Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010.08.04 № 395 (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
"Бюджет жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңынаөзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 6 желтоқсандағы Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
"Мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есеп жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық департаментінің 1998 жылғы 27 қаңтардағы N 30 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
осы бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есеп жөніндегі нұсқаулықта (бұдан әрі - Нұсқаулық):
4-тармақтың екінші абзацы алынып тасталсын;
32-тармақта:
099, 113, 151, 204, 239, 249-қосалқы шоттардың атауындағы "және гранттарды", "және гранттарға", "және гранттар" деген сөздер алынып тасталсын;
191-қосалқы шоттың атауындағы "мемлекеттік әлеуметтік" деген сөздер алынып тасталсын;
38-тармақтың бірінші абзацындағы "офис жабдықтары," деген сөздерден кейін "арттехқару-жарақ (сауытты техника, атыс қаруы, оптикалық аспаптар, жеке сауытты қорғаныш құралдары, әскери химиялық мүлік, радиациялық және химиялық барлау құралдары, инженерлік қару-жарақ құралдары)" деген сөздермен толықтырылсын;
42-тармақтың 1) тармақшасындағы "көліктік малдарды" деген сөздерден кейін ", қызметтік иттерді" деген сөздермен толықтырылсын;
60-тармақтағы "көркем құндылықтар" деген сөздерден кейін "арттехқару-жарақ" деген сөздермен толықтырылсын;
79-тармақтың үшінші және төртінші абзацтарындағы "081" деген саннан кейін ", 140, 230" деген сандармен толықтырылсын;
82-тармақтағы "металдар" деген сөзден кейін ", ату жарақтары, белсенді өңдеу, арнайы өңдеу және газсыздандыру құралдары" деген сөздермен толықтырылсын;
115-тармақтың оныншы абзацындағы "лимиттердің" деген сөздің алдынан "Рұқсаттардың негізінде" деген сөздермен толықтырылсын;
121-тармақтағы "49" ден саннан кейін " және 2000 жылғы 17 наурыздағы N 126 " деген сөздермен толықтырылсын;
124-тармақтың бірінші абзацындағы "лимиттердің" деген сөздің алдынан "рұқсаттардың негізінде бөлінген" деген сөздермен толықтырылсын;
132-тармақ мынадай мазмұндағы жетінші абзацпен толықтырылсын:
"Бұдан басқа, 112-қосалқы шотта түзету мекемелерінің сотталған адамдары орындаған жұмыстар үшін депозиттік шотқа түскен ақшалай қаражат ескеріледі, бұл ретте 112-қосалқы шот дебеттеледі және 179-қосалқы шот кредиттеледі";
136-тармақтың жетінші абзацындағы "жоғарыда аталған Уақытша тәртіппен" деген сөздер "жоғарыда көрсетілген Ережемен" деген сөздермен ауыстырылсын;
148-тармақта:
1) тармақша мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"егер міндеттеме борышкердің қайтыс болуымен аяқталған жағдайда, егер атқару борышкердің өзінің қатысуынсыз жүргізіле алмаса, не міндеттеме өзгеше түрде борышкердің жеке басымен тығыз байланысты болса";
2) тармақша мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
"егер кредитор борышты кешірген жағдайда, егер борыштан босату туралы шешімді кредитор мүлкінің меншіктенушісі немесе оған уәкілетті тұлға қабылдаған жағдайда";
157-тармақтың бірінші абзацындағы "Қазақстан Республикасы Президентінің "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Заң күші бар Жарлығына" деген сөздер "Салық және бюджетке түсетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі)" деген сөздермен ауыстырылсын;
172-тармақ мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:
"Бұдан басқа, 174-қосалқы шотта сотталғандар мен тергеуге алынып сотталған тұлғалардан алынған сомасы мен жеке ақшалары ескеріледі, 174-қосалқы шоттың дебетіне атқару парағы бойынша сотталғандардың жалақыдан ұсталған сомасы, зейнетақылары, жәрдемақылары және өзге де табыстары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен көзделген сотталғандар пайдаланған шығыстарға арналған қаражат жазылады, бұл ретте 17, 18-шоттардың тиісті қосалқы шоттары кредиттеледі. 174-қосалқы шоттың кредитіне сотталғандар мен тіркеуге алынып тұтқындалған тұлғалардың дербес шотына есептелген жалақы, зейнетақы, жәрдемақы және өзге де табыстар жазылады, бұл ретте 189-қосалқы шот дебеттеледі";
174-тармақтың екінші абзацындағы алтыншы сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:
"Талаптың көнелік мерзімі өткеннен кейін депоненттік берешектің талап етілмеген сомасы есептерді түгендеу актісінің, актіге анықтаманың, Комиссияның түгендеу хаттамасының негізінде тиісті бюджетке аударуға жатады және есепте 177-қосалқы шоттың дебеті бойынша және 173-қосалқы шоттың кредиті бойынша көрсетіледі";
175-тармақтың екінші абзацындағы "әскери қызметшілерді және құқық қорғау органдарының қызметкерлерін мемлекеттік міндетті дербес сақтандыруға сондай-ақ мемлекеттік қызметшілерді мемлекеттік сақтандыруға" деген сөздер "мемлекеттік мекемелердің қызметкерлерін мемлекеттік міндетті дербес сақтандыруға" деген сөздермен ауыстырылсын;
176-тармақ мынадай мазмұндағы жетінші абзацпен толықтырылсын:
"179-қосалқы шотта сол сияқты түзету мекемелері сотталғандарының көрсеткен қызмет үшін шаруашылық жүргізуші субъектілермен жасалған есептер ескеріледі. Депозиттік шотқа орындалған жұмыстар, қызметтер үшін түзету мекемелері сотталғандарының жалақысы түскен кезде қызметтер 112 дебеттеледі және 179 кредиттеледі. Түзету мекемелері сотталғандары жалақысының, зейнатақыларының, жәрдемақыларының және өзге де табыстарының сомасы 189-қосалқы шоттың кредитіне жазылады, бұл ретте 179-қосалқы шот дебеттеледі";
180-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік бюджеттің қаражаты есебінен жалақы, стипендия, зейнетақы, жәрдемақы және басқа да ақшалай төлемдерді төлеудің тәртібін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 28.09.1999 ж. N 1464 қаулысына сәйкес мемлекеттік мекемелердің қызметкерлеріне жалақы, стипендия және басқа да ақшалай төлемдер салымдар бойынша дербес шоттарға немесе Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 17.11.2000 ж. N 488 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мекемелердің қызметкерлеріне және стипендиаттарға екінші деңгейдегі банктер және банктік операциялардың тиісті түрлеріне арналған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы бар ұйымдар арқылы жалақы, стипендия және басқа да ақшалай төлемдер төлеу туралы нұсқаулыққа сәйкес карт-шоттарға олардың сомасын есептеу жолымен алушының таңдауы бойынша банктік операциялардың тиісті түрлеріне арналған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы бар ұйымдар арқылы жүргізіледі.
Ерекше жағдайларда, облыстық Қазынашылық басқармасы, Астана, Алматы қалалары Қазынашылық басқармасы және Қазынашылық аумақтық бөлімшелері басшысының жазбаша рұқсаты бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 17.11.2000 ж. N 488 бұйрығымен бекітілген Қазынашылық аумақтық бөлімшелерінің чектерін мемлекеттік мекемелердің пайдалану тәртібі туралы нұсқаулыққа сәйкес Қазынашылық комитетіне кейіннен хабарлай отырып, жалақы, стипендия және басқа да ақшалай төлемдерді беруге арналған Қазынашылық аумақтық бөлімшелерінің чектері бойынша ақша беруге жол беріледі.";
182-тармақтың үшінші абзацында бірінші сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:
"Стипендия төлеу осы Нұсқаулықтың 180-тармағына сәйкес жүргізіледі";
189-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
"Бұдан басқа, 189-қосалқы шотта жалақы, зейнетақылар, жәрдемақылар және өзге де табыстар бойынша түзету мекемелерінің сотталғандарымен есеп айырысулар ескеріледі. 189-қосалқы шоттың кредитіне есептелген жалақының, зейнетақының, жәрдемақылардың және өзге де табыстардың сомасы жазылады, бұл ретте 179-қосалқы шот дебеттеледі. Сотталғандар мен тергеуге алынып тұтқындалған тұлғалардың дербес шоттарына жалақы, зейнетақы, жәрдемақы және өзге де табыстар есептелген кезде 189-қосалқы шот дебеттеледі және 174-қосалқы шот кредиттеледі";
191-тармақтың екінші абзацындағы және 191-1-тармақтың бірінші абзацындағы "мемлекеттік әлеуметтік" деген сөздер алынып тасталсын;
192-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"198 "Жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналары бойынша есеп айырысулар" қосалқы шотында мемлекеттік мекемелер жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналары бойынша есеп айырысуларды ескереді. Әрбір жеке тұлғадан міндетті зейнетақы жарналарын ұстау 180-қосалқы шоттың дебеті бойынша және 198-қосалқы шоттың кредиті бойынша көрсетіледі. Жинақтаушы зейнетақы қорларына ұсталған міндетті зейнетақы жарналарын аударған кезде 198-қосалқы шот дебеттеледі және 09, 10, 11-ақшалай қаражат шоттарының тиісті қосалқы шоттары кредиттеледі";
екінші абзацтағы "451-н." деген сөздің алдынан "көшірмесін жылына бір рет жеке тұлғаға (қызметкерге) беретін" деген сөздермен толықтырылсын;
196-тармақ мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасы Үкіметі шешімінің негізінде өтеусіз негізде бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне білім беруге немесе жарғылық капиталын толықтыруға бөлінген ақшалай қаражатты аударған кезде бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі есептен шығыстарды шығаруды 200-қосалқы шоттың дебеті бойынша және 090, 100-қосалқы шоттардың кредиті бойынша жүргізеді";
199-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"154 "Бекітілген қаржыландыру жоспарынан тыс кредиторлармен есеп айырысу" қосалқы шоты бойынша кредиторлық берешекті өтеуге есепті жылы ақшалай қаражат бөлінген жағдайда жыл аяқталғаннан кейін жүргізілген шығыстарды 230, 140-қосалқы шоттардың дебетіне есептен шығару жолымен 208-қосалқы шот жабылады";
Нұсқаулыққа "Негізгі бухгалтерлік операциялар бойынша қосалқы шоттардың хабарламасы" қосымшасы осы бұйрыққа N 1 қосымшаға сәйкес
жаңа редакцияда жазылсын;
Нұсқаулыққа "Жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы
жарналарының N _______ есептеу карточкасы" қосымшасы осы бұйрыққа N
2 қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
Нұсқаулыққа "Жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы
жарналарын есептеу жөніндегі ведомосы" қосымшасы осы бұйрыққа N 3
қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Төрайым
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
Қазынашылық комитетінің
2002 жылғы 2 тамыздағы
N 353 бұйрығына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
Қазынашылық департаментінің
1998 жылғы 27 қаңтардағы
N 30 нұсқаулығына
қосымша
Негізгі бухгалтерлік операциялар бойынша
қосалқы шоттардың хабарламасы
____________________________________________________________________ | |Қосалқы шоттардың нөмірі
| |_________________________
| | дебет | кредит
| Операциялардың мазмұны | бойынша | бойынша ____________________________________________________________________1 | 2 | 3 | 4 ____________________________________________________________________ 1 бөлiм. Активтер
1 Қайтадан тұрғызылған ғимараттарды, 010-012 250
құрылыстарды және ауыспалы
қондырғыларды немесе ғимараттар мен
үй-жайларды қайта құру жөнiндегi жұмыстарды
пайдалануға қабылдау
2 Машиналар мен жабдықтарды, көлiк құралдарын, 013-019 090, 100
аспаптарды, өндiрiстiк (керек-жарақтарды 111, 118
қоса алғанда), шаруашылық құрал-саймандарды, 178, 179
жұмыстық және өнiм беретiн малдарды,
кiтапхана қорына қосылатын кiтаптарды және
басқа да активтердi сатып алу
Бiр уақытта екiншi жазба жүргiзiледi 200, 211, 250
213
3 Машиналар мен жабдықтарды, көлік 013, 015, 151
құралдарын, құрал-саймандарды және басқа 016, 019
активтерді сатып алу
Бір уақытта екінші жазба жүргізіледі 204 250
4 Активтердi қайтарусыз алу 010-019 020,021,
250
5 Шаруашылық тәсiлмен дайындалған активтердi 016, 019 084
(жиһаздар және т.б.) кiрiске алу
Бiр уақытта екiншi жазба жүргiзiледi 200, 211 250
6 Мүлiктердi түгендеу кезiнде анықталған 010-019 250
активтердiң артығын кiрiске алу
7 Активтердi қайтарусыз беру 020, 021, 010-019
250
8 Пайдаланылмайтын жабдықтардың, көлiк 020, 250 013-016,
құралдарының және т.б. артығын сату 019, Бюджеттің кiрiсiне түскен және есепке
алуға жататын сомаларға бiр уақытта 090, 100, 173
екiншi жазба жүргiзiледi. 120, 178
9 Пайдаға жарамсыз деп танылған активтердi 020, 250 010-019
есептен шығару
10 Активтерді және арзан құнды және тез
тозатын заттарды тарату туралы алынған:
сатуға және бюджеттің кірісіне 063, 064, 173
есептеуге жататын 067, 069
мемлекеттік мекеменің шаруашылық 063, 064 140, 230
мұқтаждықтар үшін қалдырылған 067, 069
материалдардың құнын кіріске алу
11 Түгендеу кезінде анықталған және 020, 250 013-019
мемлекеттік мекеменің есебiнен
қабылданған кем активтердi есептен
шығару
12 Кiнәлi тұлғалардың есебiне жатқызылған 020, 250 013-019
мүлiктердi түгендеу кезiнде анықталған
жетiспеушiлiктердiң салдарынан
активтердi есептен шығару
Бюджет кiрiсiне кiнәлi тұлғалардан
төлеттiрiп алынатын сомаларға бiр 170 173
уақытта екiншi жазба жүргiзiледi
13 Заттарды активтердiң құрамынан арзан 020, 250 013-019
құнды және тез тозатын заттардың
құрамына ауыстыру
Бiр уақытта арзан құнды және тез
тозатын заттарды кiрiске алуға екінші 070, 071 260
жазба жүргiзiледi
14 Тозу сомасынан желтоқсанның соңғы 250 020, 021
жұмыс күнiн есептеу
15 Сыртқы заемдардың есебінен алынған
активтердің тозуын есептеу 250 020
2 бөлiм. Материалдық запастар
16 Өндiрiстен қоймаға берiлген дайын 030, 031 080, 081,
бұйымдарды және өнiмдердi кiрiске алу 400
17 Қосалқы шаруашылықтың дайын бұйымдары 280, 281 030, 031
мен өнiмдерiн сату
18 Қосалқы шаруашылықтың дайын өнiмдерiн 061, 065 031
мемлекеттік мекемелердің мұқтаждары үшiн 067
беру
19 Жыл аяғында ауылшаруашылық өнiмдерiнiң
жоспарланған және іс өзiндiк құнының
арасындағы айырмашылықтарды есептен
шығару (қайта шығындау) оның iшiнде:
қоймада тұрған сатылмаған өнiмдi, 031 081
сатылған өнiмдi 281 081
20 Құрылыс үшiн берушiден жабдықтар мен 040, 041 150
құрылыс материалдарын алу
21 Күрделi құрылыс үшiн мердiгерлiк 150 040, 041
ұйымдарға жабдықтар мен құрылыс
материалдарын беру
22 Шаруашылық әдiспен орындалатын жаңа 203, 212 040, 041
құрылыс объектiлерiне жұмсалған
жабдықтар мен құрылыс материалдарын
есептен шығару
23 Түгендеу кезінде анықталған 040, 041 143, 231
жабдықтар мен құрылыс материалдарының
артығын кiрiске алу
24 Ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындау үшiн 043 060
ғылыми бөлiмшелердi немесе өнер
туындыларын, мұражай құндылықтарын және
сәулет ескерткiштерiн қалпына келтiру
және жөндеу үшiн шеберханаларды ұзақ
уақыт пайдаланылатын материалдарды
қоймадан алуы
25 Жұмсалған ұзақ пайдаланылатын 083, 043
материалдарды есептен шығару 200, 211
26 Тапсырыс берушіге тақырып аяқтал.
ғаннан кейін қайтарылмаған және мына:
активтер 013, 016 020, 250
арзан құнды және тез тозатын 071 260
материалдар түрiнде пайдаланылатын
арнайы жабдықтарды пайдалануы мүмкiн 060, 063 140
баға бойынша кiрiске алу
27 Бордақылау үшiн мал сатып алу 050 111,178,
248
28 Жоспарланған өзiндiк құн бойынша жас 050 081,140,
төлге қосылған салмақты және төлдi 230,400
есепке алу
29 Мемлекеттік мекеменің есебiнен 081, 140, 050
бордақыдағы өлген төлдер мен малдарды 230, 400
есептен шығару
30 Малдар өлген кезде жоспарланған баға 031 050
бойынша мал өнiмдерiн кiрiске алу
31 Мал шаруашылығы өнiмдерiнiң 031, 050 081, 400
жоспарланған өзiндiк құны
және сатылмаған өнім құнына жататын
бөлігіндегі жас төлдің қосылған
салмағының құны арасындағы айырмашылық
сомасын есептен шығару
(артық жұмсау)
32 Материалдар мен тамақ өнiмдерiнiң түсуi 060-069 090,100,
111,118,
160, 178,
179
33 Материалдар мен тамақ өнiмдерiнің 060-069 113, 151
түсуі
34 Материалдар мен тамақ өнімдерін қайта 084 061, 063,
өңдеуге жіберу 065, 067 35 Дайындаудан және қайта өңдеуден 061, 063, 084
түскен материалдарды кіріске алу 064, 065,
067
36 Түгендеу кезiнде анықталған 060-067, 140, 230,
материалдар мен тамақ өнiмдерiнiң 069 400
артығын кiрiске алу
37 Өтеусiз алынған материалдарды
кiрiске алу 060-067, 069 140,230
38 Растайтын құжаттардың негiзiнде 200,202, 060-065,
жұмсалған материалдар мен тамақ 204,211,213 067,069
өнiмдерiн есептен шығару
39 Растайтын құжаттардың негізінде 204 060-065,
жұмсалған материалдар мен тамақ 067, 069
өнімдерін есептен шығару
40 Артық және пайдаланылмайтын 090, 100, 060-067,
материалдарды сату 120, 178 069
Бiр уақытта қаржыландыруды азайтуға 140, 230 173
жазба жүргiзiледi
41 Шыққан материалдарды белгiленген 140, 143, 040,041,
норма шегiнде, сондай-ақ мемлекеттік 230, 231 060-067,
мекеменің есебiнен қабылданған 069
жетiспеушiлiктi және бұзылуынан
жоғалған заттарды есептен шығару
42 Кiнәлi тұлғалардың есебiне жатқызылған 170 060-067,
кем шыққан және жоғалған материалдар 069
мен тамақ өнiмдерiн есептен шығару
43 Бюджет есебiнен қаржыланатын жұмыс 067 140, 230
жасайтын аттардан жас төлдi сатып алу
құны бойынша кiрiске алу
3 бөлiм. Арзан бағалы және тез тозатын заттар
44 Арзан құнды және тез тозатын заттарды, 070,072 090,096, iш киiмдердi, төсек орын жабдықтарын, 100,111,
киiмдер мен аяқ-киiмдердi сатып алу 112,118,
160,178, 179
Бiр уақытта екiншi жазба жүргiзiледi 200, 211, 260
213
45 Қайта өңдеуден түскен арзан бағалы 070, 072 084
және тез тозатын заттарды, iш киiмдердi,
төсек орын жабдықтарын, киiмдер мен
аяқ-киiмдердi кiрiске алу
Бiр уақытта екiншi жазба жүргiзiледi 200, 211 260
46 Қоймадан арзан құнды және тез тозатын
заттарды:
актив құнының бiр өлшем бiрлiгiн қоса 260 070
лимиттiң 1/10 дейiн (комплект)
актив құнының бiр өлшем бiрлiгiне
лимиттiң 1/10 жоғарысын (комплект)
пайдалануға беру 071 070
47 Қоймадан iш киiмдердi, төсек орын
жабдықтарын, киiмдер мен аяқ-киiмдердi:
актив құнының бiр өлшем бiрлiгiне қоса
лимиттiң 1/10 дейiн (комплект)
актив құнының бiр өлшем бiрлiгiне 260 072
лимиттің 1/10 жоғарысын (комплект)
пайдалануға беру 073 072
48 Түгендеу кезiнде анықталған арзан 070-073 260
құнды және тез тозатын заттардың,
iш киiмдердiң, төсек орын
жабдықтарының, киiмдер мен аяқ-
киiмдердiң артығын кiрiске алу
49 Пайдалануға жарамсыз арзан құнды және 260 071, 073
тез тозатын заттарды, iш киiмдердi,
төсек орын жабдықтарын, киiмдер мен
аяқ-киiмдердi есептен шығару
50 Жөндеуге мемлекеттік мекемелердің 063, 064 140, 230
шаруашылық мұқтаждарына 067, 069
қалдырылған арзан құнды және тез тозатын
заттарды, iш киiмдердi, төсек орын
жабдықтарын, киiмдер мен аяқ-киiмдердi
таратудан алынған материалдардың құнын
кiрiске алу
51 Пайдаланылмайтын арзан құнды және тез 260 070-073
тозатын заттардың, iш киiмдердiң, төсек
орын жабдықтарының, киiмдер мен
аяқ-киiмдердiң артығын сату
Бюджеттiң кiрiсiне есептелуге жататын 090, 100, 173
сомаларға бiр уақытта екiншi жазба 120, 178
жүргiзiледi
52 Түгендеу кезінде анықталған:
мемлекеттік мекеменің есебіне 260 070-073
қабылданған 170 070-073
кiнәлi тұлғаларға жатқызылған
кем шыққан арзан құнды және тез
тозатын заттарды, iш киiмдердi, төсек
орын жабдықтарын, киімдер мен
аяқ-киiмдердi есептен шығару
Бюджет кiрiсiне беруге жататын сомаларға 260 173
бiр уақытта екiншi жазба жүргiзiледi
4 бөлiм. Өндiрiске және басқа мақсаттарға
арналған шығындар
53 Өнiм өндiру бойынша тікелей шығыстарға 080-081 111,112, ақы төлеу 120,156,
160, 178
54 Өнiмдердi өндiруге арналған 080-081 060, 063,
материалдарды қоймадан беру 064,067, 069
55 Өндiрiсте пайдаланылмаған материалдарды 060, 080, 081
қоймаға қайтару 063, 064,
067, 069
56 Жалақыны есептеу:
өндiрiстiк персоналға әкімшілік-басқарушы 080, 081 180
және қызмет көрсетуші персоналға 210 180
57 Әлеуметтік қамсыздандыруға арналған 080, 081 171
алым сомасын есептеу 210
58 Малдарды бордақылауға мал азығы 081 065
59 Өндірістің және тапсырыстың жекелеген 080, 081 210
түрлері бойынша тiркеме шығыстарды бөлу
60 Өндiрiстiк (оқу) шеберханаларының 280 080
көрсеткен қызметтерін сату
61 Сатылған өнiмге жататын бөлігіндегі 281 081
ауыл шаруашылық өнімнің жоспарланған
және іс жүзіндегі өзіндік құнының
арасындағы айырма сомасын есептен
шығару (қайта жұмсау)
62 Дайындау және қайта өңдеу бойынша 084 090,100,111,
көрсетілген қызмет көрсетулерге ақы 120,160,178
төлеу
5 бөлiм. Ақшалай қаражат
63 Республикалық бюджет есебiнен
ұсталатын мемлекеттік мекеменің
бюджеттік шоттарына қаржыландырудың
түсуi:
лимиттердi бас таратушының балансында 090,093,096 230,231,232
төмен тұрған лимиттердi таратушының 090,093,096 140,142,143
балансында мемлекеттік мекеме
64 Сыртқы заемдар бойынша арнайы
шотқа қаражаттың түсуі 113 249
65 Жобаларды республикалық бюджеттен 090 230
бірлесіп қаржыландыруға арналған
қаржыландырудың түсі.
Бір уақытта бірлесіп қаржыландырудың 114 090
арнаулы шоттарына қаражаттарды
аударған кезде екінші жазба жасалды.
66 Республикалық бюджеттiк бағдарламалар
әкiмшiсiнiң 092 233
ведомстволық бағынысты мекемелердiң 092 141
бюджеттiк шотына тиiстi рұқсат бойынша
республикалық бюджеттiк бағдарламалардың
екiншi әкiмшiсiне бөлiнген лимиттердiң
есебiнен қаржыландырудың түсуі
67 Мемлекеттік мекемелерге жоғары тұрған 140,142, 090,093,096
лимит таратушының рұқсат еткен 143
лимиттері
68 Кассалық шығыстардың орнын толтыруға 090,093, 120,150,160,
енгiзiлген сомаларды бюджеттiк шоттарға 096 170,178,179
есептеу
69 Бірлесіп қаржыландырудың қаржы жылының 090 114
25 желтоқсанына дейін пайдаланылмаған
қаражаттарын бюджеттік шотқа қайта
қалпына келтіру
70 Бюджеттен бөлiнген және мақсатсыз 095 140, 230
пайдаланылған рұқсат етiлген лимиттердi
төлеттiру (қайтарып алу)
Бiр уақытта екiншi жазба жүргiзiледi 200 095
71 Бюджетке түсетiн түсiмдердiң тауарлық
және заттай бөлiгiне және оларды 098, 108 230, 140
жұмсауға байланысты операциялар бойынша
лимиттер ашу
Бiр уақытта екiншi жазба жүргiзiледi 158 098, 108
72 Қолма-қол ақша алу үшiн Қазынашылықтың 178 090,110,111,
аумақтық органының транзиттік шотына 112
(889) қаражат аудару
73 Кассадан чектер бойынша қолма-қол ақша 120 178
алу
74 Жаңа құрылыс және қызмет көрсету үшiн 150,178, 090,093,096
материалдық құндылықтар, жабдықтар, 179
құрылыс материалдары үшiн тапсырыс
берушiлер шотының ақы төлеуi
75 Мердiгерге күрделi құрылыс орындаған 150 093, 103
жұмыстары үшiн бюджеттiк шоттан сома
аудару
Бiр уақытта екiншi жазба жүргiзiледi 203 150
76 Ұсталған салықтардың және т.б. сомасын 173 090, 093
бюджетке аудару
77 Кредитке, банкке жұмысшылар мен 182-187 090
қызметкерлердiң салымдарына, мүшелiк
кәсiподақ жарналарының кәсiподақ
ұйымдарына және т.б. сатылған тауарлар
үшiн бюджеттiк шоттардан сомаларды
аудару
78 Жыл аяғында рұқсат етiлген лимиттi жабу 140,142, 090,093,096
143, 230-232
79 Жергiлiктi бюджеттің есебінен ұсталатын 100, 103 230
мемлекеттік мекемелердің бюджеттік
шотына қаржыландырудың түсуі:
лимиттердi бас таратушының балансында 100, 103 140
лимиттердi төмен тұрған таратушылардың
балансында
Жергiлiктi бюджеттің есебінен ұсталатын
мемлекеттік мекемелердің бюджеттік
шоттары бойынша қаражаттардың түсуi
мен жұмсалуы жөнiндегі қалған барлық
операциялардың хабарламасы осындай.
Бұл ретте 090, 093 қосалқы шоттардың
орнына 100, 103 қосалқы шоттар
қолданылады
80 Демеушілік және қайырымдылық көмекке 110 176
қаражаттардың түсуi
81 Демеушілік және қайырымдылық көмекке 176, 213 110
және пайдаланылмаған қалдықтарды
қайтаруға арналған қаражаттарды
жұмсау
82 Мемлекеттік мекемелердің 110 240
қызметкерлерiне ақшалай сыйлық төлеуге
және бiр жолғы көмек көрсетуге қор
ашу үшiн демеушілік және қайырымдылық
көмекке қаражаттың түсуi
83 Қызметкерлерге сыйақы төлеу үшiн 240 110
бюджеттiк ұйымдарға сомалар аудару
84 Қызметкерлер мен қызметшiлерге қарыз 110 176
ақша беру үшiн қаражаттардың түсуi
85 Демеушілік және қайырымдылық көмекке 178 110
арналған ағымдағы шоттан қолма-қол
ақша алу үшiн қазынашылықтың аумақтық
органының транзиттiк шотына (889)
қаражаттар аудару
86 Демеушілік және қайырымдылық көмекке 120 178
арналған ағымдағы шоттан мемлекеттік
мекеменің кассасына чектер бойынша
қолма-қол ақша алу
87 Ақылы қызмет көрсетуден түсетін 111 030,031,178,
қаражаттарға арналған ағымдағы шоттарға 280, 281
бұйымдар мен өнімдерді сатудан
сомалардың түсуі
88 Ақылы қызметтер туралы қаражат үшін 111 120, 160
ағымдағы шотқа сомалардың түсуі
89 Мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорын. 111 400
дардан жалпыға білім беру қорына
соманың түсуі
90 Ақылы қызмет көрсетуден түсетін 211 111, 120
қаражаттар есебiнен шығыстар
91 Мектеп жанындағы интернаттарда 111 120, 160
балаларды тамақтандыруға арналған
ақылы қызмет көрсетуден түсетін
қаражаттарға арналған ағымдарға шот
сомалардың түсуi
92 Бюджеттiк қаражаттардың және ақылы 178 090,100,112
қызмет көрсетуден түсетін қаражаттарға
арналған ағымдағы шотқа, демеушілік
және қайырымдылық көмекке арналған
ағымдағы шотқа және депозиттік шотқа
түскен сомалардың есебiнен валюта
сатып алу
93 Кiрiс кассалық ордерлерi (чектер) 120 178,160,170,
бойынша кассаға сомалардың түсуi 172
94 Кiрiс кассалық ордерлерi немесе оны 160,171,172, 120
алмастыратын басқа құжаттар бойынша 174,177,180,
кассадан беру 181
95 Берушiлермен есеп айырысу үшiн
аккредитив ашу 130 090,096,100,
110, 111
96 Ашық аккредитивтердiң есебiне
берушiден алынатын материалдық
құндылықтардың түсiмi 013-019, 040,
060-067, 069,
70 130
Активтердi (негiзгi құралдарды)
және төмен бағалы және тез тозатын
заттарды кiрiске алу кезiнде, бiр
уақытта екiншi жазба жүргiзiледi 200,211,213 250,260
97 Аккредитивтердiң пайдаланылмаған
қалдықтарын қайтару 090, 096, 100,
110, 111 130
98 Бензинге, тамақтануға, почта 132 090,100,
маркаларына және т.б. талондар алу 111,178
99 Бензинге арналған талондардан басқа 200, 211 132
талондарды мақсатқа сай пайдалану
100 Бензин талондарын, еңбек кiтапшасын 160 132
бланкiлерiн және оларға жапсырма.
