Бухгалтерлік есептің 29 Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға арналған шығындарды есепке алу ережесін (стандартын) бекіту туралы

Күшін жойған

Бұйрық Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі 1999 жылғы 19 мамыр N 210. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1999 жылғы 24 маусымда тіркелді. Тіркеу N 824. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2007.06.21. N 217 бұйрығымен

       Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2007.06.21. N  217  (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. 

      Қазақстан Республикасы Президентінің "Бухгалтерлік есеп туралы" 1995 жылғы 26 желтоқсандағы N 2732 Заң күші бар  Жарлығына  сәйкес Бұйырамын: 
      1. Бухгалтерлік есептің 29 Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға арналған шығындарды есепке алу ережесі (стандарты) (бұдан әрі - Ереже) (стандарт) бекітілсін. 
      2. Ереже (стандарт) ғылыми зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға арналған шығындарды есепке алу әдістемесін айқындайды. 
      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп және аудит әдіснамасы басқармасы Ережені (стандартты) заңдармен белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркеуді қамтамасыз етсін. 
      4. Ереже (стандарт) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді деп белгіленсін. 
      5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 1998 жылғы 1 желтоқсандағы N 551 және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Бухгалтерлік есеп және аудит әдіснамасы департаментінің 1998 жылғы 24 қарашадағы N 168 бұйрықтарының күші жойылған деп танылсын. 
      6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау бірінші қаржы вице-министрі Ж.Ж.Ертілесоваға жүктелсін. 

      Қазақстан Республикасы
     Премьер-министрінің
     орынбасары-Қаржы министрі

                                        Қазақстан Республикасы
                                         қаржы Министрлігінің
                                       1999 жылғы 19.05. N 210
                                         бұйрығымен бекітілген

  Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық 
 жұмыстарға шығындар есебі
29 бухгалтерлік есебінің Ережесі /стандарты/
Мақсаты және қызмет ауқымы 

       Ескерту: Стандарттың барлық мәтiнi бойынша "субъектiлер", "субъект", "субъектiнiң" деген сөздер "ұйымдар", "ұйым", "ұйымның" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Қаржы министрінің 2002 жылғы 4 қарашадағы N 558   бұйрығымен .

      1. Бұл Ереже /стандарт/ оларды тану мақсатында ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-кострукторлық жұмыстарға жұмсалатын шығындарды есептеу әдiстемесiн анықтайды. 

      2. Ереженi/стандартты/ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарға шығындарды есептеуде барлық ұйымдар *  қолданады. 
      Егер, ұйым ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарды шарттар бойынша өзге ұйым үшiн мұндай жұмыстармен байланысты тәуекелдер мен экономикалық пайдаларды тапсырысшы көтеретiндей шартпен жүргiзсе, онда мұндай жұмыстарды жүргiзетiн ұйым бұл шығындарды "Тауарлы-материалдық қорлардың есебi" 7-БЕС немесе "Күрделi құрылыс мердiгерлiгiнiң шарттары" 12-БЕС сәйкес есептейдi. Тәуекелдер мен экономикалық пайданы алушы шығындарды осы Ережеге /стандартқа/ сәйкес есепке алады. 

      3. Ереженiң /стандарт/ қызмет аясына өнеркәсiптiң өндiрушi салаларындағы мұнай, газ және минералдық кен орындарындағы барлау және өңдеу жұмыстарына шығындар қарастыру енбейдi, алайда бұл Ереже /стандарт/ осы салалардағы ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарға пайдаланыла алады. 

Анықтамалар  

      4. Ғылыми-зерттеу жұмыстары - жаңа ғылыми немесе техникалық бiлiмдер мен түсiнiктер алу мақсатында жүргiзiлетiн жоспарлы зерттеулер. 

      5. Тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстар - ғылыми-зерттеу немесе басқа да бiлiм салаларын пайдалану негiзiнде, оларды коммерциялық пайдаланғанға дейiн, жаңа және барынша жетiлдiрiлген механизмдердi, өнiмдерді, технологияларды, жүйелердi немесе қызметтердi жоспарлау және жобалау.

Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық
жұмыстарға шығындардың құрамдас бөліктері

      6. Ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстар шығындары осы жұмыстарды iске асыруға тiкелей байланысты барлық салалар, сондай-ақ қызметтiң осындай түрiне жеткiлiктi негiзде бөлiнуi мүмкiн сомалар енгiзiлуi керек.     

      * 1-сілтеме алынып тасталынды - ҚР Қаржы министрінің 2002 жылғы 4 қарашадағы N 558   бұйрығымен .       

  Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға шығындарды тану
Ғылыми-зерттеу жұмыстарына шығындар  

      7. Ғылыми-зерттеу жұмыстарына шығындар олар шыққан есептi кезеңде танылады және кейiнгi есептi кезеңдердiң активi болып мойындалмайды. 

  Тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарға шығындар 

      8. Тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарға шығындарды егер олар 9 тармақшада анықталған активтердi тану шарттарына жауап бермесе ғана сол есептi кезеңнiң шығыны деп тану керек. Әуел баста шығын ретiнде танылған тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарға шығындарды кейiнгi есептi кезеңдерде актив ретiнде мойындауға болмайды. 

      9. Егер тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстардың шығындары төмендегi талаптарға жауап берсе, оны актив ретiнде тану қажет: 
      1) тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарға шығындарды үлкен сенiмдiлiкпен анықтауға болады; 
      2) тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстар өнiмiнiң техникалық орындалуы көрсетiлуi мүмкiн; 
      3) ұйым тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстардың өнiмiн өндiруге және пайдалануға ниеттенуде; 
      4) тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстар өнiмiн өткiзу рыногының болуы немесе оны субъектiнiң өз iшiнде пайдалану жоспарланса-пайдалылығы көрсетiлуi мүмкiн; 
      5) тиiстi ресурстардың болуы немесе оларды аяқтау, рынокқа шығару мүмкiндiгi, тәжiрибелiк-конструкторлық өнiмiн пайдалану iс жүзiнде көрсетiлуi мүмкiн. 
      Бұл жағдайда актив ретiнде танылған тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстар шығыны осы жұмыстарға одан әрi жұмсалатын шығындарды алып тастағанда келешектегi экономикалық пайда есебiнен толтырылатын сомадан, тиiстi өндiрiстiк шығындардан, сондай-ақ өнiмдi тiкелей маркетингтеу кезiнде болатын өткiзу және әкiмшiлiк шығындарынан аспауы керек. 

      10. 9 тармақшада анықталған активтi тану талаптарына жауап беретiн тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстар шығындарын, материалдық емес актив деп есептеу керек.

  Ашып көрсету

      11. Ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарды жүзеге асыратын ұйымдар мыналарды ашып көрсетуi керек:
      1) есепті кезеңде шығыс ретінде танылған ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар шығынының сомасы; 
      2) есепті кезеңде актив ретінде танылған тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар шығынының сомасы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады