Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң 1996 жылғы 2 желтоқсандағы N 264 бұйрығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi 2000 жылғы 17 наурыздағы N 126 Бұйрық. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2000 жылғы 13 сәуірде тіркелді. Тіркеу N 1111. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2004 жылғы 30 желтоқсандағы N 469 бұйрығымен.

       Ескерту: Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2004 жылғы 30 желтоқсандағы   N 469   бұйрығымен .
____________________________________

     Бұйырамын
     1. "Жергiлiктi бюджеттерде тұрған бюджеттiк ұйымдарды қаражатты жұмсауға арналған лимиттердi белгілеу жолымен қаржыландыру жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң 1996 жылғы 2 желтоқсандағы N 264  V960231_  бұйрығына мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 
     атындағы және 1-тармақтағы "жергiлiктi бюджеттерде тұратын бюджеттiк ұйымдарды" деген сөздер "жергiлiктi бюджеттерiнiң есебiнен ұсталатын, мемлекеттік мекемелерді" деген сөздермен ауыстырылсын; 
     көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Жергiлiктi бюджеттерде тұрған бюджеттiк ұйымдарды қаражатты жұмсауға арналған лимиттердi белгiлеу жолымен қаржыландыру жөнiндегi нұсқаулықта: 
     атындағы "бюджеттiк ұйымдарды" деген сөздер "мемлекеттiк мекемелердi" деген сөздермен ауыстырылсын; 
     1-тармақтағы "ұйымдарды" деген сөз "мемлекеттiк мекемелердi" деген сөздермен ауыстырылсын: 
     2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 
     "2. Жергiлiктi бюджеттер бойынша шығыстарды қаржыландыру Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 16 ақпандағы N 255 қаулысымен бекiтiлген Мемлекеттiк бюджеттiң есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелерге арналған бюджеттiң атқарылуы және есептiлiк нысандарын (мерзiмдi және жылдық) жүргiзу жөнiндегi қаржылық рәсiмдердiң ережесiне сәйкес жасалған тиiстi бюджеттердiң кiрiстерi мен шығыстарының тiзiмдемесi негiзiнде жүргiзiледi; 
     3-тармақ алынып тасталсын; 
     4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: 
     "4. Жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнің шығыстарын уақытылы қаржыландыруды қамтамасыз ету үшiн жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын, жергiлiктi бюджеттiң қалыптастырылуын және атқарылуын жүзеге асыруға жергiлiктi атқарушы орган уәкiлеттiк берген атқарушы орган (бұдан әрi - жергiлiктi қаржы органы) жергiлiктi бюджеттердiң шоттарына iс жүзiнде түсетiн ақшаның сомасын, секвестрлеуге жатпайтын жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар бойынша шығыстардың көлемдерін, жергiлiктi атқарушы органдардың борышына қызмет көрсету және оны өтеу жөнiндегi шығыстардың көлемдерiн және жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бюджеттiк қаржы бөлудегi айлық қажеттiлiгiн ескере отырып, жергiлiктi бюджеттік бағдарламалардың әрбiр әкiмшісі бюджеттік бағдарлама, кiшi бағдарлама және ерекшелiк бойынша тиiстi жергiлiктi бюджеттiң шығыстарын қаржыландырудың ағымдағы лимиттерiн айқындайды. 
     5. Қаржыландыру лимиттерiнiң негiзiнде жергiлiктi қаржы органы жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерiне 1МБР (1-қосымша) немесе 1 МБЗ (2-қосымша) нысаны бойынша қаржылық рұқсат жазып бередi. Рұқсаттарда бiрыңғай бюджеттiк жiктеме кодтарына: бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсiне, бағдарламаға, кiшi бағдарламаға және ерекшелiкке сәйкес шығыстардың әрбiр түрi бойынша бекiтiлген лимиттер айқындалады." 
     6-тармақта: 
     "немесе 1 МБР-СУБВ нысаны" деген сөздер алынып тасталсын; 
     "бюджеттiк ұйымдарға" деген сөздер "мемлекеттiк мекемелерге" деген сөздермен ауыстырылсын; 
     "ұйымдарға" деген сөз "мемлекеттiк мекемелерге" деген сөздермен ауыстырылсын; 
     "немесе 1 МБЗ-СУБВ нысаны" деген сөздер алынып тасталсын; 
     "бюджеттiк ұйымның өзiне" деген сөздер "Мемлекеттiк мекеменiң өзiне" деген сөздермен ауыстырылсын; 
     9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 
     "9. Қаржылық рұқсаттар (1 МБР, МБЗ нысандары) үш данада толтырылады, бiреуi жергiлiктi қаржы органында қалады және бiр-бiр данадан жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсiне және Қазынашылық комитетiнiң тиiстi аумақтық органына жiберiледi.". 
      мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын: 
     "9-1. Тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен бекiтiлген көлемнiң шегiнде және кiрiстер мен шығыстар тiзiмдемесiнiң негiзiнде бюджеттiк алулардың сомаларын облыстық бюджеттерден, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiнен республикалық бюджеттiң кiрiс шотына аудару үшiн облыстық, Астана және Алматы қалаларының Қазынашылық басқармаларының басшылары қолы қойған облыстық, Астана және Алматы қалаларының Қазынашылық басқармалары 1 МБЗ нысаны бойынша қаржылық рұқсат жазып бередi және алулардың сомаларын мемориалдық ордермен заңдарда белгiленген тәртiппен облыстық, Астана және Алматы қалалары бюджеттерiнiң шотынан есептен шығарады. Бұл құжаттардың көшiрмелерi облыстық, Астана және Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органына берiледi. 
     Бюджеттiк алулар сомаларын тиiстi қаржы жылына арналған тиiстi жергiлiктi өкiлдi органдардың рұқсаттарында бекiтiлген көлемнiң шегiнде және кiрiстер мен шығыстар тiзiмдемесiнiң негiзiнде аудандардың және қалалардың бюджеттерiнен облыстық бюджеттің кiрiс шотына аударуды жергiлiктi қаржы органының басшысы қол қойған 1 МБЗ нысанының қаржылық рұқсаты және бюджеттік алуларды аудандық және қалалық бюджеттерден облыстық бюджетке аударуға арналған төлем тапсырысының негiзiнде Қазынашылықтың аудандық және қалалық басқармалары жүргiзедi." 
      10-тармақта: 
      "Бюджеттiк ұйым", "бюджеттiк ұйымдарды" деген сөздер тиiсiнше "Бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсі", "жергiлiктi бюджеттік бағдарламалардың әкiмшілерiн" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      "қаржы органы бөлiмi" деген сөздер "жергiлiктi қаржы органы"; 
      11 -тармақта: 
      "бюджеттiк ұйым" деген сөздер "мемлекеттiк мекеме" деген сөздермен ауыстырылсын; 
     "бюджеттiк ұйымдарға" деген сөздер тиiсiнше "мемлекеттiк мекемелерге" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      "облыстық, қалалық немесе аудандық қаржы органдары" деген сөздер "жергiлiктi қаржы органдары" деген сөздермен ауыстырылсын; 
     12-тармақта: 
     "бюджеттiк ұйым" деген сөздер "жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi" деген сөздермен ауыстырылсын; 
     "ұйымдар" деген сөз "мемлекеттiк мекемелер" деген сөздермен ауыстырылсын; 
     "уәкiлеттi ұйымды" деген сөздер "жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсiн" деген сөздермен ауыстырылсын; 
     "Уәкiлеттi ұйым" деген сөздер "Жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi" деген сөздермен ауыстырылсын; 
     13-тармақта: 
     "уәкiлеттi бюджеттiк ұйым" деген сөздер "жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi" деген сөздермен ауыстырылсын; 
     "облыстық (Алматы қалалық) қаржы басқармасының, қалалық немесе аудандық қаржы бөлiмдерiнiң" деген сөздер "жергiлiктi қаржы органының" деген сөздермен ауыстырылсын, 
     14-тармақта:
     "бюджеттiк рұқсат жазып берген уәкiлеттi бюджеттiк ұйымдағы" деген сөздер "жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсiнде" деген сөздермен ауыстырылсын;
     "тиiстi бюджеттiк ұйымға және қызмет көрсететiн банктiң тиiстi бөлiмшесiне" деген сөздер "тиiстi мемлекеттiк мекемеге және Қазынашылық комитетiнiң тиiстi аумақтық органына" деген сөздермен ауыстырылсын; 
     15-тармақ алынып тасталсын; 
     көрсетiлген Нұсқаулыққа 1-қосымшада:
     1-МБР нысанында:
     "ұйымдарға" деген сөз "мемлекеттiк мекемелерге" деген сөздермен ауыстырылсын; 
     "Облыстық (Алматы қалалық) қаржы басқармасының бастығы (Қалалық, аудандық қаржы бөлiмiнiң меңгерушiсi)" деген сөздер "Жергiлiктi қаржы органының басшысы" деген сөздермен ауыстырылсын; 
     1 МБР "Қаржылық рұқсат" нысанын толтырудың тәртiбiнде: 
     бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын; 
     "1 МБР нысаны бойынша қаржылық рұқсатты жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерiне олар бюджеттiк ақшаның лимиттерiн ведомстволық бағыныстағы мекемелерге одан әрi бөлу үшiн тиiстi жергілiктi атқарушы орган жазып бередi. Әрбiр мемлекеттiк мекемеге жергiлiктi қаржы органы әзiрлеген жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелердiң анықтамалығында көрсетiлген жеке жетi мәндi код берiледi."; 
     үшiншi абзацтағы "ұйымға" деген сөз "мемлекеттiк мекемеге" деген сөздермен ауыстырылсын; 
     оныншы абзац алынып тасталсын; 
     он екiншi абзацтағы "қаржы органының" деген сөздер "жергiлiктi қаржы органының" деген сөздермен ауыстырылсын; 
     көрсетiлген Нұсқаулыққа 2-қосымшада: 
     1 МБЗ нысанында: 
     "Облыстық (Алматы қалалық) қаржы басқармасының бастығы (Қалалық, аудандық қаржы бөлiмiнiң меңгерушiсi)" деген сөздер "Жергiлiктi қаржы органының басшысы" деген сөздермен ауыстырылсын; 
     1 МБЗ "Қаржылық рұқсат" нысанын толтырудың тәртiбiнде: 
     бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын: 
     "1 МБЗ нысанының қаржылық рұқсатын тиiстi қаржы органы жазып бередi. Осы орган қаржыландыратын әрбiр мемлекеттiк мекемеге жергiлiктi қаржы органы әзiрлеген жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелердiң анықтамалығында көрсетiлген жеке жетi мәндi код берiледi."; 
     үшiншi абзацтағы "ұйымға" деген сөз "мемлекеттiк мекемеге" деген сөздермен ауыстырылсын; 
     оныншы абзац алынып тасталсын; 
     он екiншi абзацтағы "қаржы органының" деген сөздер "жергiлiктi қаржы органының" деген сөздермен ауыстырылсын; 
     көрсетiлген Нұсқаулыққа 3-қосымшада: 
     2 МБ "Бюджеттiк рұқсат" нысанын толтырудың тәртiбiнде: 
     бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын: 
     "Мемлекеттiк мекемеге бюджеттiк рұқсаттар өздерiнiң ведомстволық бағынысты мемлекеттiк мекемелерi үшiн жазып берiледi. Әрбiр мемлекеттiк мекемеге жергiлiктi қаржы органы әзiрлеген жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелердiң анықтамалығында көрсетiлген жеке жетi мәндi код берiледi.";
     үшiнші абзацтағы "ұйымға" деген сөз "мемлекеттiк мекемеге" деген сөздермен ауыстырылсын;
     оныншы абзац алынып тасталсын;
     көрсетiлген Нұсқаулыққа 4-қосымшада:
     3 МБ "Лимиттiң бөлiнуiн бақылау карточкасы" нысанын толтырудың тәртiбiнде:
     "ұйымдар", "ұйымдарды" және "бюджеттiк ұйымға" деген сөздер тиiсiнше "мемлекеттiк мекемелер", "мемлекеттiк мекемелердi" және "мемлекеттiк мекемеге" деген сөздермен ауыстырылсын;
     көрсетiлген Нұсқаулыққа 5 және 6-қосымшалар алынып тасталсын;
     1 МБР-СУБВ "Қаржылық рұқсат" нысанын толтырудың тәртiбi және 1 МБЗ-СУБВ "Қаржылық рұқсат" нысанын толтырудың тәртiбi алынып тасталсын.
     2. Осы бұйрық ол Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күнінен бастап күшiне енедi.  

     Қаржы министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады