Ескерту: Қаулының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қадағалау ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 27 тамыздағы N 283 Қаулысымен.
---------------Қаулыдан үзінді---------------
Нормативтiк құқықтық актiлердi "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес келтiру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттiгiнiң (бұдан әрi - Агенттiк) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы қабылданған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi...
Төраға
Қосымша
Күшi жойылды деп танылатын Қазақстан Республикасының
нормативтiк құқықтық актiлерiнiң тiзбесi
1...
3. Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының "Бағалы қағаздар рыногының кәсiпқой қатысушыларына қойылатын талаптар туралы" Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының 1998 жылғы 25 маусымдағы N 9 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" 2000 жылғы 26 ақпандағы N 64 қаулысы (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 1075 тiркелген, 2000 жылы "Рынок ценных бумаг Казахстана" журналында жарияланған, N 3)...
--------------------------------
"Бағалы қағаздар орталық депозитарийi" ЖАҚ-ның капитализациялау деңгейiн көтеру мақсатында Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 13 қарашадағы N 3755
U973755_
жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөнiндегі ұлттық комиссиясы туралы ереженiң 4-тармағы 9) тармақшасының негiзiнде Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы (бұдан әрi "Ұлттық комиссия" деп аталады) ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 1998 жылғы 06 тамызда 562
V980562_
нөмiрмен тiркелген "Бағалы қағаздар рыногының кәсiпқой қатысушыларына қойылатын талаптар туралы" Ұлттық комиссияның 1998 жылғы 25 маусымдағы N 9 қаулысына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн (Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар рыногы жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлер жинағы, 1998 ж., II том, 149-бет; "Рынок және құқық". "Қазақстанның бағалы қағаздар рыногы" журналына қосымша, 1999 ж., N 8(10), 15-бет):
1) 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Бағалы қағаздар рыногындағы депозитарлық қызметтi жүзеге асыруға қажеттi жеткiлiктi өз капиталының ең төменгi деңгейiне қойылатын мынадай талаптар белгiленсiн:
2000 жылғы 01 шiлдеге дейiн - 60.000 есе айлық есептi көрсеткiш мөлшерiнде;
2000 жылғы 01 шiлдеден 2001 жылғы 01 шiлдеге дейiн - 70.000 есе айлық есептi көрсеткiш мөлшерiнде;
2001 жылғы 01 шiлдеден бастап - 90.000 есе айлық есептi көрсеткiш мөлшерiнде.";
2) 2-тармақтағы "2000 жылғы 01 қаңтарға дейiнгi мерзiмде" деген сөздер алып тасталсын.
2. Осы Қаулының Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгінде тiркелген күнiнен бастап күшiне енетiндiгі белгiленсiн.
3. Ұлттық комиссия орталық аппаратының Төраға қызметi - Талдау және стратегия басқармасы осы Қаулыны (ол күшiне енгiзiлгеннен кейiн) "Қазақстан қор биржасы" ЖАҚ-ның, бағалы қағаздар рыногы кәсіпқой қатысушыларының өзін-өзi реттейтiн ұйымдарының (оларға осы Қаулыны өз мүшелерiнiң назарына жеткiзу жөнiндегi мiндеттi жүктей отырып), "Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" ЖАҚ-ның және "Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы" Заңды тұлғалар бірлестігінің назарына жеткізсін.
4. Ұлттық комиссия орталық аппаратының Лицензиялау және қадағалау басқармасы:
1) осы Қаулыны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің назарына жеткізсін;
2) осы Қаулының орындалысына бақылау жасасын.
Ұлттық комиссияның Төрағасы
Комиссияның мүшелері