Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2007.06.21. N 217 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Бухгалтерлiк есепке алудың нормативтiк базасын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келтiру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. "Бухгалтерлiк есептiң 29 "Ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарға арналған шығындарды есепке алу" ережесiн (стандарттарын) бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң 1999 жылғы 19 мамырдағы N 210 (Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 1999 жылғы 26 маусымда N 824 тiркелген және 2000 жылғы N 2 Ақпараттық бюллетеньде ресми жарияланған)
бұйрығына
мынадай өзгерiстер:
көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген 29 "Ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарға шығындар есебi" бухгалтерлiк есебiнiң ережесiне (стандартына):
1-сiлтеме алынып тасталсын;
стандарттың барлық мәтiнi бойынша "субъектiлер", "субъект", "субъектiнiң" деген сөздер "ұйымдар", "ұйым", "ұйымның" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. "Бухгалтерлiк есептiң 28 "Материалдық емес активтердi есепке алу" Ережесiн (стандарттарын) бекiту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Бухгалтерлiк есеп және аудит әдiснамасы департаментiнiң 1999 жылғы 10 қыркүйектегi N 490 (Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 1999 жылғы 18 қазанда N 935 тiркелген және 2000 жылғы N 2 Ақпараттық бюллетеньде ресми жарияланған)
бұйрығына
мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген бухгалтерлiк есептiң 28 "Материалдық емес активтердi есепке алу" ережесi (стандартында):
1 сiлтеме алынып тасталсын;
стандарттың бүкiл мәтiнi бойынша "субъектiлерге", "субъект", "субъектiнiң", "субъектiлердiң", "субъектiдегi", "субъектiнiң өзi" деген сөздер "ұйымдарға", "ұйым", "ұйымның" "ұйымдардың", "ұйымдағы", "ұйымның өзi" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың 1) тармақшасындағы "Табыс салығы бойынша есеп жүргiзу" деген сөздер "Корпоративтiк табыс салығы бойынша есеп жүргiзу" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақта "тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi)" деген сөздер "дайын өнiмдi (тауарларды, жұмыстарды, қызметтердi)" деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақта "жойылу құнының айырмасы" деген сөздер "жойылу құнын шегергенде" деген сөздермен ауыстырылсын;
21-тармақта:
"бiрiгуi" деген сөзден кейiн "(қосылуы)" деген сөзбен толықтырылсын;
екiншi абзацта "сатып алынатын субъектiнiң" деген сөздер "сатып алынатын ұйымның" деген сөздермен ауыстырылсын;
35-тармақта "қаржы-шаруашылық қызметiнiң нәтижелерi туралы есептемеде" деген сөздер "кiрiстер мен шығыстар туралы есепте" деген сөздермен ауыстырылсын.
3. Бухгалтерлiк есеп және аудит әдiснамасы департаментi белгiленген тәртiппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қаржы бiрiншi вице-министрi Б.Б.Жәмiшевке жүктелсiн.
5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Министр