Шот-фактуралардың нысандары және оларды қолдану тәртібі туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Кіріс министрінің 2000 жылғы 14 шілдедегі N 712 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2000 жылғы 11 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 1241. Күші жойылды - ҚР Мемлекеттік кіріс министрінің 2002 жылғы 9 сәуірдегі N 416 бұйрығымен.

-------------------Бұйрықтан үзінді---------------- Мемлекеттік кіріс министрінің 2002 жылғы 9 сәуірдегі N 416 бұйрығы
 
      "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының K010209_ Кодексiн (Салық Кодексiн) қолданысқа енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 шiлдедегi Заңына сәйкес
                                БҰЙЫРАМЫН:
      Күшiн жоғалтқан жекелеген бұйрықтарының тiзбесi:
      60. "Шот-фактуралардың нысандары және оларды қолдану тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк Кiрiс министрлiгiнiң 2000 жылғы 14 шiлдедегi N 712 V001241_ бұйрығы. -----------------------------------------------------
 
     1995 жылғы 24 сәуірдегі "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Z952235_ Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес
 
                      Бұйырамын:
      1. 1) 1 қосымшаға сәйкес шот-фактура нысаны;
      2) 2 қосымшаға сәйкес кәсіпкерлік қызметпен айналысатын және патент негізінде салықтарын төлеуші тұлғалар үшін шот-фактура нысаны;
      3) 3 қосымшаға сәйкес қосымша құн салығын есептеу және төлеу үшін шот-фактураларды рәсімдеу және қолдану Ережелері, -
      бекітілсін.
      1-1. "Шот-фактуралардың нысандары және оларды қолдану тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрiнің 2000 жылғы 14 шiлдесiндегi N 712 бұйрығына өзгерiстер мен толықтыруларды бекiту туралы" V011519_ Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрiнің 2001 жылғы 17 наурыздағы N 298 бұйрығының 1-тармағында көрсетiлген өзгерiстер мен толықтыруларды ескерместен нысандар бойынша шот-фактураларды ресiмдеу 2001 жылдың 1 шілдесiне дейiн жүргiзiлетiнi белгiленсiн.
      Ескерту: 1-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Мемлекеттік кіріс министрінің 2001 жылғы 18 шілдедегі N 988 бұйрығымен. V011619_ 2. Әдістеме департаменті (Үсенова Н.Д.): 1) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен және Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі агенттігімен келісілсін; 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткізу үшін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жіберілсін; 3. Осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген сәтінен бастап күшіне енеді. Министр Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасы Қаржы Министрі Мемлекеттік кіріс Министрінің 2000 жылғы 31 шілдеде 2000 жылғы 14 шілде келісілді N 712 бұйрығына 3-қосымша Қосылған құн салығын есептеу мен төлеу үшiн шот-фактураларды ресiмдеу мен пайдалану ережесi
      Осы Ереже "Салықтар және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрi - Заң) 65-бабы 2-тармағына сәйкес әзiрлендi.
 
                   1. Жалпы ережелер
 
      1. Заңның 65-бабы 4-тармағымен белгiленген жағдайларды қоспағанда, шот-фактура барлық қосылған құн салығын төлеушiлер үшiн мiндеттi құжат болып табылады.
      2. Қосылған құн салығын төлеушiлер қосылған құн салығына салық салатын, және де оларға салық салмайтын тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) сату кезiнде "Шот-фактура нысандары және оларды пайдалану тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң 2000 жылғы 14 шiлдедегi N 712 бұйрығына 1 және 2 қосымшаларға сәйкес белгiленген нысан бойынша шот-фактуралар жасайды және оларды шот-фактуралар тiркеу журналына енгiзедi.
      Шот-фактураларды толтыру осы Ереженiң 1-қосымшасына сәйкес жүзеге асырылады.
      Ескерту: 2-тармақ өзгертілді - ҚР Мемлекеттік кіріс министрінің
               2001 жылғы 17 наурыздағы N 298 бұйрығымен. V011519_
 
                   2. Шот-фактуралар жасау
 
      3. Қосылған құн салығын салатын тауарлар тиеудi жүргiзетiн, жұмыстарды немесе қызмет көрсетулердi орындайтын салық төлеушi (бұдан әрi - Жеткiзушi) қолма-қол есеп айырысу үшiн тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) жеке тұлғаларға (халыққа) өткiзу жағдайларын қоспағанда, қосылған құн салығымен шот-фактураға аталған тауарлар, жұмыстар немесе қызмет көрсетулердi алған тұлғаны (бұдан әрі - Сатып алушы) шығарып қоюға міндетті.
      Қосылған құн салығынан босатылған тауарларды (жұмыстар, қызмет көрсетулердi) өткiзетiн салық төлеушiлер Заңның 65-бабының 1-тармағына сәйкес мұндай айналым бойынша шот-фактураларды есептен шығармауға құқығы бар. Егер салық салынатын және салықтан босатылған тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер өткiзудi жүзеге асырған жағдайда, шот-фактурада босатылған айналымдар "Өткiзу құнының барлығы" 9-бағанында "ҚҚС-сыз" мiндеттi белгiсiмен көрсетiледi. "ҚҚС ставкасы" 7 және "ҚҚС сомасы" 8-бағандарына сызықша қойылады.
      Шот-фактура ұйымдастыру-құқықтық нысандарына қарамастан Жеткiзушi атынан есептен шығарылады және "Салықтар және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес оған есепке құқық бередi.
      Ескерту: 3-тармақ өзгертілді - ҚР Мемлекеттік кіріс министрінің
               2001 жылғы 17 наурыздағы N 298 бұйрығымен. V011519_
      3-1. Әрбiр атауы бойынша (ассортиментте) өткiзiлетiн тауарлар көрсетiлетiн құжатты (жөнелтпе құжатты) тауарлар өткiзу кезiнде Жеткiзушi пайдаланған жағдайда, шот-фактурада "Тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) атауы" 2-баған бойынша жолды жол-жолмен толтырмай өткiзу бойынша жалпы айналымды көрсетедi. Егер салық төлеушi салықтың әртүрлi ставкасы бойынша салық салынатын тауарларды өткiзудi жүзеге асырса немесе жүктеу құжат салық салынатын айналымдардан босатылған болса, онда "Тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) атауы" 2-бағанда мұндай айналым үшiн белгiленген салық ставкасы бойынша салық салынатын өткiзу бойынша жалпы айналым көрсетiледi.
      Әрбiр атауы бойынша (ассортиментте) өткiзiлетiн тауарлар көрсетiлетiн құжат (жөнелтпе құжат) мiндеттi тәртiпте қоса берiлген құжатта (жөнелтпе құжатта) нөмiрi және күнiне сiлтемесi бар шот-фактураға қоса берiлуi қажет.
      Ескерту: 3-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Мемлекеттік кіріс
               министрінің 2001 жылғы 17 наурыздағы N 298
               бұйрығымен. V011519_
      4. Шот-фактура Жеткiзушiмен екi данада жасалады және Жеткiзушi басшысы мен бас бухгалтерiнiң, сондай-ақ жiберiлген тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) үшiн жауапты адамның қолы қойылады және Жеткiзушiнiң мөрiмен (мөртабанмен) расталады. Шот-фактураларға ұйым басшысының бұйрығына сәйкес бұған уәкiлеттi тұлғалардың немесе оның орнын ауыстыратын тұлғаның қолы қойылуы да мүмкiн.
      Шот-фактураның бiрiншi данасы (түпнұсқа) тауарларды тиеген, жұмыстарды, қызмет көрсетулердi орындаған күнiнен кешiктiрмей Тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) сатып алушыға беріледi.
      Шот-фактураның екiншi данасы (көшiрмесi) шот-фактураларды тiркеу және қосылған құн салығын есептеу журналына есеп үшiн тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) Жеткiзушiде қалады.
      Ескерту: 4-тармақ толықтырылды - ҚР Мемлекеттік кіріс министрінің
               2001 жылғы 17 наурыздағы N 298 бұйрығымен. V011519_
      5. Шот-фактураны нөмiрлеу соңғы берiлген нөмiрден өсу тәртiбiнде жүзеге асырылады.
      Шот-фактуралар көшiрмелерiнiң нөмiрлерi түпнұсқалар нөмiрiмен сәйкес келуi қажет.
      6. Шот-фактуралар компьютер немесе жазба машиналарын пайдалана отырып мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде жасалады, бiрақ қолдан толтырылуы мүмкiн. Бұл ретте, шот-фактура форматының бланкасы кiтап, сондай-ақ альбом сияқты болуы мүмкiн.
      Ескерту: 6-тармақ толықтырылды - ҚР Мемлекеттік кіріс министрінің
               2001 жылғы 17 наурыздағы N 298 бұйрығымен. V011519_
      7. Жеткiзушiлер (Сатып алушылары) есептен шығарылған (алынған) шот-фактураларды тiгілген және нөмiрленген түрде олардың есептен шығарылған (алынған) күнiнен бастап бес жыл iшiнде сақтауға мiндеттi.
      Ескерту: 7-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Мемлекеттік кіріс
               министрінің 2001 жылғы 17 наурыздағы N 298
               бұйрығымен. V011519_
      8. Шот-фактурада түзету мен өшiруге жол берiлмейдi. Түзетулер шаруашылық операцияларға қатысушылардың келiсiмi бойынша ғана енгiзіледi, түзету енгiзiлген күнi көрсетiлген шот-фактураларды есептен шығарған тұлғалар жазбаша растауы қажет.
      9. Шот-фактураларды бланктермен, сондай-ақ оларды тiркеу журналдарымен қамтамасыз ету дербес Жеткiзушілермен жүзеге асырылады.
      10. Шот-фактуралар есебi мен бланктар пайдалану дұрыстығы үшiн бақылау Жеткiзушi басшылары немесе оларға өкiлеттi тұлғалармен жүзеге асырылады.
      11. Заңның 65-бабының 2-тармағында көрсетiлген мәлiметтердi толтыру кезiнде Ереже бұзумен ресiмделген шот-фактуралар Сатып алушыдағы тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) қосылған құн салығы сомасын есепке жатқызу үшiн негiз болып табылмайды.
      Ескерту: 11-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Мемлекеттік кіріс
               министрінің 2001 жылғы 17 наурыздағы N 298
               бұйрығымен. V011519_
 
                   3. Шот-фактуралар жасау ерекшелiктерi
 
      12. Қосылған құн салығын дербес төлеушiлер болып табылмайтын, тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) сатуды дербес жүзеге асыратын заңды тұлғалар бөлiмшелерi "Жеткiзушi" 2-бағанға өз атауын және бас ұйым атауын көрсетумен шот-фактураларды жасайды.
      Шот-фактуралар көшiрмелерi Журналда тiркеледi және есептi кезең iшiнде заңды тұлғалар бойынша толықтай қосылған құн салығын есептеу үшiн бас ұйымға мәндi байланыс құралдарын пайдаланумен жiберiледi. Түпнұсқа мөрi (мөртабаны) бар шот-фактуралардың түпнұсқа екiншi даналары олар есептен шығарылған күннен бастап бес жыл iшiнде тiгiлген және нөмiрленген түрде құрылымдық бөлiмшелерде сақталуы қажет.
      Шот-фактуралардың екiншi даналарының көшiрмелерiнiң орнына мәндi байланыс құралдарын пайдалана отырып есептi кезең үшiн шот-фактураларды тiркеу журналының көшiрмесiн құрылымдық бөлiмшелердiң бас ұйымға бағыттауына да болады.
      Ескерту: 12-тармақ толықтырылды - ҚР Мемлекеттік кіріс
               министрінің 2001 жылғы 17 наурыздағы N 298
               бұйрығымен. V011519_
      13. Егер тауарларды (жұмыстар, қызмет көрсетулердi) өткiзу алдын-ала төлеу жағдайларында жүзеге асырылса, шот-фактура жасалмайды. Мұндай жағдайда, алдын-ала төлеуге құжатты жасау жеткiлiктi. Мұндай құжатқа, соның iшiнде, алдын-ала төлеуге есеп болуы мүмкiн. Бұл ретте, мұндай құжатты жасау нысаны мен тәртiбiн салық төлеушiлердiң өздерi айқындайды. Болашақта тауарларды (жұмыстар, қызмет көрсетулердi) нақты өткiзудi жүзеге асыру кезiнде, Жеткiзушi белгiленген тәртiппен Сатып алушыға шот-фактураны есептен шығаруға мiндеттi.
      Алдын ала төлеу (аванс) бойынша сатып алынған тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) бойынша Сатып алушылардың есебiне қосылған құн салығы нақты тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер түсiмiн растайтын шот-фактуралар мен бастапқы бухгалтерлiк құжаттар негiзiне жатады. Егер Жеткiзушi алдын-ала төлеу жағдайларында тауарларды (жұмыстар, қызмет көрсетулердi) өткiзу кезiнде шот-фактураны есептен шығарған жағдайда, онда оны толтыру осы Ережеге сәйкес жүргізілуі мүмкін.
      Ескерту: 13-тармақ толықтырылды - ҚР Мемлекеттік кіріс
               министрінің 2001 жылғы 17 наурыздағы N 298
               бұйрығымен. V011519_
      14. Түзетілетiн сомаға салық салынатын айналымның өзгеруi кезiнде Сатып алушыда есепке жатқызылатын салық сомасының өзгеруi негiзiнде қосымша шот-фактура жазылады.
      Қосымша шот-фактура "Д" таңбасымен жазылады, оның нақты шығарылған күнiмен күнi көрсетiледi және қосымша шот-фактура ресiмделетiн шот-фактураның нөмiрi мен күнiне сiлтемесi болуы қажет .
      Жеткiзушiлердiң шот-фактурада салық салынатын айналымның көрсетуi кезiнде, сондай-ақ сатылған тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер үшiн ақы алынған сәттен бастап қателiк жiберген жағдайларда түзетiлген сомаға Жеткiзушi түзетiлген соманы сызық белгiсiмен көрсететiн қосымша шот-фактураны есептен шығарады.
      15. Қызмет көрсетулерде Сатып алушылармен жасалған шарттарға сәйкес тұрақты түрде (үздiксiз) қызмет көрсететiн ұйымдар (банктер, ұйымдарды байланыс, энергия және жылумен жабдықтау және т.б.) бiр реттен артық емес есептi кезең жиынтығы бойынша шот-фактураларды жасайды.
      Мұндай ұйымдарда шот-фактуралар қоса берiлген орындалған жұмыстар, қызмет көрсетулер тiзiлiмiне сәйкес жазылады немесе егер банк болса, онда қоса берiлген клиенттер есебiнен банк қызмет көрсетулерi үшiн қаражат алу туралы мемориалды ордерлер тiзiлiмiне сәйкес әрбiр клиентiне жеке немесе аталған клиентпен есептi кезең iшiнде ұсталған комиссияның таратып жазған тiзiмдемесi, және аталған есептi кезең үшiн қосылған құн салығы бойынша декларацияны салық органына тапсырғаннан бiр күн кешiктiрмей сатып алушыға алып қою қажет. Сатып алушыларда мұндай шот-фактуралар бойынша қосылған құн салығы қызмет көрсетулердi (жұмыстарды) алуға жататын, сол есептi кезеңде есепке жатқызылады.
 
                   4. Көлiк-экспедиторлық қызмет көрсету және жол
                   жүру билеттерiн сату бойынша қызмет көрсетулер
                       кезiндегi шот-фактураларды жасау
 
      16. Көлiк-экспедиторлық қызмет көрсететiн, тiкелей тасымалдауды жүзеге асырмайтын салық төлеушiлер осындай салық төлеушiлер көрсеткен қызмет құны және нақты жүк жөнелтушiге келетiн тасымалдаушылардың қызмет көрсету құны көрсетiлген шот-фактуралар есептен шығарылады. Ескерту: 16-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Мемлекеттік кіріс министрінің 2001 жылғы 17 наурыздағы N 298 бұйрығымен. V011519_ 17. Жүктердi жөнелтушiлер үшiн шот-фактураларды есептен шығару осы Ереженiң 16-тармағында көрсетiлген салық төлеушiлерге тiкелей берілген тасымалдаушылармен шот-фактуралар негiзiнде жүргiзiледi, әрбiр тасымалдың көлемдерi көрсетiлген жүк жөнелтушiлер тiзiлiмi жасалады. Ескерту: 17-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Мемлекеттік кіріс министрінің 2001 жылғы 17 наурыздағы N 298 бұйрығымен. V011519_ 17-1. Осы Ереженiң 17-тармағына сәйкес берiлген шот-фактура жүк жөнелтушiлерде қосылған құн салығы есебiне жатқызу үшiн негiз болып табылады. Ескерту: 17-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Мемлекеттік кіріс министрінің 2001 жылғы 17 наурыздағы N 298 бұйрығымен. V011519_ 18. Жол жүру билеттерiн сатуды жүзеге асыратын және тiкелей тасымалды жүзеге асырмайтын салық төлеушiлер жол құны мен билеттер сату бойынша қызмет көрсетулер есебiнен оларға билет құны көрсетiлген шот-фактуралар жазады. 5. Патент негiзiнде оңайлатылған салық салу режимiнде кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалар жасаған шот-фактуралар
      19. Патент негiзiнде жұмыс iстейтiн салық төлеушiлер кәсiпкерлердiң болжаған кiрiсiнен есептелген және патент құнын айқындау кезiнде қабылданған қосылған құн салығы сомасы шегiнде шот-фактуралар жазады.
      20. Салық төлеушiлер патент беру өтiнiшiне "Шот-фактура нысандары және оларды пайдалану тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс Министрiнiң 2000 жылғы 14 шiлдедегi N 712 бұйрығының 2 қосымшасына сәйкес белгіленген нысан бойынша бос бланктар қосып бередi. Мұның өзiнде, өтiнiште қоса берiлген шот-фактуралар бланктарының саны мiндеттi түрде көрсетiлуi қажет.
      21. "Патент құны көзделген ҚҚС сомасы (теңге)" 2-бағанда шот-фактуралардың төменгi бөлiгiнде салық органы жеке тұлғаның) болжаған кірісінен есептелген және патент құнын айқындау кезінде қабылданған қосылған құн салығы сомасын ұсынады.
      22. Салық органы патент беру кезiмен бiр уақытта өзара қыстырылған және патент берген салық органы мөрiмен, сондай-ақ оның басшысы немесе оны ауыстыратын адам қолымен расталған шот-фактуралар бередi.
      23. Салық төлеушiлерге берілген салық органының мөрiмен расталған шот-фактуралар саны Патенттер беру есеп кiтабына тiркеледi, сол сияқты патент құнына кепiлдiкке алынған қосылған құн салығының сомасы көрсетiледi.
      24. Шот-фактуралардың шығарылуы кезiнде Жеткiзушi 2-бағанда "Жеткiзушi", сондай-ақ патенттiң сериясы мен нөмiрiн көрсетедi, ал төменгi бөлiгiне 3-бағанда сатып алушыларға ұсынылған оның тауарларына (жұмыстарына, қызмет көрсетулерiне) қосылған құн салығы сомасын және қосылған құн салығының пайдаланылмаған қалдық сомасын қояды.
      Көрсетiлген (қосылған құн салығының пайдаланылмаған) қалдық шегiнде Жеткiзушi алдағы уақытта шот-фактуралар жазғызып алуға құқығы бар.
      25. Барлық шот-фактуралар бланктарын пайдалану кезiнде олардың түбiршектерi (төменгi бөлiгi) мiндеттi тәртiпте оларға берген салық төлеушiнiң iсiнде сақталатын салық органына беруi тиiс. Тек қана пайдаланылған шот-фактуралар түбiршектерiн (төменгi бөлiгi) беру кезiнде, сондай-ақ қосылған құн салығының пайдаланылмаған қалдықтарының бар-жоғы кезiнде жеке адамдар қосылған құн салығы есебiн iске асыру бойынша алдағы уақытта айналымдарын жүзеге асыру үшiн салық органында расталған қосымша шот-фактуралар бланктарын алуы мүмкiн. 6. Шот-фактураларды тiркеу журналын жүргiзу 26. Жеткiзушi жазатын журнал шот-фактураларды тiркеуге арналған және осы Ереженiң 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша әрбiр есептi кезеңге олар жеке жүргiзедi. 27. Тiркеу журналы жазатын Жеткiзушiлерге шот-фактуралар есебi үшiн белгiленген және осы Ережеге N___ қосымшада келтiрiлген нысан бойынша жүргiзiледi. Шот-фактуралар журналында: 1) жазбаның реттiк саны болып табылатын жазылған шот-фактуралар нөмiрi мен күнi; 2) сатып алушының атауы, мекен-жайы және оның СТН (Салық төлеушiнiң тiркелген нөмiрi); 3) тауарды (жұмысты, қызмет көрсетудi) жеткiзуге шарт (келiсiм-шарт) нөмiрi мен күнi;
      4) салық салатын айналым (қосылған құн салығынсыз жеткiзу құны мен төлеушiлер акцизiндегi акцизделетiн тауар бойынша акцизсiз);
      5) қосылған құн салығының ставкасы мен сомасы;
      6) акциздiң ставкасы мен сомасы (төлеушiнiң акцизiндегi) көрсетiледi.
      28. Егер тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) сату бойынша айналым қосылған құн салығынан босатылса - Журналда Заңның тиiстi бабындағы (тармақ, тармақша) сiлтемемен "босатылды" деген белгi жасалады.
      Егер шот-фактурада сараланған ставка бойынша салық салынатын, сондай-ақ қосылған құн салығынан босатылғандарды iске асыру жөнiндегi айналым көрсетiлсе, онда Шот-фактураларды тiркеу журналына әрбiр айналым түрi бойынша жеке жазба жасалады, мұның өзiнде шот-фактуралар нөмiрi бiрiншi жазба бойынша бiр рет көрсетіледi.
      29. Әрбiр есептi кезең (ай, тоқсан) үшiн Журналда жиынтық енгiзіледi. Мұның өзiнде есептi кезең үшiн жиынтық сомаға алдын ала ақы (аванс) алуға жазылған шот-фактуралар бойынша сома қосылады. Аталған шот-фактураларда алдын ала төлеуге (аванс) жаздырылған қосылған құн салығы сомасы Жеткiзушiнiң нақты тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер жүргiзген есептi кезеңдегi жиынтық сомаға қосылады. Журналдың соңғы бетiндегi "Ескерту" жолына алдын ала төлеуге (аванс) жаздырылған шот-фактуралардың нөмiрi мен күнiне сiлтеме жасалады.
      30. Журнал қолмен жүргiзілген кезде оның парақтары нөмiрленуi, тiгілуi және Жеткiзушiнiң мөрi басылуы қажет. Электронды жеткiзушiлердiң Журналды жүргiзу кезiнде оның парақтары әрбiр есептi кезең үшiн басылады, басшы қолымен және ұйым мөрiмен расталады, нөмiрленедi және тiгiлген түрде сақталады. 31. Шот-фактураларды тiркеу журналы оған соңғы жазба ресiмделген күнiнен бес жыл бойы сақталады. 1 қосымша шот-фактураны толтыру кезiнде пайдаланылатын көрсеткiштердiң құрамы 1 жол - шот-фактураның нөмiрi және оны толтыру күнi көрсетiледi; 2 жол - құрылтайшы құжаттарына сәйкес жеткiзушiнің толық атауы көрсетiледi; 2а жолы - жеткiзушiнiң (құрылтайшы құжаттарына сәйкес) СТТН-ы және заңды мекен-жайы көрсетiледi;
      2б жолы - жеткiзушiнiң есеп шоты және осы есеп шот ашылған банкiнiң атауы (банк операцияларының кейбiр түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар) көрсетiледi;
      3 жол - тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) жеткiзуге жеткiзушi мен сатып алушы арасында жасалған шарттың (келiсiм-шарттың) нөмiрi мен күнi көрсетiледi;
      3а жолы - тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) (касса арқылы қолма-қол ақша қаражаттарының есебi, аударым арқылы есеп айырысу, тауар айырбасы (баспа-бас айырбас) және т.б. бойынша) жеткiзуге шартқа (келiсiм-шартқа) сәйкес сатып алушы сатып алған тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) төлеудің жағдайы көрсетiледi;
      4 жол - жеткiзiлетiн тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) жеткiзiлу мекенi көрсетiледi;
      5 жол - сенiмхаттың күнi мен нөмiрi көрсетiледi (егер тауарларды жеткiзу жеткiзушiнiң сенiмхаты бойынша жүзеге асырылатын болса ғана толтырылады);
      6 жол - тауарларды жiберу тәсiлi (көлiк түрi) көрсетіледi;
      7 жол - тауар-көлiк құжаттамасын (Қазақстан Республикасының кеден аумағы шегiнен тауарларды сату кезiнде мiндеттi) жазып беру нөмiрi мен күнi көрсетiледi;
      8 жол - тауарларды жiберудi жүзеге асыратын ұйымның (жеке тұлғаның) СТТН-ы, толық атауы және заңды мекен-жайы көрсетiледi;
      9 жол - тауарды алуды жүргiзетiн ұйымның (жеке тұлғаның) СТТН-ы, толық атауы және заңды мекен-жайы көрсетіледi. Егер тауарларды алуды жүзеге асыратын ұйымның (жеке тұлғаның) орналасқан жерi басқа мемлекет болатын болса, онда СТТН осы мемлекеттiң заңдарына сәйкес көрсетiледi.
      Жұмыстар мен қызмет көрсетулерге байланысты 6-10 жолдар толтырылмайды;
      10 жол - құрылтай құжаттарына сәйкес сатып алушының толық атауы көрсетiледi;
      10а жолы - сатып алушының (құрылтай құжаттарына сәйкес) СТТН-ы және заңды мекен-жайы көрсетiледi. Егер тауарларды алуды жүзеге асыратын ұйымның (жеке тұлғаның) орналасқан жерi басқа мемлекет болатын болса, онда СТТН осы мемлекеттің заңдарына сәйкес көрсетіледi.
      10б жолы - сатып алушының есеп шот нөмiрi және осы есеп шот ашылған банкiнің атауы (банк операцияларының кейбiр түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар) көрсетіледi.
      1 баған - рет бойынша нөмiр;
      2 баған - тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) атауы және олардың модельдерiнiң нөмiрiн, типiн, мөлшерiн, параметрлерiн және т.с.с. қоса техникалық мiнездемесi;
      3 баған - осы тауар бойынша қабылданған өлшем бiрлiгі (сандар, метрлер, килограммдар, литрлер және басқалары);
      4 баған - ол бойынша қабылданған өлшем бiрлiгiн ескерiп тауардың шот-фактурасы бойынша сатылғандардың (тиеліп жiберiлгендердің) саны. Жұмыстар (қызмет көрсетулер) бойынша жұмыс (қызмет көрсету) жеткiзуге шартқа (келiсiм-шартқа) сәйкес жұмысты (қызмет көрсетудi) орындауға жататын көлем көрсетiледi;
      5 баған - Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында ҚҚС-сыз өлшем бiрлiгi үшiн шарт (келiсiм-шарт) бойынша тауардың бағасы көрсетіледi. Егер тауарларды жеткiзу сыртқы сауда шарттары (келiсiм-шарттары) бойынша жүргiзiлетiн болса, онда өлшем бiрлiгi үшiн тауар бағасы осы шарттың (келiсiм-шарттың) валютасында көрсетіледi;
      6-баған - Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында ҚҚС-сыз акцизделетiн тауарлар бойынша акциз есебiмен салық салынатын айналым көрсетiледi. Егер тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) жеткiзу сыртқы сауда келiсiмi (келiсiм-шарты) бойынша жүзеге асырылса, салық салынатын айналым осы келiсiм (келiсiм-шарт) валютасында көрсетiледi.
      Ескерту: жиырма екінші абзац жаңа редакцияда жазылды - ҚР Мемлекеттік
               кіріс министрінің 2001 жылғы 17 наурыздағы N 298
               бұйрығымен. V011519_
 
      7 және 8 бағандар - 2 бағанда көрсетiлген тауар (жұмыс, қызмет көрсету) бойынша есептелген қосылған құн салығының ставкасы және сомасы көрсетiледi. Қосылған құн салығынан босатылған тауарды (жұмысты, қызмет көрсетудi) сату кезiнде осы бағандарда бос жер қалдырылады;
      9-баған - қосылған құнға салық есебiмен әрбiр тауардың (жұмыс, қызмет көрсетудiң) атауы бойынша төлеуге жататын сома көрсетiледi. Қосылған құн салығынан босатылған тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) өткiзген жағдайда, олардың ҚҚС-сыз құны көрсетiледi;
      Ескерту: жиырма төртінші абзац жаңа редакцияда жазылды - ҚР
               Мемлекеттік кіріс министрінің 2001 жылғы 17 наурыздағы N 298
               бұйрығымен. V011519_
 
      10 және 11-бағандар - Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес акциз төлеушілер болып табылатын тұлға 2-бағанда көрсетiлген акцизделетін тауар бойынша есептелген ставканы және соманы көрсетеді. Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес акциз есептеу жүргізілетiн акцизделетін тауарды өткізу кезінде осы бағандарға сызық қойылады;
      Ескерту: жиырма бесінші абзац жаңа редакцияда жазылды - ҚР
               Мемлекеттік кіріс министрінің 2001 жылғы 17 наурыздағы N 298
               бұйрығымен. V011519_
 
      11 баған - қосылған құн салығын ескерiп тауардың (жұмыстың, қызмет көрсетудiң) әрбiр атауы бойынша төленуге тиiс сома көрсетіледi. Қосылған құн салығынан босатылған тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) жеткiзушi сатқан жағдайда ҚҚС-сыз құн көрсетiледi;
      "Шот бойынша барлығы" жолы - 6, 8 және 10 бағандардың жиынтық жолдарының сомасы ретiнде есептелген, сатып алынған тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) үшiн сатып алушы төлеуге тиiс сома көрсетiледi.
      Кәсіпкерлiк қызметпен айналысатын және патент негiзiнде салықтар төлейтiн тұлғалар шот-фактураны жасау кезiнде мынадай көрсеткiштердi пайдаланады.
      11 жол - патенттiң сериясы мен нөмiрi көрсетiледi;
      1 баған - 11 және 11а жолдарының мәлiметтерi көрсетiледi;
      2 баған - Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында патент құны қарастырылған ҚҚС сомасы көрсетiледi. Екiншi және одан кейiнгi шот-фактураларды жасау кезiнде бұрынғы шот-фактураның 4 бағанында көрсетiлген ҚҚС сомасы осы бағанда көрсетіледi;
      3 баған - "ҚҚС" 8 бағаны бойынша ҚҚС-тың жиынтық сомасы көрсетiледi;
      4 баған - Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында 2 және 3 бағандардың айырымы көрсетiледi.
2 қосымша
 
 
      Ескерту: 2 қосымша өзгертілді - ҚР Мемлекеттік кіріс министрінің 2001 жылғы 17 наурыздағы N 298 бұйрығымен. V011519_ ______________________________________________ заңды тұлғаның немесе оның бөлімшесінің, жеке _____________________________________________ тұлғаның толық атауы жеткізушісі бойынша 200__ жылғы_____ айы (тоқсаны) үшін Шот-фактураларды тіркеу журналы _____________________________________________________________________ |р/с| |Шот-фак.|Сатып |Сатып |Тауарларды | ҚҚ-сыз жеткізу | | N |Шот-фак.|тураның |алушының|алушы.|(жұмыстарды,| құны теңге | | |тураның |шыққан |атауы, |ның |қызмет көр. | | | | N |күні |мекен- |СТТН |сетулерді) | | | | | |жайы | |жеткізу шар.| | | | | | | |тының (келі.| | | | | | | |сім-шартының) | | | | | | | N күні | | |___|________|________|________|______|____________|________________| | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | |___|________|________|________|______|____________|________________| |___|________|________|________|______|____________|________________| |___|________|________|________|______|____________|________________| |___|________|________|________|______|____________|________________| | Жиынтығы: | | | |_____________________________________|____________|________________| таблицаның жалғасы ___________________________________________ | | | | | ҚҚС | Барлық | Акциз | ___________________сатылған|_______________| | | | құны, | | | | | | теңге | | | | Ставка | Сома | | Ставка | Сома | | | | | | | | | | | | | |________ |_______|________|________|______| | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | |________ |_______|________|________|______| |________ |_______|________|________|______| |________ |_______|________|________|______| |________ |_______|________|________|______| | | | | | | |_________|_______|________|________|______| Ескерту: Ұйым басшысы (жеке тұлға) ____________________________ (аты-жөні, қолы) М.О. Ұйымның бас бухгалтері ____________________________ (аты-жөні, қолы) БЕРДІ(жеткізушінің жауапты адамы) ____________________________ (лауазымы) ____________________________ (аты-жөні, қолы)
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік кіріс Министрінің 2000 жылғы 14 шілде N 712 бұйрығына 1-қосымша
Ескерту: Қосымша өзгертілді - ҚР Мемлекеттік кіріс министрінің 2001 жылғы 17 наурыздағы N 298 бұйрығымен. V011519_ 200_____ж._____N_____ Шот-фактура(1) Жеткізуші___________________________________________________(1) Жеткізушінің СТТН-і және мекен-жайы_________________________(2а) Жеткізушінің есеп айырысу шоты________________N_____________(2б) Тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) жеткізуге шарт (келісім-шарт)_____________________N________________________(3) Шарт (келісім-шарт) бойынша төлем жағдайы___________________(3а) Ұсынылған тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) тағайындалған орны___________________________________________ _____________________________________________________________(4) (мемлекет, аймақ, облыс, қала, аудан) ________________N_____________куәлігі бойынша тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) жүзеге асты (5) Жөнелту тәсілі ______________________________________________(6) ________________N___________________ тауар-көлік құжаттамасы (7) Жүк жөнелтуші________________________________________________(8) (СТТН, атауы және мекен-жайы) Жүк қабылдап алушы___________________________________________(9) (СТТН, атауы және мекен-жайы) Сатып алушы__________________________________________________(10) Сатып алушының СТТН-і және мекен-жайы________________________(10а) Сатып алушының есеп айырысу шоты_______________N_____________(10б) ___________________________________________________________ |р/с| | | | |ҚҚ-сыз тауарлар | | N |Тауарлар | | | |(жұмыстар қызмет | | |(жұмыстар|Өлшем |Саны |Бағасы|көрсетулер) құны | | |қызмет |бірлігі|(көлемі)| | | | |көрсету. | | | | | | |лер) | | | | | | |атауы | | | | | | | | | | | | |___|________ |_______|________|______|___________________| | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | |___|________ |_______|________|______|____________ ______| |___|________ |_______|________|______|___________________| |___|________ |_______|________|______|___________________| |___|________ |_______|________|______|___________________| | Шот бойынша барлығы: | | |_____________________________________|___________________| таблицаның жалғасы ___________________________________________ | | | | | ҚҚС | | Акциз | __________________|Сатудың |_______________| | | |барлық | | | | | | құны | | | | Ставка | Сома | | Ставка | Сома | | | | | | | | | | | | | |________ |_______|________|________|______| | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | |________ |_______|________|________|______| |________ |_______|________|________|______| |________ |_______|________|________|______| |________ |_______|________|________|______| | | | | | | |_________|_______|________|________|______| Ұйым басшысы БЕРДІ(жеткізушінің жауапты адамы) ____________________________ ____________________________ (аты-жөні, қолы) (қызметі) М.О. ____________________________ Ұйымның бас бухгалтері (аты-жөні, қолы) ____________________________ (аты-жөні, қолы) Ескерту: Мөрсіз жарамайды. Түпнұсқа (бірінші дана) - сатып алушыға. Көшірме (екінші дана) - жеткізушіге.
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік кіріс Министрінің 2000 жылғы 14 шілде N 712 бұйрығына 2-қосымша
Ескерту: Қосымша өзгертілді - ҚР Мемлекеттік кіріс министрінің 2001 жылғы 17 наурыздағы N 298 бұйрығымен. V011519_ 200_____ж._____N_____ Шот-фактура (1) Жеткізуші___________________________________________________(2) Жеткізушінің СТТН-і және мекен-жайы_________________________(2а) Жеткізушінің есеп айырысу шоты________________N_____________(2б) Тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) жеткізуге шарт (келісім-шарт)_____________________N________________________(3) Шарт (келісім-шарт) бойынша төлем жағдайы___________________(3а) Ұсынылған тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) тағайындалған орны___________________________________________ _____________________________________________________________(4) (мемлекет, аймақ, облыс, қала, аудан) ________________N_____________куәлігі бойынша тауарлар (5) (жұмыстар, қызмет көрсетулер) жүзеге асты Жөнелту тәсілі ______________________________________________(6) ________________N___________________ тауар-көлік құжаттамасы (7) Жүк жөнелтуші________________________________________________(8) (СТТН, атауы және мекен-жайы) Жүк қабылдап алушы___________________________________________(9) (СТТН, атауы және мекен-жайы) Сатып алушы__________________________________________________(10) Сатып алушының СТТН-і және мекен-жайы________________________(10а) Сатып алушының есеп айырысу шоты_______________N_____________(10б) ___________________________________________________________ |р/с| | | | |ҚҚ-сыз тауарлар | | N |Тауарлар | | | |(жұмыстар қызмет | | |(жұмыстар|Өлшем |Саны |Бағасы|көрсетулер) құны | | |қызмет |бірлігі|(көлемі)| | | | |көрсету. | | | | | | |лер) | | | | | | |атауы | | | | | | | | | | | | |___|________ |_______|________|______|___________________| | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | |___|________ |_______|________|______|____________ ______| |___|________ |_______|________|______|___________________| |___|________ |_______|________|______|___________________| |___|________ |_______|________|______|___________________| | Шот бойынша барлығы: | | |_____________________________________|___________________| таблицаның жалғасы ___________________________________________ | | | | | ҚҚС | | Акциз | __________________|Сатудың |_______________| | | |барлық | | | | | | құны | | | | Ставка | Сома | | Ставка | Сома | | | | | | | | | | | | | |________ |_______|________|________|______| | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | |________ |_______|________|________|______| |________ |_______|________|________|______| |________ |_______|________|________|______| |________ |_______|________|________|______| | | | | | | |_________|_______|________|________|______| Ұйым басшысы БЕРДІ(жеткізушінің жауапты адамы) ____________________________ ____________________________ (аты-жөні, қолы) (қызметі) М.О. ____________________________ Ұйымның бас бухгалтері (аты-жөні, қолы) ____________________________ (аты-жөні, қолы) --------------------------------------------------------------------- (кесу сызығы) 200_____ж._____N_____ Шот-фактура(1) Жеткізуші_________________(2) Жеткізушінің СТТН-і және мекен-жайы__________________(2а) Патенттің Серия, N _________________________(11) ___________________________________________________________ |Сатып алушының |Патент құнында|Сатып алушыға |ҚҚС қалдығы| |атауы, СТТН-і |көзделген ҚҚС |ұсынылған ҚҚС |(теңге) | |және мекен-жайы|сомасы (теңге)|сомасы (теңге)| | |_______________|______________|______________|___________| | 1 | 2 | 3 | 4 | |_______________|______________|______________|___________| |_______________|______________|______________|___________| |_______________|______________|______________|___________| Жеткізуші(ұйым басшысы) СК төрағасы________________ _________________________ (аты-жөні, қолы) (аты-жөні, қолы) М.О. М.О. Мамандар: Омарбекова А.Т. Қасымбеков Б.А.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады