Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне прокурорлық қадағалау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 2002 жылғы 9 тамыз N 346-ІІ.

      Қазақстан Республикасының мына заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

      1. "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" 1994 жылғы 8 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Z942000_ Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1994 ж., N 8, 131-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., N 17-18, 225-құжат; 1999 ж., N 23, 931-құжат):

      1) 15-бапта:

      он алтыншы абзацта "тыйым салып" деген сөздер ", жиырма төрт сағаттың iшiнде прокурорға мiндеттi түрде жазбаша хабарлай отырып, тыйым салуға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      он жетiншi абзацта "жағдайда" деген сөзден кейiн ", жиырма төрт сағаттың iшiнде прокурорға мiндеттi түрде жазбаша хабарлай отырып," деген сөздермен толықтырылсын;

      он сегiзiншi, он тоғызыншы, жиырмасыншы, жиырма бiрiншi абзацтар "тыйым салуға" деген сөздердiң алдынан ", жиырма төрт сағаттың iшiнде прокурорға мiндеттi түрде жазбаша хабарлай отырып," деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:

      "Он алтыншы - жиырма бiрiншi абзацтарда көзделген хабарламаны алған соң, прокурор жасалған iс-әрекеттiң заңдылығын тексередi және олар заңсыз болған жағдайда өз қаулысымен тыйым салу-шектеу сипатындағы шаралардың күшiн жояды немесе оларды алып тастайды.";

      2) 17-бапта:

      төртiншi бөлiк "ерекше жағдайларда" деген сөздерден кейiн "жиырма төрт сағаттың iшiнде прокурорға мiндеттi түрде жазбаша хабарлай отырып," деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы бесiншi бөлiкпен толықтырылсын:

      "Төртiншi бөлiкте көзделген хабарламаны алған соң, прокурор жасалған iс-әрекеттiң заңдылығын тексередi және олар заңсыз болған жағдайда өз қаулысымен тыйым салу-шектеу сипатындағы шаралардың күшiн жояды немесе оларды алып тастайды.".

      2. "Жедел-iздестiру қызметi туралы" 1994 жылғы 15 қыркүйектегi Қазақстан Республикасының Z944000_ Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1994 ж., N 13-14, 199-құжат; 1995 ж., N 24, 167-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 14, 275-құжат; 1998 ж., N 24, 436-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; 2001 ж., N 8, 53-құжат; N 17-18, 245-құжат; 2002 ж., N 4, 32-құжат):

      1) 4-баптың 2-тармағындағы "Жедел-iздестiру қызметiн" деген сөздер "Республика Бас Прокурорының келiсiмi бойынша жедел-iздестiру қызметiн" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 10-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы в-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "в-1) Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры мен оның орынбасарларының, облыс прокурорларының және оларға теңестiрiлген прокурорлардың қаулылары;";

      3) 11-баптың 3-тармағының бесiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "- бейне-, аудиотехниканы немесе өзге де арнаулы техникалық құралдарды пайдалана отырып, сөздердi жасырын тыңдау және жазып алу, телефондар және басқа да сөйлесу құрылғылары арқылы жүргiзiлетiн сөйлесулердi тыңдау және жазып алу, сондай-ақ телефон арқылы жүргiзiлген сөйлесулер туралы мәлiметтер алу;";

      4) 12-бапта:

      2-тармақтың а), б) және в) тармақшаларындағы "телефонмен және өзге сөйлесулердi тыңдау" деген сөздер "бейне-, аудиотехниканы немесе өзге де арнаулы техникалық құралдарды пайдалана отырып, сөздердi жасырын тыңдау және жазып алу, телефондар және басқа да сөйлесу құрылғылары арқылы жүргізiлетiн сөйлесулердi тыңдау және жазып алу, сондай-ақ телефон арқылы жүргiзiлген сөйлесулер туралы мәлiметтер алу" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4-тармақтың бiрiншi бөлiгі "Заңмен қорғалатын" деген сөздерден кейiн "жеке өмiрге тиiспеушiлiк," деген сөздермен толықтырылсын;

      6-тармақ "тыңдауға" деген сөзден кейiн "және жазып алуға" деген сөздермен толықтырылсын;

      5) 25-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "25-бап. Жедел-iздестiру қызметiн қадағалау

      1. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыру кезiндегi заңдылықтың сақталуын қадағалауды Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры және оған бағынысты прокурорлар жүзеге асырады.

      2. Жедел-iздестiру қызметiн қадағалауды жүзеге асыру кезiнде прокурор:

      1) жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыратын органдармен жасырын негiзде қызмет ететiн немесе қызмет еткен азаматтардың жеке басы туралы мәлiметтердi қоспағанда, жедел-iздестiрудi жүргiзу iстерiн, жедел-iздестiру қызметiнiң барысы туралы материалдарды, құжаттар мен басқа да қажеттi мәлiметтердi алады;

      2) жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыратын органдардың арнаулы жедел-iздестiру шараларын жүргiзуiнiң заңдылығын тексередi;

      3) жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыру кезiнде заңды, адам мен азамат құқықтарын бұзушылық анықталған жағдайда өз қаулысымен жедел-iздестiру шараларын тоқтатады;

      4) жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыратын органдардың лауазымды адамдарының iс-әрекеттерi мен шешiмдерiне шағымдар мен арыздарды қарайды;

      5) Конституцияға K951000_ , заңдар мен Республика Президентiнiң актiлерiне қайшы келетiн, жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыратын органдар шығаратын жедел-iздестiру шараларын ұйымдастыру мен жүргiзу тактикасын регламенттейтiн нормативтiк құқықтық актiлерге наразылық келтiредi;

      6) жедел-iздестiру шараларын жүргізу кезiнде құқыққа қарсы iс-әрекеттерге жол берген қызметкерлерге қатысты қылмыстық iс қозғау, тәртiптiк iс жүргiзу туралы қаулылар шығарады;

      7) жедел-iздестiру қызметiнiң заңдылығын қадағалауды жүзеге асыру кезiнде анықталған тәртiп бұзушылық фактiлерi бойынша прокурорлық қадағалаудың басқа да актiлерiн шығарады;

      8) заңсыз ұсталған адамдарды өзiнiң дәлелдi қаулысымен босатады не адамдарды ұстау туралы заңсыз қаулылардың күшiн жояды;

      9) қажет болған жағдайда жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыратын органдардың басшыларынан өздерiне бағынышты органдарда заң бұзушылықты жою мақсатында тексеру жүргiзудi талап етедi;

      10) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жағдайларда жедел-iздестiру шараларын жүргiзуге санкция бередi.

      3. Бас Прокурор өз құзыретi шегiнде, жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыратын органдардың орындауы үшiн мiндеттi, жедел-iздестiру қызметi туралы Қазақстан Республикасы заңдары нормаларының қолданылу мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық актiлер қабылдайды.

      4. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыратын органдар тарапынан заңдылықтың бұзылуын анықтау мақсатында прокурор арнаулы техникалық құралдарды пайдалана отырып, прокуратура органдарының мамандары мен өзге де мамандарды тартуға құқылы.".

      3. "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" 1995 жылғы 20 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Z952368_ Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 13, 23, 152-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 1, 180-құжат; N 18, 367-құжат; 1997 ж., N 11, 144-құжат; N 12, 189-құжат; N 22, 333-құжат; 1998 ж., N 4, 46-құжат; N 24, 436-құжат; 1999 ж., N 20, 717-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 6, 142-құжат; N 10, 244-құжат; N 18, 338-құжат; 2001 ж., N 15-16, 224-құжат; N 20, 257-құжат; N 23, 309-құжат; 2002 ж., N 6, 74-құжат):

      1) 100-баптың үшiншi бөлiгi мынадай мазмұндағы сөйлемдермен толықтырылсын: "Оң қорытынды алғаннан кейiн кеден органдары бұл туралы прокурорға тауарлар жойылғанға дейiн жиырма төрт сағаттан кешiктiрмей жазбаша хабарлауға мiндеттi. Хабарлама алған соң прокурор жасалған iс-әрекеттiң заңдылығын тексередi және олар заңсыз болған жағдайда прокурорлық қадағалау шараларын қолданады.";

      2) 140-бапта:

      алтыншы бөлiкте "Кеден төлемдерiн" деген сөздер "Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген тәртiппен кеден төлемдерiн" деген сөздермен ауыстырылсын.

      жетiншi бөлiкте "Кеден төлемдерi" деген сөздер "Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген тәртiппен кеден төлемдерi" деген редакцияда жазылсын;

      3) 207-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы кеден органдары лауазымды адамдарының, Қазақстан Республикасының заң актiлерi мен Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген жағдайларды қоспағанда, кеден бақылауын жүргiзу мақсатында осындай бақылаудан өткiзiлуге тиiстi тауарлар мен көлiк құралдары, кеден бақылауы үшiн қажеттi құжаттар болуы мүмкiн не бақылауы Қазақстан Республикасының кеден органдарына жүктелген қызмет жүзеге асырылатын кез келген тұлғаның аумақтары мен үй-жайларына, кiруге прокурор санкция беретiн үй-жайларды қоспағанда, тиiстi тәртiппен ресiмделген ұйғарым болған кезде (тiнту және тексеру жүргiзбей) кiруге құқығы бар.";

      мынадай мазмұндағы сөйлемдермен толықтырылсын: "Прокурордың санкциясы талап етiлетiн iс-әрекеттер кейiнге қалдыруға болмайтын жағдайларда онсыз, бірақ кейін жиырма төрт сағат ішінде оны жазбаша хабардар ете отырып жүргiзiлуi мүмкiн. Аталған хабарламаны алған соң, прокурор жасалған iс-әрекеттiң заңдылығын тексередi және олар заңсыз болған жағдайда өз қаулысымен тыйым салу-шектеу сипатындағы шаралардың күшiн жояды немесе оларды алып тастайды.".

      4. "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Z952444_ Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 2, 184-құжат; N 15, 281-құжат; N 19, 370-құжат; 1997 ж., N 5, 58-құжат; N 13-14, 205-құжат; N 22, 333-құжат; 1998 ж., N 11-12, 176-құжат; N 17-18, 224-құжат; 1999 ж., N 20, 727-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 8, 52-құжат; N 9, 86-құжат):

      51-баптың 1-тармағының екiншi бөлiгiндегi "прокурорға мiндеттi түрде хабарлай отырып," деген сөздер "прокурордың санкция беруiмен" деген сөздермен ауыстырылсын.

      5. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының прокуратурасы туралы" 1995 жылғы 21 желтоқсандағы N 2709 Z952709_ заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 24, 156-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 12, 184-құжат; 1998 ж., N 15, 208-құжат; 1999 ж., N 8, 247-құжат; N 21, 774-құжат; 2000 ж., N 3-4 66-құжат; N 6, 142-құжат; 2001 ж., N 20, 257-құжат):

      1) актiнiң нысаны мен тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасының Заңы";

      2) кiрiспе алып тасталсын;

      3) бүкiл мәтiн бойынша "Жарлық", "Жарлықпен", "Жарлыққа" "Жарлықта", "Жарлықты" деген сөздер тиiсiнше "Заң", "Заңмен", "Заңға", "Заңда", "Заңды" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) тараулардағы "I-ХII" деген цифрлар тиiсiнше "1-12" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      5) 2-бапта "Қазақстан Республикасының заңдарымен, халықаралық шарттарымен" деген сөздер "заң актiлерiмен, Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттармен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6) 4-баптың 6) тармақшасы "қалыптастырады" деген сөзден кейiн ", арнайы есепке алуды жүргiзедi," деген сөздермен толықтырылсын;

      "құқықтық статистика" деген сөздерден кейiн "және арнайы есепке алу" деген сөздермен толықтырылсын;

      7) 6-бапта:

      2-тармақтағы "бөлуге" деген сөзден кейiн нүктелi үтiр қойылып, мiндеттi." деген сөз алып тасталсын және мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:

      "3) прокурорлардың қадағалау қызметiн қамтамасыз ету және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшiн өзге де қажеттi шаралар қолдануға мiндетті.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Прокурорлардың өз құзыретi шегiнде тексеру мәселелерi бойынша мемлекеттiк органдардың, меншiк нысандарына қарамастан, ұйымдардың үй-жайларына кiдiрiссiз кiруге, олардың басшыларында және басқа да лауазымды адамдарында кiдiрiссiз қабылдануға, iс материалдары тiкелей сот iсiн жүргiзуде жатқан кездегi жағдайларды қоспағанда, құжаттар мен материалдарға сот iстерiмен танысуда қол жеткiзуге және оларды соттан талап етiп алдыруға құқығы бар.";

      мынадай мазмұндағы 6-8-тармақтармен толықтырылсын:

      "6. Лауазымды адамдар мен азаматтар прокурордың талап етуi бойынша айғақтар беру үшiн оларға белгiленген уақытта келуге мiндеттi. Шақыру жазбаша хабарлама-шақырумен ресiмделедi және қолхат алынып тапсырылады. Хабарлама телефонограммамен, жеделхатпен немесе оның тиiсiнше берiлуiн қамтамасыз ететiн басқа байланыс құралдары пайдаланыла отырып та жiберiлуi мүмкiн.

      7. Прокурордың заңды талаптарын орындамау не прокурордың талабы бойынша дәлелсiз себептермен келмей қалу Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа әкеп соғады. Прокурор ұйғарымдары мен қаулылары орындалмаған жағдайда өз құзыретi шегiнде оларды мәжбүрлеп орындатуға құқылы.

      8. Прокурор, заңда көзделген басқа жағдайлар мен тәртiптi қоспағанда, өзi жүргiзiп жатқан iстер мен материалдардың мәнi бойынша қандай да бiр түсiнiктемелер беруге, сондай-ақ оларды кiмге де болсын танысу үшiн беруге мiндеттi емес. Өзi жүргiзiп жатқан тексерулер мен iстердiң материалдарын олар аяқталғанға дейiн прокурордың рұқсатынсыз жария етуге ешкiмнiң құқығы жоқ.";

      8) 8-бапта:

      1-тармақ мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:

      "Прокурордың талаптары мен актiлерiне шағым беру олардың орындалуын тоқтата тұрмайды.";

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Сот не жоғары тұрған прокурор прокурордың iс-әрекетiне немесе актiсiне арыз (шағым) бойынша шешiм шығарылғанға дейiн олардың орындалуын тоқтата тұра алады.";

      мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:

      "3. Жоғары тұрған прокурор азаматтардың және (немесе) заңды тұлғалардың шағымдары бойынша не өз бастамасы бойынша төмен тұрған прокурор актiлерiнiң күшiн жоя алады не оларды қайтарып ала алады.";

      9) 11-бапта:

      мынадай мазмұндағы 4-1) және 4-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "4-1) өз құзыретi шегiнде:

      Қазақстан Республикасы Қылмыстық-iс жүргiзу кодексi Z970206_ мен жедел-iздестiру қызметi туралы заңдарының анықтау мен тергеу органдарының, сондай-ақ жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыратын органдардың орындауы үшiн мiндеттi нормаларын қолдану мәселелерi бойынша;

      құқықтық статистиканың барлық субъектiлерi үшiн мiндеттi құқықтық статистика мен арнаулы есепке алу мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық актiлер;

      осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiне


      сәйкес басқа да нормативтiк құқықтық актiлер қабылдайды;

      4-2) жедел-iздестiру қызметiн, анықтау мен тергеудi жүзеге асыратын

      органдар шығаратын нормативтiк құқықтық актiлер бойынша келiсу туралы

      шешiм қабылдайды;";

      мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "10-1) "Прокуратураның құрметтi қызметкерi" атағын бередi, осы

      атақты беру тәртiбi туралы Ереженi бекiтедi;";

      мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "11-1) Жоғарғы Соттың жалпы отырысының қарауына сот практикасының

      мәселелерi бойынша түсiндiрмелер беру туралы ұсыныстар енгiзедi;";

      10) 12-бапта:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Бас прокуратураның құрылымын және оның қызметкерлерiнiң

      өкiлеттiктерiн Бас Прокурор белгілейдi.";

      4-тармақ алып тасталсын;

      11) 14-баптың 1-тармағы "Бас Прокуроры" деген сөздерден кейiн "бес

      жыл мерзiмге" деген сөздермен толықтырылсын;

      12) 15-баптың 1-тармағы "прокуратураларға" деген сөзден кейiн "Республиканың Бас Прокуроры бес жыл мерзiмге тағайындайтын" деген сөздермен толықтырылсын;

      13) 18-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

      "1-1. Нормативтiк құқықтық актiлердiң қолданылуын тоқтата тұратын прокурорлық қадағалау актiлерi жариялануға тиiс.";

      14) 20-бапта:

      2-тармақта:

      "алдырып тастау," деген сөздерден кейiн "қарау," деген сөзбен толықтырылсын;

      "тоқтата тұру туралы," деген сөздерден кейiн "прокурордың талабын мәжбүрлеп орындату туралы, жеткiзу (күштеп әкелу) туралы," деген сөздермен толықтырылсын;

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Прокурордың қаулысын уәкiлеттi орган немесе лауазымды адам заңмен белгiленген мерзiмде, ал мұндай мерзiм болмаған жағдайда, прокурор белгiлеген мерзiмде мiндеттi түрде орындауға тиiс. Қаулының орындалу нәтижелерi туралы прокурорға дереу хабарланады. Прокурордың қаулысын белгiленген мерзiмдерiнде орындамау Қазақстан Республикасы заңдарында көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.";

      15) 21-бапта:

      1-тармақта:

      5) тармақшадағы "шетел азаматтарын" деген сөздер "шетелдiктердi" деген сөзбен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 5-1) - 5-4) тармақшалармен толықтырылсын:

      "5-1) бейне-, аудиотехниканы немесе өзге де арнаулы техникалық құралдарды пайдалана отырып, сөздердi жасырын тыңдау мен жазып алуға, телефондар және басқа да сөйлесу құрылғылары арқылы жүргiзiлетiн сөйлесулерді тыңдау мен жазып алуға;

      5-2) мемлекеттiк органдар мен олардың лауазымды адамдарының (Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң лауазымды адамдарын қоспағанда) банктiк құпиясы бар құжаттарға қол жеткiзуге;

      5-3) жеке және заңды тұлғалардың банктердегi ақшасы мен басқа да мүлкiне тыйым салу мен жеке және заңды тұлғалардың банк (корреспонденттiктен басқа) шоттарындағы шығыс операцияларын тоқтата тұруға;

      5-4) Қазақстан Республикасының аумағында қылмыс жасаған және тергеуден жасырынып жүрген адамға қатысты халықаралық iздестiру жариялауға;";

      2-тармақ "ресiмдейді" деген сөздiң алдынан "жиырма төрт сағаттың iшiнде" деген сөздермен толықтырылсын;

      16) 23-бапта:

      1-тармақтағы "заңды және жеке тұлғалардың" деген сөздер "жеке және заңды тұлғалардың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақ мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:

      "Прокурор наразылық келтiрiлген актiнiң күшiн арызды сот қарағанға дейiн өз қаулысымен тоқтата тұруға құқылы.";

      17) 24-бапта:

      1-тармақ мынадай мазмұндағы сөйлемдермен толықтырылсын: "Егер заңды бұзу ашық сипатта болып, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына, сондай-ақ заңды тұлғалардың, қоғам мен мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiне елеулi зиян келтiруi мүмкiн болған және ол дереу жойылмайтын болған жағдайда, ұйғарым енгiзiледi. Ұйғарымды нормативтiк құқықтық актiлерге енгiзуге болмайды.";

      2-тармақтағы "баяндалады" деген сөздер "болуға тиiс" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Ұйғарым прокурор белгiлеген мерзiмде мiндеттi түрде орындалуға тиiс. Ұйғарымның орындалуы туралы прокурорға дереу хабарланады. Прокурордың ұйғарымын орындамау Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.";

      мынадай мазмұндағы 4 және 5-тармақтармен толықтырылсын:

      "4. Ұйғарымға жоғары тұрған прокурорға не сотқа шағым берiлуi мүмкiн. Ұйғарымға шағымның берiлуi оның орындалуын тоқтата тұрмайды.

      5. Жоғары тұрған прокурор немесе сот шағым бойынша шешiм қабылданғанға дейiн ұйғарымның орындалуын тоқтата тұра алады.";

      18) 25-баптың 2-тармағының бiрiншi сөйлемiнде "Ұсынысты лауазымды адам немесе орган" деген сөздерден кейiн "заңдылықтың бұзылуын, сондай-ақ оларға ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою туралы шараларды мiндеттi түрде қабылдай отырып," деген сөздермен толықтырылсын;

      19) мынадай мазмұндағы 26-1-баппен толықтырылсын:

      "26-1-бап. Прокурордың құқықтық актiлерiн мәжбүрлеп

       орындату шаралары

      1. Прокурордың қаулылары мен ұйғарымдарын өз еркiмен орындамаған жағдайда, ол мүлкiнен мәжбүрлеп айыруды көздейтiндерiн қоспағанда, прокурордың талаптарын мәжбүрлеп орындату туралы қаулы шығаруға және оны орындау үшiн уәкiлеттi мемлекеттік органдарға жiберуге құқылы.

      2. Уәкiлеттi мемлекеттiк органдар прокурордың тиiстi қаулысын алған бойда оны орындауға дереу шаралар қолдануға мiндеттi.

      3. Лауазымды адамдар, азаматтар айғақтар беру үшiн прокуратура органдарына келуден бас тартқан жағдайда, прокурор ондай адамды прокуратура органдарына жеткiзу (күштеп әкелу) туралы қаулы шығаруға құқылы, оны жиырма төрт сағат iшiнде iшкi iстер органдары орындайды.";

      20) 27-бапта "мемлекеттiк" деген сөз алып тасталсын;

      21) 29-бапта:

      1-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) жүргiзiлетiн тексерiс мәселелерi бойынша азаматтар мен лауазымды адамдарды шақыруға және олардан айғақтар алуға;";

      мынадай мазмұндағы 2-1), 2-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "2-1) жүргiзiлетiн тексерiс мәселелерi жөнiнде банктерден жеке және заңды тұлғалардың операциялары мен шоттары бойынша коммерциялық, банктiк және заңмен қорғалатын өзге де құпия болып саналатын мәлiметтердiң жариялануға болмайтын талаптарын сақтай отырып, мәлiметтер алуға;

      2-2) жасырын қылмыстарды анықтау мақсатында құзыреттi органдардан жедел-iздестiру шараларын жүзеге асырып, олардың нәтижелерi туралы хабар берiп отыруды талап етуге;";

      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) қауiпсiздiктi және қадағалау қызметiн қамтамасыз ету үшiн тексерiстi жүзеге асыруға басқа да құқық қорғау органдарының қызметкерлерiн тартуға;";

      мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "6-1) сараптамалар тағайындауға;";

      2-тармақта:

      3) тармақша "құқық бұзушылық туралы іс жүргізу" деген сөздерден кейiн ", прокурордың талабын мәжбүрлеп орындау, жеткізу (күштеп әкелу)" деген сөздермен толықтырылсын;

      6) тармақшадағы "заңды және жеке тұлғалардың" деген сөздер "жеке және заңды тұлғалардың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      22) 30-баптың 1-тармағындағы "(кассациялық)" деген сөз алып тасталсын;

      23) 33-баптағы "Пленумына" деген сөз "жалпы отырысына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      24) 35-бапта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) жедел-iздестiру қызметiнiң тоқтатылған немесе жүргiзiлiп жатқан iстерiн, жедел-iздестiру қызметiнiң барысы туралы материалдарды, құжаттар мен басқа да қажеттi мәлiметтердi алады, бұған жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыратын органдарда жасырын негiзде қызмет ететiн немесе қызмет еткен азаматтардың жеке басы туралы мәлiметтер қосылмайды;";

      4) тармақшадағы "нормативтiк сипаттағы актiлерге" деген сөздер "нормативтiк құқықтық актiлерге" деген сөздермен ауыстырылсын;

      25) 38-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "11-1) Қазақстан Республикасының аумағында қылмыс жасаған және тергеуден жасырынып жүрген адамға қатысты халықаралық iздестiру жариялауға санкция бередi;";

      26) 41-баптың 6) тармақшасындағы "жеке және" деген сөздер алып тасталсын;

      27) 42-баптың 1) және 5) тармақшаларындағы "немесе шешiмге", "немесе шешiмнiң" деген сөздер алып тасталсын;

      28) 43-баптың 4) тармақшасындағы ", шаруашылық" деген сөз алып тасталсын;

      29) 46-баптың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) заңда көзделген жағдайларда жедел-iздестiру қызметiн, анықтау мен тергеудi жүзеге асыратын лауазымды адамдардың жасайтын iс-әрекетiне санкция бередi;";

      30) 48-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Прокурор - өз құзыретi шегiнде заңдардың, Қазақстан Республикасы Президентi жарлықтарының, өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң дәл және бiрыңғай қолданылуын, жедел-iздестiру қызметiнiң, анықтаудың, тергеудiң, әкiмшiлiк және атқарушылық iс жүргiзудiң заңдылығын қадағалауды, сотта мемлекет мүдделерiнiң өкiлi болуды, сондай-ақ заңда белгiленген жағдайларда, тәртiп пен шекте қылмыстық қудалауды жүзеге асыратын лауазымды адам.

      Прокурорлар мыналар болып табылады: Республиканың Бас Прокуроры, оның бiрiншi орынбасары мен орынбасарлары, аға көмекшiлерi мен көмекшiлерi, ерекше тапсырмалар жөнiндегi көмекшiлерi, прокуратура органдары департаменттерiнiң, басқармалары мен бөлiмдерiнiң бастықтары және олардың орынбасарлары, барлық төмен тұрған прокурорлар, олардың орынбасарлары, аға көмекшiлерi мен көмекшiлерi, қадағалау саласындағы прокурорлар, прокуратура органдарының аға прокурорлары және басқармалары мен бөлiмдерiнiң прокурорлары, сондай-ақ әскери, уәкiлеттi және арнаулы прокурорлар.";

      7-тармақ "болуы керек" деген сөздерден кейiн ", оларға әскери қызмет


      және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерi әскери қызметшiлерiнiң

      мәртебесi туралы Қазақстан Республикасының заңдары толық көлемде

      қолданылады" деген сөздермен толықтырылсын;

      31) 49-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "49-бап. Прокуратура органдары қызметкерлерiнiң сыныптық шендерi,

       әскери атақтары және нысанды киiмi

      1. Прокуратура органдарының қызметкерлерiне атқаратын қызметiне,

      бiлiктiлiгiне және арнаулы қызметтегi стажына сәйкес мынадай сыныптық

      шендер немесе әскери атақтар берiледi:

      жоғары сыныпты мемлекеттiк әдiлет кеңесшiсi;

      1-сыныпты мемлекеттiк әдiлет кеңесшiсi, әдiлет генерал-полковнигі;

      2-сыныпты мемлекеттiк әдiлет кеңесшiсi, әдiлет генерал-лейтенанты;

      3-сыныпты мемлекеттiк әдiлет кеңесшiсi, әдiлет генерал-майоры;

      аға әдiлет кеңесшiсi, әдiлет полковнигi;

      әдiлет кеңесшiсi, әдiлет подполковнигi;

      кiшi әдiлет кеңесшiсi, әдiлет майоры;

      1-сыныпты заңгер, әдiлет капитаны;

      2-сыныпты заңгер, әдiлет аға лейтенанты;

      3-сыныпты заңгер, әдiлет лейтенанты;

      кiшi заңгер, кiшi лейтенант, аға прапорщик, прапорщик.

      2. Жоғары сыныпты мемлекеттiк әдiлет кеңесшiсiнiң, 1, 2 және 3- сыныпты мемлекеттiк әдiлет кеңесшiлерiнiң сыныптық шендерiн, әдiлет генералдарының әскери атақтарын Қазақстан Республикасының Президентi бередi.

      3. Прокуратура органдарының сыныптық шендер немесе әскери атақтар берiлген қызметкерлерi нысанды киiммен тегiн қамтамасыз етiледi.

      4. Нысандары мен айырым белгiлерiнiң үлгiлерi, нысанды киiмдi киiп жүрудiң тәртiбi және қамтамасыз ету нормасы, сондай-ақ сыныптық шендердi немесе әскери атақтар беру және олардан айыру тәртiбi Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн Прокуратура органдарында қызмет өткеру туралы ережемен белгiленедi.

      5. Сыныптық шендерi немесе әскери атақтары бар адамдарға Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сыныптық шендерi үшiн қосымша ақы немесе әскери атақтары бойынша айлықақы белгiленедi.".

      6. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы" 1995 жылғы 21 желтоқсандағы N 2707 U952707_ заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 23, 154-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 7, 79-құжат; N 12, 184-құжат; 1998 ж., N 17-18, 225-құжат; N 23, 416-құжат; N 24, 436-құжат; 1999 ж., N 8, 233, 247-құжаттар; N 23, 920-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; 2001 ж., N 13-14, 174-құжат; N 17-18, 245-құжат; N 20, 257-құжат; N 23, 309-құжат):

      10-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 12-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "12-1) прокурордың азаматтар мен лауазымды адамдарды мәжбүрлеп жеткiзу (күштеп әкелу) туралы қаулыларын орындауға, сондай-ақ прокурордың өз құзыретi шегiнде шығарған өзге де жазбаша тапсырмалары мен талаптарын орындауға;".

      7. "Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк органдары туралы" 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Z952710_ Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 24, 157-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 10, 108-құжат; N 12, 184-құжат; 1998 ж., N 23, 416-құжат; N 24, 436-құжат; 1999 ж., N 8, 233-құжат; N 23, 920-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; 2001 ж., N 20, 257-құжат; 2002 ж., N 6, 72-құжат):

      12-бапта 20) тармақшадағы "жүргiзуге" деген сөзден кейiн нүктелi үтiр қойылып, "мiндеттi." деген сөз алып тасталсын және мынадай мазмұндағы 21) тармақшамен толықтырылсын:

      "21) өздерiнiң қадағалау функцияларын жүзеге асыруына байланысты прокурордың жазбаша талаптарын орындауға мiндеттi.".

      8. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттік тiркеу туралы" 1995 жылғы 25 желтоқсандағы N 2727 U952727_ заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 24, 168-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 21, 277-құжат; 2001 ж., N 24, 338-құжат):

      18-бап мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:

      "Құқықты тiркеу заң бұзушылық жойылғанға дейiн прокурорлық қадағалау актiлерiнiң негiзiнде тоқтатыла тұруы мүмкiн.".

      9. "Өрт қауiпсiздiгi туралы" 1996 жылғы 22 қарашадағы Қазақстан Республикасының Z960048_ Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 18, 368-құжат; 1998 ж., N 23, 416-құжат; 1999 ж., N 20, 728-құжат; N 23, 931-құжат; 2000 ж., N 6, 142-құжат):

      10-бапта:

      төртiншi бөлiктiң сегiзiншi абзацы "орындамаған жағдайда" деген сөздердiң алдынан ", жиырма төрт сағаттың iшiнде прокурорға мiндеттi түрде жазбаша хабарлай отырып," деген сөздермен толықтырылсын;

      алтыншы бөлiк "аталған мерзiмге" деген сөздердiң алдынан "жиырма төрт сағаттың iшiнде прокурорға мiндеттi түрде жазбаша хабарлай отырып," деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы жетiншi бөлiкпен толықтырылсын:

      "Осы баптың төртiншi бөлiгiнiң сегiзiншi абзацы мен алтыншы бөлiгiнде көзделген хабарламаны алған соң, прокурор жасалған iс-әрекеттiң заңдылығын тексередi және олар заңсыз болған жағдайда өз қаулысымен тыйым салу-шектеу сипатындағы шаралардың күшiн жояды немесе оларды алып тастайды.".

      10. "Банкроттық туралы" 1997 жылғы 21 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Z970067_ Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 1-2, 7-құжат; N 13-14, 205-құжат; 1998 ж., N 14, 198-құжат; N 17-18, 225-құжат; 2000 ж., N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 8, 52-құжат; N 17-18, 240-құжат; N 24, 338-құжат):

      1) 30-баптың бiрiншi абзацы "Кредитордың немесе" деген сөздерден кейiн "прокурордың не" деген сөздермен толықтырылсын;

      2) 31-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы "кредиторларға" деген сөзден кейiн ", прокурорға" деген сөзбен толықтырылсын.

      11. "Қазақстан Республикасында бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелердi тiркеу туралы" 1997 жылғы 5 наурыздағы Қазақстан Республикасының Z970078_ Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 5, 53-құжат; N 13-14, 205-құжат; 1998 ж., N 17-18, 224-құжат; 2001 ж., N 8, 52-құжат; N 15-16, 238-құжат):

      28-бапта:

      2-тармақ "кез келген үшiншi тұлғаға" деген сөздерден кейiн "не тексеру жүргiзу туралы қаулының негiзiнде прокурорға" деген сөздермен толықтырылсын;

      4-тармақ "сот шешiмдерiнiң," деген сөздерден кейін "прокурордың," деген сөзбен толықтырылсын.

      12. "Мемлекеттiк статистика туралы" 1997 жылғы 7 мамырдағы Қазақстан Республикасының Z970098_ Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 9, 91-құжат; 2001 ж., N 4, 23-құжат; 2002 ж., N 1, 3-құжат):

      11-бап мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:

      "прокурордың талап етуi бойынша сұратылған ақпаратты тегiн беруге;".

      13. "Қоршаған ортаны қорғау туралы" 1997 жылғы 15 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Z970160_ Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 17-18, 213-құжат; 1998 ж., N 24, 443-құжат; 1999 ж., N 11, 357-құжат; N 23, 931-құжат; 2001 ж., N 13-14, 171-құжат; N 24, 338-құжат):

      77-бапта:

      3-тармақтың төртiншi бөлiгi "ерекше жағдайларда" деген сөздердiң алдынан "жиырма төрт сағаттың iшiнде прокурорға мiндеттi түрде жазбаша хабарлай отырып," деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:

      "4. Осы баптың екiншi және үшiншi тармақтарында көзделген хабарламаларды алған соң, прокурор жасалған iс-әрекеттiң заңдылығын тексередi және олар заңсыз болған жағдайда тыйым салу-шектеу сипатындағы шаралардың күшiн өз қаулысымен жояды немесе оларды алып тастайды.".

      14. 1997 жылғы 16 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Қылмыстық K970167_ кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 15-16, 211-құжат; 1998 ж., N 16, 219-құжат; N 17-18, 225-құжат; 1999 ж., N 20, 721-құжат; N 21, 774-құжат; 2000 ж., N 6, 141-құжат; 2001 ж., N 8, 53, 54-құжаттар; 2002 ж., N 4, 32, 33-құжаттар):

      мынадай мазмұндағы 321-1-баппен толықтырылсын:

      "321-1-бап. Прокурордың қызметiне кедергi жасау және оның

       заңды талаптарын орындамау

      Прокурорлық қадағалау актiлерiн орындамау, сол сияқты оның қызметiне кедергi жасау, егер бұл азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiне не қоғамның немесе мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiне елеулi зиян келтiруге әкеп соқса, -

      бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айдан алты айға дейiнгі кезең iшiндегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не жүз сексен сағаттан екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.".

      15. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық iс жүргiзу Z970206_ кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 23, 335-құжат; 1998 ж., N 23, 416-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 6, 141-құжат; 2001 ж., N 8, 53-құжат; N 15-16, 239-құжат; N 17-18, 245-құжат; N 21-22, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 32, 33-құжаттар):

      1) 62-бап мынадай мазмұндағы бесiншi бөлiкпен толықтырылсын:

      "5. Бас Прокурор өз құзыретi шегiнде осы Кодекс нормаларының қолданылу мәселелерi бойынша анықтау және тергеу органдарының орындауы үшiн мiндеттi нормативтiк құқықтық актiлер қабылдайды.

      Анықтауды және тергеудi жүзеге асыратын органдардың нормативтiк құқықтық актiлерi олардың құзыретi шегiнде, Бас Прокурормен келiсiле отырып, қабылданады.";

      2) 190-баптың 1) тармақшасы "бас тартуға" деген сөздерден кейiн "немесе материалдарды қосымша тексеру үшiн iс жүргiзуге жiберуге" деген сөздермен толықтырылсын;

      3) 466-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "466-бап. Сот үкiмiнiң, қаулысының орындалуын тоқтата тұру

      Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы, Бас Прокуроры және оның орынбасарлары өз құзыретi шегінде iстi сұратып алумен бiр мезгiлде сот үкiмiнiң, қаулысының орындалуын қадағалау тәртiбiмен тексеру үшiн үш айдан аспайтын мерзiмге тоқтата тұруға құқылы.".

      16. "Атқарушылық iс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы" 1998 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Z980253_ Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., N 13, 195-құжат; N 24, 436-құжат; 1999 ж., N 23, 922-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 6, 142-құжат):

      1) 5-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "4-1) прокурордың өз талаптарын мәжбүрлеп орындату туралы қаулысы;";

      1) 7-баптың 1-тармағы 5) тармақшадағы "мәжбүрлеп орындатуға берiлуi мүмкiн." деген сөздер алып тасталып, "үш ай iшiнде" деген сөздерден кейiн нүктелi үтiр қойылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:

      "6) прокурордың қаулылары - үш ай iшiнде мәжбүрлеп орындатуға берiлуi мүмкiн.".

      17. "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" 1998 жылғы 2 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Z980267_ Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., N 15, 209-құжат; 1999 ж., N 21, 774-құжат; 2000 ж., N 5, 116-құжат; 2001 ж., N 13-14, 172-құжат; N 17-18, 241-құжат):

      1) 6-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Осы баптың 2-тармағында аталған органдар өз өкiлеттiктерiнен туындайтын шараларды қолдануға және жауапты мемлекеттiк қызмет атқаратын адамдар жасаған сыбайлас жемқорлық қылмыстар анықталған барлық жағдайлар туралы мәлiметтердi құқықтық статистика және ақпарат органдарына дереу жiберуге мiндетті.";

      2) 16-баптың 1-тармағы "салық органдарына" деген сөздердiң алдынан "құқықтық статистика және ақпарат органдарына," деген сөздермен толықтырылсын.

      18. 1999 жылғы 13 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Азаматтық iс жүргiзу K990411_ кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., N 18, 644-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 10, 244-құжат; 2001 ж., N 8, 52-құжат; N 15-16, 239-құжат; N 21-22, 281-құжат; N 24, 338-құжат):

      396-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "396-бап. Сот актiсiнiң орындалуын тоқтата тұру

      Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы, Бас Прокуроры және оның орынбасарлары өз құзыретi шегiнде iстi сұратып алумен бiр мезгiлде қадағалау тәртiбiмен тексеру үшiн сот актiсiнiң орындалуын үш айдан аспайтын мерзiмге тоқтата тұруға құқылы.".

      19. "Күзет қызметi туралы" 2000 жылғы 19 қазандағы Қазақстан Республикасының Z000085_ Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2000 ж., N 14-15, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 34-құжат):

      19-баптың 5-тармағы "прокуратураға" деген сөзден кейiн "жиырма төрт сағат iшiнде" деген сөздермен толықтырылсын.

      20. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкiмшілiк құқық бұзушылық туралы K010155_ кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 5-6, 24-құжат; N 17-18, 241-құжат; N 21-22, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 33-құжат):

      62-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      1) құқыққа қарсы мiнез-құлықты, прокурордың заңды түсiндiргенiне және (немесе) оны тоқтату туралы оған уәкiлеттi адамдардың талап етуiне қарамастан оны жалғастыра беру;";

      2) 69-бапта:

      бiрiншi бөлiк "әкiмшiлiктiк жауаптылыққа" деген сөздердiң алдынан ", осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы 4-1 бөлiкпен толықтырылсын:

      "4-1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн әкiмшiлiк жаза қолдану мерзiмiнiң барысы iстi сот инстанцияларына немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттi мемлекеттiк органның лауазымды адамына жiберген кезден бастап тоқтатыла тұрады.

      Бұл мерзімдерді есептеу әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қозғауға уәкiлеттi органға кемшiлiктердi жою үшiн іс қайтарылған жағдайларда қайтадан басталады.";

      мынадай мазмұндағы 7-бөлiкпен толықтырылсын:

      "7. Судьяның немесе уәкiлеттi органның әкiмшiлiк iс жүргiзудi тоқтату туралы қаулысы осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген мерзiмге қарамастан, ол заңды күшiне енген күнiнен бастап бiр жыл iшiнде прокурордың наразылығы бойынша қайта қаралуы мүмкiн.";

      3) 355-баптың бiрiншi бөлiгiндегi "жүзге" деген сөз "бес жүзге" деген сөзбен ауыстырылсын;

      4) мынадай мазмұндағы 521-1-баппен толықтырылсын:

      "521-1-бап. Прокурорға хабарламау немесе дер кезiнде хабарламау Мемлекеттiк органның заң актiлерiне сәйкес хабарлау талап етiлетiн iс жүргiзу туралы прокурорға хабарламауы немесе дер кезiнде хабарламауы, -

      лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      5) 619-баптың бiрiншi бөлiгiнiң 6) тармақшасындағы "әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалғанда" деген сөздерден кейiн "прокурордың тиiстi тапсырмалары немесе" деген сөздермен толықтырылсын.

      6) 637-баптың бiрiншi бөлiгi "513" деген цифрдан кейiн ", 521-1" деген цифрмен толықтырылсын;

      7) 655-баптың екiншi бөлiгi "шағым берiлуi" деген сөздерден кейiн ", наразылық бiлдiрiлуi" деген сөздермен толықтырылсын.

      8) 672-баптың екiншi сөйлемi мынадай редакцияда жазылсын: "Соттың әкiмшiлiк жауапқа тартылған адамның не өзi жөнiнде әкiмшiлiк iс жүргiзу тоқтатылған адамның жағдайын нашарлататын жағына қарай қайта қарауына соттың немесе уәкiлеттi мемлекеттiк органның қаулысы заңды күшiне


      енген күннен бастап бiр жыл iшiнде жол берiледi.";

      9) 674-баптың бiрiншi бөлiгi "құқығы" деген сөзден кейiн "Бас

      Прокурорға, оның орынбасарларына," деген сөздермен толықтырылсын;

      10) 676-бап "Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының" деген сөздерден

      кейiн "және оның орынбасарларының" деген сөздермен толықтырылсын.

      Қазақстан Республикасының

      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады