-------------------Бұйрықтан үзінді---------------- Мемлекеттік кіріс министрінің 2002 жылғы 9 сәуірдегі N 416 бұйрығы
"Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының K010209_ Кодексiн (Салық Кодексiн) қолданысқа енгiзу туралы" Z010210_ Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 шiлдедегi Заңына сәйкес
БҰЙЫРАМЫН:
Күшiн жоғалтқан жекелеген бұйрықтарының тiзбесi:
73. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрiнiң 2000 жылғы 14 шiлдедегi N 712 бұйрығына толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрiнiң 2001 жылғы 18 шiлдедегi N 988 V011619_ бұйрығы. -----------------------------------------------------
"Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Z952235_ Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Z010147_ Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрiнің 2000 жылғы 14 шiлдедегi "Шот-фактуралардың нысандары және оларды қолдану тәртiбi туралы" V001241_ N 712 бұйрығында мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
мынадай мазмұндағы 1-1-тармағымен толықтырылсын:
"1-1. "Шот-фактуралардың нысандары және оларды қолдану тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрiнің 2000 жылғы 14 шiлдесiндегi N 712 бұйрығына өзгерiстер мен толықтыруларды бекiту туралы" V011519_ Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрiнің 2001 жылғы 17 наурыздағы N 298 бұйрығының 1-тармағында көрсетiлген өзгерiстер мен толықтыруларды ескерместен нысандар бойынша шот-фактураларды ресiмдеу 2001 жылдың 1 шілдесiне дейiн жүргiзiлетiнi белгiленсiн.".
2. Әдiстеме департаментi (Үсенова Н.Д.):
осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен және Қазақстан Республикасының Статистика жөнiндегі агенттiгiмен келiсiлсiн; келiсiлген бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгіне мемлекеттiк тiркеуге жiберiлсiн. 3. Осы бұйрық 2001 жылдың 5 маусымынан бастап қолданысқа енгiзiледi. Министр Келісілді Келісілді Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Статистика жөніндегі агенттігінің төрағасы 2001 жылғы 20 шілде 2001 жылғы 27 шілде Мамандар: Омарбекова А.Т. Шарипова М.Е.