Ескерту. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2009.06.18 N 829 Жарлығымен.
Қазақстан Республикасында дәрi-дәрмектердiң атауларын реттеу және дұрыс қолдану мақсатында қаулы етемiн:
1. "Қазақстан Республикасының Фармацевтiк және медициналық өнеркәсiбiн дамытудың мемлекеттiк бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 20 тамыздағы N 3621 U973621_ Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 39, 367-құжат) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн: жоғарыда аталған Жарлықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Фармацевтiк және медициналық өнеркәсiбiн дамытудың мемлекеттiк бағдарламасы III бөлiмiнiң "Синтетикалық препараттар өндiру" деген 1-қосымша бағдарламасының жиырма жетiншi абзацындағы "(аспирин)" деген сөз алынып тасталсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Президентi