Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 1513 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымының жарғылық және меншікті капиталдарының ең аз мөлшерін бекіту туралы" 2001 жылғы 20 сәуірдегі N 117 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы 2002 жылғы 13 қарашадағы N 452. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 20 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 2096. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі Басқармасының 2004 жылғы 21 тамыздағы N 257 (V043105) қаулысымен (Қаулы 2005 жылғы 1 желтоқсаннан бастап күшiне енедi).

     Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық базаны жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
     1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымының жарғылық және меншікті капиталдарының ең аз мөлшерін бекіту туралы" 2001 жылғы 20 сәуірдегі N 117 қаулысына (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1513 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында 2001 жылғы 21 мамыр-3 маусымда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
     5-тармақтың бірінші азатжолындағы "2002 жылдың 1 қарашасынан бастап" деген сөздер "2003 жылдың 1 шілдесінен бастап" деген сөздермен ауыстырылсын.
     2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енеді.
     3. Қаржылық қадағалау департаменті (Бахмутова Е.Л.):
     1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
     2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына жіберсін.
     4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ә.Ғ.Сәйденовке жүктелсін.

     Ұлттық Банк
      Төрағасы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады