Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылған деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2006 жылғы 29 желтоқсандағы № 311-ө Бұйрығы

      Нормативтік құқықтық құжаттарды қолданыстағы заңнамамен сәйкестікке келтіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. Осы бұйрыққа қоса беріліп отырған тізбеге сәйкес Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылған деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру департаменті бір апта ішінде осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің назарына жеткізілуін қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                    Г. Қарақұсова

Қазақстан Республикасы Еңбек
және халықты әлеуметтік қорғау
министрінің 2006 жылғы  
29 желтоқсандағы № 311-ө
бұйрығына қосымша   

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау
министрінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізімі

      1. «Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мен мемлекеттік арнаулы жәрдемақыларды тағайындау мен төлеуді ұйымдастырудың тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2001 жылғы 25 наурыздағы № 17-п бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 1432 тіркелген).
      2. «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2001 жылдың 25 наурызындағы № 17-б бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2001 жылғы 19 ақпандағы № 17-б бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 1571 тіркелген).
      3. «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2001 жылғы 25 наурыздағы № 17-ө бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2001 жылы 26 наурызда № 1432 тіркелген «Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мен мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындау және төлеуді ұйымдастыру тәртібі туралы нұсқаулықтың 25-бабының күшін жою туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2003 жылғы 5 мамырдағы № 92-ө бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 2284 тіркелген).
      4. «Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мен мемлекеттік арнаулы жәрдемақыларды тағайындау мен төлеуді ұйымдастырудың тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2001 жылғы 25 наурыздағы № 17-б бұйрығына өзгеріс және толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2004 жылғы 9 желтоқсандағы № 293-ө бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 3342 тіркелген).
      5. «Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мен мемлекеттік арнаулы жәрдемақыларды тағайындау мен төлеуді ұйымдастырудың тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2001 жылғы 25 наурыздағы № 17-ө бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2005 жылғы 16 маусымдағы № 162-ө бұйрығы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 3679 тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады