"Сақтандыру қызметi туралы" Қазақстан Республикасының
Заңын
жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қайта құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы үшiн 2001 жылғы 1 шiлдеден бастап жарғылық капиталдың мынадай ең аз мөлшерi белгiленсiн:
"жалпы сақтандыру" саласы бойынша лицензия алған кезде - 130 (жүз отыз) миллион теңге;
"өмiрдi сақтандыру" саласы бойынша лицензия алған кезде - 150 (жүз елу) миллион теңге;
"жалпы сақтандыру" саласы бойынша лицензия және қайта сақтандыру лицензиясын алған кезде - 150 (жүз елу) миллион теңге;
"өмiрдi сақтандыру" саласы бойынша лицензия және қайта сақтандыру лицензиясын алған кезде - 170 (жүз жетпiс) миллион теңге;
қайта сақтандыруды қызметтiң ерекше түрi ретiнде жүзеге асыра отырып қайта сақтандыру лицензиясын алған кезде - 230 (екi жүз отыз) миллион теңге.
2. 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап осы қаулының 1-тармағында белгiленген жаңадан құрылатын сақтандыру ұйымының жарғылық капиталының ең аз мөлшерi сақтандыру сыныптарына сәйкес, сақтандыру ұйымы өзiнiң сақтандыру қызметiн жүзеге асыруды жоспарлау шеңберiнде осы қаулының 6-тармағында көрсетiлген көлемдегi сомаға арттырылуға тиiс.
3. Жұмыс iстеп тұрған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы үшiн 2001 жылғы 1 шiлдеден бастап жарғылық капиталдың мынадай ең аз мөлшерi белгiленсiн:
"жалпы сақтандыру" саласы бойынша лицензиясы болса - 100 (жүз) миллион теңге;
"өмірдi сақтандыру" саласы бойынша лицензиясы болса - 130 (жүз отыз) миллион теңге;
"жалпы сақтандыру" саласы бойынша лицензиясы және қайта сақтандыру лицензиясы болса - 120 (жүз жиырма) миллион теңге;
"өмiрдi сақтандыру" саласы бойынша лицензиясы және қайта сақтандыру лицензиясы болса - 150 (жүз елу) миллион теңге;
қайта сақтандыруды қызметтің ерекше түрi ретiнде жүзеге асыратын лицензиясы болса - 200 (екi жүз) миллион теңге.
4. 2002 жылдың 1 мамырынан бастап осы қаулының 3-тармағында белгiленген жұмыс iстеп тұрған сақтандыру ұйымы үшiн меншiктi капитал сақтандыру сыныптарына сәйкес, сақтандыру ұйымы өзiнің сақтандыру қызметiн жүзеге асыруды жоспарлау шеңберiнде осы қаулының 6-тармағында көрсетiлген көлемдегi сомаға арттырылуға тиiс.
5. 2003 жылғы 1 шілдеден бастап жұмыс істеп тұрған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы үшін меншікті капиталдың мынадай ең аз мөлшері белгіленсін:
"жалпы сақтандыру" саласы бойынша лицензиясы болса - 100 (жүз) миллион теңге плюс осы қаулының 6-тармағында көрсетілген сақтандыру кластарына сәйкес көлемдегі сома, сақтандыру ұйымы сол шеңберде өзінің сақтандыру қызметін жүзеге асырады, не 100 (жүз) миллион теңге плюс сақтандыру сыйлықақылары жиынтық сомасының кемінде 16%-ін шығару, оған қоса осы қаулының 5-1-тармағына сәйкес есептелетін түзету коэффициентіне қарай өткен қаржы жылында есептеліп қайта сақтандыруға берілген және қабылданған сақтандыру сыйлықақылары (комиссиялық сыйақыларды қоспағанда), не 100 (жүз) миллион теңге плюс сақтандыру төлемдері жиынтық сомасының кемінде 23%-ін шығару, оған қоса осы қаулының 5-1-тармағына сәйкес есептелетін түзету коэффициентіне қарай өткен қаржы жылында есептелген сақтандыру төлемдеріндегі қайта сақтандырушының үлесі - осы келтірілген көлемнің қайсысының көбірек болуына байланысты;
"өмірді сақтандыру" саласы бойынша лицензиясы болса - 130 (жүз отыз) миллион теңге плюс осы қаулының 6-тармағында көрсетілген сақтандыру кластарына сәйкес көлемдегі сома, сақтандыру ұйымы сол шеңберде өзінің сақтандыру қызметін жүзеге асырады, не 130 (жүз отыз) миллион теңге плюс қалыптастырылған сақтандыру резервтері сомасының кем дегенде 4%-і - осы келтірілген көлемнің қайсысының көбірек болуына байланысты;
"жалпы сақтандыру" саласы бойынша лицензиясы және қайта сақтандыру лицензиясы болса - 120 (жүз жиырма) миллион теңге плюс осы қаулының 6-тармағында көрсетілген сақтандыру кластарына сәйкес көлемдегі сома, сақтандыру ұйымы сол шеңберде өзінің сақтандыру қызметін жүзеге асырады, сақтандыру сыйақылары жиынтық сомасының кемінде 16%-ін шығару, оған қоса осы қаулының 5-1-тармағына сәйкес есептелетін түзету коэффициентіне қарай өткен қаржы жылында есептеліп қайта сақтандыруға берілген және қабылданған сақтандыру сыйлықақылары (комиссиялық сыйақыларды қоспағанда), не 120 (жүз жиырма) миллион теңге плюс сақтандыру төлемдері жиынтық сомасының кемінде 23%-ін шығару, оған қоса осы қаулының 5-1-тармағына сәйкес есептелетін түзету коэффициентіне қарай өткен қаржы жылында есептелген сақтандыру төлемдеріндегі қайта сақтандырушының үлесі - осы келтірілген көлемнің қайсысының көбірек болуына байланысты;
"өмірді сақтандыру" саласы бойынша лицензиясы және қайта сақтандыру лицензиясы болса - 150 (жүз елу) миллион теңге плюс осы қаулының 6-тармағында көрсетілген сақтандыру кластарына сәйкес көлемдегі сома, сақтандыру ұйымы сол шеңберде өзінің сақтандыру қызметін жүзеге асырады, не 150 (жүз елу) миллион теңге плюс қалыптастырылған сақтандыру резервтері сомасының кем дегенде 4%-і - осы келтірілген көлемнің қайсысының көбірек болуына байланысты;
қайта сақтандыруды қызметтің ерекше түрі ретінде жүзеге асыратын лицензиясы болса - 200 (екі жүз) миллион теңге, не 180 (жүз сексен) миллион теңге плюс сақтандыру сыйлықақылары жиынтық сомасының кемінде 16%-ін шығару, оған қоса осы қаулының 5-1-тармағына сәйкес есептелетін түзету коэффициентіне қарай өткен қаржы жылында есептеліп қайта сақтандыруға берілген және қабылданған сақтандыру сыйлықақылары (комиссиялық сыйақыларды қоспағанда) және "өмірді сақтандыру" саласындағы сақтандыру кластары бойынша қалыптастырылған сақтандыру резервтері сомасының кем дегенде 4%-і - осы келтірілген көлемнің қайсысының көбірек болуына байланысты.
Ескерту: 5-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 жылғы 13 қарашадағы N 452
қаулысымен
.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі Басқарамысының 2003 жылғы 29 мамырдағы N 175
қаулысымен.
5-1. Түзету коэффициенті өткен қаржы жылында есептелген сақтандыру төлемдерінің жиынтық сомасына қайта сақтандырушының өткен қаржы жылында есептелген сақтандыру төлемдеріндегі үлесін шегергенде сақтандыру төлемдерінің жиынтық сомасының қатынасы ретінде есептеледі. Мұндай қатынас 0,5-тен кем болмауға тиіс. Егер түзету коэффициентін есептеу нәтижесінде алынған көлем 0,5-тен кем болса, онда есептеу үшін 0,5 қабылданады.
Егер сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өткен қаржы жылында сақтандыру төлемдерін есептемеген болса, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының меншік капиталының мөлшерін есептеген кезде түзету коэффициенті қолданылмайды.
Ескерту. 5-1-тармақпен толықтырылды - Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі Басқарамысының 2003 жылғы 29 мамырдағы N 175
қаулысымен.
6. Жаңадан құрылатын сақтандыру ұйымы үшiн жарғылық капиталдың және жұмыс iстеп тұрған сақтандыру ұйымы үшiн меншiктi капиталдың ең аз мөлшерi сыныптардың мынадай көлемi ескерiле отырып ұлғайтылуға тиіс:
1) сақтандырудың ерiктi нысаны:
өмiрдi сақтандыру - 15 (он бес) миллион теңге;
аннуитеттiк сақтандыру - 20 (жиырма) миллион теңге;
жазатайым жағдайдан және аурудан сақтандыру - 5 (бес) миллион теңге;
медициналық сақтандыру - 10 (он) миллион теңге;
автомобиль көлiгiн сақтандыру - 5 (бес) миллион теңге;
темiржол көлiгiн сақтандыру - 5 (бес) миллион теңге;
әуе көлiгiн сақтандыру - 10 (он) миллион теңге;
су көлiгiн сақтандыру - 5 (бес) миллион теңге;
жүктi сақтандыру - 7 (жетi) миллион теңге;
осы тармақшаның алтыншы - оныншы азатжолдарында көрсетiлген сыныптарды қоспағанда, мүлiктi сақтандыру - 10 (он) миллион теңге;
кәсiпкерлiк тәуекелдi сақтандыру - 10 (он) миллион теңге;
автомобиль көлiгi иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыру - 5 (бес) миллион теңге;
темiр жол көлiгi иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыру - 5 (бес) миллион теңге;
әуе көлiгi иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгін сақтандыру - 10 (он) миллион теңге;
су көлiгi иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыру - 5 (бес) миллион теңге;
тасымалдаушылардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігiн сақтандыру - 5 (бес) миллион теңге;
шарт бойынша иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiліктi сақтандыру - 5 (бес) миллион теңге;
осы тармақшаның он үшiншi - он сегiзiншi азатжолдарында көрсетiлген сыныптарды қоспағанда, зиян келтiргенi үшiн азаматтық-құқықтық жауапкершiліктi сақтандыру - 10 (он) миллион теңге;
2) сақтандырудың мiндеттi нысанындағы әрбiр сынып бойынша - 10 (он) миллион теңге.
7. 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс iстеп тұрған сақтандыру ұйымы лицензия алу үшiн өз капиталының осы қаулының 6-тармағында көзделген талаптарды ескере отырып ұлғайтылған меншiктi капиталының ең аз мөлшерi болғанда ғана мiндеттi және ерiктi нысандағы сақтандырудың жаңа сыныптарын енгiзе отырып өтiнiш беруге құқылы.
8. Осы қаулы 2001 жылдың 1 шiлдесінен бастап күшiне енгiзiледi.
9. Осы қаулы қабылданған күннен бастап Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының жарғылық және меншiктi капиталдарының ең аз мөлшерi туралы" 1999 жылғы 15 қарашадағы N 355
қаулысының
күшi жойылды деп танылсын.
10. Сақтандыруды қадағалау департаментi (Құрманов Ж.Б.):
1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң орталық аппаратының мүдделi бөлiмшелерiне, аумақтық филиалдарына және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына жiберсін.
11. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Төрағасы Г.А. Марченкоға жүктелсiн.
Ұлттық Банк
Төрағасы