Күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 2009.11.26 N 443 бұйрығымен.
"Ішкі істер органдарының қызметкерлеріне және олармен бірге тұратын отбасы мүшелеріне, сондай-ақ ішкі істер органдарының зейнеткерлеріне медициналық және санаторлық-курорттық қызмет көрсетудің Ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 16 қаңтардағы N 53 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Ұсынылып отырған Қазақстан Республикасының Ішкіісминінде медициналық, сараптамалық, санаторлық-курорттық көмек көрсетуді ұйымдастырудың тәртібі туралы нұсқаулық бекітілсін.
2. Астана қаласының ІІББ, Алматы қаласының ІІББ, облыстардағы ІІББ-ІІБ медициналық қызметтерінің басшыларына:
1) ішкі істер органдарының мемлекеттік денсаулық сақтау мекемелерін осы бұйрықпен бекітілген Нұсқаулықпен қамтамасыз етсін.
2) Астана қаласы ІІББ-нің, Алматы қаласы ІІББ-нің, облыстардағы ІІББ-ІІБ-нің мемлекеттік денсаулық сақтау мекемелерінің жұмысын Нұсқаулыққа сәйкес ұйымдастырсын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ішкі істер вице-министрі ішкі қызмет генерал-майоры Н.А.Власовқа және Медициналық басқармаға (Б.Х.Әлібековке) жүктелсін.
Министрдің міндетін атқарушы
милиция генерал-майоры
Келісілді
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2002 жылғы 08 тамыз
Қазақстан Республикасының
Ішкіісминінің
2002 жылғы 08 тамыздағы
N 536 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының Ішкіісминінде медициналық,
санаторлық-курорттық көмек көрсету туралы
НҰСҚАУЛЫҚ
1. Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының, ТЖА
мемлекеттік өртке қарсы қызметінің және ішкі әскерлердің қатардағы
және басшы құрамындағы адамдарға, әскери қызметшілерге медициналық көмек көрсетуді ұйымдастырудың жалпы ережелері
1. Ішкі істер органдары медициналық ұйымдарының жұмыстары Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 мамырдағы "Қазақстан Республикасында азаматтарының денсаулығын сақтау туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 21 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы" Заң күші бар Жарлығына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 27 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарының қатардағы және басшы құрамында қызмет өтеу ережесін бекіту туралы" N 1644 және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 16 қаңтардағы "Ішкі істер органдарының қызметкерлерін және олармен бірге тұратын отбасы мүшелерін, сондай-ақ ішкі істер органдарының зейнеткерлерін медициналық және санаторлық-курорттық қамтамасыз ету Тәртібін бекіту туралы" N 53 қаулыларына және осы Нұсқаулыққа сәйкес ұйымдастырылады. Қараныз K090000193
2. Медициналық ұйымдардың қызметі созылмалы және жұқпалы емес арулардың, жарақаттар мен уланулардың алдын алу және динамикалық медициналық бақылау, дер кезінде диагностикалау және емдеу арқылы жүзеге асырылады.
3. Ішкі істер органдары медициналық ұйымдарының жұмысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ұйымдарымен, басқа да министрліктермен және ведомстволармен бірлесіп жүргізіледі.
4. Медициналық ұйымдар көрсетулер бойынша үйде көмек көрсетеді. Медициналық ұйымдардың жетекшілері медициналық көмек көрсетудің кестесін автокөліктің бар болуын, бекітілген контингенттің тұрғылықты орнының ара қашықтығын ескере отырып белгілейді.
5. Қызметтік борышын немесе қызметтік міндеттерін атқару кезінде мертіккен немесе ауруға ұшыраған қатардағы және басшы құрамның қызметкерлерін емдеуге жұмсалған шығындарды көрсетілген адамдар бекітілген ішкі істер органдарының медициналық ұйымдары өтейді.
2. Медициналық көмек алу үшін ішкі істер органдарының медициналық ұйымдарына бекітудің тәртібі
6. Ішкі істер органдарының медициналық ұйымдарында медициналық көмек тиісті бюджеттер қаражаты есебінен көрсетіледі:
1) ішкі істер органдарының қатардағы және басшы құрамының қызметкерлеріне;
2) ішкі әскерлердің, оның ішінде мерзімді қызметтің әскери қызметшілеріне;
3) Ішкіісмин жүйесіндегі әскери-оқу, арнайы оқу орындарының тыңдаушылары мен курсанттарына.
Оның барысында, медициналық және дәрі-дәрмектік көмек ауруды емдеуге қажетті мөлшерде және құрамда көрсетіледі.
7. Ішкі істер органдары жүйесінің медициналық ұйымдарында әскери қызметшілердің, қызметкерлердің отбасы мүшелеріне, (отбасы мүшелеріне: әйелі (күйеуі), 18-қа дейінгі жастағы балалары, сондай-ақ олармен бірге тұратын туысқандары жатады).
Кепілдік көлемдегі ақысыз медициналық көмек әскери қызметшілердің және қызметкерлердің отбасы мүшелеріне аумақтық денсаулық сақтау мекемелерінде олардың қалауы бойынша көрсетіледі.
8. Ішкі істер органдарының медициналық мекемелері медициналық көмек алу үшін бекітілуін ресімдеуді жыл сайын кадр аппараттарының ағымдағы жылдың бірінші желтоқсанға дейін ұсынатын сұраныс-тізімінің негізінде, зейнеткерлерге - облыстардағы ІІББ-ІІБ-нің зейнет бөлімінің сұраныс-тізімі бойынша жүргізеді. Әрбір бекітілген адамға амбулаторлық-емханалық тіркеу бөлімінде сақталатын медициналық амбулаторлық карта ашылады.
9. Ішкі істер органдарының медициналық ұйымдарында медициналық көмек алу құқығы жойылған адамдардың медициналық құжаттары қолына беріледі.
3. Ішкі істер органдарының және ішкі әскерлерінің қызметкерлері мен әскери қызметшілерін Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің республикалық медициналық ұйымдарына жіберудің тәртібі
10. Астана қаласы ІІББ және Алматы қаласы ІІББ, облыстық ІІББ, ІІБ медициналық қызметтері республикалық медициналық ұйымдарына емделуші контингентті Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің Медициналық басқармасы бастығының рұқсатымен бағыттайды (одан әрі - ІІМ).
Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің Медициналық басқармасына себебі негізделген сұраным және сырқаттың жағдайы туралы қажетті клиникалық мәліметтер, жүргізілген тексерулер мен емдеудің нәтижелері көрсетілген медициналық құжаттардың толық көшірмесі жіберіледі.
11. Кеңес алуға және емделуге жіберілген сырқаттарға берілетін еңбекке жарамсыздығы туралы қағаз Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау істері жөніндегі агенттігінің 2000 жылғы 29 желтоқсандағы N 859/1 бұйрығына сәйкес ресімделеді. V095860
12. Сырқаттың амбулаторлық тексерілуі және кеңес алуы мерзіміне амбулаторлық карта (025-у нысаны) толтырылады. Сырқаттың тексерілуі немесе кеңес алуы аяқталғаннан кейін жүргізілген тексерілудің және кеңес алудың нәтижелері, әрі қарай емделуі және емделу орны туралы анық ұсыныстары толық жазылған медициналық қорытынды - сырқаттың амбулаторлық картасынан көшірме беріледі.
13. Амбулаторлық тексерілудің мерзімі үш күннен аспау керек, бірақ қажетті кезде оны дәрігерлік-кеңес беру комиссиясы (бұдан әрі - ДКК) ұзартуы мүмкін.
14. Сырқаттануына байланысты берілетін демалыс кезекті демалыстың есебіне кірмейді. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі жүйесіндегі емдеу мекемелерінің жолдамасы бойынша емдеу орнына бару және қайту жолақысын төлеу ішкі істер органдарының қаражаты есебінен жүргізіледі.
15. Қатардағы және басшы құрам қызметкерлерінің қызметтік міндеттерін және қызметтік борышын орындау кезінде алған жаралануларына, естен тануларына немесе жарақаттануларына байланысты емделуде болу уақыты мерзіммен шектелмейді. Көрсетілген адамдар емдеу аяқталғаннан кейін немесе аурудың немен аяқталатыны анықталғаннан кейін медициналық куәландыруға жіберіледі.
4. Санаторлық-курорттық қызмет көрсету
16. Санаторлық-курорттық және реабилитациялық емдеу оның алдында емханалы госпитальда алған емімен сабақтастықты қамтамасыз етеді және медициналық реабилитацияның кезеңдерінің бірі болып табылады. Санаторлық-курорттық және реабилитациялық емдеудің қажеттілігі туралы қорытынды осы диспансерлік бақылаудың негізінде жасалады.
17. Санаторлық-курорттық емдеуге немесе демалуға жіберу кезінде санаторлық-курорттық картаны ресімдеу қажет, онда мыналардың көрсетілуі міндетті.
18. Санаторлық-курорттық, реабилитациялық емделуге немесе демалуға жолдама алу үшін қызметкер рапорт (өтініш) жазады. Санаторийге жолдама алу үшін жазылған рапорт жолдама алған жерге қалдырылады. Қызметкерлер мен әскери қызметшілер санаторлық-курорттық емделу төлемін санаторияларда жүргізеді.
19. Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің Медициналық басқармасы:
1) Қазақстан Республикасының Ішкіісмині мен ІӘҚББ орталық аппараттарының, тікелей бағыныстағы бөлімшелердің қатардағы және басшы құрамдағы адамдарына және әскери қызметшілеріне, олардың отбасы мүшелеріне;
2) Астана қаласының ІІББ, Алматы қаласының ІІББ, ІІББ-ІІБ (К) ішкі істер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарына және әскери қызметшілеріне (көліктегі ішкі істер органдарының жеке құрамын, Ішкіісмин жүйесіндегі жоғары және орта оқу орындарын қоса алғанда), олардың отбасы мүшелеріне;
3) Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің Медициналық басқармасына ІӘҚББ Медициналық басқармасының тоқсан сайын ұсынатын тапсырыстары негізінде - ішкі әскерлердің әскери қызметшілеріне;
4) ішкі істер жүйесіндегі санаториялар - Ішкіісминнің қатардағы және басшы құрамындағы адамдарына және әскери қызметшілеріне, зейнеткерлеріне, олардың отбасы мүшелеріне, басқа да адамдарға Ішкіісминнің санаторийіне жолдама береді.
20. Жолдамалар қатаң есептегі бланкілер ретінде сақталады және есебі берілу орнындағы жолдамалардың есеп журналында жүргізіледі (2 және 3-қосымшалар).
21. Санаторийге келуші адамның толтырылған жолдамасы және санаторлық-курорттық картасы (немесе денсаулығы туралы анықтамасы - 3-қосымша) болуы тиіс. Сонымен қатар жеке куәлігі (балалар үшін тууы туралы куәлік) немесе қызметтік куәлігі болуы керек.
22. Санаторийде болу мерзімі аяқталған соң санаторлық-курорттық карта пациенттің қолына беріледі, онда бекітілген жеріндегі емханаға көрсету үшін жүргізілген санаторлық тексеру мен емдеу туралы деректер, оның тиімділігі, одан әрі емдеу, еңбек режимі, тамақтану және демалу бойынша ұсынымдар жазылады.
23. Санаторийде демалушының немесе науқастың кенеттен қатты ауырған кезінде орнынан қозғауға болмайтындықтан госпитальға жатқызу мүмкін болмаған жағдайдан басқа кезде науқас мамандандырылған стационарға ауыстырылғанға дейін (санаторий есебінен) госпитальдық режимге ауыстырылып, емделеді және тамақтандырылады.
Қазақстан Республикасының
Ішкіісминінде медициналық,
санаторлық-курорттық көмек
көрсетуді ұйымдастырудың
тәртібі туралы
нұсқаулыққа 1-қосымша
Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің
____________________________________
(қызметтің атауы)
Қызметкердің және отбасы мүшелерінің
ТІЗІМІ
(тапсырыс)
--------------------------------------------------------------------
N ! Т.А.Ә. ! Атағы, !Туған!Отбасы мүшелері !Мекен-жайы,
р/р! !Лауазымы ! жылы!----------------! телефоны
! ! ! !Қызмет. !Жұмыс, !
! ! ! !керге ! оқу !
! ! ! !қатысы ! орны !
--------------------------------------------------------------------
1.
2.
3.
4.
5.
6.
7.
8.
9.
10.
11.
12.
13.
14.
15.
16.
17.
18.
19.
20. --------------------------------------------------------------------
Қазақстан Республикасының Ішкіісминінде
медициналық, санаторлық-курорттық көмек
көрсетуді ұйымдастырудың тәртібі туралы
нұсқаулыққа 2-қосымша
_______________________________________________________
(мекеменің атауы)
жолдамаларды беру
ЖУРНАЛЫ
200____ жылғы "____" ___________ басталды.
200____ жылғы "____" ___________ аяқталды.
-------------------------------------------------------------------
N р/р!Беру !Курорттың!Т.А.Ә.!Жолдама!Кіріс !Жолдама!Жолдама!Жол.
!датасы!атауы ! !кімге !квитан. ! N !мерзімі!дама
! ! ! !берілді!циясының! ! !ба.
! ! ! !-------!N ! ! !ғасы
! ! ! !Жұ.!Куә! ! ! !
! ! ! !мыс!лік! ! ! !
! ! ! !ор.! N ! ! ! !
! ! ! !ны ! ! ! ! !
! ! ! !лау! ! ! ! !
! ! ! !азы! ! ! ! !
! ! ! ! ! ! ! ! !
--------------------------------------------------------------------
--------------------------------------------------------------------
Қазақстан Республикасының Ішкіісминінде
медициналық, санаторлық-курорттық көмек
көрсетуді ұйымдастырудың тәртібі туралы
нұсқаулыққа
3-қосымша
_______________________________________________________
(мекеменің атауы)
жолдамаларды есепке алу
ЖУРНАЛЫ
200____ жылғы "____" ___________ басталды.
200____ жылғы "____" ___________аяқталды.
--------------------------------------------------------------------
N р/р!Датасы! Жазбаның ! Кіріс ! Шығыс ! Қалдық
! !қысқа мазмұны !---------------------------------------
! !(кімнен алынды,!саны !сомасы! саны !сомасы !саны!сомасы
! !кімге берілді) !
---------------------------------------------------------------------
-------------------------------------------------------------------