Бағалы қағаздар рыногының кәсіпқой қатысушыларына қойылатын талаптар туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссияның Қаулысы 1998 жылғы 25 маусым N 9 Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1998 жылғы 6 тамызда тіркелді. Тіркеу N 562

       Ескерту: Қаулының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қадағалау ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 27 тамыздағы N 283 Қаулысымен.

---------------Қаулыдан үзінді---------------

      Нормативтiк құқықтық актiлердi "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес келтiру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттiгiнiң (бұдан әрi - Агенттiк) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулы қабылданған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi...

      Төраға

Қосымша      

Күшi жойылды деп танылатын Қазақстан Республикасының
нормативтiк құқықтық актiлерiнiң тiзбесi

      1. Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының "Бағалы қағаздар рыногының кәсiпқой қатысушыларына қойылатын талаптар туралы" 1998 жылғы 25 маусымдағы N 9 қаулысы (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 562 тiркелген, 1998 жылы Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы жөнiндегi нормативтiк актiлер жинағында, II-том; 2001 жылы Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы жөнiндегi нормативтiк құқықтық және нормативтiк актiлер жинағында жарияланған, IY-том)...
----------------------------------       

      Бағалы қағаздар рыногындағы кәсіби қызметті реттеу және инвесторлардың мүдделерін қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы қаулы етеді: 
      1. Бағалы қағаздар рыногындағы депозитарлық қызметтi жүзеге асыруға қажеттi жеткiлiктi өз капиталының ең төменгi деңгейiне қойылатын мынадай талаптар белгiленсiн: 
      2000 жылғы 01 шiлдеге дейiн - 60.000 есе айлық есептi көрсеткiш мөлшерiнде; 
      2000 жылғы 01 шiлдеден 2001 жылғы 01 шiлдеге дейiн - 70.000 есе айлық есептi көрсеткiш мөлшерiнде; 
      2001 жылғы 01 шiлдеден бастап - 90.000 есе айлық есептi көрсеткiш мөлшерiнде.<*> 
       Ескерту: 1-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының 2000 жылғы 26 ақпандағы N 64 қаулысымен V001075_  
      1-1. Бағалы қағаздар рыногында депозитарлық қызметті жүзеге асыруға арналған қажетті резервтік және сақтандыру капиталының ең төменгі деңгейі жарияланған жарғылық капиталдың 30 және 20 пайызы мөлшерінде белгіленсін.<*> 
       Ескерту: Жаңа 1-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының 1999 жылғы 30 қыркүйек N 42 Қаулысымен V990921_  
      2. Бағалы қағаздар рыногында депозитарлық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар "Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" ЖАҚ-ы өз, резервтік және сақтандыру капиталдарының мөлшерін осы Қаулыға сәйкес келтірсін.<*><*> 
      Ескерту: 2-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының 1999 жылғы 30 қыркүйек N 42 Қаулысымен V990921_  
      Ескерту: 2-тармақ өзгертілді - ҚР Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының 2000 жылғы 26 ақпандағы  N 64 қаулысымен V001075_  
      3. Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының 1997 жылғы 28 ақпандағы "Бағалы қағаздар рыногының кәсіпқой қатысушыларына қойылатын талаптар туралы" N 30 қаулысының 1-тармағының төртінші және бесінші абзацтар күші жойылған деп танылсын. 
      4. Осы Қаулы Қазақстан Республикасының әділет министрлігінде тіркелгеннен кейін күшіне енеді.
      5. Осы қаулының орындалысына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы орталық аппаратының Лицензиялау және қадағалау басқармасына жүктелсін.     

      Комиссия Төрағасы
      Комиссия мүшелері

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады