Сыбайлас жемқорлық пен ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес жөнiндегi республикалық комиссия құру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1994 жылғы 21 қыркүйек N 1871. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995.04.01. N 2165 жарлығымен.


     Мемлекеттiк өкiмет және басқару органдарының сыбайлас 
жемқорлық пен ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес жөнiндегi қызметiнiң
тиiмдiлiгiн арттыру және оны үйлестiру, сондай-ақ мемлекеттiк
органдар лауазымды адамдарының құқыққа қарсы iс-әрекет жасағаны
үшiн жауапкершiлiгiнiң шүбәсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында
қаулы етемiн:
     1. Сыбайлас жемқорлық пен ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес 
жөнiндегi республикалық комиссия мынадай құрамда құрылсын:
Жукеев Т.Т        - Қазақстан Республикасы Қауiпсiздiк кеңесiнiң
                    хатшысы, төраға
<*>

Қажыбаев А.       - Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесi Бақылау
                    палатасының төрағасы, төрағаның орынбасары 
                    (келiсуi бойынша)

                   Комиссия мүшелерi:
Айымбетов С.С.    - Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қаржы
                    бақылау комитетiнiң төрағасы
Әбiшев Х.Ә.       - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң
                    депутаты (келiсуi бойынша)
Баранов М.И.      - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң
                    депутаты (келiсуi бойынша)
Бейсенов С.Д.     - Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы
                    Бас бақылау инспекциясының төрағасы
Бельгер Г.К.      - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң 
                    депутаты (келiсуi бойынша)
Тихонов С.В.      - Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң
                    бiрiншi орынбасары
Тоқпақбаев С.Б.   - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк
                    комитетiнiң төрағасы
Тұяқбаев Ж.А.     - Қазақстан Республикасының Бас прокуроры
                    (келiсуi бойынша)
Часников И.Я.     - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң
                    депутаты (келiсуi бойынша)
Баекенов Б.Ә.     - комиссияның мүшесi
<*>

     Ескерту. Өзгерiстер Президенттiң 1994 ж. 23 желтоқсандағы
              N 1993 Жарлығымен енгiзiлген.

     2. Комиссияның негiзгi мiндеттерi:


      - сыбайлас жемқорлық пен ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарында сыбайлас жемқорлықтың орын алуына ықпал ететiн себептер мен жағдайлардың бетiн ашу мен жою жөнiндегi шаралар кешенiн әзiрлеп, оның жүзеге асырылуына бақылау жасау;
      - республикалық және жергiлiктi атқару органдарының, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң, Iшкi iстер министрлiгiнiң мамандандырылған бөлiмшелерiнiң мемлекеттiк қызметшiлер, соның iшiнде Президент немесе Жоғарғы Кеңес қызметке тағайындап (сайлап) және қызметтен босататындар арасында ұйымдасқан қылмыстық iс-әрекеттiң, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық фактiлерiнiң бетiн ашып, оларға тыйым салу жөнiндегi қызметiн үйлестiру;
      - Қазақстан Республикасының Президентi мен Жоғарғы Кеңесiне қоғам және мемлекет үшiн ерекше қауiптi осынау қылмыстық көрiнiстерге қарсы күрестi күшейтудiң шұғыл заңдық, ұйымдық және өзге де шараларын қолдану жөнiнде ұсыныстар даярлау болып табылады деп белгiленсiн.
      3. Сыбайлас жемқорлық пен ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес жөнiндегi республикалық комиссияның жұмыс органы болып Қазақстан Республикасы Президентi Аппаратының Заңдылықты, құқық тәртiбi мен сот реформасын қамтамасыз ету бөлiмi белгiленсiн.
      4. Сыбайлас жемқорлық пен ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес жөнiндегi республикалық комиссия Қазақстан Республикасының Президентi мен Жоғарғы Кеңесiне тоқсан сайын сыбайлас жемқорлық пен ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрестiң жай-күйi туралы ақпарат табыс етiп отырады деп белгiленсiн.
      5. Сыбайлас жемқорлық пен ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес

жөнiндегi республикалық комиссияның төрағасы Комиссия туралы
Ереженi 1994 жылғы 15 қазанға дейiн Қазақстан Республикасы 
Президентiнiң бекiтуiне ұсынатын болсын. 
     
     Қазақстан Республикасының
             Президентi 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады