Сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының жарғылық және меншікті капиталының ең аз мөлшері туралы

Күшін жойған

Қаулы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк Басқармасы 1999 жылғы 15 қараша N 355. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1999 жылғы 15 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 998. Қаулының күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 20 сәуірдегі N 117 қаулысымен. ~V011513.

      Қазақстан Республикасы Президентінің "Сақтандыру туралы" U952475_ Заң күші бар Жарлығының 11, 35, 40 және 42-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі Басқармасы қаулы етеді:
      1. Қайта құрылатын ұйымдар үшін жарғылық капиталдың мынадай ең аз мөлшері белгіленген:
      1) қайта сақтандыру ұйымдарының жарғылық капиталы - 200.000.000 (екі жүз миллион) теңге;
      2) өмірді сақтандыруды жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдарының жарғылық капиталы - 150.000.000 (жүз елу миллион) теңге;
      3) басқа да сақтандыру операцияларын жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдарының жарғылық капиталы - 100.000.000 (жүз миллион) теңге;
      2. Жұмыс істеп тұрған сақтандыру ұйымдарының меншікті капиталының мынадай ең аз мөлшері белгіленсін:
      1) 2000 жылдың 1 мамырына дейінгі мерзімде:
      - 75.000.000 (жетпіс бес миллион) теңге - өмірді сақтандыруды жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдары үшін;
      - 50.000.000 (елу миллион) теңге - басқа да сақтандыру операцияларын жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдары үшін;
      2) 2000 жылдың 1 қарашасына дейінгі мерзімде:
      - 150.000.000 (жүз елу миллион) теңге - өмірді сақтандыруды жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдары үшін;
      - 100.000.000 (жүз миллион) теңге - Алматы қаласы мен Алматы облысының аумағында тіркелген басқа да сақтандыру операцияларын жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдары үшін; <*>
      3) 2001 жылдың 1 сәуіріне дейінгі мерзімде:
      100.000.000 (жүз миллион) теңге - басқа сақтандыру операцияларын жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдары үшін Алматы қаласы мен Алматы облысының аумағында тіркелгендерден басқасы. <*>
      Ескерту: 2-тармақ өзгертілді және толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі
               Басқармасының 2001 жылғы 31 қаңтар N 11 қаулысымен. V011423_
      3. Жұмыс істеп тұрған сақтандыру ұйымдарының 2-тармақтың 2 және 3-тармақшаларында көрсетілген меншікті капиталы болса ғана лицензия алуға немесе сақтандырудың жаңа түріне лицензияның қосымшасын алуға немесе филиал ашуға рұқсат алуға өтініш беруге құқығы бар. <*>
      Ескерту: 3-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының

              2001 жылғы 31 қаңтар N 11 қаулысымен.  

V011423_

 
     4. Сақтандыруды қадағалау департаменті (Мекішев А. А.)
     1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан 
Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын 
қабылдасын;
     2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік 
тіркеуден өткізілген күннен бастап он күн мерзімде осы қаулыны барлық 
сақтандыру ұйымдарына жіберсін.
     5. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы 
Ұлттық банкі Төрағасы Г. А. Марченкоға жүктелсін.
     
     Ұлттық Банк
      Төрағасы
     
     
     
     Оқығандар:     
             Багарова Ж.А.
             Икебаева А.Ж.
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады