Қазақстан Республикасының Фармацевтiк және медициналық өнеркәсiбiн дамытудың мемлекеттiк бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 20 тамыздағы N 3621 Жарлығына өзгерiс енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 14 шiлдедегi N 4013 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы N 829 Жарлығымен

       Ескерту. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2009.06.18 N 829 Жарлығымен.

      Қазақстан Республикасында дәрi-дәрмектердiң атауларын реттеу және дұрыс қолдану мақсатында қаулы етемiн:
      1. "Қазақстан Республикасының Фармацевтiк және медициналық өнеркәсiбiн дамытудың мемлекеттiк бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 20 тамыздағы N 3621 U973621_ Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 39, 367-құжат) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн: жоғарыда аталған Жарлықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Фармацевтiк және медициналық өнеркәсiбiн дамытудың мемлекеттiк бағдарламасы III бөлiмiнiң "Синтетикалық препараттар өндiру" деген 1-қосымша бағдарламасының жиырма жетiншi абзацындағы "(аспирин)" деген сөз алынып тасталсын.
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Президентi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады