"Бағалы қағаздар рыногының кәсiпқой қатысушыларына қойылатын талаптар туралы" Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының 1998 жылғы 25 маусымдағы N 9 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы

ҚАУЛЫ Қазақстан Республикасы бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясы 2000 жылғы 26 ақпан N 64 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу басқармасы 2000 жылғы 9 наурыз өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп тіркелді. Тіркеу N 1075. Қаулының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қадағалау ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 27 тамыздағы N 283 Қаулысымен.

       Ескерту: Қаулының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қадағалау ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 27 тамыздағы N 283 Қаулысымен.

---------------Қаулыдан үзінді---------------

      Нормативтiк құқықтық актiлердi "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес келтiру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттiгiнiң (бұдан әрi - Агенттiк) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулы қабылданған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi...

      Төраға

Қосымша 

Күшi жойылды деп танылатын Қазақстан Республикасының
нормативтiк құқықтық актiлерiнiң тiзбесi

      1...
      3. Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының "Бағалы қағаздар рыногының кәсiпқой қатысушыларына қойылатын талаптар туралы" Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының 1998 жылғы 25 маусымдағы N 9 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" 2000 жылғы 26 ақпандағы N 64 қаулысы (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 1075 тiркелген, 2000 жылы "Рынок ценных бумаг Казахстана" журналында жарияланған, N 3)...
--------------------------------

      "Бағалы қағаздар орталық депозитарийi" ЖАҚ-ның капитализациялау деңгейiн көтеру мақсатында Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 13 қарашадағы N 3755  U973755_  жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөнiндегі ұлттық комиссиясы туралы ереженiң 4-тармағы 9) тармақшасының негiзiнде Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы (бұдан әрi "Ұлттық комиссия" деп аталады) ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 1998 жылғы 06 тамызда 562  V980562_  нөмiрмен тiркелген "Бағалы қағаздар рыногының кәсiпқой қатысушыларына қойылатын талаптар туралы" Ұлттық комиссияның 1998 жылғы 25 маусымдағы N 9 қаулысына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн (Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар рыногы жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлер жинағы, 1998 ж., II том, 149-бет; "Рынок және құқық". "Қазақстанның бағалы қағаздар рыногы" журналына қосымша, 1999 ж., N 8(10), 15-бет):
      1) 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Бағалы қағаздар рыногындағы депозитарлық қызметтi жүзеге асыруға қажеттi жеткiлiктi өз капиталының ең төменгi деңгейiне қойылатын мынадай талаптар белгiленсiн:
      2000 жылғы 01 шiлдеге дейiн - 60.000 есе айлық есептi көрсеткiш мөлшерiнде;
      2000 жылғы 01 шiлдеден 2001 жылғы 01 шiлдеге дейiн - 70.000 есе айлық есептi көрсеткiш мөлшерiнде;
      2001 жылғы 01 шiлдеден бастап - 90.000 есе айлық есептi көрсеткiш мөлшерiнде.";
      2) 2-тармақтағы "2000 жылғы 01 қаңтарға дейiнгi мерзiмде" деген сөздер алып тасталсын.
      2. Осы Қаулының Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгінде тiркелген күнiнен бастап күшiне енетiндiгі белгiленсiн. 
      3. Ұлттық комиссия орталық аппаратының Төраға қызметi - Талдау және стратегия басқармасы осы Қаулыны (ол күшiне енгiзiлгеннен кейiн) "Қазақстан қор биржасы" ЖАҚ-ның, бағалы қағаздар рыногы кәсіпқой қатысушыларының өзін-өзi реттейтiн ұйымдарының (оларға осы Қаулыны өз мүшелерiнiң назарына жеткiзу жөнiндегi мiндеттi жүктей отырып), "Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" ЖАҚ-ның және "Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы" Заңды тұлғалар бірлестігінің назарына жеткізсін.
      4. Ұлттық комиссия орталық аппаратының Лицензиялау және қадағалау басқармасы:
      1) осы Қаулыны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің назарына жеткізсін;
      2) осы Қаулының орындалысына бақылау жасасын.     

      Ұлттық комиссияның Төрағасы     

      Комиссияның мүшелері

О внесении изменений в постановление Национальной комиссии Республики Казахстан по ценным бумагам "О требованиях, предъявляемых к профессиональным участникам рынка ценных бумаг" от 25 июня 1998 года N 9

Постановление Национальной Комиссии Республики Казахстан по ценным бумагам от 26 февраля 2000 года N 64. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 9.03.2000 г. за N 1075. Утратило силу - постановлением Правления Агентства РК по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 27.08.2005г. N 283

         Извлечение из постановления Правления Агентства РК
            по регулированию и надзору финансового рынка 
                       и финансовых организаций
                        от 27.08.2005г. N 283

     "В целях приведения нормативных правовых актов в соответствие с Законом Республики Казахстан "О рынке ценных бумаг" Правление Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций (далее - Агентство) ПОСТАНОВЛЯЕТ:
     1. Признать утратившими силу нормативные правовые акты Республики Казахстан согласно приложению к настоящему постановлению.
     2. Настоящее постановление вводится в действие со дня принятия...
 

     Председатель

                              Приложение 
                              к постановлению Правления 
                              Агентства РК по регулированию 
                              и надзору финансового рынка 
                              и финансовых организаций
                              от 27.08.2005г. N 283

             Перечень нормативных правовых актов
       Республики Казахстан, признаваемых утратившими силу

      ... 
      3. Постановление Национальной Комиссии Республики Казахстан по ценным бумагам от 26 февраля 2000 года N 64 "О внесении изменений в постановление Национальной комиссии Республики Казахстан по ценным бумагам "О требованиях, предъявляемых к профессиональным участникам рынка ценных бумаг" от 25 июня 1998 года N 9"...".

-------------------------------------------------------------------
 
      В целях повышения уровня капитализации ЗАО "Центральный депозитарий ценных бумаг", на основании подпункта 9) пункта 4 Положения о Национальной комиссии Республики Казахстан по ценным бумагам, утвержденного Указом Президента Республики Казахстан от 13 ноября 1997 года N 3755  U973755_  , Национальная комиссия Республики Казахстан по ценным бумагам (далее именуемая "Национальная комиссия") постановляет: 
      1. Внести следующие изменения в постановление Национальной комиссии  V980562_  "О требованиях, предъявляемых к профессиональным участникам рынка ценных бумаг" от 25 июня 1998 года N 9, зарегистрированное Министерством юстиции Республики Казахстан 6 августа 1998 года за N 562 (Сборник нормативных актов по рынку ценных бумаг Республики Казахстан, т. II, 1998 г., с. 149; "Рынок и право". Приложение к ж. "Рынок ценных бумаг Казахстана", 1999 г., N 8 (10), с. 15): 
      1) пункт 1 изложить в следующей редакции: 
      "1. Установить следующие требования к минимальному уровню достаточности собственного капитала, необходимого для осуществления депозитарной деятельности на рынке ценных бумаг: 
      до 1 июля 2000 года - в размере 60.000-кратного месячного расчетного показателя; 
      с 1 июля 2000 года до 1 июля 2001 года - в размере 70.000- кратного месячного расчетного показателя; 
      с 1 июля 2001 года - в размере 90.000-кратного месячного расчетного показателя."; 
      2) в пункте 2 слова "в срок до 1 января 2000 года" исключить. 
      2. Установить, что настоящее Постановление вводится в действие с даты его регистрации Министерством юстиции Республики Казахстан. 
      3. Управлению анализа и стратегии - Службе Председателя центрального аппарата Национальной комиссии довести настоящее Постановление (после введения его в действие) до сведения ЗАО "Казахстанская фондовая биржа", саморегулируемых организаций профессиональных участников рынка ценных бумаг (с возложением на них обязанности по доведению настоящего постановления до сведения своих членов), ЗАО "Центральный депозитарий ценных бумаг" и Объединения юридических лиц "Ассоциация финансистов Казахстана". 
      4. Управлению лицензирования и надзора центрального аппарата Национальной комиссии:
      1) довести настоящее Постановление до сведения Национального Банка Республики Казахстан;
      2) установить контроль за исполнением настоящего Постановления.

     Председатель Национальной комиссии

     Члены Национальной комиссии