ларды есеп беруге беру
101 Облигациялар мен бағалы қағаздарды 134 111,112,118
сатып алу
102 Сатып алынатын және ең төменгi баға
арасындағы айырмашылықты:
кірісті (ең төменгі және сатып алынатын 410 134
баға жұмыстары үшін сомаларды есептеу
және белгіленген тәртіпте оқу орнының
жұмсауына сомаларды шегеру арасындағы
айырмашылық) есептен шығару (қосып 134 410
есептеу)
103 Қаржы салымдары бойынша кiрiс түсiмi 111, 112 410
104 Облигациялар мен басқа бағалы 111, 112 134
қағаздарды сату және өтеу (сатып алу)
105 Түзеу мекемелері сотталғандарының 112 179
жалақыларының депозиттік шотқа түсуі,
орындалған жұмыстар, қызметтер
6 бөлiм. Қаржыландыру бойынша iшкi ведомстволық есеп
айырысулар
106 Ведомостволық бағыныстағы мемлекеттік 140,142, 090,093,096
мекемелерде желтоқсанның соңғы жұмыс 143
күнi лимиттiң пайдаланылмаған
қалдықтарын жабу
107 Бюджет бойынша қаржыландыру есебiнен 140, 142 200, 202
жүргiзiлген шығыстарды желтоқсанның
соңғы жұмыс күнi ақырғы айналыммен
есептен шығару
108 Республикалық бюджеттік 141 201
бағдарламалардың басқа әкiмшiсiне
бөлінген лимиттердiң есебiнен
ведомстволық бағыныстағы мекемелерде
жұмсалған шығыстардың қорытынды
айналымдарымен есептеп шығару
109 Ведомостволық бағынысты ұйымдарда 143 203
құрылыс объектiлерiн аяқтау және
пайдалануға беру бойынша шығындарды
желтоқсанның соңғы жұмыс күнi ақырғы
айналыммен есептеп шығару
7 бөлiм. Есеп айырысулар
110 Құрылыс объектiлерiн пайдалануға берген 203, 212 150
тапсырыс берушiнiң мердiгермен соңғы
есеп айырысулары
111 Аяқталмаған құрылыс объектiлерiн 231 150
(үйлердi және ғимараттарды) бiр
мемлекеттiк мекеменiң иелiгiнен екiншi
мекеменiң иелiгiне беру (күрделi
құрылыс жоспарларын, қаржыландыруға
және жобалық-сметалық құжаттарды бере
отырып) жөнiндегi есеп айырысулар
Бiр мезгiлде екiншi жазба жүргiзiледi 150 203
112 Аяқталмаған құрылыс объектілерiн беру 150 231
актiсi бойынша бiр мемлекеттiк
мекеменiң балансынан екiншiсiнiң
балансына қабылдау
113 Мемлекеттiк мекеменiң балансына 203 150
қабылданған берiлген аяқталмаған
құрылыс объектілерi бойынша шығындар
114 Бюджеттік мәтiн бойынша ғылыми-зерттеу 152 090
және конструкторлық жұмыстарға олардың
орындаған тапсырыстары үшiн мемлекеттік
мекемелерге бюджеттік шоттан аудару
115 Ғылыми-зерттеу және конструкторлық 013, 071 152
жұмыстар үшiн дайындалған приборлар
мен бұйымдарды акт немесе басқа
құжаттар бойынша қабылдау
Бiр уақытта екiншi жазба жүргiзiледi 200 250, 260
116 Тапсырыс берушiлерге олар үшiн жасалған 153 280
жұмыстардың, көрсетiлген қызметтердiң,
оқу-өндiрiстiк шеберханаларында
дайындалған бұйымдардың сату шоттарын
көрсету
117 Берушілердің (мердігерлерді) орындаған 204 151
жұмыстары, көрсетілген қызметтері үшін
шоттарды ұсыну
118 Өндiрiстiк оқу кезеңiнде оқушылардың 111 153
жасаған жұмыстары үшiн мекемелердің
ақылы қызмет көрсетуден түсетін
қаржыларға арналған шотқа
кәсiпорындардан сомалардың түсуi
119 Кәсiпорындарда өндiрiстiк оқу кезеңiнде 153 189
мектеп оқушыларына олар орындаған
жұмыстары үшін сомаларды есептеу және
белгіленген тәртіпте оқу орнының
жұмсауына сомаларды шегеру
120 Шарт бойынша орындалған 111 157
жұмыстар мен қызмет көрсетулерге
қаражаттардың түсуi
121 Бюджетке түсетiн түсiмдердiң тауарлық 013-019, 158
немесе табиғи бөлiгiне және оларды 040, 041,
жұмсауға байланысты операциялар 060-069,
бойынша материалдық құндылықтардың 070
түсуi
Бiр уақытта активтердi (негiзгi 200 250, 260
қаражатты) аз бағалы және тез тозатын
заттарды есепке алған кезде екiншi
жазба жүргiзiледi
122 Бюджетке түсетiн түсiмдердiң тауарлық 200 158
немесе табиғи бөлiгіне байланысты
операциялар бойынша шығыстар
(кадрларды оқыту, жабдықтарды жөндеу
және жұмыс пен қызметтердiң басқа
түрлерi бойынша)
123 Әлеуметтік салықты есептеу 200, 203, 159
211, 212
124 Әлеуметтік салықты аудару 159 090,100,111,
112
125 Бюджеттiк ұйымның кассасынан сомаларды 160 120
есептеуге беру
126 Қолма-қол ақша алу үшiн Қазынашылықтың 178 090,100,110,
аумақтық органының транзиттiк шотына 111, 112
(889) қаражаттарды аудару
127 Есеп беруге банктен қолма-қол 160 178
қаржыландыруды чек бойынша алу
128 Шығындалған есеп берiлетiн сомалар 060-067, 160
туралы аванстық есептеменi ұсыну 069, 070,
072, 200,
202, 211
129 Жұмсалған есеп берілетін сомалар 204 160
туралы аванстық есепті ұсыну
130 Аванстан қалған қалдықты бюджеттiк 090,096,100, 160
ұйымның кассасына немесе тiкелей банкке 110,111,112,
есеп беретін адамның қайтаруы 118,120
131 Мемлекеттік мекеменің кассасында 170 040,041,043,
анықталған материалдардың және 060-067,
тамақтардың жетіспеушiлiгi мен 069, 120
жоғалуын және ақша қаражаттарының
кем шығуын кiнәлi тұлғалардың
есебiне жатқызу
132 Кем шыққандарды өтеу үшiн мемлекеттік 090, 093 170
мекеменің кассасына және бюджеттiк, 100, 103,
валюталық шотына сомалардың түсуi 118, 120
133 Есептелген әлеуметтiк салықтың 171 180
қаражаттары есебiнен жұмысшылар
мен қызметкерлерге уақытша еңбекке
жарамсыздық жөнiндегi жәрдемақыларды
есептеу
134 Мiндеттi әлеуметтiк қамсыздандыру
жөнiндегi жәрдемақы төлемдерi 159 171
135 Мектепке дейiнгi балалар мекемелерiнде 172 236
балаларды ұстауға арналған төлемдердi
есептеу
136 Мектеп жанындағы мектеп-интернаттардағы
және интернаттардағы балаларды ұстауға 172 238, 400
арналған төлемдердi есептеу
137 Балаларды ұстауға арналған төлемдердiң 090, 100, 172
түсуі 111, 120
138 Мектепке дейiнгi балалар мекемелерiнде 172 120
балаларды ұстауға арналған төлемдердi
қайтару
139 Бюджет кiрiсiне беруге жататын 173 090,100,111
сомаларды аудару
140 Жұмыс iстейтiн орны бойынша 120 172
қызметкерлердi тамақтандыруға арналған
төлемнiң мемлекеттік мекеменің
кассасына түсуi
141 Кадрлар даярлауға және бiлiмiн 110, 111 176
жетiлдiруге мектептердi оқу
орындарының ақылы қызмет көрсетуден
түсетін қаражаттарға арналған шотқа,
демеушілік және қайырымдылық көмекке
арналған шотқа түсуi
142 Мерзiмiнде алынбаған жалақыларды және 180, 181 177
стипендияларды депоненттердiң шотына
аудару
143 Депоненттерге тиесiлі соманы мемлекеттік 177 120
мекеменің кассасынан төлеу
144 Мерзiмi өткен депоненттiк борыш 177 173
сомаларын есептен шығару
145 Қуыну мерзiмi өткен кредиторлық
берешек сомасын есептен шығару 178 140,230
146 Материалдық құндылықтары үшін 178 090,092,093,
көрсетiлген шоттарға 96,100,103,
сәйкес сомаларды аудару 111,118
147 Материалдық құндылықтар, жабдықтар, 151 113
басқа да активтер (орындалған
жұмыстар, жүзеге асырылған қызмет
көрсетулер) үшін ұсынылған шоттарға
сәйкес жеткізушіге (мердігерге)
аударылған сома
148 Жеткiзушілерге жiберген материалдық 179 090, 100
құндылықтары үшiн аванстық төлемдер
тәртiбiмен сомаларды аудару
149 Жұмысшылар мен қызметкерлердiң 200, 203, 180
жалақыларын есептеу 211, 212
150 Салықтар мен басқа да ұсталымдарды 180 173,
жұмысшылар мен қызметкерлердiң 182-187
жалақыларынан ұстау
151 Стипендияларды есептеу 200 181
152 Композиторларға, әртiстерге, авторларға 200, 211 189
олардың келiсiм-шарт және тапсырыстар
бойынша орындаған жұмыстары үшiн
сыйақы есептеу
153 Консультант-қызметкерлерге сыйақыларды 204 180
(гонорарларды) есептеу
154 Сыйақыдан салық ұстау 189 173
155 Сыйақылардан (гонорарлардан) салықтарды 180 173
ұстау
156 Жалақыларды, стипендиялар мен 180, 181, 120, 160
сыйақыларды төлеу 189
157 Консультант-қызметкерлерге сыйақыларды 180 120, 113
(гонорарларды) төлеу
158 Сотталғандардың және тергеуде тұтқынға 189 174
алынған тұлғалардың жалақыларын,
зейнетақыларын және өзге де табыстарын
дербес шоттарға есептеу
159 Жинақтаушы зейнетақы қорына мiндеттi 180 198
зейнетақы жарналарының ұсталғаны
160 Жинақтаушы зейнетақы қорына мiндеттi 198 090,093,100,
зейнетақы жарналарын аудару 103, 111
161 Міндетті жарналардың сомаларын есептеу 204 159, 171
162 Міндетті жарналардың сомаларын аудару 159, 171 113
163 Автокөлiк құралдары иелерiнiң 200 178
азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi
үшiн мiндеттi сақтандыруға жарналар
есептеу
164 Әскери қызметшілерді және құқық қорғау 200 178
органдарының қызметкерлерін мемлекеттік
міндетті дербес сақтандыру, сондай-ақ
мемлекеттiк қызметшiлердi мемлекеттiк
сақтандыруға жарналар есептеу
165 Автокөлiк құралдары иелерiнiң 178 090, 100
азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi үшiн
мiндеттi сақтандыруға және әскери
қызметшілерді және құқық қорғау
органдарының қызметкерлерін мемлекеттік
міндетті дербес сақтандыру, сондай-ақ
мемлекеттiк қызметшiлердi мемлекеттiк
сақтандыруға жарналар аудару
166 Қайтарымды негiзде сырттай несиелендiру
бойынша бөлiнген қаражатты аудару 199 090
Бiр уақытта қайтарымды негiзде сырттай
несиелендiру бойынша бөлiнген қаражат
сомасына екiншi жазба жүргiзiледi 200 247
167 Сырттай несиелендiру бойынша
қаражатты қайтару 247 199
8 бөлiм. Шығыстар
168 Шығыс құжаттарының негiзiнде материалдар 200,202, 040,041,
мен тамақ өнiмдерiн есептен шығару 203,211-213 043,
060-067,069
169 Материалдық құндылықтарды жеткiзу 200,202, 090,093,100,
бойынша көлiк жалдауға арналған 203,211-213 103,111,
шығыстарға ақы төлеу 120,178 170 Электр қуаты, коммуналдық және басқа 200,203, 090,093,100,
шығыстар үшiн ақы төлеу 211-213 103,111
171 Сыртқы заемдар есебінен басқа да 204 113
шығындарды төлеу
9 бөлiм. Қаржыландыру
172 Материалдардың кем шығуы, сондай-ақ 140,142, 040,041,043,
талап қою мерзiмi өткен қайтпайтын 230-232 060-067,
қарыздардың сомасын есептен шығару 069,170,178
173 Желтоқсанның соңғы жұмыс күнi рұқсат 230-232 090,093,096
етілген лимиттi жабу
174 Республикалық бюджеттiк 233 201
бағдарламалардың екiншi әкiмшiсiне
бөлiнген лимиттердiң есебiнен
республикалық бюджеттiк
бағдарламалардың әкiмшiсi жұмсаған
шығыстарын қорытынды айналымдармен
есептен шығару
175 Өндiрiлген шығыстарды соңғы айналыммен 230,232 200,202,208
есептен шығару
176 Қаржы жылының аяқталған бойы сыртқы 239 099
заемдар есебінен жасалған
шығындардың соңғы айналымын
есептен шығару
177 Республикалық бюджеттен бірлесіп 230 200
қаржыландырылатын жобалар бойынша
жасалған шығындардың соңғы
айналымын есептен шығару
178 Ақталған және пайдалануға берiлген 231 203
құрылыс объектiлерi бойынша соңғы
айналыммен шығыстарды есептен шығару
179 Бюджеттiк ұйымдарды ұстауға 236, 238 200
ата-аналардың қаражатынан және түскен
басқа қаражаттардың есебiнен соңғы
айналыммен шығыстарды есептен шығару
10 бөлiм. Мақсатқа бағытталған қорлар мен қаражаттар
180 Сыйақыларды төлеу қорын құруға және 400 240
мәдени-ағарту мемлекеттік мекемелерінің
қызметкерлерiне бiр жолғы көмек
көрсетуге арналған сомаларды шегеру
181 Мәдени-ағарту бюджеттiк ұйымдардың 240 111, 120
қызметкерлерiне сыйақылар төлеу
182 Мемлекеттік мекемелерді өндiрiстiк және 111 246
әлеуметтiк дамыту қорына сомалардың
түсуi
183 Мемлекеттік мекемелерді өндiрiстiк 246 212
және әлеуметтiк даму қоры есебiнен
жүргiзiлген шығыстарды есептен шығару
184 Банктен қарыз ақша алу 111 248
185 Банк кредиттерiн өтеуге ақылы 248 111
қызмет көрсетуден түсетін қаражаттарға
арналған шоттан аудару
186 Жобаны Келiсiмге сәйкес қайтарымды 113 249
негiзде қаржыландыруға арналған
сыртқы заемды алу
11 бөлiм. Өнімді сату
187 Нәтижелердi:
табыстарды 280,281,410 410
шығындарды есептен шығару 280, 281
12 бөлiм. Кiрiстер
188 Көлiк жұмысы және басқа қызмет 178 400
көрсетулер үшiн жалгерлiк және
пәтерлiк төлемдердiң кiрiстер
сомасын есептеу
189 Жыл iшiнде өндiрiлген шығыстарды 400 211
есептен шығару
190 Шығыстардан кiрiстердiң өсуiн ақылы 173, 400 111
қызмет көрсетуден түсетін қаражаттарға
арналған ағымдағы шоттан бюджет
кiрiсiне аудару
191 Мемлекеттік мекеменің ақылы қызмет 400 060-067,069
көрсетуден алынатын қаражаттар
бойынша кірістер мен шығыстар
сметаларының есебінен қабылданған
кем шыққан материалдарды есептен
шығару ____________________________________________________________________
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
Қазынашылық комитетінің
2002 жылғы 2 тамыздағы
N 353 бұйрығына 2-қосымша
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
Қазынашылық департаментінің
1998 жылғы 27 қаңтардағы
N 30 нұсқаулығына қосымша
N 451-нысан
______________________________
Қызметкердің аты-жөні Ғ ӘЖК _______________________
____________________________________________________________________ Мемлекеттік мекеменің атауы және мекен-жайы
Жинақтаушы Зейнетақы Қорына міндетті зейнетақы жарналарының N __________ карточкасы
____________________ жыл үшін
Жыл басындағы сальдо ____________________ теңге __________ тиын
____________________________________________________________________ | | | Есептелгені |Аяғын.
| Басындағы |Бір айда |_________________________|дағы
| сальдо |ұсталғаны| Төлем | Сомасы |сальдо
| | | тапсырмасы. | |
| | | ның N, күні| | ____________________________________________________________________ 1 2 3 4 5 6
____________________________________________________________________Қаңтар
Ақпан
Наурыз
Сәуір
Мамыр
Маусым
Шілде
Тамыз
Қыркүйек
Қазан
Қараша
Желтоқсан ____________________________________________________________________Жиыны ____________________________________________________________________
аяғындағы сальдо ____________________ теңге __________ тиын
М.О. Мемлекеттік мекеменің
басшысы __________________ ____________________________________
(қолы) (аты-жөні, тегі)
Бас бухгалтер _______________ ________________________________
(қолы) (аты-жөні, тегі)
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
Қазынашылық комитетінің
2002 жылғы 2 тамыздағы
N 353 бұйрығына 3-қосымша
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
Қазынашылық департаментінің
1998 жылғы 27 қаңтардағы
N 30 нұсқаулығына қосымша
қосымша
______________________________________________
Мемлекеттік мекеменің атауы
Жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті
зейнетақы жарналарын есептеу жөніндегі
__________________________ жыл үшін
Жыл басындағы сальдо ________________________теңге____________ тиын
____________________________________________________________________ | Бір айда ұсталғаны|Жыл басынан ұсталғаны
____________________________________________________________________ А | 1 | 2
____________________________________________________________________Қаңтар
Ақпан
Наурыз
Сәуір
Мамыр
Маусым
Шілде
Тамыз
Қыркүйек
Қазан
Қараша
Желтоқсан
____________________________________________________________________Жиыны: ____________________________________________________________________
Жыл аяғындағы сальдо ___________________ теңге ______________тиын
Бас бухгалтер ______________________________