Ескерту. Күші жойылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 2006.12.29 N 311-ө бұйрығымен.
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2001 жылдың 25 наурызындағы N 17-б V011432_ "Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мен мемлекеттік арнаулы жәрдемақыларды тағайындау мен төлеуді ұйымдастырудың тәртібі туралы Нұсқаулықты бекіту туралы" бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мен мемлекеттік арнаулы жәрдемақыларды тағайындау мен төлеуді ұйымдастырудың тәртібі туралы Нұсқаулықтың":
29-тармағының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"ЗТМО аудандық бөлімшелері тоқсанына бір рет ЗТМО облыстық филиалына жіберілетін 1-ПЦЦ есебі жасайды. ЗТМО облыстық филиалында облыс бойынша жинақтама есебі жасалады және республикалық ЗТМО, сондай-ақ облыстық және Астана мен Алматы қалалары бойынша Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Департаменттеріне жіберіледі".
2. Осы Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді.
Министр