Бюджет қаражаты есебiнен жалақы, стипендия, зейнетақы, жәрдемақы және басқа да ақшалай төлемдердi төлеудiң тәртiбiн, сондай-ақ мемлекеттік кәсiпорындарға және акцияларының бақылау пакеті мемлекетке тиесілі акционерлiк қоғамдарға жалақы және басқа да ақшалай төлемдердi төлеудің тәртiбiн жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 28 қыркүйек N 1464

      ЕСКЕРТУ. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2004.01.12. N 30 қаулысымен .

      Ақшалай төлемдердi алушылар үшiн қызмет көрсету саласын дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Мемлекеттiк мекемелер 2001 жылдың 1 қаңтарынан бастап, алушының таңдауы бойынша, банктiк операцияларды жүзеге асыруға тиiстi лицензиясы бар ұйымдар (бұдан әрi - ұйымдар) арқылы жалақы, стипендия және басқа да ақшалай төлемдердi төлеудi жүзеге асырсын.
      Астана мен Алматы және облыстық маңызы бар қалалардағы мемлекеттiк мекемелер 2004 жылғы 1 мамырдан бастап қызметкерлерге жалақыны және басқа да ақшалай төлемдердi алушының таңдауы бойынша ұйымдарда ашылған карт-шоттарға аудару жолымен төлеудi жүзеге асырсын.<*>
      Кәсiпорындарды мемлекеттiк басқару органдары мен акцияларының мемлекеттiк пакетiн иелену және пайдалану құқығын жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар 2004 жылғы 1 мамырдан бастап Астана мен Алматы және облыстық маңызы бар қалалардағы мемлекеттiк кәсiпорындардың және акцияларының бақылау пакетi мемлекетке тиесiлi акционерлiк қоғамдардың қызметкерлерiне жалақыны және басқа да ақшалай төлемдердi алушының таңдауы бойынша ұйымдарда ашылған карт-шоттарға аудару жолымен төлеуге көшу жөнiнде жұмыс жүргiзсiн. <*>
      ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.07.27. N 1135
қаулысымен .
      ЕСКЕРТУ. Кіріспеге, 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.01.12. N 30 қаулысымен
      2. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi:
      2000 жылғы 1 қарашадан бастап республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда ұйымдарда, алушылардың таңдауы бойынша, жеке шоттарға есептеу арқылы; <*>
      2000 жылғы 1 шілдеден бастап аудандық маңызы бар қалаларда, поселкелiк және селолық елдi-мекендерде заңдарда белгіленген тәртіппен тендердi жеңiп алған ұйымдар арқылы зейнетақылар мен жәрдемақыларды төлеудi қамтамасыз етсiн. <*>
      ЕСКЕРТУ. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.02.12. N 223
қаулысымен .
      ЕСКЕРТУ. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.01.12. N 30 қаулысымен
      3. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлiгі 2000 жылғы 1 маусымға дейiн аудандық маңызы бар қалаларда, поселкелiк және селолық елдi-мекендерде аталған ұйымдар арасында зейнетақылар мен жәрдемақыларды төлеуге арналған тендер өткiзсiн. <*>
      ЕСКЕРТУ. 3-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.02.12. N 223
қаулысымен .
      4. Жалақы, стипендия, зейнетақы, жәрдемақы және басқа да ақшалай төлемдерді алушылардың жеке шоттарына ақша қабылдау, төлеу және есептеу жөніндегі шығыстар мемлекеттік бюджеттің есебінен жүргізілсін.<*>
      ЕСКЕРТУ. 4-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.07.27. N 1135
қаулысымен
      5. Бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелер 2001 жылдан бастап мемлекеттiк мекемелердi ұстауға жұмсалатын шығыстардың құрамында ақшалай төлемдердi алушылардың жеке шоттарына ақша қабылдау, төлеу және есептеу жөнiндегі қызмет көрсетулерге ақы төлеуге қаражат көздесiн.<*>
      ЕСКЕРТУ. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2000.07.27. N 1135 қаулысымен .
      ЕСКЕРТУ. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.01.12. N 30 қаулысымен .
      6. "Мемлекеттік бюджеттің қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдарда стипендия, еңбекақы және басқа да ақшалай төлемдерді төлеу нысанын өзгерту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 4 тамыздағы N 1214 қаулысының күші жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 35, 331-құжат).
     7. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.    

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады