Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары мен өкiлдiктерiн ашуға келiсiм беру және келiсiм беруден бас тарту ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасы 2000 жылғы 31 қаңтар N 15. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу басқармасы 2000 жылғы 9 наурызда тіркелді. Тіркеу N 1073. Қаулының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 9 қаңтардағы N 20 қаулысымен.

       Ескерту: Қаулының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 9 қаңтардағы N 20   қаулысымен .
_____________________________

      Сақтандыру заңдарын жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДI
      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары мен өкiлдiктерiн ашуға келiсiм беру және келiсiм беруден бас тарту ережесi бекiтiлсiн және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап күшiне енгiзiлсiн. 
      2. Сақтандыруды қадағалау департаментi (Құрманов Ж.Б.): 
      1) Заң департаментiмен (Шәріпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны және Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары мен өкiлдiктерiн ашуға келiсiм беру және келiсiм беруден бас тарту ережесiн Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қарастырсын; 
      2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны және Ереженi барлық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi бөлiмшелерiнiң облыстық филиалдарына және мүдделi бөлiмшелерiне жiберсiн. 
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Төрағасы Г.А.Марченкоға жүктелсiн.  

       Ұлттық Банк
      Төрағасы

Қазақстан Республикасы  
Ұлттық Банкі Басқармасының
2000 жылғы 31 қаңтардағы 
N 15 қаулысымен бекітілген

  Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының 
филиалдары мен өкiлдiктерiн ашуға келiсiм беру 
және келiсiм беруден бас тарту ережесi 

      Осы Ереже "Сақтандыру қызметi туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы N 126-II ҚРЗ Қазақстан Республикасының  Заңына , Қазақстан Республикасындағы сақтандыру қызметiн реттейтiн басқа да нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес әзiрленген және сақтандыру қызметiн реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органға (бұдан әрi - уәкiлеттi мемлекеттiк орган) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы мен өкiлдiгiн (бұдан әрi - сақтандыру ұйымдары) ашуға келiсiм беру және келiсiм беруден бас тарту тәртiбiн айқындайды. 
       Ескерту: Ереженің кіріспесі жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 20 сәуірдегі N 107    қаулысымен

  1-тарау. Жалпы ережелер 

      1. Сақтандыру ұйымының филиалы - заңды тұлға болып саналмайтын, сақтандыру ұйымының тұрған жерінен тыс жерге орналасқан, сақтандыру ұйымының атынан сақтандыру (қайта сақтандыру) операцияларын жүзеге асыратын және сақтандыру ұйымының өзіне берілген өкілеттігі шегінде іс-қимыл жасайтын сақтандыру ұйымының ерекше бөлімшесі. 
      Сақтандыру ұйымы филиалының балансы сақтандыру ұйымымен бiрге болуы керек. 
      Сақтандыру ұйымы филиалының электронды почта қабылдауға және жіберуге арналған модеммен жарақтандырылған кемінде бір дербес компьютері болуы керек.
       Ескерту: 1-тармақ толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 жылғы 26 қарашадағы N 470   қаулысымен .

      2. Сақтандыру ұйымының өкілдігі - заңды тұлға болып саналмайтын, сақтандыру ұйымының тұрған жерiнен тыс жерге орналасқан, сақтандыру ұйымының мүддесiн қорғайтын және өкiлеттiгiн бiлдiретiн, оның атынан мәмiлелер мен басқа да құқықтық iс-қимыл жасайтын сақтандыру ұйымының ерекше бөлiмшесi. 

      3. Сақтандыру ұйымдарының филиалдары мен өкiлдіктері Қазақстан Республикасының аумағында және одан тыс жерлерде уәкілетті мемлекеттік органның келiсiмi болғанда ашылады. 

      4. Уәкiлеттi мемлекеттiк орган сақтандыру ұйымдарының филиалдары мен өкiлдiктерiн ашуға келiсiм беру мәселесiн барлық қажеттi құжаттарды берген күннен бастап бiр ай мерзiмде қарауға тиiс. 

      5. Сақтандыру ұйымдарының филиалдары мен өкiлдiктерiн ашуға келiсiм беру немесе келісiм беруден бас тарту туралы шешiмдi уәкiлеттi мемлекеттiк орган қабылдайды. 

      6. Уәкiлеттi мемлекеттiк орган сақтандыру ұйымдарының филиалдары мен өкiлдiктерiн ашуға берiлген келiсiмдердiң есебiн жүргізiп отырады. 

      7. Сақтандыру ұйымдары мынадай шарттарды орындаған жағдайда, сонымен қатар Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде де филиал немесе өкiлдiк ашу келiсiмiн алуға өтiнiш жасай алады:
      1) жарғылық капиталдың ең аз мөлшерi (жаңадан құрылған сақтандыру ұйымдары үшiн) немесе меншiктi капиталдың ең аз мөлшерi (жұмыс iстеп тұрған сақтандыру ұйымдары үшiн) болуы; 
      2) соңғы аяқталған жыл нәтижелері бойынша шығынсыз қызметі;
      3) сақтандыру ұйымының өтiнiш бергенге дейінгі соңғы алты ай iшiнде пруденциалдық нормативтердi және басқа да сақталуға тиістi нормалар мен лимиттердi орындауы. 
       Ескерту: 7-тармақтың 1), 3) тармақшалары жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 20 сәуірдегі N 107   қаулысымен .  

  2-тарау. Сақтандыру ұйымының филиалы мен өкілдігін ашуға
келісім беру және келісім беруден бас тарту тәртібі

      8. Сақтандыру ұйымының филиал мен өкiлдiк ашуға келiсiм беру туралы өтiнiшiне мынадай құжаттар қоса берiлуге тиiс:
      1) өтiнiш берушiнiң құрылтай құжаттарының нотариалды куәландырылған көшiрмелерi;
      2) өтiнiш берушi сақтандыру ұйымының уәкiлеттi органының шешімі;
      3) филиалдың немесе өкiлдiктiң басшысын және бас бухгалтерiн сайлау (тағайындау) туралы сақтандыру ұйымының уәкiлеттi органының шешiмi; 
      4) сақтандыру ұйымының уәкiлеттi органы бекiткен және сақтандыру ұйымының мөрiмен куәландырылып, үш данада жасалған, тiгiлген және нөмiрленген түрдегi филиал немесе өкілдiк туралы ереже; 
      5) сақтандыру ұйымы филиалының басшысының немесе өкiлiнiң атына берiлген, сақтандыру ұйымы филиалының басшысының немесе өкiлiнiң өкiлеттiктерi көрсетiлуге тиiстi нотариалды куәландырылған сенiмхат; 
      6) уәкiлеттi мемлекеттiк органның филиалдың бiрiншi басшысын және бас бухгалтерiн сайлауға (тағайындауға) келiсiм беру туралы шешiмiнiң көшiрмесi; 
      7) филиалдың немесе өкілдіктің орналасқан жерін растайтын құжат. 
       Ескерту: 8-тармақ өзгертілді, толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 20 сәуірдегі N 107   қаулысымен 2002 жылғы 26 қарашадағы N 470   қаулысымен .  

      8-1. Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының резиденті емес - сақтандыру ұйымының өкілдігін ашуға келісім беру туралы өтінішке осы Ереженің 8-тармағында көзделген құжаттармен қатар Қазақстан Республикасының резиденті емес - сақтандыру ұйымы мемлекетінің тиісті сақтандыруды қадағалау органының Қазақстан Республикасының аумағында өкілдікті ашуға рұқсаты, не тиісті мемлекеттің заңдары бойынша мұндай рұқсат талап етілмейтінін растайтын құжат қоса беріледі.
      Қазақстан Республикасының резиденті емес - сақтандыру ұйымы ұсынатын құжаттар Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген тәртіппен заңдастырылуы тиіс.
       Ескерту: 8-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 жылғы 26 қарашадағы N 470   қаулысымен .

      9. Осы Ереженiң 8-тармағында көзделген құжаттардан басқа, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде сақтандыру ұйымдарының филиалын немесе өкiлдiгiн ашуға келiсiм беру туралы өтiнiшке қоса сақтандыру ұйымы филиалының немесе өкiлдiгiнiң банктiк есепшоты туралы не қызмет көрсетiлетін банк туралы мәлiметтер берiлуге тиiс. 

      10. Осы Ереженiң 7, 8, 8-1, 9-тармақтарында көзделген талаптардың бiрiн орындалмаған жағдайда уәкiлеттi мемлекеттiк орган сақтандыру ұйымдарының филиалын немесе өкiлдiгiн ашуға келiсiм беруден бас тартуға құқылы. 
      Ескерту: 10-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 жылғы 26 қарашадағы N 470   қаулысымен .

      11. Уәкiлеттi мемлекеттiк орган филиал немесе өкiлдiк ашуға келiсiм беруден бас тарту туралы шешім қабылдаған күннен бастап он күндік мерзімде сақтандыру ұйымының атқару органына өзiнiң келiсiм беруден бас тарту себебiн көрсете отырып жазбаша хабарлайды. 

  3-тарау. Филиал немесе өкiлдiк ашуға берiлген 
келiсiмдi ресiмдеу тәртiбi 

      12. Сақтандыру ұйымдарының филиалын немесе өкiлдiгiн ашу туралы ереже мынадай түрде куәландырылады: "Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігімен келiсiлген. Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің Төрағасы (Төрағаның орынбасары)". 
      Сақтандыру ұйымдарының филиалын немесе өкілдігін ашу туралы ереже уәкілетті мемлекеттік органда келісілгеннен кейін уәкілетті мемлекеттік орган Төрағасының (Төраға орынбасарының) қолы қойылып, уәкілетті мемлекеттік органның мөрімен бекітіледі.
       Ескерту: 12-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы N 304   қаулысымен .

      13. Уәкілетті мемлекеттік органның келісілген Сақтандыру ұйымдарының филиалын немесе өкілдігін ашу туралы ереженің бір данасы сақтандыру ұйымының заң істеріне тігіледі, ал қалған даналары әдiлет органдарында есептік тіркеуден өту үшін өтініш берушіге қайтарылады. 
       Ескерту: 13-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 20 сәуірдегі N 107   қаулысымен ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы N 304   қаулысымен

      14. Сақтандыру ұйымы филиалды немесе өкiлдiктi есептiк тiркеуден өткізгеннен кейін екі апта мерзiмде Сақтандыру ұйымдарының филиалын немесе өкiлдiгiн ашу туралы ереженiң бiр данасын филиалдың немесе өкiлдiктiң есептiк тiркеуден өткенi туралы куәлiктiң нотариат куәландырған көшiрмесiмен бiрге уәкiлеттi мемлекеттiк органға беруге мiндеттi. 
       Ескерту: 14-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 20 сәуірдегі N 107   қаулысымен .  

  4-тарау. Қорытынды ережелер 

      15. Сақтандыру ұйымы әділет органдарына филиалды немесе өкілдікті тарату туралы мәліметтер бергенге дейін филиалды немесе өкілдікті тарату жөніндегі іс-шараларды аяқтау мерзімі туралы ақпаратты алдын ала уәкілетті мемлекеттік органға беруге міндетті. 
      Сақтандыру ұйымының филиалды немесе өкілдікті тарату туралы шешімі осы шешім қабылданған күннен бастап бір апталық мерзімде уәкілетті мемлекеттік органға берілуге тиіс. 
       Ескерту: 15-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 20 сәуірдегі N 107   қаулысымен .

      16. Сақтандыру ұйымдарының филиалдары мен өкiлдiктерi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жабылды. 
       Ескерту: 16-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 
2001 жылғы 20 сәуірдегі N 107   қаулысымен

      17. Уәкiлеттi мемлекеттiк органның филиал және өкiлдiк ашуға келiсiм беруден бас тарту туралы шешiмi жөнiнде Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен сотқа шағымдануға болады.

      18. Осы ережемен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шешiлуге тиiс.     

       Төраға

Об утверждении Правил выдачи и отказа в выдаче согласия на открытие филиалов и представительств страховых (перестраховочных) организаций

Постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 31 января 2000 г. N 15. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 9 марта 2000 г. 1073. Утратило силу - постановлением Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций Республики Казахстан от 9 января 2006 года N 20 (V064068)

      В целях совершенствования страхового законодательства, Правление Национального Банка Республики Казахстан постановляет: 

      1. Утвердить прилагаемые Правила выдачи и отказа в выдаче согласия на открытие филиалов и представительств страховых (перестраховочных) организаций и ввести их в действие со дня государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан. 
      2. Департаменту страхового надзора (Курманов Ж.Б.): 
      1) совместно с Юридическим департаментом (Шарипов С.Б.) принять меры к государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан настоящего постановления и Правил выдачи и отказа в выдаче согласия на открытие филиалов и представительств страховых (перестраховочных) организаций; 
      2) в десятидневный срок со дня государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан довести настоящее постановление и Правила до сведения всех страховых (перестраховочных) организаций, областных филиалов и заинтересованных подразделений Национального Банка Республики Казахстан. 
      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на Председателя Национального Банка Республики Казахстан Марченко Г.А. 

      Председатель
     Национального Банка

                                         Утверждены
                                  постановлением Правления
                                      Национального Банка
                                      Республики Казахстан
                                  от 31 января 2000 г. N 15

                  Правила выдачи и отказа в выдаче 
        согласия на открытие филиалов и представительств 
            страховых (перестраховочных) организаций 

      Настоящие Правила разработаны в соответствии с  Законом  Республики Казахстан "О страховой деятельности" от 18 декабря 2000 года N 126-II ЗРК, другими нормативными правовыми актами, регулирующими страховую деятельность в Республике Казахстан, и определяют порядок выдачи, отказа в выдаче уполномоченным государственным органом по регулированию и надзору за страховой деятельностью (далее - уполномоченный государственный орган) согласия на открытие филиала и представительства страховой (перестраховочной) организации (далее - страховая организация). 
      Сноска. Преамбула в новой редакции -  постановлением  Правления Национального Банка РК от 20 апреля 2001 года N 107. 

                       Глава 1. Общие положения 

      1. Филиал страховой организации - обособленное подразделение страховой организации, не являющееся юридическим лицом, расположенное вне места нахождения страховой организации, осуществляющее операции по страхованию (перестрахованию) от имени страховой организации и действующее в пределах полномочий, предоставленных ему страховой организацией. 
      Филиал страховой организации должен иметь единый со страховой организацией баланс. 
      Филиал страховой организации должен иметь не менее одного персонального компьютера, оснащенного модемом для приема и передачи электронной почты.  <*>
      Сноска. Пункт 1 с дополнениями -  постановлением  Правления Национального Банка Республики Казахстан от 26 ноября 2002 года N 470.      

      2. Представительство страховой организации - обособленное подразделение страховой организации, не являющееся юридическим лицом, расположенное вне места нахождения страховой организации, осуществляющие защиту и представительство интересов страховой организации, совершающее от его имени сделки и иные правовые действия. 

      3. Открытие филиалов и представительств страховых организаций на территории и за пределами Республики Казахстан производится при наличии согласия уполномоченного государственного органа. 

      4. Вопрос о выдаче согласия на открытие филиала и представительства страховой организации должен быть рассмотрен уполномоченным государственным органом в месячный срок со дня представления всех необходимых документов. 

      5. Решение о выдаче и отказе в выдаче согласия на открытие филиала и представительства страховой организации принимается уполномоченным государственным органом. 

      6. Уполномоченный государственный орган ведет учет выданных согласий на открытие филиалов и представительств страховых организаций. 

      7. Страховые организации вправе обратиться за получением согласия на открытие филиала или представительства, в том числе за пределами Республики Казахстан, при наличии следующих условий: 
      1) наличие минимального размера уставного капитала (для вновь создаваемых страховых организаций), или минимального размера собственного капитала (для действующих страховых организаций); 
      2) безубыточная деятельность, по результатам последнего завершенного года; 
      3) выполнение страховой организацией пруденциальных нормативов и иных обязательных к соблюдению норм и лимитов в течение последних шести месяцев до подачи заявления. 
       Сноска. Пункт 7 - с изменениями, внесенными  постановлением  Правления Национального Банка РК от 20 апреля 2001 года N 107. 

       Глава 2. Порядок выдачи и отказа в выдаче согласия 
     на открытие филиала и представительства страховой                                   организации 

      8. К заявлению о выдаче согласия на открытие филиала или представительства страховой организации должны прилагаться следующие документы: 
      1) нотариально засвидетельствованные копии учредительных документов - заявителя; 
      2) решение уполномоченного органа страховой организации-заявителя, об открытии филиала или представительства; 
      3) решение уполномоченного органа страховой организации об избрании (назначении) руководителя и главного бухгалтера филиала или представительства; 
      4) Положение о филиале или представительстве, утвержденное уполномоченным органом страховой организации, и заверенное печатью страховой организации в трех экземплярах, в прошитом и пронумерованном виде; 
      5) нотариально засвидетельствованная доверенность на имя руководителя филиала или представительства страховой организации, которая должна содержать круг полномочий руководителя филиала или представительства страховой организации; 
      6) копии решения уполномоченного государственного органа о выдаче согласия на избрание (назначение) кандидатов на должность первого руководителя и главного бухгалтера филиала;
      7) документ, подтверждающий место нахождения филиала или представительства. 
       Сноска. Пункт 8 - с изменениями и дополнениями, внесенными  постановлением  Правления Национального Банка РК от 20 апреля 2001 года N 107;  постановлением  Правления Национального Банка Республики Казахстан от 26 ноября 2002 года N 470.
       8-1. К заявлению о выдаче согласия на открытие на территории Республики Казахстан представительства страховой организации - нерезидента Республики Казахстан помимо документов, предусмотренных пунктом 8 настоящих Правил, прилагается разрешение соответствующего органа страхового надзора государства страховой организации - нерезидента Республики Казахстан на открытие представительства на территории Республики Казахстан либо документ, подтверждающий, что по законодательству соответствующего государства такое разрешение не требуется.
      Документы, представляемые страховой организацией - нерезидентом Республики Казахстан, подлежат легализации в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан.  <*>
      Сноска. Постановление дополнено новым пунктом 8-1 -  постановлением  Правления Национального Банка Республики Казахстан от 26 ноября 2002 года N 470.

      9. К заявлению о выдаче согласия на открытие филиала или представительства страховой организации за пределами Республики Казахстан помимо документов, предусмотренных пунктом 8 настоящих Правил, должны прилагаться сведения о банковском счете филиала или представительства страховой организации либо предполагаемом обслуживающем банке. 

      10. Уполномоченный государственный орган вправе отказать в выдаче согласия на открытие филиала или представительства страховой организации в случае невыполнения одного из условий, предусмотренных пунктами 7, 8, 8-1, 9 настоящих Правил.  <*>
      Сноска. Пункт 10 с изменениями -  постановлением  Правления Национального Банка Республики Казахстан от 26 ноября 2002 года N 470. 

      11. Уполномоченный государственный орган в десятидневный срок со дня принятия решения об отказе в выдаче согласия на открытие филиала или представительства, письменно уведомляет исполнительный орган страховой организации, с указанием мотивов своего отказа. 

               Глава 3. Порядок оформления согласия 
            на открытие филиала или представительства 

      12. Титульный лист всех экземпляров Положения о филиале или представительстве страховой организации заверяется следующей формулировкой: "Согласовано с Агентством Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций. Председатель (заместитель Председателя) Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций". 
      После согласования в уполномоченном государственном органе Положение о филиале или представительстве страховой организации подписывается Председателем (заместителем Председателя) уполномоченного государственного органа и скрепляется печатью уполномоченного государственного органа.  <*>
      Сноска. Пункт 12 с изменениями - постановлением Правления Агентства РК по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 25 октября 2004 года  N 304 .

      13. Один экземпляр Положения о филиале или представительстве страховой организации, согласованный с уполномоченным государственным органом, подшивается в юридическое дело страховой организации, а остальные экземпляры возвращаются заявителю для прохождения учетной регистрации в органах юстиции. 
       Сноска. Пункт 13 - с изменениями, внесенными  постановлением  Правления Национального Банка РК от 20 апреля 2001 года N 107; от 25 октября 2004 года  N 304 .

      14. В двухнедельный срок после учетной регистрации филиала или представительства страховая организация обязана представить в уполномоченный государственный орган один экземпляр Положения о филиале или представительстве, вместе с нотариально засвидетельствованной копией свидетельства об учетной регистрации филиала или представительства. 
       Сноска. Пункт 14 - с изменениями, внесенными  постановлением  Правления Национального Банка РК от 20 апреля 2001 года N 107. 

                  Глава 4. Заключительные положения 

      15. До представления в органы юстиции сведений об упразднении филиала или представительства, страховая организация обязана предварительно представить информацию о сроках завершения мероприятий по упразднению филиала или представительства в уполномоченный государственный орган. 
      Решение об упразднении филиала или представительства страховой организации должно быть представлено в уполномоченный государственный орган в недельный срок с даты принятия этого решения. 
      Сноска. Пункт 15 в новой редакции -  постановлением  Правления Национального Банка РК от 20 апреля 2001 года N 107. 

      16. Упразднение филиалов и представительств страховых организаций осуществляется в соответствии с законодательством Республики Казахстан. 
      Сноска. Пункт 16 - с изменениями, внесенными  постановлением  Правления Национального Банка РК от 20 апреля 2001 года N 107.

      17. Решение уполномоченного государственного органа об отказе в выдаче согласия на открытие филиала и представительства может быть обжаловано в суде в порядке, предусмотренном законодательством Республики Казахстан.

      18. Вопросы, не урегулированные настоящими Правилами, подлежат разрешению в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

    Председатель