Инвестициялық жекешелендiру купондарын беру және оларды инвестициялық жекешелендiру қорларына орналастыру үшiн түсетiн комиссиялық алымдарды қосылған құн салығынан босату туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1994 жылғы 22 ақпандағы. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995.07.18. N 2367 жарлығымен.

      "Қазақстан Республикасының Президентi мен жергiлiктi әкiмдерге уақытша қосымша өкiлеттiк беру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабына сәйкес қаулы етемiн:
      1. Инвестициялық жекешелендiру купондарын беру және оларды инвестициялық жекешелендiру қорларына орналастыру үшiн азаматтардан түсетiн комиссиялық алымдар қосылған құн салығынан босатылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жаңадан сайланған Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң қарауына Қазақстан Республикасының "Қосылған құнға салынатын салық туралы" Заңына толықтыру енгiзу туралы" Заңының жобасын енгiзсiн.
      3. Осы Жарлықтың Заң күшi бар және Қазақстан Республикасының

"Қосымша құнға салық салу туралы" Заңына тиiстi толықтыру енгiзiлгенге
дейiн қолданылады.
     4. Жарлық жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.

     Қазақстан Республикасының
          Президентi
     Алматы. 1994 жылғы 22 ақпан
            N 1574
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады