Тауарлардың шығарылған жері елін айқындау тәртібі туралы Нұсқаулықты бекіту туралы

Мемлекеттік кіріс министрлігі Кеден комитеті төрағасының 2001 жылғы 22 қаңтардағы N 21 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2001 жылғы 30 наурызда тіркелді. Тіркеу N 1446. Күші жойылды - ҚР Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 11 маусымдағы N 288 бұйрығымен

      "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" Қазақстан Республикасының Заңын  іске асыру мен тарифтік және тарифтік емес реттеу шараларын қолдану кезінде Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы алып өтілетін тауарлардың шығарылған жері елін айқындау мәселелерін ретке келтіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін тауарлардың шығарылған елін айқындау тәртібі туралы нұсқаулық бекітілсін.
      2. Мына бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын:
      "Жалпы преференциялар жүйесінің шеңберінде тарифтік преференция беру кезіндегі дамушы елдердің тауарларының шығарылған елін айқындау тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Кеден комитетінің 1996 жылғы 1 қыркүйектегі N 175-Б ;
      "Шығарылу сертификатының сенімділігін растау туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кеден комитетінің 1997 жылғы 12 наурыздағы N 58-Б ;
      "Тауарлардың шығарылған елін айқындау тәртібі туралы Нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі Кеден комитетінің 1999 жылғы 10 желтоқсандағы N 612-Б .
      3. Құқықтық қамтамасыз ету басқармасы (Мұхамедиева Г.А.) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      4. Кедендік кіріс бас басқармасы (Жұмабеков Б.А.) осы бұйрықтың іске асуын қамтамасыз етсін.
      5. Бұқаралық ақпарат құралдарында баспасөз қызметі (Исахан Г.) осы бұйрықтың жариялануын қамтамасыз етсін.
      6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден комитеті Төрағасының орынбасары Д.А. Құнанбаевқа жүктелсін.
      7. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

      Төраға

      Қазақстан Республикасы           Қазақстан Республикасы
      Мемлекеттік кіріс министрі       Мемлекеттік кіріс министрлігі
      2001 жылғы_______________        Кеден комитетінің
      Келісілген                       2001 жылғы 22 қаңтардағы
                                       N 21 бұйрығымен
                                       Бекітілген

Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін
тауарлардың шығарылған жері елін айқындау тәртібі туралы
Нұсқаулық

1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін тауарлардың шығарылған жері елін айқындау тәртібі туралы осы Нұсқаулық тарифтік және тарифтік емес шараларды қолдану мақсатында Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін тауарлардың шығарылған жері елін айқындау тәртібін белгілеу үшін Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы кеден істері туралы" Заңның  (бұдан әрі - Кеден істері туралы заң) 21 тарауына сәйкес әзірленді.
      2. Қазақстан Республикасының кеден заңдарымен белгіленген өлшемдерге сәйкес тауар толық шығарылған немесе жеткілікті өңдеулерге ұшыраған ел Кеден істері туралы заңның 141-бабына сәйкес тауар шығарылған ел деп есептеледі.
      3. Тауардың шығу елін растайтын құжат Кеден істері туралы заңның 144-бабына сәйкес экспортқа шығарушы елдің уәкілетті органы берген, болмаса әкелінген тауарларды декларациялау кезінде декларация беруші ұсынған тауарға ілеспе құжаттар тауардың шығуы туралы сертификат (бұдан әрі - сертификат) болып табылады.

2. Тауардың шығу туралы сертификат

      4. Тауарды Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелу кезінде, Сертификат Кеден істері туралы заңның 144-бабына сәйкес тек қана мынадай:
      1) Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткізілетін тауарларға қатысты кеден тарифі бойынша жеңілдіктер берілген;
      2) егер Қазақстан Республикасының кеден органында тауар, тауарларды әкелу тарифсіз реттеу шараларымен реттелетін елдерден шығады деген негізделген болжам болғанда;
      3) егер бұл, Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық келісімдермен, сондай-ақ қоршаған табиғи ортаны , халықтың денсаулығын қорғау , қазақстандық тұтынушылардың құқықтарын, қоғамдық тәртіпті, мемлекеттік қауіпсіздікті және Қазақстан Республикасының басқа да өмірлік маңызды мүдделерін қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының заңдарымен көзделген жағдайларда беріледі.
      Өзге жағдайларда тауарлардың шығу сертификаты талап етілмейді. Бұл ретте, декларация беруші тауарлардың шығу елін шот-фактуралардың немесе тауарға берілген басқа да ілеспе құжаттар негізінде тауарлардың шығарылған жері елін декларациялай алады.
      5. Сертификатта аталған тауардың тиісті елден шығатыны туралы куәлігі және мынадай мәліметтер болуы тиіс:
      1) тауардың тиісті шығу өлшемін қанағаттандыратындығы туралы жіберушінің жазбаша өтініші;
      2) сертификатта берілген мәліметтердің шындыққа сай екендігі туралы сертификат берген әкелу елдің құзыретті органының жазбаша куәлігі.
      6. Осы Нұсқаулықтың 4-тармағында аталған нормалар қолданылатын ТМД қатысушы-мемлекеттерінен шығатын тауарлар әкелінген жағдайда, шығу елін растау ретінде 2000 жылдың 30 қарашадағы ТМД елдерінің үкімет басшыларының Шешімімен бекітілген тауарлардың шығарылған жері елін айқындау Ережесімен қабылданған СТ-1 нысанындағы сертификат беріледі.
      7. Халықаралық келісімдермен сертификатта болуы тиіс мәліметтер туралы өзге де талаптар белгіленуі мүмкін.
      8. Дамып келе жатқан және (немесе) дамуы төмен елдерден шығатын және әкелінетін тауарларға кеден тарифі бойынша жеңілдіктер қолдану кезінде, декларация беруші осындай тауарларды ресімдеу кезінде кеден органдарына жеңілдіктердің Жалпы жүйесі шектерінде қабылданған "А" нысанындағы тауарлардың шығу Сертификатын беруі керек (2 қосымшаға сәйкес).
      9. Кеден органдарының үлгілеріндегі бланкілердің, мөр бедерлемелерінің, тұлғалардың қолдарының, сондай-ақ сертификатты куәландыруға уәкілетті ұйымдардың мекен-жайларының болуы Қазақстан Республикасы кеден органдарының сертификаттарды қабылдау шарты болып табылады. Жоғарыда аталған мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден комитеті (бұдан әрі - Кеден комитеті) Қазақстан Республикасының кеден органдарына оларды шығу елінің уәкілетті органдарынан ресми алғаннан кейін береді.
      Жоғарыда аталған үлгілер болмаған жағдайда, әкелінетін тауарларға Қазақстан Республикасының заңдарымен көзделген жеңілдік режим таратылмайды.
      10. Кеден комитеті ұсынылып отырған сертификаттардың түпнұсқалылығын растау үшін қажетті мәліметтері бойынша елдердің тізімін мерзім сайын жариялап тұрады. Кеден органдары декларация берушінің өтініші бойынша бланкілердің, мөр бедерлемелерінің, тұлғалардың қолдарының, сондай-ақ сертификатты куәландыруға уәкілетті ұйымдардың мекен-жайларының үлгілері туралы өздерінде бар мәліметтерді ұсынады.
      11. Сертификат Қазақстан Республикасының кеден органдарына баспа түрінде, түзетусіз, егер өзгесі Қазақстан Республикасында бекітілген халықаралық келісімдермен көзделмесе, орыс және ағылшын тілдерінде беріледі.
      12. Сертификат Қазақстан Республикасының кеден органдарына кеден декларациясымен және кеден мақсаты үшін басқа да қажетті құжаттармен қоса беріледі.
      Сертификат жоғалған кезде, түпнұсқасын берген орган ресми растаған оның төлнұсқасы (көшірме) қабылданады.
      13. Тауарлардың шығуын Қазақстан Республикасының кеден органдары тауардың ілеспе құжаттарындағы мәліметтермен бірге сертификатта көрсетілген мәліметтер теңестірілгеннен кейін белгіленеді.
      Нақты қойылған тауардың саны мен сертификатта көрсетілген арасындағы алшақтық 5%-тен аспауы керек.
      14. Сертификаттың немесе ондағы мәліметтерге мінсіздігіне, сондай-ақ тауарлардың шығуы туралы мәліметтерге қатысты негізделген күмәндар туындаған жағдайда, кеден органы сертификат берген (куәландырған) экспортқа шығарушы елдің құзыретті органдарына толықтырылған немесе нақтыланған мәліметтерді хабарлауын дәлелдеуін өтініп жүгінуге құқылы.
      15. Тауардың шығуы туралы ресімделген сертификат тиісті үлгіде ұсынылғанға немесе мәліметтерге сұраныс салынғанға дейін, тауар тарифтік жеңілдіктерді режим таратылатын елден шыққан деп есептелмейді.
      Осындай тауарлар үшін тарифтік жеңілдіктер тек қана экспорттаушы елдердің құзыретті органдарынан қанағаттанарлық жауап алғаннан кейін қолданылады (орнына келтіріледі).
      16. Егер географиялық, техникалық шарттар бойынша тауар бірнеше мемлекеттің аумағынан өткізілсе, егер тауардың ілеспе құжаттарындағы мәліметтермен бірге сертификатта көрсетілген мәліметтерді сәйкестендіру мүмкіншілігі жағдайы кезінде тауарларды шығару осы мемлекеттердің аумағында жүргізілмесе, басқа елдер үшін арналған сертификатты қабылдауға рұқсат беріледі.
      17. Тауарлардың шағын партияларының шығуы куәлігіне (5000 АҚШ долларынан артық емес кеден құны) сертификат ұсыну талап етілмейді. Бұл жағдайда, экспортер тауардың шығу елін шот-фактуралар немесе басқа да тауардың ілеспе құжаттары негізінде декларациялай алады.
      Тауарлардың шығуы туралы берілген мәліметтерге қатысты негізделген күмән туындаған жағдайда, кеден органы сертификаттың ұсынылуын талап етуге құқылы.

3. Жеңілдіктің Жалпы жүйесі шектеріндегі
тарифтік жеңілдіктер ұсыну кезінде
тауарлардың шығуын айқындаудың ерекшеліктері

      18. Егер тауар:
      1) тарифтік жеңілдік режим қолданылмайтын тауарларға қатысты елдерден шығатын немесе тарифтік жеңілдік режим қолданылатын тауарларға қатысты дамушы елдің экспортқа шығаратын тауарын өңдеу және қайта өңдеу нәтижесінде алынған құнның 50%-нен аспайтын шығуы белгісіз осы процесте пайдаланылған басқа да тауарлардың (шикізат материалдарының, жартылай шикізаттардың және дайын бұйымдардың) құны осындай елдерде өңделуге немесе қайта өңделуге ұшыраса;
      2) тарифтік жеңілдік режим қолданылмайтын тауарларға қатысты елдерден шығатын немесе тарифтік жеңілдік режим қолданылатын тауарларға қатысты бір дамушы елдің экспортқа шығаратын тауарын өңдеу және қайта өңдеу нәтижесінде алынған құнын 50%-нен аспайтын шығуы белгісіз осы процесте пайдаланылған басқа да тауарлардың (шикізат материалдарының, жартылай шикізаттардың және дайын бұйымдардың) құны бірнеше дамушы елдерде өңделуге немесе қайта өңделуге ұшыраса;
      3) тарифтік жеңілдік режим қолданылмайтын тауарларға қатысты дамушы елдердің бірінен шығарылса және тарифтік жеңілдік режим қолданылмайтын тауарларға қатысты бір немесе бірнеше дамушы елдерде өңделуге немесе қайта өңделуге ұшыраса, онда ол тарифтік жеңілдік режим қолданылмайтын тауарларға қатысты дамушы елдерде жеткілікті өңделуге немесе қайта өңделуге ұшыраған деп есептеледі.
      19. Осы Нұсқаулықтың 18-тармағында аталған 1) және 2) тармақшаларындағы тарифтік жеңілдік режим қолданылмайтын елден шаққан тауардың құны экспортқа шығарылатын тауарды өндіруші елде белгіленген осы тауардың кеден құны негізінде айқындалады.
      Осы Нұсқаулықтың 18-тармағында аталған 1) және 2) тармақшаларындағы шығуы белгісіз тауардың құны экспортқа шығарылатын тауарды өндіруші дамушы елдің аумағында осы тауар үшін төленген баға көлемінде қабылданады.
      20. Жеңілдік ұсынушы бір елден тарифтік жеңілдік режим қолданылатын тауарларға қатысты елге әкетілген және онда бұйымдар әкелінген сол елге экспорттауға жататын тауарлардың өндірісі үшін пайдаланылған тауарлар аталған экспортер дамушы елде шығарылған тауарлар сияқты қаралады.
      21. Дамушы елдің экспортқа шығаратын тауарының құны тауарды даярлаушы франко-зауыт бағасының базасында айқындалады.
      22. Тарифтік жеңілдік режим қолданылатын тауарларға қатысты дамушы елдерден шығатын тауарларға қатысты тарифтік жеңілдіктер тек қана осындай тауарларды осы елдерден тікелей сатып алу және оларды тарифтік жеңілдік ұсынған елге тікелей жеткізу шарты кезінде ұсынылады.
      23. Егер импорттаушы тауарды тарифтік жеңілдік режим қолданылатын тауарларға қатысты дамушы елде кәсіпкерлік қызмет субъектісі ретінде белгіленген тәртіппен тіркелген тұлғадан сатып алса, онда ол тікелей сатып алынған деп қаралады.
      24. Тарифтік жеңілдік режим қолданылатын тауарларға қатысты дамушы елден басқа мемлекеттің аумағы арқылы өткізусіз жеңілдік ұсынған елге тасымалданатын тауарларды жеткізу тікелей жеткізілім деп есептеледі.
      Тікелей жеткізілім Ережесіне, сондай-ақ транзиттік елдердегі тауарлар, соның ішінде олардың осы елдердің аумақтарында уақытша сақтау кезінде кедендік бақылауда болған жағдайы кезінде географиялық, көліктік техникалық немесе экономикалық себептер салдарынан бір немесе бірнеше елдердің аумағы арқылы тасымалданатын тауарлар жауап береді.
      Тікелей жеткізілім Ережесіне, сондай-ақ импорттаушының көрмелерде немесе жәрмеңкелерде мынадай шарттарды орындау кезінде сатып алған тауарлары жауап береді:
      1) тауарлар тарифтік жеңілдік режим қолданылатын тауарларға қатысты дамушы елдің аумағынан көрмелер немесе жәрмеңкелер өткізілетін және оларды өткізу кезінде кедендік бақылауда қалған елдің аумағына жеткізілсе;
      2) тауарлар оларды көрмеге немесе жәрмеңкеге жіберген сәттен бастап, көрсетуден басқа қандай да болмасын өзге мақсаттарда пайдаланылмаса;
      3) тауарлар тарифтік жеңілдік ұсынған елге табиғи тозу болмаса қалыпты жағдайдағы тасымалдау мен сақтау кезіндегі зиян шегу салдарынан өзгеруін есепке алмағанда оларды көрмеге немесе жәрмеңкеге жіберілген күйінде әкелсе.

4. Қорытынды ережелер

      25. Кеден істері туралы заңмен және осы Нұсқаулықпен белгіленген барлық талаптар сақталған кезде тауар осы елден шығарылған деп есептеледі.
      26. Кеден органы Кеден істері туралы заңның 146-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткізілетін тауарға тек қана Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық келісімдерге немесе Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасына жіберілуге жатпайтын тауарлардың елдерінен шығады деген жеткілікті негіздегі болжам болған кезде қарсы бола алады. Көрсетілген негіздеме декларантқа жазбаша түрде ұсынылады.
      27. Кеден ресімдеуі жүзеге асырылған күннен бастап бір жылдан кешіктірмей олардың шығуы туралы тиісті куәлік алған кезде, тауарларға Кеден істері туралы заңның  147-бабына сәйкес жеңілдік режим қолданылуы (орнына келтірілуі) мүмкін.
      Жеңілдік режимді орнына келтіру кезінде Қазақстан Республикасының кеден органдары декларация берушінің тілегі бойынша кеден төлемдерінің артық төленген сомаларын қайтаруды болмаса болашақ кеден төлемдері есебінен есепке алуды жүзеге асырады.

      Cалықтардың артық төленген сомаларын қайтару (есепке алу) Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес жүргізіледі.
      28. Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан еркін кеден аймақтары мен еркін қоймаларының аумағынан тауарлардың шығуы Кеден комитетінің белгілеген тәртіпте айқындалады.
      29. Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тауарларды әкету кезінде уәкілетті орган берген тауардың шығу сертификаты кеден органдарына бұл тиісті келісім-шарттарда тіркелген немесе Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерімен көзделген жағдайларда ұсынылады.

Об утверждении Инструкции о порядке определения страны происхождения товаров

Приказ Председателя Таможенного комитета Министерства государственных доходов Республики Казахстан от 22 января 2001 года N 21. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 30.03.2001 г. за N 1446. Утратил силу - приказом Председателя Агентства таможенного контроля Республики Казахстан от 11.06.2003г. N 288

              Извлечение из приказа Председателя Агентства
              таможенного контроля Республики Казахстан
                         от 11.06.2003г. N 288

      "В соответствии с Таможенным кодексом Республики Казахстан приказываю:
      1. Признать утратившими силу некоторые приказы Председателя Таможенного комитета Министерства государственных доходов и приказы Министра государственных доходов Республики Казахстан согласно приложению...
      4. Настоящий приказ вступает в силу со дня подписания.

      Председатель

                                    Приложение
                                    к приказу Председателя
                                    Агентства таможенного
                                    контроля
                                    Республики Казахстан
                                    от 11.06.2003г. N 288

                          Перечень
            некоторых приказов Таможенного комитета
   Министерства государственных доходов Республики Казахстан
        и приказов Министерства государственных доходов
               Республики Казахстан, утративших силу

      ...
      8) Приказ Председателя Таможенного комитета Министерства государственных доходов Республики Казахстан от 22 января 2001 года N 21 "Об утверждении Инструкции о порядке определения страны происхождения товаров"...".
----------------------------------------------------------------   
 
     В целях реализации Закона Республики Казахстан Z952368_  "О таможенном деле в Республике Казахстан" и упорядочения вопросов определения происхождения товаров, перемещаемых через таможенную границу Республики Казахстан при применении мер тарифного и нетарифного регулирования приказываю:
      1. Утвердить прилагаемую Инструкцию о порядке определения страны происхождения товаров, ввозимых на территорию Республики Казахстан.
      2. Признать утратившим силу следующие приказы:
      Таможенного комитета Республики Казахстан от 1 сентября 1996 года N 175-П V960213_  "Об утверждении Порядка определения происхождения товаров развивающихся стран при предоставлении тарифных преференций в рамках общей системы преференций";
      Государственного таможенного комитета Республики Казахстан от 12 марта 1997 года N 58-П V970289_  "О подтверждении достоверности сертификата происхождения";
      Таможенного комитета Министерства государственных доходов Республики Казахстан от 10 декабря 1999 года N 612-П V991002_  "Об утверждении Инструкции о порядке определения страны происхождения товаров".
      3. Управлению правового обеспечения (Мухамедиева Г.А.) обеспечить государственную регистрацию настоящего приказа.
      4. Главному управлению таможенных доходов (Жумабеков Б.А.) обеспечить реализацию настоящего приказа.
      5. Пресс-службе (Исахан Г.) обеспечить опубликование настоящего приказа в средствах массовой информации.
      6. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на заместителя Председателя Таможенного комитета Министерства государственных доходов Республики Казахстан Кунанбаева Д.А.
      7. Настоящий приказ вступает в силу со дня государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан.

      Председатель

Согласована                                  Утверждена
Министром государственных           приказом Таможенного комитета
доходов Республики Казахстан         Министерства государственных
23.01.2001 г.                        доходов Республики Казахстан
                                     от 22 января 2001 года N 21

                               ИНСТРУКЦИЯ
            о порядке определения страны происхождения товаров,
               ввозимых на территорию Республики Казахстан

                           1. Общие положения
 
      1. Настоящая Инструкция о порядке определения страны происхождения товаров, ввозимых на территорию Республики Казахстан разработана в соответствии с главой 21 Закона Республики Казахстан Z952368_  "О таможенном деле в Республике Казахстан" (далее - Закон о таможенном деле) для установления порядка определения страны происхождения товаров, ввозимых на территорию Республики Казахстан, в целях применения мер тарифного и нетарифного регулирования.
      2. В соответствии со статьей 141 Закона о таможенном деле страной происхождения товара считается страна, в которой товар был полностью произведен или подвергнут достаточной переработке в соответствии с критериями, установленными таможенным законодательством Республики Казахстан.
      3. Согласно статье 144 Закона о таможенном деле документальным подтверждением страны происхождения товара является сертификат о происхождении товара (далее - Сертификат), выданный уполномоченным органом страны экспорта, либо товаросопроводительные документы, представленные декларантом при декларировании ввозимого товара.

                 2. Сертификат о происхождении товара

      4. В соответствии со статьей 144 Закона о таможенном деле при ввозе товара на таможенную территорию Республики Казахстан Сертификат представляется только в случаях:
      1) предоставления преференций по таможенному тарифу в отношении товаров, перемещаемых через таможенную границу Республики Казахстан;
      2) если у таможенного органа Республики Казахстан имеются обоснованные предположения о том, что товар происходит из стран, ввоз товаров, из которых регулируется мерами нетарифного регулирования;
      3) если это предусмотрено международными соглашениями, участницей которых является Республика Казахстан, а также законодательством Республики Казахстан в области охраны окружающей природной среды Z970160_  , здоровья населения Z970111_  , защиты прав казахстанских потребителей Z913400_  , общественного порядка, государственной безопасности и других жизненно важных интересов Республики Казахстан.
      В иных случаях Сертификат не требуется. При этом декларант может декларировать страну происхождения товара на основании счета-фактуры или других приложенных к товару сопроводительных документах.
      5. Сертификат должен однозначно свидетельствовать о том, что указанный товар происходит из соответствующей страны, и содержать следующие сведения:
      1) письменное заявление отправителя о том, что товар удовлетворяет соответствующему критерию происхождения;
      2) письменное удостоверение компетентного органа страны ввоза, выдавшего Сертификат о том, что представленные в Сертификате сведения соответствуют действительности.
      6. В случае ввоза товаров, происходящих из государств-участников СНГ, к которым применяются нормы, указанные в пункте 4 настоящей Инструкции, в качестве подтверждения страны происхождения представляется Сертификат формы СТ-1, принятой Правилами определения страны происхождения товаров, утвержденными Решением глав правительств СНГ от 30 ноября 2000 года.
      7. Международными соглашениями могут быть установлены иные требования о сведениях, которые должны содержаться в сертификате.
      8. При применении преференций по таможенному тарифу к товарам, происходящим и ввозимым из развивающихся и (или) наименее развитых стран, декларант должен представить в таможенные органы при таможенном оформлении таких товаров Сертификат происхождения товара формы "А", принятой в рамках Общей системы преференций.
      9. Условием принятия таможенными органами Республики Казахстан сертификатов является наличие в таможенных органах образцов бланков, оттисков печатей, подписей лиц, а также адресов организаций, уполномоченных заверять Сертификаты. Вышеназванные сведения передаются таможенным органам Республики Казахстан Таможенным комитетом Министерства государственных доходов Республики Казахстан (далее - Таможенный комитет) после их официального получения от уполномоченных органов страны происхождения.
      В случае отсутствия вышеназванных образцов, на ввозимые товары преференциальный режим, предусмотренный законодательством Республики Казахстан, не распространяется.
      10. Таможенный комитет периодически публикует перечень стран, по которым имеются необходимые сведения для подтверждения подлинности представляемых Сертификатов. По заявлению декларанта таможенные органы представляют имеющиеся у них сведения об образцах бланков, оттисков печатей, подписей лиц, а также адресов организаций, уполномоченных заверять Сертификаты.
      11. Сертификат представляется таможенным органам Республики Казахстан в напечатанном виде, без исправлений, на русском или английском языке, если иное не предусмотрено международными соглашениями, ратифицированными Республикой Казахстан.
      12. Сертификат представляется таможенным органам Республики Казахстан вместе с таможенной декларацией и другими документами, необходимыми для таможенных целей.
      При утрате Сертификата принимается его дубликат (копия) официально заверенный органом, выдавшим оригинал Сертификата.
      13. Происхождение товаров устанавливается таможенными органами Республики Казахстан после идентификации сведений, указанных в Сертификате со сведениями, содержащимися в товаросопроводительных документах.
      Расхождение между фактически поставленным количеством товара и указанным в Сертификате не должно превышать 5%.
      14. В случае возникновения обоснованных сомнений относительно безупречности Сертификата или содержащихся в нем сведений, а также относительно сведений о происхождении товара, таможенный орган вправе обратиться в компетентные органы страны экспорта, выдавшие (заверившие) Сертификат, с мотивированной просьбой сообщить дополнительные или уточняющие сведения.
      15. Товар не считается происходящим из страны, на которую распространяется тарифный преференциальный режим, до тех пор, пока не будет представлен надлежащим образом оформленный Сертификат или запрошенные сведения.
      Тарифные преференции для такого товара применяются (восстанавливаются) лишь после получения удовлетворительного ответа компетентных органов страны экспорта.
      16. Допускается принятие Сертификата, предназначенного для других стран, если по географическим, техническим условиям товар перемещается через территорию нескольких государств, когда выпуск товара на территории этих государств не произведен, при условии возможности идентификации сведений, указанных в Сертификате со сведениями, содержащимися в товаросопроводительных документах.
      17. В удостоверение происхождения небольших партий товаров (таможенной стоимостью, эквивалентной не более 5000 долларов США) представление Сертификата не требуется. В этом случае экспортер может декларировать страну происхождения товара на основе счета-фактуры или других товаросопроводительных документов.
      В случае возникновения обоснованных сомнений относительно заявленных сведений о происхождении товара, таможенный орган вправе потребовать предоставления Сертификата.

             3. Особенности определения происхождения товаров
                  при предоставлении тарифных преференций
                    в рамках Общей системы преференций

      18. Товар считается подвергшимся достаточной обработке или переработке в развивающейся стране, в отношении товаров, из которой применяется тарифный преференциальный режим, если он:
      1) подвергся обработке или переработке в такой стране и стоимость использованных в этом процессе других товаров (сырьевых материалов, полуфабрикатов и готовых изделий), происходящих из стран, в отношении товаров, из которой не применяется тарифный преференциальный режим, или неизвестного происхождения не превышает 50% от стоимости полученного в результате обработки или переработки товара, экспортируемого развивающейся страной, в отношении товаров, из которой применяется тарифный преференциальный режим;
      2) подвергся обработке или переработке в нескольких развивающихся странах и стоимость использованных в этом процессе других товаров (сырьевых материалов, полуфабрикатов и готовых изделий), происходящих из стран, в отношении товаров, из которой не применяется тарифный преференциальный режим, или неизвестного происхождения не превышает 50% от стоимости полученного в результате обработки или переработки товара, экспортируемого одной из развивающихся стран, в отношении товаров из которой применяется тарифный преференциальный режим;
      3) произведен в одной из развивающихся стран, в отношении товаров, из которой применяется тарифный преференциальный режим, и подвергся обработке или переработке в другой одной или нескольких развивающихся странах, в отношении товаров, из которой применяется тарифный преференциальный режим.
      19. Стоимость указанного в подпунктах 1) и 2) пункта 18 настоящей Инструкции товара, происходящего из страны, на которую не распространяется тарифный преференциальный режим, определяется на основании таможенной стоимости этого товара, установленной в стране - производителе экспортируемого товара.
      Стоимость указанного в подпунктах 1) и 2) пункта 18 настоящей Инструкции товара неизвестного происхождения принимается в размере цены, уплаченной за этот товар на территории развивающейся страны-производителя экспортируемого товара.
      20. Товары (сырьевые материалы, полуфабрикаты и готовые изделия), вывезенные из одной из стран, предоставляющих преференции, в страну, в отношении товаров, из которой применяется тарифный преференциальный режим, и использованные там для производства товаров, подлежащих экспорту в ту же страну, из которой завезены сырьевые материалы, полуфабрикаты и готовые изделия, рассматриваются как товары, произведенные в упомянутой развивающейся стране-экспортере.
      21. Стоимость товара, экспортируемого развивающейся страной, определяется на базе цены франко-завод изготовителя товара.
      22. Тарифные преференции в отношении товаров, происходящих из развивающихся стран, в отношении товаров, из которой применяется тарифный преференциальный режим, предоставляются только при условии непосредственной закупки таких товаров в этих странах и прямой поставки их в страну, предоставляющую тарифные преференции.
      23. Товар рассматривается как непосредственно закупленный, если импортер приобрел его у лица, зарегистрированного в установленном порядке в качестве субъекта предпринимательской деятельности в развивающейся стране, в отношении товаров, из которой применяется тарифный преференциальный режим.
      24. Прямой поставкой считается поставка товаров, транспортируемых из развивающейся страны, в отношении товаров, из которой применяется тарифный преференциальный режим, в страну, предоставившую преференции без провоза через территорию другого государства.
      Правилу прямой поставки отвечают также товары, транспортируемые через территорию одной или нескольких стран вследствие географических, транспортных, технических или экономических причин, при условии, что товары в странах транзита, в том числе при их временном складировании на территории этих стран, находятся под таможенным контролем.
      Правилу прямой поставки также отвечают товары, закупленные импортером на выставках или ярмарках, при выполнении следующих условий:
      1) товары были поставлены с территории развивающейся страны, в отношении товаров, из которой применяется тарифный преференциальный режим, на территорию страны проведения выставки или ярмарки и оставались под таможенным контролем при их проведении;
      2) товары с момента их отправки на выставку или ярмарку не использовались в каких-либо иных целях, кроме демонстрационных;
      3) товары ввозятся в страну, предоставившую тарифные преференции, в том же состоянии, в котором они были поставлены на выставку или ярмарку, без учета изменений состояния товаров вследствие естественного износа либо убыли при нормальных условиях транспортировки и хранения.

                    4. Заключительные положения

      25. Товар считается происходящим из данной страны при условии соблюдения всех требований, установленных Законом о таможенном деле и настоящей Инструкцией.
      26. Согласно статье 146 Закона о таможенном деле таможенный орган может отказать в выпуске товара через таможенную границу Республики Казахстан лишь при наличии достаточных оснований полагать, что он происходит из страны, товары которой не подлежат выпуску в Республику Казахстан в соответствии с международными соглашениями, участником которых является Республика Казахстан, или законодательством Республики Казахстан. Указанные основания представляются декларанту в письменном виде.
      27. В соответствии со статьей 147 Z952368_  Закона о таможенном деле к товарам может применяться (восстанавливаться) преференциальный режим при условии получения надлежащего удостоверения об их происхождении не позднее, чем через год с даты осуществления таможенного оформления.
      При восстановлении преференциального режима таможенные органы Республики Казахстан по желанию декларанта осуществляют возврат либо зачет излишне уплаченных сумм таможенных платежей в счет будущих таможенных платежей.
      Возврат (зачет) излишне уплаченных сумм налогов производится в соответствии с налоговым законодательством Республики Казахстан.
      28. Происхождение товаров с территории свободных таможенных зон и свободных складов, расположенных на территории Республики Казахстан, определяется в порядке, установленном Таможенным комитетом.
      29. При вывозе товаров с таможенной территории Республики Казахстан сертификат происхождения товара, выдаваемый уполномоченным органом, представляется таможенным органам в тех случаях, когда это зафиксировано в соответствующих контрактах или предусмотрено международными обязательствами Республики Казахстан.