Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2001 жылдың 25 наурызындағы N 17-б бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2001 жылғы 19 сәуірдегі N 71-б бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2001 жылғы 10 шілдеде тіркелді. Тіркеу N 1571. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 2006 жылғы 29 желтоқсандағы N 311-ө бұйрығымен.

       Ескерту. Күші жойылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 2006.12.29 N 311-ө бұйрығымен.

        БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2001 жылдың 25 наурызындағы N 17-б  V011432_ "Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мен мемлекеттік арнаулы жәрдемақыларды тағайындау мен төлеуді ұйымдастырудың тәртібі туралы Нұсқаулықты бекіту туралы" бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін: 
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мен мемлекеттік арнаулы жәрдемақыларды тағайындау мен төлеуді ұйымдастырудың тәртібі туралы Нұсқаулықтың":
      29-тармағының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "ЗТМО аудандық бөлімшелері тоқсанына бір рет ЗТМО облыстық филиалына жіберілетін 1-ПЦЦ есебі жасайды. ЗТМО облыстық филиалында облыс бойынша жинақтама есебі жасалады және республикалық ЗТМО, сондай-ақ облыстық және Астана мен Алматы қалалары бойынша Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Департаменттеріне жіберіледі".
      2. Осы Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді.

       Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады