтың өмір сүру деңгейін арттыруға бағдарланғаны ескеріле отырып қайта қаралатын болады.
Бұл ретте жергілікті атқарушы органдардың бюджеттік субвенцияларды пайдалануын бақылау күшейтіледі.
Ауылдық бюджеттерге қатысты 2023 жылдан бастап жоғары тұрған бюджетке бюджеттік алып қою тетігі қолданылмайтын болады.Жергілікті бюджеттердің атқарылу икемділігін арттыру үшін қосымша құралдар жасалатын болады.
Ауылдық округ бюджетіне қосымша кіріс көздерінің берілуін ескере отырып, жұмсау өкілеттіктерін кеңейту қажет. Салықтық және салықтық емес төлемдер есебінен ауылдық округтің бюджетіне түсетін оз кірістерінен алынатын қаражат тек қана ауылдық округті дамытуға және жергілікті қоғамдастықтың бастамасы немесе келісімі бойынша жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге бағытталатын болады.
Бұл ретте ауылдық округ бюджетімен жұмыс істеудің ерекше тәртібі енгізіледі, ол бизнес-процестерді елеулі түрде оңтайландыруға, есептілікті қолмен ұсынуды жоюға, бюджеттік бағдарламаларды ірілендіруге және басқаларға мүмкіндік береді.
Бюджеттік рәсімдерді оңайлату үшін ауылдық округтің бюджетін түзету көзделген. Бұл шара жергілікті қоғамдастықтың жиналысымен келісу бойынша қаражатты бюджеттік бағдарламалар арасында неғұрлым басым мақсаттарға қайта бөлуге мүмкіндік береді.
Ауылдық округтің әкіміне салық түсімдерін қамтамасыз ету құралдарын, оның ішінде мемлекеттік органдардың ақпараттық базаларына қолжетімділік ұсыну арқылы берген жөн. Жергілікті тұрғындардың қоғамдық бақылау жүргізу үшін мониторинг және қаражатты нысаналы пайдалану бойынша комиссия құруға құқығы болады.
Жергілікті өзін-өзі басқарудың мүліктік кешенін кеңейту мақсатында коммуналдық меншікке құқық белгілейтін құжаттарды ресімдеу рәсімдерін оңайлату мәселесін шешу қажет. Осыған байланысты жергілікті атқарушы органдар өздеріне бекітілген объектілерге, оның ішінде иесіз активтерге түгендеу жүргізетін болады. Түгендеу жүргізілгеннен кейін коммуналдық объектілердің тізбесі жасалады, олар бойынша тіркеу мен есепке қоюдың кезең-кезеңімен оңайлатылған тәртібі қолданылатын болады.
Бұдан басқа, уәкілетті орган ауылдық округтердегі объектілер үшін үлгілік жобалау-сметалық құжаттама әзірлейтін болады. Сол арқылы жобалау-сметалық құжаттамаларды әзірлеу шығыстары айтарлықтай қысқарады.
Қалдықтарды басқару, сумен жабдықтау, су бұру, көлік қатынасымен қамтамасыз ету, жайылымдарға, шөп шабуға арналған жер учаскелерін айқындау сияқты ортақ міндеттерді шешу үшін жергілікті қоғамдастықтар өз деңгейінде ынтымақтастық жасауға мүмкіндік алады.
Жергілікті өзін-өзі басқару органдарына елді мекендердің тұрғындарын сапалы көрсетілетін қызметтермен қамтамасыз ету үшін қосымша өкілеттіктер және қаржы ресурстарымен нығайтылған құралдар кезең-кезеңімен берілетін болады.
Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының жауапкершілік саласы аумақтарды абаттандыру, жергілікті көлік, әлеуметтік және өзге де инфрақұрылым, базалық қызметтер көрсету, сондай-ақ сабақтас, бірлесіп пайдаланылатын инфрақұрылым объектілерін және басқаларды дамыту мәселелерін қамтиды.
Қалаларда жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту
2020 жылдан бастап астанада, республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда "халық қатысатын бюджет" енгізілді. Бүл құрал тұрғындардың аумақтарды абаттандыру, көгалдандыру және санитариялық тазарту жөніндегі жобаларға бастама жасауына мүмкіндік береді,
Халықты белсенді түрде тарту үшін Мемлекеттік органдар интернет-ресурстарының бірыңғай платформасындағы модуль пайдаланылады, онда нақты уақыт режимінде тиісті жобаларды қадағалауға болады.
Қалаларда өзін-өзі басқаруды енгізу мәселесі азаматтар санының көптігін және цифрлық технологиялардың дамуын ескере отырып, мұқият зерттеліп, жасалатын болады.
Кейіннен тұрғындар "халық қатысатын бюджет" шеңберінде ұсынған жобаларды іске асыру, оның ішінде осы бастама шеңберінде іске асырылатын жобаларды қаржыландыру үшін бөлінетін қаражатты ұлғайту жолымен іске асыру жөніндегі жұмыс жалғастырылады.
Өңірлерде "халық қатысатын бюджеттің" жаппай енгізілуіне мониторинг жүргізу, халықты осы процеске тарту жөніндегі жұмыс, сондай-ақ халықты "халық катысатын бюджеттің" жобалары туралы жүйелі хабардар ету мақсатында жобалық ұсыныстар бойынша дауыс беру рәсімі аяқталғаннан кейін қорытынды шығарылатын болады.
Бұл ретте тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің оннан аз адамы дауыс берген жобалық ұсыныстар іске асыруға жіберілмейді.
"Халық қатысатын бюджеттің" жобалық ұсыныстары бойынша дауыс беру нәтижелері және тиісті шешім әкімдіктің (әкім аппаратының) интернет-ресурсында және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға тиіс болады.
Ақпараттық технологиялардың дамуын ескере отырып, қалалардағы жергілікті өзін-өзі басқару цифрлық форматта дамитын болады.
Функцияларды орталықсыздандыру шеңберінде қаладағы аудан деңгейінде дербес бюджетті енгізу мүмкіндігі де қаралатын болады.
Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың келесі қадамдарының бірі 2023 жылы пилоттық режимде аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерінің тікелей сайлауын өткізу болады.
Кандидаттар ұсынуды саяси партиялар өз мүшелері арасынан жүзеге асырады, сондай-ақ ол өзін-өзі ұсыну тәртібімен жүзеге асырылатын болады.
Алдағы уақытта облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың әкімдеріне облыстық және республикалық маңызы бар қалаларда аудан әкімінің лауазымына баламалы негізде кемінде екі кандидатура енгізуге құқық беру мәселесін қараған жөн.
Қалалардағы өзін-өзі басқаруды ынталандыру азаматтардың конституциялық құқықтарын іске асыруға және жергілікті мемлекеттік басқару органдарының халықтың қажеттіліктері мен проблемаларына ден қоюын арттыруға бағытталған.
Жүргізіліп жатқан конституциялық реформалардың нәтижесінде халықтың мемлекет қызметіне қатысу тетігі және мәслихат депутаттарының сайлаушылармен өзара іс-қимылы арқылы әлеуеті біртіндеп кеңейтіледі.
Осыған байланысты қалалық мәслихаттарға аумақтық жергілікті өзін-өзі басқару кеңестерінің функцияларын беру мәселесін қараған жөн.
Барлық деңгейдегі мәслихаттар жұмысының тиімділігін арттыру
Мәслихаттардың жұмысын ашық ете отырып, олардың кызметіне жаңа серпін беру керек. Ол үшін мәслихат отырыстарын онлайн-трансляциялауды енгізу көзделген. Депутаттар қабылдаған шешімдер азаматтарға қолжетімді және ашық болады.
Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) мәслихаттар тұрақты комиссия төрағасының қосымша екі сайланбалы тұрақты лауазымымен күшейтілетін болады. Мәслихаттар өз кызметін тұрақты негізде жүзеге асыратын тұрақты комиссия төрағаларының функцияларын өңірлердің ерекшелігін ескере отырып, айқындайтын болады.
Мәслихаттардың депутаттары мен төрағаларының құқықтық мәртебесі мәслихат сессиясында азаматтардың қоғамдық маңызы бар жолданымдарын жария ету, мәслихаттардың құрылатын тұрақты және уақытша комиссияларының құрамына кандидатуралар ұсыну, мәслихатқа заңнамалық актілердің орындалуын тексеру кажеттігі туралы ұсыныстар енгізу сияқты қосымша өкілеттіктер беру арқылы арттырылатын болады.
Тексеру комиссияларының қызметін күшейту
Ескерту. Кіші бөлім жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 26.11.2022 № 5 Жарлығымен.Тексеру комиссияларының сыртқы мемлекеттік аудит органдары ретіндегі мәртебесі едәуір арттырылды, ал олардың өкілеттіктері мен функциялары айтарлықтай кеңейді. Қазіргі уақытта тексеру комиссиялары жергілікті бюджеттің атқарылуына сыртқы мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды жүзеге асыратын дербес мемлекеттік органдар болып табылады.
Тексеру комиссияларын жергілікті бюджет қаражаты есебінен қамту мәселесінде қаржылық дербестікті қамтамасыз ету үшін оларды Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасын (бұдан әрі – Жоғары аудиторлық палата) Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің бейінді комитеттері арқылы қаржыландыру тәртібіне ұқсас мәслихаттың тұрақты комиссиясы арқылы қаржыландырудың жеке тәртібін қолдану ұсынылады.
Сонымен қатар, тексеру комиссиялары мүшелерінің біліктілік деңгейін арттыру мақсатында мәслихат тексеру комиссияларының мүшелерін тағайындауды тексеру комиссиясы төрағасының ұсынуы бойынша Жоғары аудиторлық палатамен келісе отырып, жүзеге асыратын болады.
Мемлекеттік бақылау органдарының жеделдігін арттыру үшін мемлекеттік аудиторларға басқа мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріне қолжетімділік беру де қажет.
Ауылдық округ әкімі қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету үшін тексеру комиссиялары ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәслихатына жергілікті қоғамдастық жиналысы төрағаларының қатысуымен онлайн-отырыстарды жүзеге асыра отырып, аудиторлық тексерудің қорытындыларын ұсынатын болады.
Аудиторлық тексерулердің қорытындылары бойынша әкімнің халықпен, оның ішінде тексеру комиссиялары төрағасының немесе мүшелерінің қатысуымен есеп беру кездесулері өткізілетін болады.
Әкімшілік-аумақтық құрылысты жетілдіру
"Адамдар инфрақұрылымға" моделіне көшуді назарға ала отырып, азаматтардың пікірін міндетті түрде ескеріп және олардың өмір сүру сапасын арттыру мүддесінде әкімшілік-аумақтық құрылысты жетілдіру (ірілендіру, біріктіру, қайта бағындыру) қажет.
Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі аумақтық даму жоспарын іске асыру үшін әрбір әкімшілік-аумақтық бірліктің қалалық және ауылдық елді мекендері үшін экономикалық, әлеуметтік, инвестициялық және басқа да талаптар мен өлшемшарттар айқындалатын болады, бұл елдің әкімшілік-аумақтық құрылысын одан әрі жетілдіру пайымының кезең-кезеңдік жоспарын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Қалалық және ауылдық елді мекендердің әкімшілік мәртебесін өзгерту жөніндегі шешімнің алдында оның негізділігі, оның ішінде негізгі демографиялық параметрлер, экономикалық белсенділік, тыныс-тіршілікке қажетті инфрақұрылымның барлық түрлерінің қолжетімділігі мен қашықтығы бойынша талдау жүргізіледі.
Ауылдық елді мекендердің нақты жағдайлары мен орналасқан жеріне талдау жүргізуді ескере отырып, ауылдық округ бюджетінің қаражатын ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында ауылдық округтерді біріктіру мүмкіндігі бойынша заңнамалық шаралар тұжырымдалатын болады.
Қаланың мәртебесін — өзге елді мекендерге (5 жыл ішінде), ауылдың/кенттің мәртебесін өзге елді мекендерге (3 жыл ішінде) өзгерту үшін мынадай өлшемшарттарға талдау жүргізілетін болады: халық санының динамикасы; халықтың ішкі және сыртқы көші-қоны; қала алаңы;
басқа елді мекендерді қалаға қосу (одан бөліп шығару) мүмкіндігі; қызмет түрлері бойынша халық санын бағалау (ауыл шаруашылығында, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар және т.б.);
маятниктік еңбек көші-қонын бағалау (күнделікті еңбек ағындары), қай елді мекеннен қайсы елді мекенге, адамдар саны, көлік саны;
дамыған өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымның болуы (өнеркәсіп орындары, коммуналдық шаруашылық, мемлекеттік тұрғын үй қоры, оқу және мәдени-ағарту, емдеу, сауда объектілерінің желісі);
елді мекен мәртебесінің өзгеру ықтималдығы туралы халықтың пікірі.
Әкімшілік-аумақтық құрылысты ретке келтіру мақсатында "кент" санатын алып тастау керек.Тиісті жұмыстарды іске қосу үшін ЭЫДҰ елдерінің мысалында халықаралық тәжірибені ескере отырып, әкімшілік-аумақтық құрылыс стандарттарын әзірлеу қажет.
Әкімшілік-аумақтық заңнаманың талаптарын ескере отырып, елді мекендердің мәртебесін кезең-кезеңімен өзгерту жөніндегі процесс жүргізілетін болады.
5-бөлім. Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың негізгі қағидаттары
Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту және оның органдарының қызметі мынадай қағидаттарға негізделеді:
1) азаматтардың жергілікті маңызы бар мәселелер бойынша шешімдер қабылдау процесіне қатысуы және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру үшін жағдайларды қамтамасыз ету;
2) халықтың пікірін ескеру;
3) жергілікті өзін-өзі басқару органдарының сайланбалығы;
4) заңдылық;
5) жергілікті өзін-өзі басқару органдарының жергілікті халық алдындағы бүкпесіздігі, ашықтығы және есептілігі;
6) жергілікті өзін-өзі басқару органдарының ұйымдастырушылық, экономикалық және қаржылық дербестігі;
7) жергілікті өзін-өзі басқару және мемлекеттік басқару органдарының функциялар мен өкілеттіктердің аражігін ажырату, елдің қалалық және ауылдық елді мекендерін дамыту үшін ынтымақтастығы мен өзара жауапкершілігі негізінде өзара іс-қимыл жасауы;
8) жергілікті маңызы бар мәселелерді шешу кезінде жалпы мемлекеттік мүдделерді сақтау;
9) мемлекет тарапынан жергілікті өзін-өзі басқаруды қолдау.
6-бөлім. Күтілетін нәтижелер
Ескерту. 6-бөлімге өзгеріс енгізілді – ҚР Президентінің 03.01.2024 № 428 Жарлығымен.
Тұжырымдаманы іске асыру азаматтардың жергілікті деңгейде мемлекетті басқарудағы рөлін күшейтуге мүмкіндік береді. Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдері тиісті бюджеттік және басқарушылық орталықсыздандыруды ескере отырып, жергілікті маңызы бар мәселелерді жедел және тиімді түрде шешуге мүмкіндік алады.
Негізгі күтілетін нәтижелер:
1) алып тасталды – ҚР Президентінің 03.01.2024 № 428 Жарлығымен;2) 2021 жылдың екінші жартыжылдығынан 2025 жылдың бірінші жартыжылдығына дейін - ауылдық округтердің 2,5 мың әкімін 2021
2025 жылдар ішінде жергілікті тұрғындардың тікелей дауыс беруі арқылы қайта сайлау;
3) алып тасталды – ҚР Президентінің 03.01.2024 № 428 Жарлығымен;4) 2022 жылы - барлық деңгейдегі мәслихаттарды отырыстардың онлайн-трансляциясымен қамту;
5) 2023 жылы - аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың әкімдерін тікелей сайлауды пилоттық режимде өткізу;
6) алып тасталды – ҚР Президентінің 03.01.2024 № 428 Жарлығымен;7) 3,5 мың ауылдық елді мекенде (тірек және спутниктік) инфрақұрылымды өңірлік стандарттардың параметрлеріне дейін жеткізу.
Нысаналы индикаторлар:
1. Аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінің өзін-өзі қамтамасыз ету деңгейі 2024 жылы - 25%-ға, 2025 жылы 30%-ға жетеді.
2. Аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттарын Мемлекеттік органдар интернет-ресурстарының бірыңғай платформасына қол жеткізумен қамту 2024 жылы - 100%.
Жоғарыда көрсетілген шараларды іске асыру салық салынатын базаны ұлғайтуға мүмкіндік береді, қабылданатын шешімдердің ашықтығы мен айқындығына он әсер етеді.
Тұжырымдама осы Тұжырымдамаға қосымшаға сәйкес іс-қимыл жоспары арқылы іске асырылатын болады.
Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасына ҚОСЫМША |
Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары
Ескерту. Қосымшаға өзгеріс енгізілді – ҚР Президентінің 26.11.2022 № 5; 10.04.2023 № 190 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілмеді - ҚР Президентінің 13.04.2023 № 195 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 03.01.2024 № 428 Жарлықтарымен.
№ р/с | Іс-шараның атауы | Аяқталу нысаны | Орындауға жауаптылар | Орындау мерзімі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1. | Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент және ауылдық округ әкімдерінің тікелей сайлауын өткізу | ҰЭМ-ге ақпарат | мүдделі мемлекеттік органдар, облыстардың әкімдіктері | 2021 жылдың II жартыжылдығы - 2025 жылдың I жартыжылдығы |
2. | Алып тасталды – ҚР Президентінің 03.01.2024 № 428 Жарлығымен. | |||
3. |
Тексеру комиссияларының қызметін: | заң жобасы | ЖАП, мүдделі мемлекеттік органдар | 2022 жылғы желтоқсан |
4, | Алып тасталды – ҚР Президентінің 03.01.2024 № 428 Жарлығымен. | |||
5. | Мыналар арқылы азаматтарды жергілікті өзін-өзі басқаруға тарту құралдарын енгізу: | |||
5.1 | қоғамдық маңызы бар шығыстар бөлігінде қоғамдық сараптама (онлайн-пікіртерім) өткізу; | ҰЭМ-ге ақпарат | мүдделі мемлекеттік органдар, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдіктері | 2022 жылғы желтоқсан |
5.2 | жергілікті өзін-өзі басқару негіздері бойынша ақпараттық-түсіндіру іс-шараларын өткізу; | ҰЭМ-ге ақпарат | Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдіктері | жыл сайын |
5.3 | аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының Мемлекеттік органдар интернет-ресурстарының бірыңғай платформасына қол жеткізуін қамтамасыз ету; | Үкімет Аппаратына ақпарат | ЦДИАӨМ, мүдделі мемлекеттік органдар, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдіктері | 2025 жылғы қаңтар |
5.4 | "Сommunity center" - ауыл тұрғындарын тарту және ауылдың қоғамдық-мәдени тыныс-тіршілігі орталықтарын ұйымдастыру | ҰЭМ-ге ақпарат | Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдіктері | 2025 жылғы маусым |
5.5 | оқушылар үшін қосымша білім беру шараларын ұйымдастыру | ҰЭМ-ге ақпарат | ОАМ және ҒЖБМ, мүдделі мемлекеттік органдар, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдіктері | 2025 жылғы қазан |
6. |
Мәслихаттар қызметінің тиімділігін: | ҰЭМ-ге ақпарат | мүдделі мемлекеттік органдар, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері, барлық деңгейдегі мәслихаттар | 2022 жылғы сәуір |
7. | Өңірлерді бюджеттік қаржыландырудың жаңа моделін енгізу | заң жобасы | ҰЭМ, мүдделі мемлекеттік органдар, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдіктері | 2022 жылғы желтоқсан |
8. | Салықтар мен төлемдердің қосымша түрлерін беру жолымен бюджеттің IV деңгейінің кіріс базасын кеңейту | заң жобасы | ҰЭМ, мүдделі мемлекеттік органдар, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдіктері | 2023 жылғы сәуір |
9. | Облыстарда аудан әкімдерінің тікелей сайлауын енгізу | заң жобасы | ҰЭМ, мүдделі мемлекеттік органдар, облыстардың әкімдіктері | 2023 жылғы сәуір |
10. | Жергілікті өзін-өзі басқарудың мүліктік кешенін: | |||
10.1 | түгендеу жүргізу; | ҰЭМ-ге ақпарат | облыстардың әкімдіктері | 2022 жылғы тамыз |
10.2 | құқық белгілейтін құжаттарды ресімдеу рәсімдерін оңайлату; | Үкімет Аппаратына ақпарат | ЦДИАӨМ, мүдделі мемлекеттік органдар | 2024 жылғы желтоқсан |
10.3 | ауылдық округтердегі объектілер үшін үлгілік жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу арқылы кеңейту | ҰЭМ-ге ақпарат | ИИДМ, мүдделі мемлекеттік органдар, облыстардың әкімдіктері | 2023 жылғы сәуір |
11. | Қалалардағы аудан және облыстық маңызы бар қала әкімдерінің сайланбалылығын енгізу мәселесін пысықтау | Президент Әкімшілігіне ұсыныстар | ҰЭМ, мүдделі мемлекеттік органдар, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдіктері | 2025 жылғы сәуір |
12. | Әкімшілік-аумақтық құрылыс стандарттарын енгізу | ҰЭМ-ге ақпарат | мүдделі мемлекеттік органдар, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдіктері | 2025 жылғы сәуір |
13. | Қаладағы аудан деңгейінде дербес бюджетті енгізу мәселесін пысықтау | Президент Әкімшілігіне ұсыныстар | ҰЭМ, Қаржымині, мүдделі мемлекеттік органдар, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының, Ақтөбе және Қарағанды облыстарының әкімдіктері | 2024 жылғы желтоқсан |
ҒЖБМ | – | Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғарғы білім министрлігі |
ЖАП | – | Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы |
ИИДМ | – | Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі |
ОАМ | – | Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі |
ҰЭМ | – | Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі |
ЦДИАӨМ | – | Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі |