Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс Министрiнiң 2000 жылғы 14 шiлдедегi N 712 бұйрығына өзгерістер мен толықтыруларды бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрінің 2001 жылғы 17 наурыздағы N 298 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2001 жылғы 25 мамырда тіркелді. Тіркеу N 1519. Күші жойылды - ҚР Мемлекеттік кіріс министрінің 2002 жылғы 9 сәуірдегі N 416 бұйрығымен.

-------------------Бұйрықтан үзінді---------------- Мемлекеттік кіріс министрінің 2002 жылғы 9 сәуірдегі N 416 бұйрығы
 
      "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" K010209_ Қазақстан Республикасының Кодексiн (Салық Кодексiн) қолданысқа енгiзу туралы" Z010210_ Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 шiлдедегi Заңына сәйкес
                                БҰЙЫРАМЫН:
      Күшiн жоғалтқан жекелеген бұйрықтарының тiзбесi:
      63. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрiнiң 2000 жылғы 14 шiлдедегi N 712 бұйрығына өзгерiстер мен толықтыруларды бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң 2001 жылғы 17 наурыздағы N 298 V011519_ бұйрығы. -----------------------------------------------------
 
      "Салықтар және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Z952235_ Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. "Шот-фактуралардың нысандары мен оларды қолдану тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс Министрiнiң 2000 жылғы 14 шiлдедегi N 712 V001241_ бұйрығына мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн: көрсетiлген бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларда: 6-бағанның атауындағы "(акцизделетiн тауарлар бойынша акцизсiз)" деген сөздер алынып тасталсын; 11-бағанды 9-баған деп есептесiн; 9 және 10-бағандар тиiсiнше 10 және 11-баған деп есептелсiн; көрсетiлген бұйрыққа 3-қосымшада: 2-тармақтың екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын: "Шот-фактураларды толтыру осы Ереженiң 1-қосымшасына сәйкес жүзеге асырылады."; 3-тармақта:
      бiрiншi абзацтағы "Заңның 65-бабының 4-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда" деген сөздер "қолма-қол есеп айырысу үшiн тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) жеке тұлғаларға (халыққа) өткiзу жағдайларын қоспағанда" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қосылған құн салығынан босатылған тауарларды (жұмыстар, қызмет көрсетулердi) өткiзетiн салық төлеушiлер Заңның 65-бабының 1-тармағына сәйкес мұндай айналым бойынша шот-фактураларды есептен шығармауға құқығы бар. Егер салық салынатын және салықтан босатылған тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер өткiзудi жүзеге асырған жағдайда, шот-фактурада босатылған айналымдар "Өткiзу құнының барлығы" 9-бағанында "ҚҚС-сыз" мiндеттi белгiсiмен көрсетiледi. "ҚҚС ставкасы" 7 және "ҚҚС сомасы" 8-бағандарына сызықша қойылады.";
      3-1-тармағы мынадай мазмұнмен толықтырылсын:
      "3-1. Әрбiр атауы бойынша (ассортиментте) өткiзiлетiн тауарлар көрсетiлетiн құжатты (жөнелтпе құжатты) тауарлар өткiзу кезiнде Жеткiзушi пайдаланған жағдайда, шот-фактурада "Тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) атауы" 2-баған бойынша жолды жол-жолмен толтырмай өткiзу бойынша жалпы айналымды көрсетедi. Егер салық төлеушi салықтың әртүрлi ставкасы бойынша салық салынатын тауарларды өткiзудi жүзеге асырса немесе жүктеу құжат салық салынатын айналымдардан босатылған болса, онда "Тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) атауы" 2-бағанда мұндай айналым үшiн белгiленген салық ставкасы бойынша салық салынатын өткiзу бойынша жалпы айналым көрсетiледi.
      Әрбiр атауы бойынша (ассортиментте) өткiзiлетiн тауарлар көрсетiлетiн құжат (жөнелтпе құжат) мiндеттi тәртiпте қоса берiлген құжатта (жөнелтпе құжатта) нөмiрi және күнiне сiлтемесi бар шот-фактураға қоса берiлуi қажет.";
      4-тармақтың бiрiншi абзацында:
      "мөрмен" деген сөзден кейiн "(мөртабанмен)" деген сөзбен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын: "Шот-фактураларға ұйым басшысының бұйрығына сәйкес бұған уәкiлеттi тұлғалардың немесе оның орнын ауыстыратын тұлғаның қолы қойылуы да мүмкiн.";
      6-тармақ мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын: "Бұл ретте, шот-фактура форматының бланкасы кiтап, сондай-ақ альбом сияқты болуы мүмкiн.";
      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "7. Жеткiзушiлер (Сатып алушылары) есептен шығарылған (алынған) шот-фактураларды тiгілген және нөмiрленген түрде олардың есептен шығарылған (алынған) күнiнен бастап бес жыл iшiнде сақтауға мiндеттi.";
      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "Заңның 65-бабының 2-тармағында көрсетiлген мәлiметтердi толтыру кезiнде Ереже бұзумен ресiмделген шот-фактуралар Сатып алушыдағы тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) қосылған құн салығы сомасын есепке жатқызу үшiн негiз болып табылмайды.";
      12-тармақта:
      екiншi абзацта "бас ұйымда" деген сөздерден кейiн "мәндi байланыс құралдарын пайдаланумен" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын: "Түпнұсқа мөрi (мөртабаны) бар шот-фактуралардың түпнұсқа екiншi даналары олар есептен шығарылған күннен бастап бес жыл iшiнде тiгiлген және нөмiрленген түрде құрылымдық бөлiмшелерде сақталуы қажет.";
      үшiншi абзац мынадай мазмұнда толықтырылсын:
      "Шот-фактуралардың екiншi даналарының көшiрмелерiнiң орнына мәндi байланыс құралдарын пайдалана отырып есептi кезең үшiн шот-фактураларды тiркеу журналының көшiрмесiн құрылымдық бөлiмшелердiң бас ұйымға бағыттауына да болады.";
      13-тармақта:
      бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Егер тауарларды (жұмыстар, қызмет көрсетулердi) өткiзу алдын-ала төлеу жағдайларында жүзеге асырылса, шот-фактура жасалмайды. Мұндай жағдайда, алдын-ала төлеуге құжатты жасау жеткiлiктi. Мұндай құжатқа, соның iшiнде, алдын-ала төлеуге есеп болуы мүмкiн. Бұл ретте, мұндай құжатты жасау нысаны мен тәртiбiн салық төлеушiлердiң өздерi айқындайды. Болашақта тауарларды (жұмыстар, қызмет көрсетулердi) нақты өткiзудi жүзеге асыру кезiнде, Жеткiзушi белгiленген тәртiппен Сатып алушыға шот-фактураны есептен шығаруға мiндеттi.";
      екiншi абзац мынадай мазмұнда толықтырылсын:
      "Егер Жеткiзушi алдын-ала төлеу жағдайларында тауарларды (жұмыстар, қызмет көрсетулердi) өткiзу кезiнде шот-фактураны есептен шығарған жағдайда, онда оны толтыру осы Ережеге сәйкес жүргізілуі мүмкін.";
      16 және 17-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "16. Көлiк-экспедиторлық қызмет көрсететiн, тiкелей тасымалдауды жүзеге асырмайтын салық төлеушiлер осындай салық төлеушiлер көрсеткен қызмет құны және нақты жүк жөнелтушiге келетiн тасымалдаушылардың қызмет көрсету құны көрсетiлген шот-фактуралар есептен шығарылады.
      17. Жүктердi жөнелтушiлер үшiн шот-фактураларды есептен шығару осы Ереженiң 16-тармағында көрсетiлген салық төлеушiлерге тiкелей берілген тасымалдаушылармен шот-фактуралар негiзiнде жүргiзiледi, әрбiр тасымалдың көлемдерi көрсетiлген жүк жөнелтушiлер тiзiлiмi жасалады.";
      17-1-тармағы мынадай мазмұнда толықтырылсын:
      "17-1. Осы Ереженiң 17-тармағына сәйкес берiлген шот-фактура жүк жөнелтушiлерде қосылған құн салығы есебiне жатқызу үшiн негiз болып табылады.";
      1-қосымшадағы:
      жиырма екiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "6-баған - Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында ҚҚС-сыз акцизделетiн тауарлар бойынша акциз есебiмен салық салынатын айналым көрсетiледi. Егер тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) жеткiзу сыртқы сауда келiсiмi (келiсiм-шарты) бойынша жүзеге асырылса, салық салынатын айналым осы келiсiм (келiсiм-шарт) валютасында көрсетiледi.";
      жиырма төртiншi және жиырма бесiншi абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "9-баған - қосылған құнға салық есебiмен әрбiр тауардың (жұмыс, қызмет көрсетудiң) атауы бойынша төлеуге жататын сома көрсетiледi. Қосылған құн салығынан босатылған тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) өткiзген жағдайда, олардың ҚҚС-сыз құны көрсетiледi;
      10 және 11-бағандар - Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес акциз төлеушілер болып табылатын тұлға 2-бағанда көрсетiлген акцизделетін тауар бойынша есептелген ставканы және соманы көрсетеді. Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес акциз есептеу жүргізілетiн акцизделетін тауарды өткізу кезінде осы бағандарға сызық қойылады;"; 2-қосымшада: 7-бағанының атауындағы "(акцизделетiн тауарлар бойынша акцизсіз)" деген сөздер алынып тасталсын. 12-баған 10-баған болып есептелсін; 10 және 11-бағандар 11 және 12-бағандар деп есептелсін. 2. Әдiстемелік департаменті (Н.Д. Yсенова): - осы Бұйрықты Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі және Қазақстан Республикасының Статистика жөнiндегі агенттігімен келіссін; - келісілген Бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін. 3. Осы Бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен кейін күнтізбелік он күн ішінде күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрі Мамандар: Омарбекова А.Т. Икебаева Ә.Ж.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады