Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеу туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 25 желтоқсандағы N 2727 заң күшi бар жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының 2007.07.26. N 310 Заңымен.

      Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеу туралы


      МАЗМҰНЫ

      Ескерту. Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 25 желтоқсандағы N 2727 заң күшi бар жарлығының күші жойылды - Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 26 шілдедегі N 310 (ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      "Қазақстан Республикасының Президентi мен жергiлiктi әкiмдерге уақытша қосымша өкiлеттiк беру" туралы 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес осы Жарлықты шығарамын.

1 тарау. Жалпы ережелер

1-бап. Терминдер мен анықтамалар

      Осы Жарлықта қолданылатын терминдер мен анықтамалар мыналарды бiлдiредi:

      1) мемлекеттiк тiркеу - осы Жарлықта белгiленген тәртiппен жылжымайтын мүлiкке меншiк құқығы мен басқа құқықтарды, сондай-ақ ауыртпалықтарды тiркеушi органның есепке алу рәсiмi;

      2) кадастрлық нөмiр - заңдарда белгiленген рәсiмге сәйкес берiлетiн және жер учаскесi бөлiнбейтiн бiртұтас ретiнде болғанға дейiн сақталатын Қазақстан Республикасының аумағындағы жеке, қайталанбайтын жер учаскесiнiң коды;

      3) жылжымайтын мүлiк - жермен тығыз байланысты жер учаскелерi, сондай-ақ үйлер, ғимараттар және өзге де мүлiк, яғни, көшiрiлуi мақсатына шектен тыс зиян келтiретiн объектiлер;

      4) ауыртпалықтар - жылжымайтын мүлiкке құқықтарды шектеу, соның iшiнде үшiншi тұлғалардың оған белгiлi бiр құқықтарының болуы, мүлiктi тұмшалау;

      5) құқықтық кадастр - жылжымайтын мүлiкке құқықтарды тiркеудiң бiрыңғай мемлекеттiк тiзбесi;

      6) мәмiлелердi тiркеу - жылжымайтын мүлiкке мәмiлелерден туындайтын құқықтарды тiркеу;

      7) сервитут - бөгденiң жылжымайтын мүлкiн шектеулi пайдалану құқығы;

      8) жылжымайтын мүлiкке құқықтарды (құқықтық ауыртпалықтарды) кезең-кезеңмен тiркеу - жылжымайтын мүлiкке Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен тiркелмеген барлық қолданыстағы құқықтарды (құқықтық ауыртпалықтарды), оның iшiнде тiркеу жүйесi енгiзiлгенге дейiн туындаған құқықтарды (құқықтық ауыртпалықтарды) тiркеу жолымен тiркеушi орган белгiлi бiр әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк аумағында өткiзетiн бiржолғы iс-шара.

      Ескерту. 1-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.07.09. N 585 Заңымен .

2-бап. Мемлекеттiк тiркеудiң объектiлерi

      1. Осы Жарлықта белгiленген тәртiппен мемлекеттiк тiркеудiң объектiлерi жылжымайтын мүлiкке құқықтар болып табылады. Мыналар тiркеуге жатады:

      1) меншiк құқығы;

      2) шаруашылық жүргiзу құқығы;

      3) жедел басқару құқығы;

      4) бiр жылдан аса мерзiмге жердi пайдалану құқығы;

      5) бiр жылдан аса мерзiмге пайдалану құқығы;

      6) бiр жылдан аса мерзiмге сенiм бiлдiрiлген басқару құқығы;

      7) кепiл;

      8) рента;

      9) жылжымайтын мүлiкке өзге де құқықтар, сондай-ақ жылжымайтын мүлiкке құқықтардың ауыртпалығы.

      2. Сондай-ақ мәмiлелердiң және өзге де заң фактiлерiнiң негiзiнде жылжымайтын мүлiкке құқықтардың (ауыртпалықтардың) өзгертiлуi мен тоқтатылуы да тiркеуге жатады.

      3. Осы Жарлықтың күшi әуе және теңiз кемелерiне, сондай-ақ жылжымайтын мүлiкке теңестiрiлген өзге де объектiлерге (Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң 117-бабының 2-тармағы) қолданылмайды.

3-бап. Мемлекеттiк тiркеудiң құқықтық маңызы

      1. Осы Жарлықтың 2-бабының 1-тармағының 1-8-тармақшаларында аталған жылжымайтын мүлiкке құқықтар олар тiркелген сәттен бастап туындайды.

      2. Жылжымайтын мүлiкке өзге де құқықтар мәмiлелер жасалған немесе осындай құқықтардың туындауына негiз ретiнде өзге де заң фактiсi орын алған сәттен бастап туындайды, алайда мүдделi тұлғалардың тiркелген құқықтары тiркелмегендердiң алдында басымдыққа ие болады.

3-1-бап. Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды (құқықтық ауыртпалықтарды) кезең-кезеңмен тiркеу

      1. Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды (құқықтық ауыртпалықтарды) кезең-кезеңмен тiркеудi тiркеушi орган жылжымайтын мүлiкке құқықтарды (құқықтық ауыртпалықтарды) және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеуден өтпеген жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң құқық иелерi туралы деректердi толықтыру мақсатында жүргiзедi.

      2. Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды (құқықтық ауыртпалықтарды) кезең-кезеңмен тiркеу Қазақстан Республикасының жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеу туралы заңдарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.

      3. Мемлекеттiк органдардың өзара iс-қимыл тәртiбiн, жылжымайтын мүлiкке құқықтарды (құқықтық ауыртпалықтарды) кезең-кезеңмен тiркеудi жүргiзудiң аумағы мен мерзiмдерiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.

      Ескерту. 3-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2004.07.09. N 585 Заңымен .

4-бап. Тiркеуге жатпайтын ауыртпалықтар

      Заңдарда белгiленген, жалпы ережелер мен тыйым салулар ретiндегi (денсаулық сақтау, қоғамдық қауiпсiздiк, айналадағы табиғи ортаны қорғау туралы және т.б.), сондай-ақ қоғамдық мұқтаждарға (электр тарату желiлерiне, телефон және телеграф желiлерi мен бағандарына, құбырларға пұрсат құқығы және т.с.с.) байланысты ауыртпалықтар тiркеуге жатпайды.

5-бап. Тiркеушi орган

      Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеудi Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi және әдiлет органдарына ведомстволық бағынысты мемлекеттiк кәсiпорындар жүзеге асырады.

      Ескерту. 5-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1997.11.12. N 189 Заңымен.

5-1-бап. Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым

      Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркегенi үшiн Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде белгiленген тәртiппен алым алынады.

      Ескерту. 5-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2001.12.24. N 276 Заңымен .

6-бап. Ақпарат қызметтерi үшiн төлем

      Ақпараттық қызмет көрсеткенi үшiн тiркеушi орган заңдарға сәйкес төлем алады.

      Ескерту. 6-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2001.12.24. N 276 Заңымен .

2-тарау. Құқықтық кадастр

7-бап. Құқықтық кадастрды жүргiзу

      1. Құқықтық кадастрды Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi және жергiлiктi жерлердегi оның тiркеушi органдары Қазақстан Республикасы үшiн бiрыңғай жүйе бойынша жүргiзедi.

      2. Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеудi тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстерде тiркеушi органдар жылжымайтын мүлiк объектiсi орналасқан жер бойынша жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң құқықтық кадастр жүргiзу үшiн қажеттi теңдестiк, техникалық, құндық, құқықтық, сондай-ақ басқа да сипаттамаларын ескере отырып жүзеге асырады.

      3. Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi тiркеу жүйесi құқықтық кадастрда объектiлiк принцип бойынша жүзеге асырылады, жер учаскелерiне телiнедi және жердiң барлық санаттары мен оларды орналасқан басқа да жылжымайтын мүлiк объектiлерi үшiн бiрыңғай жүйе болып табылады.

      4. Жылжымайтын мүлiк объектiлерiне құқықтар, олардың пайда болуы, ауысуы, ауырлануы (шектелуi) және тоқтатылуы туралы барлық жазбалар құқықтық кадастрда жылжымайтын мүлiк объектiсiнiң кадастрлық нөмiрiмен бiр iзге салынады, бұл нөмiрдi заңда белгiленген тәртiппен жер және құқық кадастрларын жүргiзуге уәкiлеттi мемлекеттiк органдар бередi.

      5. Құқықтық кадастрдың тiркеу парағының нысанын Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.

      Ескерту. 7-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1997.11.12. N 189 Заңымен.

8-бап. Құқықтық кадастрдың құрамы

      1. Құқықтық кадастр мыналардан тұрады:

      1) жер-кадастр картасы (схемасы, жоспары);

      2) тiркеу кiтабы;

      3) тiркеу iсi.

      2. <*>

      Ескерту. 8-баптың 1-тармағы өзгердi, 2-тармағы алынып тасталды Қазақстан Республикасының - 1997.11.12. N 189 Заңымен .

9-бап. Жер кадастр картасы

      1. Жер кадастрын жүргiзушi органдар Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң тiркеушi органын жер-кадастр карталарымен (жер учаскелерiнiң схемаларымен, жоспарларымен) қамтамасыз етедi. Әкiмшiлiк ауданның (қаланың) жер-кадастрлық картасы (схемасы) бiрнеше бөлiк болып жасалуы мүмкiн.

      2. Жер-кадастр картасының деректерi тiркеу iсiнде сақталатын жер учаскесiнiң топографиялық жоспарымен толықтырылуы мүмкiн.

      Ескерту. 9-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1997.11.12. N 189 Заңымен .

10-бап. <*>

      Ескерту. 10-бап алынып тасталды, 11-33-баптар тиiсiнше 10-32-баптар болып саналды - Қазақстан Республикасының 1997.11.12. N 189 Заңымен .

10-бап. Тiркеу кiтабы

      1. Тiркеу кiтабы әрбiр жер учаскесiне арналған тiркеу қағаздарынан тұрады.

      2. Тiркеу қағазы үш бөлiмнен тұрады:

      1) жер учаскесiнiң теңестiру сипаттамалары;

      2) жылжымайтын мүлiкке құқықтар тiзбесi;

      3) кепiл бөлiне отырып, ауыртпалықтар тiзбесi.

      3. Тiркеу қағазының нысанын Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.

11-бап. Тiркеу iсi

      1. Тiркеу iсi әрбiр жер учаскесiне жүргiзiледi және тiркеу қағазында көрсетiлген құжаттардың көшiрмелерiнен тұрады.

      2. Кадастрлық нөмiрмен теңестiрiлген жер учаскесiне осы Жарлықтың 25-бабында көзделгеннен басқа жағдайларда бiр ғана тiркеу iсi жүргiзiледi.

12-бап. Жер учаскелерiн бiрiктiру мен бөлу салдарлары

      1. Жер учаскелерiн бiрiктiру мен бөлу жер туралы заңдарды белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.

      2. Жер учаскелерiн бiрiктiру мен бөлу кезiнде құқықтарды тiркеу осы Жарлықта белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.

      3. Жаңадан құрылған жер учаскелерiне ресiмделген тiркеу парақтары мен тiркеу iстерiнде бұрынғы кадастрлық нөмiрлерi мен жер учаскелерiне олар бiрiктiрiлгенге немесе бөлiнгенге дейiн жүргiзiлген тiркеу iстерi туралы мәлiметтер болуға тиiс.

      Ескерту. 12-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1997.11.12. N 189 Заңымен .

3-тарау. Тiркеу тәртiбi

13-бап. Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi тiркеу үшiн құжаттар қабылдау

      1. Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi тiркеудi тiркеушi орган құқық иесiнiң немесе уәкiлдi мемлекеттiк органның өтiнiшi негiзiнде, ал егер құқық шарттан туындаса - оның кез келген тарапының өтiнiшi негiзiнде жүзеге асырады.

      2. Өтiнiш берушi тiркеушi органға:

      1) жылжымайтын мүлiкке құқығын тiркеу туралы тiлек бiлдiрiлген өтiнiш;

      2) жылжымайтын мүлiкке құқығын растайтын құжаттар;

      3) жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттік тiркегенi үшiн алынатын алым сомасының бюджетке төленгенiн растайтын құжат тапсыруға тиiс.

      Өтiнiш берушi өзiнiң жеке басын растайтын құжаттар, ал заңды тұлғаның өкiлдерi сол сияқты өз өкiлеттiктерiн растайтын құжаттар тапсыруға тиiс.

      2-1. "Мүлікті жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы" 2006 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына сәйкес жария етілген жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеген жағдайда өтініш беруші, осы тармақтың екінші бөлігінде белгіленген жағдайларды қоспағанда, осы баптың 2-тармағында көзделген құжаттарға қоса мүлікті жария еткені үшін алымның төленгенін растайтын құжатты да табыс етеді.

      Егер тұлға:

      1) мүлікті жария еткені үшін алым төлеуші болып табылмайтын болса;

      2) мүлікті жария еткені үшін алым төленгені туралы құжатты жергілікті атқарушы органға тапсырған жағдайда өтініш беруші мүлікті жария еткені үшін алымның төленгенін растайтын құжатты тапсырудан босатылады.

      Осы тармақтың екінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген тұлғалар туралы ақпаратты тіркеуші органға мүлікті жария етуді жүргізу жөніндегі комиссия тапсырады.

      3. Жылжымайтын мүлiкке ортақ меншiк құқығын тiркеу кезiнде тiркеу туралы өтiнiшке олардың меншiк құқығын растайтын құжаттар мен жеке басын куәландыратын құжаттар тапсырыла отырып, барлық меншiк иелерiнiң қолы қойылады. Осы тәртiп, сондай-ақ шаруашылық жүргiзу құқығына, жедел басқару құқығына және жер пайдалану құқығына қолданылады.

      4. Жылжымайтын мүлiктiң бiр бөлiгi кепiлге, жалға немесе тегiн пайдалануға берiлген кезде тiркеуге тапсырылған құжаттамаға жылжымайтын мүлiктiң кепiлге жалға немесе тегiн пайдалануға берiлген бөлiгiнiң картасы (сызбасы) немесе жалпы жоспары енуге тиiс.

      5. Тиiстi құжаттар тапсырылмаған себептер бойынша ғана жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалған мәмiлелердi тiркеуге құжаттарды қабылдаудан бас тартуға жол берiледi.

      Ескерту. 13-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2001.12.24. N 276 , 2006.11.16. N 188 Заңдарымен.

14-бап. Мемлекеттiк тiркеудi өткiзудiң мерзiмi

      1. Өтiнiш берушiнiң құқықтарын тiркеу осы Жарлықтың 13-бабында аталған құжаттар тiркеушi органға берiлген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жүргiзiлуi тиiс. <*>

      2. Бiр ғана құқықты тiркеуге бiрнеше өтiнiш бар болса, бұрынырақ берiлген өтiнiш бойынша құқық тiркеледi.

      Ескерту. 14-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2002.10.29. N 348 Заңымен .

15-бап. Тiркеуге тапсырылатын құжаттарға қойылатын талаптар

      1. Жылжымайтын мүлiкке құқықтардың туындауын, тоқтатылуын, ауысуын, шектеуiн растайтын құжаттар тиiсiнше ресiмделген түрде қабылданады. Тазартулары бар не қосымша жазулар жазылған, сызып тасталған сөздер мен өзге де ескертiлмеген түзетулерi бар құжаттар, сондай-ақ қарындашпен орындалған құжаттар қабылданбайды.

      2. Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеу үшiн қажеттi барлық құжаттар екi данада тапсырылады, олардың бiреуi түпнұсқа немесе нотариалдық куәландырылған көшiрме болуға тиiс. Құжаттың түпнұсқасы (нотариалдық куәландырылған көшiрме) тiркелгеннен кейiн құқық иесiне қайтарылады.

16-бап. Құжаттарды тапсырудың дәл уақытын көрсету

      1. Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды тiркеуге құжаттарды алғаннан кейiн тiркеушi орган құжаттардың түскен күнiн, сағатын және минутын жазып қоюы тиiс.

      2. Тiркеуге құжаттардың келiп түскен күнi, сағаты және минуты көрсетiлген тиiстi құжаттардың алынғаны туралы өтiнiш берушiге қолхат берiледi.

17-бап. Тiркеу жүргiзiлгенiн куәландыру

      Өтiнiш берушiнiң тiлегi бойынша тiркеушi орган тiркеуге табыс етiлген құжатта жазба жасау арқылы өтініш берілген күннен бастап

      бес жұмыс күні ішінде тiркеу жүргiзiлгенiн куәландыруға тиiс.

      Ескерту. 17-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2002.10.29. N 348 Заңымен .

18-бап. Мемлекеттiк тiркеудi тоқтата тұру үшiн негiздер

      Тiркеуге басқа да тұлға өтiнiш берген құқыққа таласушы тұлғаның өтiнiшi бойынша осы құқықты тiркеу он күннен аспайтын мерзiмге тоқтатыла тұруы мүмкiн. Егер осы мерзiмнiң iшiнде құқыққа таласушы тұлға өзiнiң қуыным жасауының дәлелдерiн табыс етпесе, құқықты тiркеу жүзеге асырылуға тиiс, ал қуыным жасаудың дәлелдерi табыс етiлсе, таласқа түскен құқықты тiркеу iс сотта шешiлгенге дейiн тоқтатыла тұрады.

      Құқықты тiркеу заң бұзушылық жойылғанға дейiн прокурорлық қадағалау актiлерiнiң негiзiнде тоқтатыла тұруы мүмкiн.

      Ескерту. 18-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2002.08.09. N 346 Заңымен .

19-бап. Мемлекеттiк тiркеуден бас тартуға негiздер

      1. Мынадай жағдайда тiркеуден бас тартылуы мүмкiн, егер:

      1) ұсынылған құжаттар осы Жарлықтың 16 және 23-баптарында белгiленген талаптарға жауап бермесе;

      2) құқықты тiркеуге iс-әрекетке қабiлетсiз азамат өтiнiш берсе.

      2. Тiркеу тоқтатыла тұрған (осы Жарлықтың 19-бабы) немесе одан бас тартылған жағдайда құқықтық кадастрда тиiстi жазба жасалады. Тiркеуден бас тартылған жағдайда өтiнiш берушiге бас тартылу себебi туралы жазбаша нысанда хабар жiберiледi. Хаттың көшiрмесi, бұрынырақ осы жылжымайтын мүлiкке арнап ашылған iске тiркеледi.

20-бап. Тiркеу кезiнде жiберiлген қателердi түзету

      1. Тiркеу кезiнде жiберiлген, тiркелген құқықтың тиесiлiгiн, сипатын немесе мазмұнын өзгертпейтiн қателердi тiркеушi орган барлық мүдделi тұлғаларға ескерте отырып, өз бетiнше түзете алады.

      2. Тiркелген құқықтың тиесiлiлiгiн, сипатын және мазмұнын өзгертетiн қателердi түзетуге мүдделi тұлғалардың жазбаша келiсiмiмен ғана жол берiледi.

      3. Егер құқықты тiркеу уәкiлдi орган куәландырған құжаттардың негiзiнде жүргiзiлсе, осы орган аталған құжатқа тиiстi өзгертулердi енгiзген жағдайда ғана қателердi түзетуге жол берiледi.

21-бап. Құқықтық кадастрдағы мәлiметтердiң ашықтығы

      1. Құқықтық кадастрдың мемлекеттік құпияға, коммерциялық құпияға және Қазақстан Республикасының заң актілерімен қорғалатын өзге де құпияға жататын мәліметтерінен басқа мәліметтері, жалпыға бірдей қолжетімді болып табылады және мүдделі тұлғаларға Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен беріледі. <*>

      2. Жылжымайтын мүлiкке жүргiзiлген тiркеу мен тiркелген құқықтар туралы мәлiметтердi тiркеушi орган арқылы негiзде кез келген тұлғаға, ал заңмен көзделген жағдайларда, ол жазбаша өтiнiш берген сәттен бастап бес жұмыс күнінен аспайтын мерзiмде тегiн беруге тиiс.

      3. Жүргiзiлген тiркеу мен тiркелген құқықтар туралы мәлiметтер құқықтық кадастрда мерзiмсiз сақталады.

      Ескерту. 21-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1997.11.12. N 189 , 2002.10.29. N 348 Заңдарымен.

4-тарау. Құқықтардың жекелеген түрлерiн тiркеудiң
ерекшелiктерi

22-бап. Жылжымайтын мүлiкпен жасалған мәмiлелердi тiркеудiң ерекшелiктерi

      1. Осы Жарлықтың 2-бабының 1-тармағының 1-8-тармақшаларында аталған құқықтарды туындататын, өзгертетiн және тоқтататын, жылжымайтын мүлiкпен жасалатын мәмiлелер тiркелген сәттен жасалған болып саналады. Аталған тәртiп жылжымайтын мүлiкке өзге құқықтарды туындататын, өзгертетiн және тоқтататын мәмiлелерге қолданылмайды.

      2. Тiркелетiн мәмiлелерде оларды жасаған тұлғалардың қойған қолы және толық аты-жөнi (атаулары), жылжымайтын мүлiк объектiсiнiң қысқаша сипаттамасы, оның орналасқан жерi, сондай-ақ тiркелетiн құқықтар болуға тиiс.

      3. Егер мәмiле нотариат тәртiбiмен куәландырылмаса, тiркеушi орган мәмiле жасасқан тұлғалардың қойған қолдарының растығын, сондай-ақ олардың тiлегiнiң өз еркiн бiлдiруiмен сәйкестiгiн тексеруге тиiс.

      4. Егер жылжымайтын мүлiк мәмiлесi тиiстi нысанда жасалса, бiрақ тараптардың бiрi оны тiркеуден жалтарса, сот екiншi тараптың талабымен мәмiленi тiркеу туралы шешiм шығаруға хақылы. Мұндай жағдайда мәмiле сот шешiмiне сәйкес тiркеледi.

23-бап. Тiркелмеген жер учаскесiнде орналасқан жылжымайтын мүлiкке құқықтарды тiркеу

      Оған құқық тiркелмеген, бiрақ тиiстi құжаттармен расталған жер учаскесiнде орналасқан жылжымайтын мүлiкке құқықтарды тiркеу тiркелген жер учаскесiнде орналасқан жылжымайтын мүлiкке құқықтарды тiркеу тәртiбiмен жүзеге асырылуға тиiс. Бұл ретте тiркелмеген жер учаскесiне шартты нөмiр берiледi.

24-бап. Ортақ меншiкте болатын үйлердегi пәтерлерге және басқа орын-жайларға құқықтарды тiркеу

      1. Жеке пәтерлер және/немесе орын-жайлар азаматтар мен заңды тұлғаларға тиесiлi үйлерде әрбiр пәтер және/немесе орын-жай өзiнiң тiркеу нөмiрi бар жылжымайтын мүлiктiң жеке бiрлiгi ретiнде қаралады. Пәтерлер және/немесе орын-жайлардың әр түрлi тiркеу нөмiрлерi осы үй орналасқан жер учаскесiнiң бiрыңғай кодының шеңберiнде болады. Әрбiр пәтерге және/немесе орын-жайға жеке тiркеу iсi жүргiзiледi.

      2. Құқықтық кадастрда әрбiр иеленушiнiң аты-жөнi және оның пәтерiнiң және/немесе орын-жайының теңестiрiлген нөмiрi көрсетiлiп, үйлердегi пәтерлердiң және/немесе орын-жайлардың иелерiнiң тiзімi берiледi.

      3. Пәтердiң және/немесе орын-жайдың иесiнiң өзгеруi иеленушiлердiң тiзiмiне жаңа иеленушiнiң аты-жөнi қосылып, шығып

      қалған иеленушiнiң аты-жөнiн алып тастау жолымен құқықтық кадастрда көрсетiледi.

25-бап. Сервитуттарды тiркеу

      Сервитуттарды тiркеу құқықтық кадастрда жүргiзiледi. Құжаттарға сервитут объектiсiнiң орналасқан жерi және оның қолданылу аясы көрсетiлген жер учаскесiнiң жоспары қоса берiледi.

26-бап. Мемлекеттiк меншiк құқығын тiркеу

      Мемлекеттiк заңды тұлғалар жеке немесе мемлекеттiк емес тұлғалардан жылжымайтын мүлiктi сатып алған ретте шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығын тiркеумен бiр мезетте мемлекеттiк меншiк құқығын тiркеу жүргiзiледi.

27-бап. Сот шешiмiмен белгiленген құқықтарды тiркеу

      1. Жылжымайтын мүлiкке сот шешiмiмен белгiленген құқық жалпы негiздерде тiркелуге тиiс. Тiркеушi органның сот шешiмiмен белгiленген құқықтарды тiркеуден бас тартуға хақы жоқ.

      2. Соттың жылжымайтын мүлiк құқықтарына қатысы бар қаулылар, анықтамалар, шешiмдер, сондай-ақ үкiмдер қабылдау фактiлерi олардың қабылданған сәтiнен тiркеледi.

      Оларға шағым жасау немесе наразылық бiлдiру фактiлерi де тiркелуге тиiс.

28-бап. Жылжымайтын мүлiкке құқықтың ауысуын тiркеу

      Жылжымайтын мүлiкке құқық ұстаушының қайтыс болуымен немесе оны өлген деп хабарлаумен байланысты осы құқықты қандай да болсын өзгертулер соған сәйкес жылжымайтын мүлiкке құқық берiлетiн құжаттың негiзiнде тiркелуге тиiс.

5-тарау. Дауларды шешу тәртiбi. Тiркеу
тәртiбiн бұзғаны үшiн жауапкершiлiк

29-бап. Дауларды шешу тәртiбi

      Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және олармен жасалған мәмілелердi тiркеуге байланысты дауларды, оның iшiнде жер учаскелерi шекараларының өтуiмен байланысты дауларды сот шешедi.

30-бап. Тiркеу және тiркеу туралы ақпаратты беру тәртiбiн бұзғаны үшiн жауапкершiлiк

      Тiркеу және ақпарат беру тәртiбiн бұзуға байланысты өтiнiш берушiге келтiрiлген шығындарды тiркеушi орган өтеуге тиiс.

6-тарау. Өтпелi және қорытынды ережелер

31-бап. Осы Жарлықты iске астыру жөнiндегi шаралар

      Осы Жарлықты iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi:

      1) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмдерiн осы Жарлыққа сәйкес келтiрсiн;

      2) Қазақстан Республикасы министрлiктерiнiң, ведомстволары мен мемлекеттiк комитеттерiнiң осы Жарлыққа қайшы келетiн өздерiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiн қайта қарап, күшiн жоюын қамтамасыз етсiн;

      3) әдiлет органдары жүйесiнде жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және олармен жасалған мәмiлелердi тiркеу жөнiндегi қызметтердi ұйымдастырсын;

      4) жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалған мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыратын басқа мемлекеттiк басқару органдарынан жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалған мәмiлелердi тiркеу жөнiндегi функциялардың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне берiлуiн қамтамасыз ететiн болсын;

      5) жылжымайтын мүлiкке құқықтардың және онымен жасалған мәмiлелердiң тiркелгенi, сондай-ақ ақпараттық қызмет көрсетiлгенi үшiн төлем мөлшерi мен алынған қаражатты бөлудiң тәртiбiн белгiлесiн;

      6) тіркеу мақсаты үшін жер учаскелерін есепке алу тәртібін әзірлесін;

      7) тiркеу қағазының нысанын бекiтсiн;

      8) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қолдансын.

32-бап. Осы Жарлықтың күшiне ену тәртiбi

      1. Осы Жарлық 1996 жылдың 1 наурызынан бастап күшiне енедi.

      2. Осы Жарлық күшiне енгенге дейiн туындаған құқықтар олар туындаған кезде қолданылған заңдарға сәйкес келген жағдайда күшiнде деп танылады.

      3. Жылжымайтын мүлiкке бұдан бұрын болған құқықтар басқа тұлғаға көшкен жағдайда тиiстi құқықтардың өзгертiлуi немесе тоқтатылуы жалпы негiздерде тiркелуге тиiс.

      4. Осы Жарлықтың 5-бабының ережесi Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi жанынан белгiленген тәртiппен тiркеушi органдар құрылған кезден бастап күшiне енедi. Тiркеушi органдар құрылғанға дейiн жылжымайтын мүлiктi тiркеу үшiн белгiленген тәртiппен құрылған басқа да мемлекеттiк ұйымдар жүргiзген жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалған мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеудiң заңды күшi болады.

      Ескерту. 32-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1997.11.12. N 189 Заңымен .

Қазақстан Республикасының


Президентi



О государственной регистрации прав на недвижимое имущество и сделок с ним

Указ Президента Республики Казахстан, имеющий силу Закона, от 25 декабря 1995 года N 2727. Утратил силу - Законом Республики Казахстан от 26 июля 2007 года N 310.

      Сноска. Указ Президента Республики Казахстан, имеющий силу Закона, от 25 декабря 1995 года N 2727 утратил силу Законом Республики Казахстан от 26 июля 2007 года N 310 (вводится в действие по истечении 10 календарных дней после его официального опубликования).

      В соответствии со статьей 1 Закона Республики Казахстан от 10 декабря 1993 г. "О временном делегировании Президенту Республики Казахстан и главам местных администраций дополнительных полномочий" издаю настоящий Указ.

Глава 1
Общие положения

Статья 1. Термины и определения

      Применяемые в настоящем Указе термины и определения означают следующее:

      1) государственная регистрация - процедура учета регистрирующим органом права собственности и других прав, а также обременений на недвижимое имущество в порядке, установленном настоящим Указом;

      2) кадастровый номер - индивидуальный, не повторяющийся на территории Республики Казахстан код земельного участка, который присваивается в соответствии с процедурой, установленной законодательством, и сохраняется, пока земельный участок существует как единое целое;

      3) недвижимое имущество (недвижимость) - земельные участки, а также здания, сооружения и иное имущество, прочно связанное с землей, то есть объекты, перемещение которых без несоразмерного ущерба их назначению невозможно;

      4) обременения - ограничение прав на недвижимое имущество, в том числе наличие на него определенных прав третьих лиц, арест имущества;

      5) правовой кадастр - единый государственный реестр зарегистрированных прав на недвижимое имущество;

      6) регистрация сделок - регистрация прав на недвижимое имущество, возникающих из сделок;

      7) сервитут - право ограниченного пользования чужим недвижимым имуществом;

      8) поэтапная регистрация прав (обременений прав) на недвижимое имущество - разовое мероприятие, проводимое регистрирующим органом на территории определенной административно-территориальной единицы путем регистрации всех существующих прав (обременений прав) на недвижимое имущество, не зарегистрированных в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан, в том числе прав (обременений прав), возникших до введения системы регистрации. <*>

      Сноска. В статью 1 внесены изменения - Законом РК от 9 июля 2004 г. N 585 .

Статья 2. Объекты государственной регистрации

      1. Объектами государственной регистрации в порядке, установленном настоящим Указом, являются права на недвижимое имущество. Регистрации подлежат:

      1) право собственности;

      2) право хозяйственного ведения;

      3) право оперативного управления;

      4) право землепользования на срок свыше года;

      5) право пользования на срок свыше года;

      6) право доверительного управления на срок свыше года;

      7) залог;

      8) рента;

      9) иные права на недвижимое имущество, а также обременение прав на недвижимое имущество.

      2. Регистрации подлежат также изменение и прекращение прав (обременений) на недвижимое имущество в результате сделок и иных юридических фактов.

      3. Действие настоящего Указа не распространяется на воздушные и морские суда, а также иные приравненные к недвижимым вещам объекты (пункт 2 статьи 117 Гражданского кодекса Республики Казахстан).

Статья 3. Правовое значение государственной регистрации

      1. Права на недвижимое имущество, перечисленные в подпунктах 1-8 пункта 1 статьи 2 настоящего Указа, возникают с момента их регистрации.

      2. Иные права на недвижимое имущество возникают с момента совершения сделки или наступления иного юридического факта как основания возникновения таких прав, однако зарегистрированные заинтересованными лицами права имеют приоритет перед незарегистрированными.

Статья 3-1. Поэтапная регистрация прав (обременений прав) на недвижимое имущество

      1. Поэтапная регистрация прав (обременений прав) на недвижимое имущество проводится регистрирующим органом с целью пополнения данных о правообладателях объектов недвижимого имущества, не прошедших государственную регистрацию прав (обременений прав) на недвижимое имущество и сделок с ним.

      2. Поэтапная регистрация прав (обременений прав) на недвижимое имущество осуществляется в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан о государственной регистрации прав на недвижимое имущество и сделок с ним.

      3. Порядок взаимодействия государственных органов, территория и сроки проведения поэтапной регистрации прав (обременений прав) на недвижимое имущество определяются Правительством Республики Казахстан. <*>

      Сноска. Дополнен статьей 3-1 - Законом РК от 9 июля 2004 г. N 585 .

Статья 4. Обременения, не подлежащие регистрации

      Не подлежат регистрации обременения, выступающие как общие правила и запреты, установленные законодательством (о здравоохранении, общественной безопасности, охране окружающей природной среды и др.), а также обусловленные общественными нуждами (право доступа к линиям электропередачи, телефонным и телеграфным линиям и столбам, трубопроводам и т.п.).

Статья 5. Регистрирующий орган

      Государственную регистрацию прав на недвижимое имущество и сделок с ним осуществляют Министерство юстиции Республики Казахстан и подведомственные органам юстиции государственные предприятия.

      Сноска. Статья 5 - в редакции Закона РК от 12 ноября 1997 г. N 189 .

Статья 5-1. Сбор за государственную регистрацию прав на недвижимое имущество и сделок с ним

      За государственную регистрацию прав на недвижимое имущество и сделок с ним взимается сбор в порядке, определяемом Налоговым кодексом Республики Казахстан.

      Сноска. Дополнен статьей 5-1 -Законом РК от 24 декабря 2001 г. N 276 (вводится в действие с 1 января 2002 г.).

Статья 6. Плата за информационные услуги

      За оказание информационных услуг регистрирующий орган взимает плату в соответствии с законодательством.

      Сноска. В статью 6 внесены изменения -Законом РК от 24 декабря 2001 г. N 276 (вводится в действие с 1 января 2002 г.).

Глава 2
Правовой кадастр

Статья 7. Ведение правового кадастра

1. Правовой кадастр ведется Министерством юстиции Республики Казахстан и его регистрирующими органами на местах по единой для Республики Казахстан системе.

      2. Государственная регистрация прав на недвижимое имущество и сделок с ним осуществляется с учетом идентификационных, технических, стоимостных, правовых, а также других характеристик объектов недвижимости, необходимых для ведения правового кадастра, по месту нахождения объекта недвижимости регистрирующими органами в соответствующих административно-территориальных единицах.

      3. Система регистрации прав на недвижимое имущество и сделок с ним в правовом кадастре осуществляется по объектному принципу, привязывается к земельным участкам и является единой для всех категорий земель и расположенных на них других объектов недвижимости.

      4. Все записи о правах на объекты недвижимости, их возникновении, переходе, обременении (ограничении) и прекращении идентифицируются в правовом кадастре кадастровым номером объекта недвижимости, который присваивается в установленном законодательством порядке государственными органами, уполномоченными вести земельный и правовой кадастры.

      5. Форма регистрационного листа правового кадастра утверждается Правительством Республики Казахстан.

      Сноска. Статья 7 - в редакции Закона РК от 12 ноября 1997 г. N 189 .

Статья 8. Состав правового кадастра

      1. Правовой кадастр состоит из:

      1) земельно-кадастровой карты (схемы, плана);

      2) регистрационной книги;

      3) регистрационных дел.

      Сноска. В статью 8 внесены изменения - Законом РК от 12 ноября 1997 г. N 189 .

Статья 9. Земельно-кадастровая карта

      1. Органы, ведущие земельный кадастр, обеспечивают регистрирующий орган Министерства юстиции Республики Казахстан земельно-кадастровыми картами (схемами, планами земельных участков). Земельно-кадастровые карты (схемы) административного района (города) могут составляться в нескольких частях.

      2. Данные земельно-кадастровой карты могут дополняться топографическим планом земельного участка, который хранится в регистрационном деле.

      Сноска. Статья 9 - в редакции Закона РК от 12 ноября 1997 г. N 189 .

Статья 10 исключена, статьи 11-33 считать соответственно статьями 10-32 - Законом РК от 12 ноября 1997 г. N 189 .

Статья 10. Регистрационная книга

      1. Регистрационная книга состоит из регистрационных листов на каждый земельный участок.

      2. Регистрационный лист состоит из трех разделов:

      1) идентификационных характеристик земельного участка;

      2) реестра прав на недвижимое имущество;

      3) реестра обременений с выделением залога.

      3. Форма регистрационного листа определяется Правительством Республики Казахстан.

Статья 11. Регистрационное дело

      1. Регистрационное дело ведется на каждый земельный участок и содержит копии документов, указанных в регистрационном листе.

      2. На земельный участок, идентифицированный кадастровым номером, заводится только одно регистрационное дело, за исключением случаев, предусмотренных статьей 25 настоящего Указа.

Статья 12. Последствия объединения и разделения земельных участков

      1. Объединение и разделение земельных участков осуществляется в порядке, определяемом законодательством о земле.

      2. При объединении и разделении земельных участков регистрация прав осуществляется в порядке, установленном настоящим Указом.

      3. В регистрационных листах и регистрационных делах, оформленных на вновь образованные земельные участки, должны содержаться сведения о прежних кадастровых номерах и регистрационных делах, заведенных на земельные участки до их объединения или разделения.

      Сноска. Статья 12 - в редакции Закона РК от 12 ноября 1997 г. N 189 .

Глава 3
Порядок регистрации

Статья 13. Прием документов для регистрации прав на недвижимое имущество и сделок с ним

      1. Регистрацию прав на недвижимое имущество и сделок с ним осуществляет регистрационный орган на основании заявления правообладателя или уполномоченного государственного органа, а если право возникло из договора - на основании заявления любой его стороны.

      2. Заявитель должен представить регистрирующему органу:

      1) заявление с просьбой о регистрации права на недвижимое имущество;

      2) документы, подтверждающие право на недвижимое имущество;

      3) документ, подтверждающий уплату в бюджет суммы сбора за государственную регистрацию прав на недвижимое имущество и сделок с ним.

      Заявитель обязан представить документы, удостоверяющие его личность, а представители юридического лица - также документы, подтверждающие их полномочия.

      2-1. В случае регистрации прав на легализованное в соответствии со статьей 11 Закона Республики Казахстан от 5 июля 2006 г. "Об амнистии в связи с легализацией имущества" недвижимое имущество к документам, предусмотренным пунктом 2 настоящей статьи, заявитель также представляет документ, подтверждающий уплату сбора за легализацию имущества, за исключением случаев, установленных частью второй настоящего пункта.

      Заявитель освобождается от представления документа, подтверждающего уплату сбора за легализацию имущества, в случаях, если лицо:

      1) не является плательщиком сбора за легализацию имущества;

      2) представило документ об уплате сбора за легализацию имущества в местный исполнительный орган.

      Информация о лицах, указанных в подпунктах 1) и 2) части второй настоящего пункта, предоставляется в регистрирующий орган комиссией по проведению легализации имущества.

      Сноска. Статья 13 дополнена пунктом 2-1 - Законом РК от 16 ноября 2006 года N 188 (вводится в действие со дня его официального опубликования).

      3. При регистрации прав общей собственности на недвижимое имущество заявление о регистрации подписывается всеми собственниками с представлением каждым из них документов, подтверждающих их право собственности, и предъявлением документов, удостоверяющих их личность. Данное правило распространяется также на право хозяйственного ведения, право оперативного управления и право землепользования.

      4. При передаче части недвижимого имущества в залог, аренду или безвозмездное пользование документация, сданная на регистрацию, должна включать карту (схему) или общий план, на которых показана сданная в залог, аренду или безвозмездное пользование часть недвижимого имущества.

      5. Отказ в приеме документов на регистрацию прав на недвижимое имущество и сделок с ним допускается только по мотивам представления ненадлежащих документов.

      Сноска. В статью 13 внесены изменения -Законом РК от 24 декабря 2001 г. N 276 (вводится в действие с 1 января 2002 г.).

Статья 14. Сроки проведения государственной регистрации

      1. Регистрация прав заявителя должна быть произведена в течение пяти рабочих дней со дня подачи документов, перечисленных в статье 13 настоящего Указа, в регистрирующий орган.

      2. При наличии нескольких заявок на регистрацию одного и того же права регистрируются право по ранее поданной заявке. <*>

      Сноска. В статью 14 внесены изменения - Законом РК от 29 октября 2002 г. N 348 .

Статья 15. Требования к документам, представляемым на регистрацию

      1. Документы, подтверждающие возникновение, прекращение, переход, ограничение прав на недвижимое имущество, принимаются в надлежаще оформленном виде. Не принимаются документы, имеющие подчистки либо приписки, зачеркнутые слова и иные неоговоренные исправления, а также документы, исполненные карандашом.

      2. Все документы, необходимые для государственной регистрации прав на недвижимое имущество, представляются в двух экземплярах, один из которых должен быть подлинником или нотариально заверенной копией. Подлинник документа (нотариально заверенная копия) после регистрации возвращается владельцу прав.

Статья 16. Указания точного времени представления документов

      1. По получении документов на регистрацию прав на недвижимое имущество регистрирующий орган обязан зарегистрировать дату, час и минуту поступления документов.

      2. Заявителю выдается расписка в получении соответствующих документов на регистрацию с указанием даты, часа и минуты поступления документов на регистрацию.

Статья 17. Удостоверение произведенной регистрации

      Регистрирующий орган обязан по ходатайству заявителя удостоверить произведенную регистрацию в течение пяти рабочих дней со дня подачи ходатайства путем совершения надписи на документе, представленном для регистрации. <*>

      Сноска. В статью 17 внесены изменения - Законом РК от 29 октября 2002 г. N 348 .

Статья 18. Основания для приостановления государственной регистрации

      По заявлению лица, оспаривающего право, за регистрацией которого обратилось другое лицо, регистрация этого права может быть приостановлена на срок не более десяти дней. Если в течение этого срока лицо, оспаривающее право, не представит доказательств предъявления им иска, регистрация прав должна быть осуществлена, а при представлении доказательств предъявления иска регистрация оспариваемого права приостанавливается до разрешения дела судом.

      Регистрация права может быть приостановлена на основании актов прокурорского надзора до устранения нарушения закона.

      Сноска. В статью 18 внесены изменения - Законом РК от 9 августа 2002 г. N 346 .

Статья 19. Основания для отказа в государственной регистрации

      1. В регистрации может быть отказано в случае, если:

      1) предъявленные документы не отвечают требованиям, установленным статьями 16 и 23 настоящего Указа;

      2) с просьбой о регистрации права обратился недееспособный гражданин.

      2. В случае приостановления (статья 19 настоящего Указа) или отказа в регистрации в правовом кадастре производится соответствующая запись. При отказе заявителю направляется в письменной форме сообщения о причине отказа. Копия письма помещается в дело, заведенное ранее на данное недвижимое имущество.

Статья 20. Исправление ошибок, допущенных при регистрации

      1. Ошибки, допущенные при регистрации, не изменяющие принадлежность, характер или содержание зарегистрированного права, могут быть исправлены регистрирующим органом самостоятельно с уведомлением всех заинтересованных лиц.

      2. Исправление ошибок, изменяющих принадлежность, характер или содержание зарегистрированного права, допускается только с письменного согласия заинтересованных лиц.

      3. Если регистрация прав произведена на основании документа, удостоверенного уполномоченным органом, исправление ошибок допускается при условии внесения этим органом соответствующих изменений в указанный документ.

Статья 21. Доступ к данным, содержащимся в правовом кадастре

      1. Сведения правового кадастра, кроме сведений, относящихся к государственным секретам, коммерческой тайне или иной охраняемой законодательными актами Республики Казахстан тайне, являются общедоступными и представляются заинтересованным лицам в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан.

      2. Данные о произведенной регистрации и зарегистрированных правах на недвижимое имущество должны быть представлены регистрирующим органом на платной основе любому лицу, а в случаях, предусмотренных законодательством, бесплатно в срок не более пяти рабочих дней с момента его письменного обращения.

      3. Данные о производственной регистрации и зарегистрированных правах хранятся в правовом кадастре бессрочно. <*>

      Сноска. Пункт 1 - в редакции Закона РК от 12 ноября 1997 г. N 189 . Внесены изменения - Законом РК от 29 октября 2002 г. N 348 .

Глава 4
Особенности регистрации
отдельных видов прав

Статья 22. Особенности регистрации сделок с недвижимым имуществом

      1. Сделки с недвижимым имуществом, создающие, изменяющие или прекращающие права, перечисленные в подпунктах 1-8 пункта 1 статьи 2 настоящего Указа, считаются совершенными с момента их регистрации. Указанное правило не распространяется на сделки, создающие, изменяющие или прекращающие иные права на недвижимое имущество.

      2. Регистрируемые сделки должны содержать подписи и полные имена (наименования) совершивших их лиц, краткое описание объекта недвижимости, указание его местонахождения, а также регистрируемого права.

      3. Если сделка нотариально не удостоверена, регистрирующий орган обязан проверить подлинность подписей лиц, совершивших сделку, а также соответствие их воли волеизъявлению.

      4. Если сделка с недвижимым имуществом совершена в надлежащей форме, но одна из сторон уклоняется от ее регистрации, суд вправе по требованию другой стороны вынести решение о регистрации сделки. В этом случае сделка регистрируется в соответствии с решением суда.

Статья 23. Регистрация прав на недвижимое имущество, расположенное на незарегистрированном земельном участке

      Регистрация прав на недвижимое имущество, расположенное на земельном участке, право на который не зарегистрировано, но подтверждается соответствующим документами, должна осуществляться в том же порядке, как и регистрация прав на недвижимое имущество, расположенное на зарегистрированном земельном участке. При этом незарегистрированному земельному участку присваивается условный номер.

Статья 24. Регистрация прав на квартиры и другие помещения, расположенные в зданиях, находящихся в общей собственности

      1. В зданиях, где отдельные квартиры и/или помещения принадлежат гражданам и юридическим лицам, каждая квартира и /или помещение рассматривается как отдельная единица недвижимого имущества, имеющая собственный регистрационный номер. Разные регистрационные номера квартир и/или помещений существуют в рамках единого кода земельного участка, на котором находится данное здание. На каждую такую квартиру и/или помещение заводится отдельное регистрационное дело.

      2. В правовом кадастре дается список владельцев квартир и/или помещений в здании с указанием имени (наименования) каждого владельца и идентификационного номера его квартиры и/или помещения.

      3. Изменения владельца квартиры и/или помещения отражается в правовом кадастре путем добавления имени (наименования) нового владельца к списку владельцев и исключения имени (наименования) выбывшего владельца.

Статья 25. Регистрация сервитутов

      Регистрация сервитутов производится в правовом кадастре. К документам прилагается план земельного участка, на котором показано расположение объекта и сфера действия сервитута.

Статья 26. Регистрация права государственной собственности

      При приобретении недвижимого имущества государственными юридическими лицами у физических или негосударственных юридических лиц одновременно с регистрацией права хозяйственного ведения или оперативного управления производится регистрация права государственной собственности.

Статья 27. Регистрация прав, установленных решением суда

      1. Право на недвижимое имущество, установленное решением суда, подлежит регистрации на общих основаниях. Регистрирующий орган не вправе отказать в регистрации прав, установленных решением суда.

      2. Факты принятия судом постановлений, определений, решений, а также приговоров, которые касаются прав на недвижимое имущество, регистрируются с момента принятия.

      Регистрации подлежат также факты их обжалования или опротестования.

Статья 28. Регистрация перехода права на недвижимое имущество

      Любые изменения права на недвижимое имущество, связанные со смертью или объявление умершим держателя этих прав, должны быть зарегистрированы на основе документа, в соответствии с которым право на недвижимое имущество передается.

Глава 5
Порядок разрешения споров. Ответственность за
нарушение порядка регистрации

Статья 29. Порядок разрешения споров

      Споры связанные с регистрацией прав на недвижимое имущество, сделок с ним, в том числе споры по поводу прохождения границы земельного участка, разрешаются судом.

Статья 30. Ответственность за нарушение порядка регистрации и выдачи информации о регистрации

      Убытки, причиненные заявителю нарушением порядка регистрации и выдачи информации, подлежат возмещению регистрирующим органом.

Глава 6
Переходные и
заключительные положения

Статья 31. Меры по реализации настоящего Указа

      В целях реализации настоящего Указа Правительству Республики Казахстан:

      1) привести решения Правительства Республики Казахстан в соответствие с настоящим Указом;

      2) обеспечить пересмотр и отмену министерствами, ведомствами и государственными комитетами Республики Казахстан их нормативных правовых актов, противоречащих настоящему Указу;

      3) организовать службы по регистрации прав на недвижимое имущество и сделок с ним в системе органов юстиции;

      4) обеспечить передачу функций по регистрации прав на недвижимое имущество и сделок с ним Министерству юстиции Республики Казахстан от других органов государственного управления, осуществляющих государственную регистрацию прав на недвижимое имущество и сделок с ним;

      5) определить размер платы за регистрацию прав на недвижимое имущество и сделок с ним, а также за оказание информационных услуг и порядок распределения полученных средств;

      6) разработать порядок учета земельных участков для целей регистрации;

      7) утвердить форму регистрационного листа;

      8) принять другие меры, вытекающие из настоящего Указа.

Статья 32. Порядок вступления в силу настоящего Указа

      1. Настоящий Указ вступает в силу с 1 марта 1996 года.

      2. Права, возникающие до вступления в силу настоящего Указа, признаются действительными при условии, что они соответствуют законам, действовавшим при их возникновении.

      3. При переходе ранее существовавших прав на недвижимое имущество к другому лицу, изменении или прекращении соответствующих прав они подлежат регистрации на общих основаниях в соответствии с настоящим Указом.

      4. Положение статьи 5 настоящего Указа действует с момента создания в установленном порядке регистрирующих органов при Министерстве юстиции Республики Казахстан. Государственная регистрация прав на недвижимое имущество и сделок с ним, произведенная до создания регистрирующих органов другими государственными организациями, созданными в установленном порядке для регистрации недвижимости, имеет юридическую силу.

      Сноска. Статья дополнена пунктом 4 - Законом РК от 12 ноября 1997 г. N 189 .

Президент


Республики Казахстан